Дипломдық ЖҰмыс 5В050600 «Экономика» мамандығы Қызылорда 2014 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі



бет4/6
Дата12.09.2020
өлшемі0,5 Mb.
#77881
түріДиплом
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Жолдирбаев
Жолдирбаев, тест сұрақтары вио, 4-то санны жиынты ба алау спецификациясы 4-то санны жиынты б (1) (1), 1 Гранты (осн) рус 2, СТ РК 1412-2017, тактик спец под, Правила стрельбы, казак т 9кл, Абакус

ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................








ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................
А ҚОСЫМШАСЫ «Инж-Строй» ЖШС-нің 2011-2012 жж. арналған жылдық есептемесі..............................................................................






КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан даму стратегиясының негізгі бағыттарының бірі ашық рыноктік экономикаға негізделген экономикалық өсу болып табылады. Стратегия басты міндеттердің бірі ретінде республикада қуатты, көп салалы, бәсекеге қабілетті өндірістік кешенді құруды қарастырады. Республиканың өнеркәсіп кешенінде басты орындардың бірін қызмет көрсету саласы алады.

Қазіргі кезде еліміздің өндірісін қарқынды дамыту өндірістің барлық факторларын тиімді пайдалануға тікелей байланысты. Атап айтқанда кәсіпорынның материалдық-техникалық базасын жандандыру, ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін өндіріске ендіру, әрбір саланың инвестициялық және инновациялық қызметін тиімді пайдалануға тікелей байланысты. Осы негізде өнім өндірісі көлемін ұлғайту, еңбек өнімділігін арттыру және кадрлар біліктілігін жақсарту.

Нарықтық қатынастар жағдайында шаруашылық жүргізуші ұйымдарды тауарлы – материалдық ресурстармен қамтамасыз ету мәселесі кеңінен орын алып отыр. Қаржылық ресурстардың жетіспеушілігі, өнім, жұмыстар және қызметтер өндірісі қарқынының төмендеуі өндірістің тауарлы – материалдық қорларға қажеттілігін уақытылы қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейді. Бұл ұйымдарға тауарлы – материалдық қорларды уақытылы толықтыруға және өндірісті кеңейтілген негізде жүргізуге кері әсерін тигізуде. Ұйымдардың қаржылық төзімсіздігі өзін - өзі қаржыландыру принциптерінің тиімді әрекет етуіне, өзін - өзі ақтау мәселесіне қолайсыз әсерін тигізуде. Осының әсерінен ұйымдар алдында тауарлы – материалдық қорларды уақытылы толықтыруға мүмкіндік бермейтін төлем қабілеттілігі мәселесі және басқа да факторлар мен себептер кеңінен орын алып отыр. Сондықтан да осы мәселелердің шешімін табуда дамыған елдердегі ұйымдардың тәжірибелеріне сүйену қажет. Осының барлығы диплом жұмысы тақырыбының өзектілігін сипаттайды.

Еліміз тәуелсіз мемлекет болып кеңінен танылған уақытта әлеуметтік – экономикалық дамуын жан – жақты терең зерттеудің маңыздылығы ерекше орын алып отыр. Әсіресе, ел экономикасының негіздерінің бірі болып табылатын аграрлық саланың өзгерістерін зерделеуге баса назар аударылуда. Себебі жаңа қоғамға бет бұрған өтпелі кезеңде еліміздің ауыл шаруашылығында, әсіресе оны басқару мен ұйымдастыру жүйесінде көптеген қайта құрулар мен өзгерістер орын алады. Айта кететін жайт, бұл істе жетістіктер де, қиыншылықтар мен кемшіліктер де болмай қалған жоқ. Міне, осы үрдісті жан – жақты талдау, зерттеу, зерделеу бүгінгі күннің талабына айналады.

Еліміздің экономикалық және әлеуметтік сферасының қарқынды дамуы инновациялық экономика құру мен шикізаттық емес секторды дамытуға тікелей байланысты. Неғұрлым шикізат өңдейтін өндіріс орындары іске қосылып, қарқынды жұмыс жасаса, елдегі және аймақтарға жұмыссыздық

мәселесі шешімін тауып, халықтық әлеуметтік жағдайы жақсарары сөзсіз. Сондықтан да жергілікті кәсіпорындар мен ұйымдар өндщірістік қызметтерін тек жергілікті, отандық нарықта ғана емес халықаралық бәсекелестік ортада да қызмет жасауды мақсат тұтады.

Экономиканың барлық саласындағы кәсіпорындардың иелері мен еңбек ұжымдары шикізат пен материалдарды ұқыпты жұмсауға, өндіріс қалдықтарын азайтуға, оның сапасын көтеруге, өзіндік құнын төмендетуге, қоршаған ортаны сақтауға мүдделі. Бұл орайда шаруаға қырсыздықпен қарауға, кәсіпорынның материалдық құндылықтарын, ақша қаражаттарын және басқа ресурстарын заңсыз және тиімсіз жұмсауға және тонауға қарсы күресте бухгалтерлік есептің атқарар ролі ерекше. Деректі жинау емес, оны ұғыну мен пайдалану маңызды.

Нарық экономикасының өркендеуі ғылымдарының және қоғамдағы өндірістік қатынастарының алдына жаңа талаптар қоюда. Заңды және жеке тұлғалар әртүрлі жолдармен шаруашылық субьектісін басқаруға қатысады. Басқаруға қатысудың бір түрі- олардың басы бос қаржыларын өндірістің өркендеуіне бағыттау, қаржы-несиелік қатынастарға кірісуі және инвестицияларды жарғылық жұмыс капиталдарының қорлануына жұмсау. Қаражаттарын бағыттау үшін мекемелердің қаржылық жағдайын зерттеу, олардың шаруашылық -өндірістік бағытын бақылау әрбір инвестордың, қатынасушының, несиелеушінің және акционердің негізгі міндеті.

Нарықтық қатынастардың қалыптасуы жағдайында кәсіпорынның шаруашылық қызметін қаржыландыруды шектеу барынша күшейтіледі. Соған байланысты шынайы және обьективті қаржылық есеп берудің маңызы арта түседі, өйткені оның көрсеткіштеріне жасалған талдау кәсіпорынның шын мәніндегі мүліктік және қаржылық жағдайын анықтауға мүмкіндік береді.

Тақырыптың зерттелу дәрежесі. Диплом жұмысын жазу барысында экономикалық талдау саласындағы белгілі ғалымдардың оқу құралдары және ұйымның соңғы үш жылдық мәліметтері пайдаланылды.

Зерттеу жұмысының мақсаттары мен міндеттері. Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты нарықтық экономика жағдайында әртүрлі нысандағы кәсіпорынның материалдық – техникалық жабдықтаудың жағдайын талдау және пайдалану тиімділігін арттыру болып табылады.

Көрсетілген мақсатқа жету үшін зерттеу барысында төмендегідей міндеттер қойылды:

- шаруашылық субъектілерінде материалдық – техникалық жабдықтаудың жағдайын және оны тиімді пайдаланудың талдауы жүргізу ерекшеліктері;

- кәсіпорынның материалдық – техникалық жабдықтаудың жағдайын және оны тиімді пайдаланудың талдауы жүргізудің объективтік қажеттілігін анықтау;

- кәсіпорынның материалдық – техникалық жабдықтаудың жағдайын және оны тиімді пайдаланудың талдауы дұрыс жүргізілуі;

- кәсіпорынның материалдық – техникалық жабдықтаудың жағдайын және оны тиімді пайдаланудың талдауы жетілдірудің негізгі бағыттарын қалыптастыруды анықтау;

- нарықтық қатынастар жағдайында ұйымның қазіргі ахуалын талдау және оның дамуын зерттеп қорытындылау;



  • қаржылық талдау жетілдіру;

  • ұйымның қаржылық тұрақтылығын талдау.

Зерттеудің объектілері. «Инж - Строй» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2002 жылдың 21 қаңтарында Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінен заңды тұлға ретінде тіркеуден өтті және мемлекеттік тіркеу нөмірі 1301-1933-ЖШС. Серіктестік өз қызметін Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі, «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен, басқа да нормативтік-құқықтық актілері және өзінің құрылтай құжаттары бойынша кіші кәсіпкерлік субъектісі ретінде жұзеге асырады.

Серіктестіктің мемлекеттік тілде атауы «Инж - Строй» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, орысша атауы товарищество с ограниченной ответственностью «Инж - Строй». Серіктестіктің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 120014, Қызылорда қаласы, Мостовая көшесі н/ж.

Серіктестіктің қызмет мерзімі-шексіз. Серіктестік тіркеуден өткен сәттен бастап заңды тұлға құқықтарын алады, оның өз аты жазылған мөрі, дербес балансы, банктерде шоттары, өз атауы бар бланктері бар. «Инж - Строй» серіктестігі Қазақстан Республикасының «Жауапкершілігі қосымша және шектелген серіктестіктер туралы» Заң негізінде (22.04.1998ж) құрылтайшылардың жалпы жиналысының хаттамасымен 11.04.2000 жылы құрылған.

«Инж - Строй» серіктестігі жол құрылыс саласында жұмыс істейтін еліміздің жетекші компаниялардың бірі болып табылады.

Осы мезгіл ішінде біздің серіктестік облыстық жол құрылыс объектілерін салуға белсене қатысып, өзін тек жақсы жақтарымен көрсете білді. Біздің мекемеде қуатты өндірістік базы және техникалық құрам бар.

Жалпы серіктестік құрылыс өнімінің жоғары сапасын және бәсекелесу қабілетін қамтамасыз ету ұшін 2009 жылы компания басшылығы сапаның халықаралық стандарттарын енгізу туралы шешім қабылдады.

Зерттеу жұмысының жаңалығы кәсіпорынның материалдық – техникалық жабдықтаудың жағдайын және тиімді пайдаланудың талдау, және әрі қарай жетілдіру жөніндегі ұсыныстар болып табылады:


  • ұйымның ерекшеліктеріне сәйкес тұрақтылығын жүйесін жетілдірудің жолдары анықталады;

  • ұйымның бәсекелестік ортада қаржылық жағдайын тұрақтандыру ;

  • нарықтық экономикалық қатынастар жағдайында ұйымның стратегиялық бағытын дамытуда өндірістік – қаржылық жағдайын жақсарту әдістемесі ұсынылады.

Зерттеу тақырыбы. Кәсіпорындар мен ұйымдарда кәсіпорынның материалдық – техникалық жабдықтаудың жағдайын және оны тиімді пайдаланудың талдауы жүргізудің методологиясы, кәсіпорынның материалдық – техникалық жабдықтаудың жағдайын және оны тиімді пайдаланудың талдауы жетілдірудің негізгі бағыттары мен оның жүргізуде қолданылатын әдістер жиынтығы.

Дипломдық жұмыстың теориялық және әдістемелік негізі. Дипломдық жұмысты зерттеу барысында кәсіпорынның материалдық – техникалық жабдықтаудың жағдайын және оны тиімді пайдаланудың талдауы, жүргізу және оны жетілдірудің теориялық және әдістемелік аспектілері қарастырылды. кәсіпорынның материалдық – техникалық жабдықтаудың жағдайын және оны тиімді пайдаланудың талдауы жетілдірудің негізгі бағыттарын зерттеу отырып:

- шаруашылық субъектілерінде кәсіпорынның материалдық – техникалық жабдықтаудың жағдайын және оны тиімді пайдаланудың талдауы жүргізу ерекшеліктері;

- кәсіпорынның материалдық – техникалық жабдықтаудың жағдайын және оны тиімді пайдаланудың талдауы жүргізудің объективтік қажеттілігін анықтау;

- кәсіпорынның материалдық – техникалық жабдықтаудың жағдайын және оны тиімді пайдаланудың талдауы дұрыс жүргізілуі;

- кәсіпорынның материалдық – техникалық жабдықтаудың жағдайын және оны тиімді пайдаланудың талдауы жетілдірудің негізгі бағыттарын қалыптастыруды анықтау;



  • негізгі капиталын талдауы жургізу;

  • негізгі капиталын талдауын жетілдіру жолдарын қарастыру.

Жұмыстың көлемі мен құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш негізгі бөлімдерден, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер және қосымшалардан тұрады.

1 КӘСІПОРЫННЫҢ МАТЕРИАЛДЫҚ–ТЕХНИКАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Материалдық – техникалық жабдықтау туралы түсінік

Материалдық – техникалық жабдықтауды атап көрсеткен кезде, тауарлы-материалдық қорлар (шикізат қалдығы, негізгі және көмекші материалдар, отын, сатып алынатын жартылай фабрикаттар, қосалқы бөлшектер), алдағы кезең шығындары, ақша-қаражаттары, қысқы мерзімді қаржы инвестициялары, дебиторлық берешек сияқты активтерді жатқызамыз.

Өндіріс процесіне еңбек құралдарымен қатар еңбек заттары да қатысады. Өндірістік қорлар – бұл бір өндірістік цикл процесінде толығымен тұтынылатын, өзінің құнын бірден өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құнына көшіріп, оның материалдық негізін құрайтын еңбек заттары. Еңбек құралдарынан айырмашылығы еңбек заттары өндіріс процесіне бір-ақ рет қатысады және олардың құны өндірілетін өнімнің материалдық негізін құрай отырып, өнімнің өзіндік құның құрайды.

Тауарлы-материалдық босалқылар келесідей активтер түрінде болады: өндірісте пайдалануға немесе жұмыстар мен қызметтерді орындауға арналған шикізаттар, материалдар, сатып алынған жартылай шикізаттар және құрастырушы бұйымдар (детальдар), отын, ыдыс және ыдыстық материалдар, қосалқы бөлшектер және басқа материалдар; аяқталмаған өндіріс; субъект қызметі барысында сатуға шығарылған дайын өнім, тауарлар.

Материалдық құндылықтарды есепке алудың алдында мынадай негізгі міндеттер тұрады: босалқыларды кіріске дер кезінде және толық есепке алу, сақтау орындарындағы жағдайын қадағалау; босалқылардың қозғалысы бойынша барлық операцияларды толық және дер кезінде құжаттау; көліктік-дайындау шығындары (КДШ) мен дайындалған құндылықтардың өзіндік құнын уақытында және толық анықтау: КДШ-ны өндірістің шығындарына жазудың біркелкі және дұрыс болуын бақылау; ішкі ресурстарды жұмылдыру мақсатында субъектіге қажет емес материалдық босалқыларды сату, сақталатын орындардағы құндылықтардың қалдықтары мен қозғалысы туралы дәл мәліметтерді алу [1, 28-30].

Өндіріс барысындағы функционалдық (қызметтік) ролі мен мақсаты бойынша барлық материалдық босалқылар негізгі және көмекші болып бөлінеді.

Негізгілер – дайындалатын өнімнің заттай материалдық негізін (нан пісіргенде ұн) құрайтын материалдар болса, көмекші материалдар өндірілетін өнімнің өзіндік құнына кіргенімен негізгі материалдар сияқты оның заттай негізін құрай алмайды. Өнімге қажетті қасиеттерді беру үшін (сырлар, лак, желім) көмекші материалдар негізгі материалдарға қосымша пайдаланылады.

Бірақ материалдарды негізгі және көмекші етіп бөлу шартты сипатқа ие, өйткені олар өнімді шығаруға жұмсалған материалдардың санына (мөлшеріне), технологиялық сипатына және басқа да көптеген факторлеріне тәуелді болып келеді.



Материалдық босалқы қорлардың барлық түрі:

  • «Шикізат және материалдар», шығарылатын өнімнің негізін салатын немесе өнімді жасап шығаруда оның компоненті болып табылатын қажет шикізаттар мен материалдарын есепке алады. Бұл сондай-ақ, «одан әрі өндірістік қайта өңдеуге арналған өндірілген немесе шығарылған заттай элементтердің» бар екендігіне және қозғалысына байланысты көрсетуге арналған;

  • «Сатып алынған жартылай фабрикаттар және құрастырушы бұйымдар, құрамалар мен бөлшектер», шығарылатын өнімді құрастыру (құрылысты салу) үшін өндірістік кооперация тәртібімен сатып алынатын, оларды өңдеу немесе жинау бойынша шығындарды қажет ететін сатып алынған жартылай фабрикаттардың, дайын құрастырушы бұйымдардың бар екендігіне және қозғалысына байланысты көрсетіледі;

  • «Отын» (немесе «ЖЖМ»), онда мұнай өнімдерінің (мұнай, дизель отыны, керосин, бензин және басқалар, оның ішінде талондар не май құю карточкалары пайдаланылған кезде де) көлік құралдарын пайдалануға, өндірістің технологиялық қажеттіліктеріне арналған майлау материалдарының, энергия өндіру мен үйлерді жылыту үшін қатты отынның (көмір, торф, отын және басқалар) және газ тектес отынның бар екендігіне және қозғалысына байланысты көрсетіледі;

  • «Ыдыс және ыдыстық материалдар», онда ыдыстың барлық түрлерінің, сондай-ақ ыдысты дайындауға және жөңдеуге арналған материалдар мен бөлшектердің (жәшіктерді құрастыруға арналған бөлшектер, бөшкенің қалақ бөлшегі, темір құрсауы және басқалар) бар екндігіне және қозғалысына байланысты операциялар көрсетіледі. Жабдықтау, өткізу және сауда ұйымдары тауарлар салынған ыдыс пен босаған ыдысты алады;

  • «Қосалқы бөлшектер», онда негізгі қызмет қажеттіліктері үшін сатып алынған немесе дайындалған, жөңдеу жүргізуге, машиналардың, жабдықтардың, көлік құралдарының және басқалардың тозған бөлшектерін ауыстыруға арналған қосалқы бөлшектердің, сондай-ақ қордағы және айналымдағы автомобиль шиналарының бар екендігіне және қозғалысына байланысты операциялар көрсетіледі. Мұнда ұйымның жөңдеу бөлімшелерінде, техникалық айырбастау пункттері мен жөңдеу зауыттарында құралатын толық жинақты машиналардың, жабдықтардың, қозғағыштардың, тораптардың, агрегаттардың айырбастау қорының қозғалысы да алынады;

  • «Басқа материалдар» өндіріс қалдықтары, жөңделмейтін ақау бөлшектер, негізгі құралды жою барысында алынған материалдар және тағы басқалар алынады;

  • «Қайта өңдеуге берілген материалдар», басқа тарапқа қайта өндеуге берілген және бұдан кейін олардан алынған бұйымдардың өзіндік құнына кіретін материалдардың бар екендігі және қозғалысы;

  • «Құрылыс материалдары» - құрылыс салушы ұйымдар пайдаланады. Онда құрылыс бөлшектерін, құрамаларды және үйлер мен ғимараттардың бөліктерін тұрғызу және әрлеу үшін тікелей құрылыс және монтаж жұмыстары процесінде пайдаланылатын материалдардың бар екендігі және қозғалысы, құрылыс құрамалары мен бөлшектері, сондай-ақ құрылысқа қажетті басқа да тауарлы-материалдық қорлар алынады [2, 91-92].

Касса деп сондай-ақ компанияның есеп айырысу және валюта шотын айтады. Яғни ақша қаражатына неғұрлым өтімді активтер жатады. Компанияның кассасындағы ақша қаражаты, есеп айырысу және валюта шотындағы ақша толығымен ақша қаражаты түсінігіне сай келеді. Ақша қаражатының құрамына сондай-ақ олар бойынша өтеу мерзімі (сатып алынған сәттен бастап) үш айдан аспайтын және іс жүзінде тәуеклсіз болып табылатын неғұрлым өтімді қаржылық инвестициялар (мысалы, мерзімі 3 айдан аспайтын мемлекеттік облигациялар) енгізілуі мүмкін. Мұндай ақша баламалары әділ құны бойынша бағалануға және «Ақша қаражаты» бабының құрамына енгізілуге жатады.

Нарықтық экономикада кәсіпорындар арасында еңбек құралдары мен заттарын сатып алу, өнімдерді, жұмыстар мен қызметтерді сату жөніндегі мәмілелер тұрақты түрде жасалып отырады. Есептесу 2 нысанда жүргізіледі:



  1. Банк жүйесі арқылы қолма-қолсыз ақша аудару жолымен.

  2. Қолма-қол ақшамен төлеу түрінде.

Ақша қаражаттарын сақтау үшін және заңды тұлғалар арасында есеп айырысу үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелерінде банк шоттарын ашады.

Қазақстан Республикасының аймағында ақшаны төлеу мен аударуды жүзеге асыруда келесі әдістерді пайдалануы мүмкін, олар: қолма-қол ақшаны аударуды; төлем тапсырманы ұсынуды; чектерді беруді; вексельдерді немесе олардың индоссаменттері арқылы беруді; төлем карточкасын пайдалануды; тікелей дебеттік банкі шоттарына аударуды; тапсырма-талап төлемдерін ұсынуды; инкассалық жарлығын ұсынуды; республикалық заң актілерімен белгіленген басқа да әдістерін пайдаланады.



Төлем тапсырмалары онда көрсетілген соманы бенефициардың пайдасына ақшаны жіберушіге қызмет көрсететін банк-алушының ақшаны аударғаны туралы тапсырмасы болып табылады. Қызмет пен жұмысты және тауарлы-материалдық құндылықтарды өтеу үшін есеп айырысу кезінде, сондай-ақ қызмет пен тауарға алдын-ала төлем жасаған кезде, аванстық төлем жасаған кезде төлем тапсырмаларын пайдаланады. Олар екі данада толтырылады, біріншісі банкте қалдырылады да, оның электрондық көшірмесі бенефициарға жіберіледі, ал екіншісі иесіне, яғни ақшаны жіберушіге қол қойылы, штамп басылып қайтарылады. Төлем тапсырмасын толтыру кезінде келесі реквизиттері (көрсеткіштері) көрсетіледі:

  • төлем тапсырмасының нөмірі;

  • төлем тапсырмасының жазылған күні;

  • жеке теңестірілген немесе теңдестірілген (идентификацияланған) коды (ЖТК немесе ИИК);

  • жіберуші мен бенефициардың банкі шоттарының нөмірі;

  • бенефициардың коды (БК немесе КБе) және жіберушілердің коды (ЖК немесе КОд) – бұл кодтар екі символдан (белгіден) тұрады: біріншісі - резиденттік белгісін, ал екіншісі – экономиканың секторын көрсетеді;

  • бенефициар – аудару жасалған кезде ақша қаражатын алушы;

  • банк-алушы – банк атауы, аударылған ақшада, оның мекен-жайы көрсетіледі;

  • бенефициар банкісі – бенефициардың пайдасына келіп түскен ақша қаражатын қабылдайтын банк жіберушімен жасалған келісім-шарттың негізінде;

  • жіберушілердің теңестірілген немесе теңдестірілген банктік коды (ЖТБК немесе ИИК) – филиаларалық айналымдарының коды (ФАК немесе МФО);

  • төлем арналымының коды – ҚР ҰБ нормативтік-құқықтық актісімен белгіленген және соның негізінде төлемдерді жүзеге асыратын кодтық белгілер, ал ол үш символдан (белгілерден) тұрады;

  • бюджеттік классификациясын (жіктемесінің) коды – салықтарды кері қайтаруда қойылатын код;

  • валюттелген күні – ақша қаражатын бенефициардың (алушының) банктік шотына ақша қаражатын аударған күні төлем жасаушының ынтасымен анықталады [2, 102-103].

Есеп беретін уақыттан кейінгі бір жыл ішінде алынатын (өтелінетін) дебиторлық борыштар ағымдағы активтер қатарында есептелінеді. Олардың қатарына жататындар:

  • ағымдағы активтерді сатып алуға төленген аванстық (алдын ала төленген) төлем;

  • тапсырылған (берілген) шоттар бойынша алынуға тиісті борыштар;

  • вексельдер бойынша алынуға тиісті борыштар;

  • негізгі шаруашылық серіктестігі мен оның еншілес серіктестігі арасындағы түрлі операциялар негізінде туындаған дебиторлық борыштар;

  • акционерлік қоғамның лауазымды адамдарының дебиторлық борышы;

  • басқадай дебиторлық борыштар.

Кейбір жағдайларда жабдықтаушы сатып алушыға тиеліп жіберілген тауарлары үшін вексель алуы мүмкін. Вексель – белгіленген қатал нысанында жазылған жазбаша борышқорлық міндеттеме болып саналады. Оның 2 түрі бар:

  • Жай вексель – борышкердің жазбаша өкімі бойынша міндеттемесі болып саналады. Вексельде оның берілген уақыты, борышкерлік міндеттеменің сомасы, төленетін мерзімі мен жері, төлем төленуге тиісті кредитордың аты көрсетіліп, вексель беруші борышкердің қолы қойылуы керек.

  • Аударылмалы вексель – (тратта) кредитордың (транссангтың) қарызкерге (трассатқа) белгілі бір соманы үшінші заңды тұлғаға (ремитентке) төлеу жайлы жазбаша өкімі болып саналады. Нарықтық экономика жағдайында сатушы, сатып алушы келісім жүргізе отырып «өзінің қауіп-қатері мен тәуекелдігі» жөнінде өзін қызықтыратын объектінің сату бағасын алдын-ала білуге құштар. Бірақ объектінің нарықтық бағасы келісім жасалғаннан кейін белгілі болады.

Объектінің нарықтық құнын анықтаушы сарапшы-бағалаушы жүзеге асырады. «Қазақстан Республикасында бағалау қызметі жөніндегі» заңы бойынша объекті құнын анықтауда бағалаушы ішкі ақпарат көздерінен келіп түскен, яғни тапсырыс берушінің ақпараттарын қолданады. Алынған ақпараттар негізінде объектіні салуға жұмсалған шығын, одан келетін табыс пен тәуекел етушілік шамалары шектеледі. Анықталған шама келісімнің болашақ бағасына сәйкестелуі мүмкін, немесе одан басқаша болуы да мүмкін. Сонымен қатар, объектіні бағалауда сатып алушы мен сатушының тапсырыстарын орындауда бағалаушы әр түрлі шамаларды алады, бұл ақпараттық базаның сәйкес келмейтіндігін көрсетеді. Бірақ іс жүзінде мұндай ауытқулар болмауы қажет. Демек, бағалаушы анықтаған шама – бұл нарықтық баға емес не тауар қасиеті ретіндегі құн емес. Ол екеуінің арасындағы аралық жағдайды көрсетеді. Сондықтан кез келген құндық баға нақты күнге (дата) тәуелді.

Бизнес құнын бағалау (кез келген меншік объектісі) – бұл нарық жағдайында нақты уақыт мезетінде оған әсер ететін факторларды ескере отырып, ақшалай түрде объектінің құн шамасын есептеудегі мақсатты бағытталған процесс болып табылады. Құн бағасының мәнін анықтауда оның негізгі сипаттарына тоқталамыз. Және олардың әрқайсысын жеке-жеке қарастырамыз. Біріншіден, бизнес құнын бағалау (кәсіпорын) – бұл процесс болып табылады. Сарапшы-бағалаушы нәтиже алуы үшін бірнеше операциялар қатарын (кезектілік, бағалау мақсатына байланысты мазмұнын, объекті параметрі мен таңдап алынған әдістер) орындау қажет [3, 141-143].

Екіншіден, барлық жағдайлар үшін бағалау этапын белгілеу, мысалыға: бағалау мақсатын анықтау, есепке жататын құн түрін таңдап алу; қажет ақпараттарды жинау мен өңдеу; құнды бағалау әдістерін негіздеу; объекті құнының шамасын есептеу мен түзетулер енгізу; қорытынды шаманы шығару; нәтижені тексеру мен келістіру. Бұл этаптардың біреуін өткізіп жіберуге немесе орындарын өзгертіп қоюға болмайды. Бұдан шығатын қорытынды, бағалау қызметі – бұл реттілік процесі: барлық іс-әрекеттер нақты кезектілікпен жүзеге асырылады.

Үшіншіден, құнды бағалау – мақсатты бағытталған процесс. Сарапшы-бағашы өз қызметінде нақты мақсатқа жетекшілік жасайды. Ол объекті құнының шамасын есептеу қажет, бірақ қандай құнды анықтау қажет, бағаның мақсатқа, бағаланатын объектінің параметріне байланыстылығы құндарын анықтау. Мысалыға, егер бизнес құны сатып алу- сату келісімі негізінде жүргізілсе, онда нарықтық құны есептеледі, егер де оны жою жағдайында бизнес құнын анықтау қажет болса, бұл жағдайда жою құны есептеледі.



Төртіншіден, құнды бағалау процесі мынада,бағашы әрқашанда ақша бірлігінің саны ретінде құн шамасын анықтайды, олай болса, ақшалай түрде қаншалықты нақты өлшеìäi көрсететіндігіне байланыссыз барлық құндық көрсеткіштер сандық түрде болу қажет.

Бесіншіден, құн бағасының нақты сипаты нарықтық жағдаймен байланысты болады. Бұл мынаны білдіреді, бағашы бағаланатын объектіні құруға жұмсалған шығындарды есепке алумен ғана шектелмейді, олардың техникалық сипаты, орналасқан жері, олардан түсетін табыс, активтер мен міндеттемелер құрамы мен құрылымын есепке алады. Ол (бағашы) міндетті түрде нарықтық факторлар жиынтығын ескереді: нарықтық конъюктура, бәсекелестік стратегиясы мен деңгейі, бағаланатын бизнестің нарықтағы атағы (ренонс), оның макро, микроэкономикалық ортасы, тәуекел етушілік, табыстың орташа нарықтық деңгейі, объекті бағасы, экономика мен саланың ағымдық жағдайы. Нарықтық экономикада уақыт маңызды фактор болып табылады. Табыс алу немесе табыс алуға дейінгі уақыт интервалмен, кезеңдермен өлшенеді. Интервал немесе кезеңдер күн, апта, ай, тоқсан, жарты жыл, жылға тең болады.

Бәрінен бұрын болжам кезеңінің ұзақтылығы нарықтық құн шамасына әсер етеді, себебі дисконттау барысында ескеріледі. Бизнестің нарықтық құны әсер ететін факторлар әсерінен уақыт өткен сайын өзгереді, сондықтан ол нақты мерзімге (дата) тәуелді. Ал бірнеше ай өткеннен кейін ол басқаша болуы мүмкін. Соған сәйкес үнемі меншік объектілерін бағалау мен қайта бағалау қажет.

Алтыншыдан, нарықтық құн міндетті түрде ақшалай түрде анықталады (теңге, доллар). Таңдап алынған валюта негізінде құн есебін есептеу жүргізіледі, себебі бұл нақты есепті жүргізуге мүмкіндік береді немесе бір валютадан екінші валютаға ауыстыру барысында туындайтын қате жіберуді төмендетеді.

Бағашы құн шамасын есептеуде әсер ететін негізгі факторларды толық есепке алуға тырысады және оған мыналар кіреді: бағаланатын объектіден келетін табыс; осы табысты алудағы тәуекел етушілік; табыстың орташа нарықтық деңгейі; объектіге үйлесімді баға; бағаланатын объектінің сипаты және ондағы міндеттемелер мен активтер құрамы мен құрылымы; нарық конъюктурасы; саладағы ағымдық жағдай [3, 78-79].

Сапалы нарықтық бағалауда тек шығындарды есептеумен шектелмейді, сонымен бірге экономикалық имиджіне де көңіл аударылады (нарықтағы кәсіпорынның рөлі, уақыт факторлары, тәуекел етушілік, бәсекелестік деңгейі). Бағашы құнды анықтауда фирманың экономикалық тұжырымдамасы позициясымен жүзеге асырады. Тұжырымдамада мына факторлар ескеріледі: уақыт, тәуекел етушілік, активтер, сыртқы бәсекелестік ортасы мен бағаланатын объектінің ішкі ерекшеліктері.

Нарықтық құнды бағалау негізделген тауар құнын ескере отырып сатушы мен сатып алушының келісім жасауына мүмкіндік береді. Нарықтық құн тек шығындарды ғана емес, нарықтық жағдайларды да ескереді.

Нарықтық құн шамасының мәні меншік иесіне өндіріс процесін жетілдіру және бизнестің нарықтық құнын арттыруға бағытталған кешенді шараларды жасауға мүмкіндік береді. Құнды бағалауды кезең сайын жүргізу басқарудың тиімділігін арттырып, банкротқа ұшыраудан сақтайды.

Бағашыға тапсырыс бере отырып инвестор екі жақтың құқықтары мен міндеттері көрсетілген келісім-шарт жасасады. Бағашы орындалған жұмыстың сапасына жауап береді, егер де дұрыс бағаланбаған жағдайда тапсырыс берушіге емес, сарапшыға жүктеледі.

Макроэкономикалық аспектіде құнды бағалау мемлекет тарапынан экономиканы реттеу мен басқарудың құралы болып табылады.

Бағалау қызметінің субъектісіне жеке және заңды тұлғалар, мемлекеттік билік ұйымдары, бағашыларды өзін-өзі реттейтін ұйымдар (бағалауға кім тапсырыс береді, оны өткізу, реттеп бақылайтын), сондай-ақ бағалау қызметін тұтынатындар жатады.

Бағалау қызметінің субъектісіне мыналар кіреді:



    • ҚР-ның атқарушы билік ұйымдары;

    • Бағашылар – жеке кәсіпкерлер немесе заңды тұлғалар;

    • Бағашылардың кәсіби бірлестіктері;

    • Бағашыға тапсырыс берушілер – заңды және жеке тұлғалар (келісім-шарт негізінде объектіні бағалау жүзеге асырылады);

    • Бағалау қызметін тұтынушылар – заңды және жеке тұлғалар (баға жөніндегі есепте сақталатын ақпараттарды пайдаланушы билікті атқарушы ұйымдар).

Объектіні бағалауды жеке тұлғалар – бағашы жеке кәсіпкерлер мен бағалау компаниясының жұмысшылары жүргізе алады. Бағашы мен тапсырыс берушісін бұл «бірінші деңгейдегі» бағалау субъектісі, ал қалғандарын «екінші деңгейдегі» субъектіге жатқызылады.

Бағалау қызметінің объектісіне «ҚР-ның бағалау қызметі туралы» Заңның 20 бабында мыналар жатқызылады:



  • Жекелеген материалдық объектілер (заттар);

  • Мүлікті құрайтын заттар жиынтығы (жылжымалы, жылжымайтын, оның ішінде кәсіпорындар);

  • Меншік құқығы, мүлік пен жекелеген заттарға құқығы;

  • Міндеттемелерді (қарыздар) талап ету құқығы;

  • Жұмыс, қызмет, ақпарат;

  • Басқа да азаматтық құқық белгілері.

Объектіге байланысты бағалаудың әдістемесі мен технологиясының ерекшеліктері ескеріледі немесе бағалау жұмыстарының түрін бірнеше бағытқа бөлуге болады. Мысалыға: станок, машина, транспорт құралдары мен құрал-жабдықтарды бағалау; интелектуалды меншік пен материалды емес активтерді бағалау; жер мен жылжымайтын мүлікті бағалау; кәсіпорынды (бизнес) бағалау.

Объектілерді бағалау арасында бизнес (кәсіпорын, ұйым, компания) маңызды орынға ие болады. Бизнесті бағалау барысында объекті қызмет рөлін атқарады, яғни кәсіпорынның мүліктік кешенінің жұмыс істеуін жүзеге асыру мен пайда алуға бағытталған. Кәсіпорын (ұйым) азаматтық құқық объектісі болып, шаруашылық айналымы мен операцияларына қатысады. Нәтижесінде оның құнын бағалау қажеттілігі туындайды [4, 128-129].

Кәсіпорынның мүліктік кешені құрамына оның жетістікке жетуі, шаруашылық қызметін жүзеге асыруы мен пайда алуға бағытталған барлық мүлік түрі жатқызылады (қозғалмайтын мүлік – жер учаскесі, ғимарат, үйлер, машина, құрал-жабдық, транспорт құралдары, инвентарь, шикізат, өнім, сонымен бірге мүліктік міндеттемелер, бағалы қағаз, материалды емес активтер және интелектуалды меншік объектісі – фирмалық атаулар, қызмет көрсету белгісі, патенттер, лицензия, ноу-хау, тауар белгісі). Сондықтан бизнесті бағалау барысында бағашы кәсіпорынды жалпылама бағалайды, оның меншікті капитал құнын анықтаумен бірге, мүліктік кешендердің жекелеген бөліктерін (активтер мен міндеттемелер) анықтайды. Объекті ретінде кәсіпорынды бағалау жан-жақты жүргізіледі. Кәсіпорынның құрылымына әр түрлі жерде орналасқан цех, учаска, қызмет көрсететін шаруашылық, арнайы бөлімшелер, кеңсе (контор), байланыс құралдары мен коммуникация кіреді. Жұмыс жасап тұрған кәсіпорынның ұйымдастыру-құқықтық нысаны үлкен мәнге ие болады. Бағалау объектісіне бірлестіктер, холдинг, қаржы-өнеркәсіптік топтар жатқызылады. Дұрыс бағалау үшін ақша ағымдарының қалыптасуын, оның қозғалыс бағытын, сонымен бірге әрбір бөлімшелердің құқығы мен рөлін бақылап отыру қажет.

Бизнесті бағалау барысында кәсіпорын (болашақ заңды тұлға) бір уақытта шаруашылық субъектісі болып табылатындығын ескеру қажет, сондықтан оның құнын есептеу барысында нақты заңды құқықтарының санын ескеру қажет. Бұл бағалау объектісі ретінде бизнестің негізгі ерекшеліктерінің бірі болып табылады. Екінші ерекшелігі мынада: бағашы бизнесті бағалауда мүліктік кешендерінің құнын (оның материалды-заттығын құрайтын) және бағаланатын объекті шеңберінде (кәсіпорын қаржысы, басқару жүйесі) құнның өсуі мен құрылу тиімділігін анықтау қажет.

Кез келген тауар сияқты сатып алушылар үшін бизнестің пайдалылығы болады (оның табыс алуда қажеттілікке сәйкес болуы).

Бизнес (кәсіпорын) тауардың барлық белгілеріне ие бола отырып, сатып алу-сату объектісі болуы мүмкін. Өзіндік принциптері, тәсілдері мен бағалау әдістері бар ерекше түрдегі тауар.

Бизнес тауар ретінде бірнеше ерекшеліктерге ие болады: біріншіден, бұл инвестициялық тауар, яғни болашақта қайтару мақсатында жүзеге асырылатын салымдар. Мұнда болашақта алынатын пайда мөлшері белгісіз, сондықтан инвесторға қауіп-қатердің сәтсіз мүмкіндіктерін ескеруге тура келеді. Егер болашақ табыстар шығыннан аз болса, онда инвестор өзінің инвестициялық қызығушылығын жоғалтады.

Нарықтық құн нақты уақыттағы нарықтың ағымдық жағдайын ескере отырып есептеледі, сондықтан нарықтық жағдай өзгерісіне ұшыраған жағдайда ол да өзгереді. Нарықтық құнды анықтау барысында сатушы мен сатып алушы мүлік жөнінде толық мағлұматтар алуы қажет [4, 192-193].

Кейбір жағдайларда нарықтық құн теріс шамада болуы да мүмкін. Мысалыға, ескірген қозғалмайтын объектіні (жер) бағалау барысында бұзылуға (сносқа) кететін шығыны жер учаскесінің құнынан артып кетеді.

Нормативті немесе нормативті есептелінген құн – бұл сәйкес ұйымдар бекіткен нормативтер мен әдістер негізінде есептелінетін құн. Сондықтан нормативтің бірыңғай шкаласы қолданылады. Ережеге сай нормативті есептелінген құн нарықтық құн шамасымен сәйкес келмейді. Нарықтық ортаның өзгеруіне байланысты нормативтер мерзім сайын жаңарып отырады және осылай ол нарықтық құн шамасына жақындайды.

Құн түрлерін таңдауда бағалау мақсаты анықталады. Оның өзара байланыстылығы 1-кестеде көрсетілген.
1 кесте

Бағалау үшін қолданылатын құн түрлері мен бағалау мақсатының арасындағы өзара байланыстылық





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет