Дипломдық ЖҰмыс 5В050600 «Экономика» мамандығы Қызылорда 2014 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі



бет6/6
Дата12.09.2020
өлшемі0,5 Mb.
#77881
түріДиплом
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Жолдирбаев
Жолдирбаев, тест сұрақтары вио, 4-то санны жиынты ба алау спецификациясы 4-то санны жиынты б (1) (1), 1 Гранты (осн) рус 2, СТ РК 1412-2017, тактик спец под, Правила стрельбы, казак т 9кл, Абакус
-

-

2012 жыл

А1

3 608

5 725

П1

49 495

73 885

-45 887

-68 160

А2

27 592

33 081

П2

13 626

6 700

13 966

26 381

А3

46 035

49 536

П3

0

14 581

46 035

34 955

А4

33 449

49 947

П4

47 563

43 123

-14 114

6 824



110 684

138 289



110 684

138 289

-

-

2013 жыл

А1

5 725

2 063

П1

73 885

40 182

-68 160

-38 119

А2

33 081

2 414

П2

6 700

14 169

26 381

-11 755

А3

49 536

61 279

П3

14 581

70 307

34 955

-9 028

А4

49 947

102 815

П4

43 123

43 913

6 824

58 902



138 289

168 571



138 289

168 571

-

-

Е С К Е Р Т У - Кесте мәліметтері бухгалтерлік баланс және оның қосымшаларынан алынды

Жалпы алғанда баланс активі мен пассиві баптарының І және ІІ топтарын салыстыру ағымдағы өтімділікті анықтауға мүмкіндік береді. Ол қарастырылып отырған мезгілге жақын уақыттағы ұйымның төлем қабілеттілігін немесе төлем қабілетсіздігін көрсетеді. «Инж - Строй» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде 2012 және 2013 жылдары баланс баптарының осы екі тобының мәліметтері бойынша төлеу қабілеттілігі болмағандығын байқаймыз. Ең өтімді және тез өткізілетін активтердің сомасы 2012 жылы 38806 мың теңге (5725+33081) құрады, ал тез қайтарылуға тиіс және қысқа мерзімді міндеттемелердің, яғни жалпы ағымдағы активтер – 80585 мың теңге (73885+3966), бұл 41779 мың теңгеге [(80585 – 38806) немесе (45887 + 3966)] төлем қаражатынан көп. 2013 жылы төлем жетіспеушілігі 49874 мың теңгені [(2063 + 2414 ) – 40182 + 14169 = 4477 – 54351 немесе (- 38119 + (-11755))] құрады.

Баяу өткізілетін активтерді ұзақ мерзімді міндеттемелермен салыстыру алдағы уақыттағы өтімділікті бейнелейді және болашақ кірістер мен төлемдерді салыстыру негізінде төлем қабілеттілігін жобалауды көрсетеді, яғни бұл ұйымның алдағы уақытқа қаржылық жағдайының жақсаруы немесе нашарлауын алдын – ала біліп отыруға мүмкіндік береді.

«Инж - Строй» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде 2012 жылы төлем қаражатының мөлшері 34955 мың теңге болса, ал 2013 жылы 9028 мың теңгеге немесе 3,9 есеге азайып, жетіспеушілік болғандығын көрсетеді.

Баланс активі мен пассиві баптарының төртінші тобының жиындарын салыстыру ұйым міндеттемелерін жабудағы мүмкіндігін көрсетеді. Бірақ бұл ұйым жабылатын кезде ғана керек болады, ал өндірістің үздіксіздік принципін сақтау немесе жұмыс жасап жатқан ұйым үшін шаруашылық субъектінің өз меншікті айналым капиталының болуы талап етіледі. Ол үшін жоғарыда келтірілген теңсіздік сақталуы тиіс: А4 ≤ П4, яғни меншікті қаражаттардың көзі иммобильді активтерден көп болу керек. «Инж - Строй» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде бұл теңсіздік сақталмаған.

2012 жыл мен 2013 жылы баланс активінің баптарының жиыны пассив баптарының жиынынан сәйкесінше 34955 мың теңге және 6824 мың теңгеге көп болған. Берілген сызба бойынша жүргізіліп жатқан талдау уақытылы есеп айырысу мүмкіндіктері бойынша қаржылық жағдайды толығымен көрсетеді. Алайда ол берілген кезеңдегі ұйымның нақты қаржалық жағдайын әрқашан да дәл көрсете алмайды, оның себебі – бухгалтерлік есеп берулер негізінде сыртқа талдау жүргізіп жатқан талдаушының ақпараттарының шектеулілігінде. Баланстың өтімділігін бұдан да дәл бағалауды есеп мәліметтерін пайдалану негізінде, яғни қаржылық жағдайды ішкі талдау шеңберінде жүргізуге болады. Бұл жағдайда басты назарды дебиторлық борышқа аудару керек, себебі ол ақша қаражатына ең жақын тұр және қысқа мерзімді қарыздар бойынша борыштарды жабудың негізгі көздері болып табылады.



Көрсетілген сызба бойынша жүргізіліп отырған талдау баланс өтімділігіне кешенді баға беруге мүмкіндік береді. Өтімділіктің жалпы көрсеткіші келесі формуламен есептеледі:

(18)

Мұндағы :- жалпы өтімділік коэффициенті;

а1, а2, а3 – салмақтық коэффициенттер;

А мен П – актив пен пассив бойынша сәйкес топтарының жиыны.

Баланс өтімділігінің жалпы көрсеткіші ұйымның барлық өтімді айналым қаражаттарының сомасының барлық төлем міндеттемелерінің сомасына қатынасын көрсетеді, бірақ мына шарт орындалса: егер өтімді қаражаттар мен төлем міндеттемелерінің әртүрлі топтары көрсетілген сомаларға қаражаттың түсуі мен міндеттемелердің өтелуін есепке алатын, салмақтық коэффициенттермен бірге кіруі шарты орындалған кезде ғана.



Бұл теориялық мәні 0,9 – дан төмен болмауға тиіс көрсеткіш ұйымның міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша қашықтағы және таяу арадағы есеп айырысуды жүзеге асыру қабілетін көрсетеді. Ол тіркелген ұйымның әр түрлі есепті кезеңдерге жататын баланстарын және әр түрлі ұйымдардың баланстарын салыстыруға және егер салмақтық коэффициенттерін келесі шектеулерге бағынған жағдайда қай баланс өтімді екендігін анықтауға мүмкіндік береді:

(19)

Бұл шектеулер қаржылық жағдайларды баланс өтімділігі дәрежесі бойынша саралауды және әр түрлі жағдайларда тәртіптің қатынасын беретін шарттарды қарастыру бағасына негізделген.



Баланс өтімділігі үшін ең өтімді активтер мен мерзімі ең қысқа міндеттемелер бірінші орында болатындықтан, бірінші коэффициент 1 – ге тең деп алынады. Осы жағдайды ескере, 2 – ші және – ші салмақтық коэффициенттерге шектеулер жүйесі былай болады:

(20)

Бұдан шығатыны а3 < 0,57.

Бұл шектеулерге, келесі салмақтық коэффициенттердің жиыны сәйкес келеді.

а1 = 1; а2 = 0,5; а3 = 0,3.



Сонда өтімділіктің жалпы көрсеткішінің берілетін түрі:

(21)

Осы көрсеткіштің көмегімен ұйымның төлем қабілеттілігіне және ұйымдағы өтімділік жағынан қарастырғандағы қаржылық жағдайының өзгерістеріне жалпы баға беріледі. Бұл көрсеткіш, сонымен қатар, есеп берулер негізінде өте көп әлуетті әріптестерінің ішінен ең сенімді әріптесті таңдағанда қолданылады [12, 93-95].

«Инж - Строй» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мәліметтері негізінде есептейтін болсақ:

2012 жылы



2013 жылы



«Инж - Строй» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде оның көлемі 2012 жылы - 0,4549, ал 2013 жылы – 0,3167 құрады, яғни 0,1382 пунктке кеміген, сонымен қатар көрсеткіштің деңгейі теориялық мәнінен екі есе төмен, ал бұл ұйымның төлем қабілетсіздігін көрсетеді.

Алайда бұл көрсеткіш ұйымның қысқа мерзімді міндеттемелерін өтеу жөніндегі мүмкіндіктерін көрсете алмайды. Сондықтан осы көрсеткішпен қатар, ұйымның төлем қабілеттілігін бағалау үшін, өтімді қаражаттардың жиынымен ажыратылатын, өтімділік көрсеткіштерінің бүтіндей жүйесі қолданылады. Ұйым жоғары немесе төмен дәрежеде өтімді болуы мүмкін, себебі ағымдағы активтердің құрамына әртекті төлем қаражаттары кіреді, бұлардың ішінде қысқа мерзімді міндеттемелерді жабуға арналған оңай өткізілетін де, қиын өткізілетін де қаражаттар болады.

Ұйымның төлем қабілеттілігін анықтап, зерттеу жүргізу мақсатында оның бәсекелестік жағдайдағы қызметіне кешенді талдау жүргізу арқылы көз жеткізуге болады [13, 51].

3.2 Кәсіпорынның материалдық-техникалық жабдықтауды тиімді пайдаланудың жетілдіру жолдары

Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі депоның дер кезінде өзінің барлық міндеттемелері бойынша төлемдер жүргізуге дайындығы. Бірақ бұл үшін ұйымның есеп айырысу, валюта және басқа да шоттарында ақшалары болуы керек.

Қарыздарды өтеу үшін құралдардың айналымы кезінде ақшаға айналуы керек дебиторлық борыштар потенциалды құрал болып табылады.

Ағымдағы төлем қабілеттілігі баланс жасау мерзімімен анықталады. Ұйым жабдықтаушыларына, банктік қарыздар және басқа да есеп айырысулар бойынша қарыздары жоқ болса төлем қабілетті деп саналады.

Қарыздарды өтеу үшін құралдар сонымен бірге ұйымда бар тауарлы – материалдық құндылықтардың қоры бола алады. Оны сатып ұйым ақша қаражатын алады.

Басқаша айтқанда, теориялық түрде қарыздарды өтеу ұйымның барлық ағымдағы активтерімен қамтамасыз етіледі. Нақ осылай теориялық түрде, егер ұйымның ағымдағы активтері қысқа мерзімді міндеттемелерінің сомасынан артса, онда ол қарыздарды өтеуге дайын деп есептеуге болады. Бірақ, егер ұйым барлық ағымдағы активтерін қарыздарды өтеуге бағыттаса, онда дәл сол кезде оның өндірістік қызметі тоқтатылады, себебі онда өндіріс құралдарын тек негізгі құралдарды құрайды, ал материалды айналым құралдарын алуға ақша жоқ, олар толығымен қарыздарды төлеуге кетті [14, 78].

Сондықтан төлем қабілеттілігі бар деп, ағымдағы активтің сомасы ағымдағы міндеттемелерінен көп жоғары ұйымды есептеуге болады. Ұйымның тек қарыздарды өтеуге ғана емес, сонымен бірге үздіксіз өндіріс үшін қаржылары болуы керек.

Келешекке арналған төлем қабілеттілігі нақты бір мерзімдегі оның төлем құралдарының сомасын осы мерзімдегі жедел міндеттемелерімен салыстыру жолымен анықталады.

Төлем қабілеттілігі белгілі бір мерзімде қолдағы ақша сомасының жедел төлемдер сомасына қатынасын көрсететін төлем қабілеттілігі коэфициенті арқылы көрінеді. Егер төлем қабілеттілігі коэфициенті 1-ге тең немесе үлкен болса, онда бұл ол ұйымның төлем қабілетті екенін көрсетеді. Егер коэфициент 1-ден аз болса, онда талдау процесінде толем құралдарының жетіспеуі себептерін анықтау керек.

Төлем қаражатының сомасын анықтау мәселесі бойынша әртүрлі көзқарастар бар. Төлемге қабілетті құралдарға ақша қаржыларын, қысқа мерзімді бағалы қағаздарды жатқызу әлдеқайда тиімді, себебі олар тез өткізіледі және ақшаға тез айналады. Ағымдағы міндеттемелерге ағымдағы пассивтер, яғни, өтелуге жатқызылған міндеттемелер мен қарыздар: банкінің қысқа мерзімді несиелері, қысқа мерзімді қарыздар, кредиторлық борыштар және басқа пассивтер кіреді.

Төлем құралдарының ағымдағы міндеттемелерден асуы ұйымның төлемге қабілетті екенін білдіреді. Банкте есептің және басқа шоттарда ақшаның болмауы, банкке қайтарылатын несиенің мерзімі өтіп кетуі, қаржы органдарына қарыз болу, еңбекке төленетін қаржылар мерзімінің сақталмауы төлемге қабілетсіздікті көрсетеді.

Төлем қабілеттілігі оны қысқа мерзім ішінде талдау кезінде анығырақ көрінеді.

Есепті кезең ішіндегі ағымдағы төлем қабілеттілігі төлемдік күнтізбе көмегімен есептелуі мүмкін, оның негізінде ағымдағы жедел төлем қабілеттілігінің коэффициенті анықталады, кредиторлармен, банкпен, қаржылық және басқа органдармен өз уақытында есеп айырысуды қамтамасыз ететін шаралар жасалады. Төлемдік күнтізбе аналитикалық есептің мәліметтері, банк көшірмесі, төлемнің мерзімдік картотекасы негізінде жасалады. Мұндай есептер күнделікті немесе 3 – 5 күнде бір рет және басқа уақыт аралықтарында жүзеге асырылуы мүмкін. Есептеудің мерзімділігі ұйым төлем қабілеттілігіне байланысты. Егер тұрақты болса, есептесу сирек, ал егер тұрақсыз болса жиі жүргізуге болады.

Ағымдағы төлем қабілеттілігін талдау кезінде сандық көрсеткіштерден басқа, сапалық сипаттамаларын білу керек [14, 104-105].

Қаржылық икемділік ұйымның алдын ала болжамаған жағдайларға байланысты ақша қаражатының түсуі кезінде кездейсоқ үзілістерге қарсы тұру қабілеттілігімен сипатталады. Бұл өзгермелі жағдайға төтеп беру үшін әр түрлі көздерден қарыз алу, акционерлік капиталды көбейту, активтерді сату, қайта орналастыру, ұйым қызметінің деңгейі мен сипатын өзгерту дегенді білдіреді.

Ақша қаражатын қарызға алу қабілеттілігі әр түрлі себептерге байланысты және тез өзгеруге бейім. Ол ұйым табыстылығымен, тұрақтылығымен, салыстырмалы өлшемімен, салалардағы жағдаймен, капиталдың құрамы мен құрылымымен анықталады.

Көбіне ол несие нарығының өзгеру бағыттары мен жағдайы сияқты сыртқы факторларға тәуелді. Несие алу қабілеттілігі ақша қаражаты керек жағдайда және ұйымға қысқа мерзімді несиелерді ұзарту үшін қажет кезде маңызды. Алдын ала келісіммен қаржыландару немесе ашық несие линиялары – потенциалды қаржыландыруға қарағанда, керек кезде алудың сенімді көздері.

Кәсіпорынның перспективті төлем қабілетін бағалау үшін өтімділіктің динамикалық, статистикалық көрсеткіштері пайдаланылады. Динамикалық көрсеткіштердің бірі өнімді (жұмыс, қызмет) өткізуден түскен табыстың орташа ағымдағы міндеттемелерге қатынасы болып табылады. Есептеу үшін алымында есепті кезеңдегі есеп шоты бойынша дебет айналымын, ал бөлімінде – осы кезеңдегі ағымдағы міндеттемелерінің орташа қалдықтарын алуға болады. Бұл есепте алымы баланс жасау мерзіміндегі емес белгілі бір кезең үшін ақша қаражатының ағымын көрсетеді.



Нарықтық экономика теориясы мен, практикасында перспективті төлем қабілеттілігін талдауды нақтыландыру және тереңдету үшін қолданылатын басқа да көрсеткіштер белгілі. Олардың ішіндегі маңыздысы табыс пен табыс табу қабілеттілігі. Табыс табу қабілеттілігі деп болашақта ұйымның негізгі қызметінен тұрақты табыс алу қабілеттілігі түсіндіріледі. Осы қабілеттілікті бағалау үшін ақша қаражатының жеткіліктігі мен оның капиталға айналдыру коэффициенттері талданады. Ақша қаражатының жеткіліктілік коэффициенті () ұйымның күрделі шығындары, айналым қаражатының өсуі немесе дивиденттерді төлеуді жабу үшін табыс табу қабілеттілігін көрсетеді.

Циклділіктің және басқа кездейсоқтың әсерін жою үшін, бөлшектің алымы мен бөлімінде бес жыл ішіндегі мәліметтер алынады.



Есептеу келесі формула бойынша жүргізіледі:

= Өнімді өткізуден түскен табыс/ (Күрделі шығындар+Дивиденд төлеу+Айналым қаражатының өсуі)

1 – ге тең ақша қаражатының жеткіліктілік коэффициенті ұйымның сыртқы қаржыландыруға жүгінбей қызмет істей алатынын көрсетеді. Егер бұл коэффициент 1 – ден төмен болса, одан ұйым өз қызметінің нәтижесі есебінен дивиденд төлеуге және өндірістің қазіргі деңгейін қолдауға қабілетті емес.



кәсіпорынның қаржылық қажеттілігіне инфляцияның әсерін, сонымен қатар талдауды тереңдету бағыттарын көрсететінін ескеруіміз керек [15, 72-73].

Ақша қаражатын капиталға айналдыру коэффициенті () ұйым активіндегі инвестиция деңгейін анықтауда қолданылады және келесі формула бойынша есептелінеді:

= (Өткізуден түскен табыс – төленген дивидендтер)/(алғашқы құны бойынша негізгі құралдар + инвестициялар+басқа активтер + меншікті айналым капиталы)

Ақша қаражатын капиталға айналдыру деңгейі 8 – 10 % шегінде жеткілікті болып саналады.

Ұйымның перспективті табыс табу қабілеттілігін анықтау үшін ұйым активіндегі ақша қаражаттарына айналдыра алатын жылдамдық және дайындықты сипаттайтын өтімділіктің статистикалық көрсеткіштері кеңінен пайдаланылады. Үш көрсеткіш жиі қолданылады:


  1. абсолютті өтімділік коэффициенті;

  2. аралық өтеу (жабу) коэффициенті;

  3. жалпы өтеу (жабу) коэффициенті.

Абсолютті өтімділік коэффициенті (жеделдік коэффициенті) ақша қаражаттар мен тез өткізілетін бағалы қағаздардың мерзімді және қысқа мерзімді міндеттемелерге қатынасы ретінде есептеледі. Бұл көрсеткіштің дұрыс шектеуі мынадай: Ка.ө.≥0,2/0,5.

Бұл – ағымдағы міндеттемелердің қандай бөлігі жедел өтелуі керек екендігін көрсететін төлем қабілеттілігінің қатаң белгісі.

Аралық өтеу (жабу) коэффициентін есептеу үшін ақша қаражатының құрамына алдыңғы көрсеткіштің дебиторлық борыш және басқа да активтер қосылады. Аралық өтеу (жабу) коэффициентінің қалыпты төменгі шегін бағалау былайша өрнектеледі: Кар.ө.≥1.

Жалпы өтеу (жабу) коэффициенті өтімді құралдар жедел және қысқа мерзімді міндеттемелердің сомасын өтейтінін белгілеуге мүмкіндік береді және сонымен баланс құрылымының тұрақтылық дәрежесін ғана емес, ұйымның өзіндік қысқа мерзімді қарыздары бойынша тез есептесе алу қабілеттілігін дәлелдейді.

Нарықтық экономикасы дамыған елдерде бұл көрсеткішке ұйымның ағымдағы өтімділігін бағалау кезінде ерекше мән беріледі. Оның кеңінен қолданылуының негізгі себептері:

1) біріншіден, ағымдағы активтер мен ағымдағы пассивтердің өтелу дәрежесін көрсетеді. Бұл көрсеткіш қаншалықты жоғары болса, соншалықты қысқа мерзімді міндеттемелерді төлеу сенімділігі жоғары болады;

2) екіншіден, ағымдағы активтердің ағымдағы пассивтерден асып кетуі ағымдағы активтерді (ақша қаражаттарынан басқасы) сату немес жою (тарату) кезінде зияндардың пайда болуына бөгет болады.

Бұл қарсы әрекеттің қаншалықты күштірек болуы, кредитор үшін соншалықты тиімді [15, 141-143].

Жалпы өтеу коэффициенті өндіріс сипатына байланысты күрт ауытқуы мүмкін. Оның деңгейіне тиелген тауарлар мен көрсетілген қызметтермен есеп айырысу нысандары, өндіріс циклының ұзақтығы, тауарлы – материалдық құндылықтар қорларының құрылымы және басқалар әсер етеді.

Бұл көрсеткіш үшін мына шектеу (2,25,29,30) қалыпты мән болып табылады: Кағ.ө.≥2. бұл шектеу ұйымның өтімді құралдарға тиімді қажеттілік деңгейі ағымдағы міндеттемелерден 2 есе асуы қажет екендігін көрсетеді. Ағымдағы өтімділік коэффициенті барлық айналым қаражаттарының бір айналымының орташа ұзақтығына тең кезеңдегі ұйымның күтілетін төлеу қабілеттілігін сипаттайды.

Осы көрсеткіштің нормативті маңызына байланысты басқа пікірлер де кездеседі. Ол 1 мен 3 арасындағы шектерде болуы тиіс. Төменгі шегі ағымдағы міндеттемелерді өтеуге жеткілікті болуы тиіс, жетпесе ұйым төлеуге қабілетсіз болуы мүмкін.

Ағымдағы активтердің ағымдағы міндеттемелерден екі есе артық болуы орынсыз болып саналады, себебі бұл компанияның өз қаражаттарын рационалды салмауы мен олардың тиімсіз пайдалануын көрсетеді.

Ағымдағы өтімділік коэффициентінің 2 – ге тең нормативтік мәні біздің елімізде есеп беру ұйымдардағы нақты жағдайды ескермей, ұйымның банкроттығы туралы шешім қабылдау үшін қажет белгілердің бірі ретінде алынған. Ағымдағы өтімділік коэффициентінің нормативтік мәні барлық ұйымдар үшін бірдей, яғни шаруашылық субъектісінің өндіріс түрі мен салалық ерекшеліктері есепке алынбайды.

Ұйым өтімді қаржының болуын оларға ұтымдылық қажеттілік шегінде реттеуі қажет. Ол - әрбір нақты ұйым үшін келесі факторларға байланысты:



  • ұйым және оның қызметінің көлемі, мөлшері (өндіру және өткізу көлемі қаншалықты көбірек болса, сонашылқты тауарлы – материалдық құндылықтар қоры мол болады);

  • өнеркәсіп және өндіріс салалары (өнімге деген сұраныс және оларды өткізуден түсімнің түсу жылдамдығы);

  • өндірістік цикл ұзақтығы (аяқталмаған өндіріс көлемі);

  • материал қорын қалпына келтіруге қажет уақыт (олардың айналу ұзақтығы);

  • ұйым жұмысының маусымдылығы [16, 104-106].

Егер ағымдағы активтер мен қысқа мерзімді міндеттемелердің ара қатынасы 1:1 – төмен болса, онда ұйым өз шоттарын төлей алмайды деуге болады. 1:1 арақатынасы ағымдағы активтер мен қысқа мерзімді міндеттемелердің теңдігін білдіреді.

Активтер өтімділігінің әр түрлі дәрежесін ескере отырып, активтердің барлығы тез арада өтімді деуге болмайды, яғни бұл жағдайда да ұйымның қаржылық тұрақтылығына қауіп төнеді.

Егер де Кағ.ө. мәні 1 : 1 арақатынасынан көп болса, онда ұйымның өзіндік көздері есебінен құралатын бос ресурстарының едәуір көлемі бар екені туралы қорытынды жасауға болады.

Ұйым кредиторлары тұрғысынан, айналым құралдарын құрудың осы варианты аса жоғары бағаланады.

Өтімділіктің әртүрлі көрсеткіштері тек өтімді қаржыларды есепке алудың әр түрлі дәрежесінде ұйымның қаржы жағдайының тұрақтылығын жан – жақты сипаттап қана қоймай, сонымен бірге талдау хабарламаларының әр түрлі сыртқы пайдаланушыларының мүдделеріне жауап береді. Мысалы, шикізат пен материал жеткізушілері үшін абсолютті өтімділік коэффициенті (Ка.ө.) қажет. Осы ұйымды несиелейтін банк өтімділіктің аралық коэффициенттеріне (Кар.ө.) көп көңіл бөледі.

Ұйымның сатып алушылары немесе акциялар мен облигацияларды ұстаушылары ұйымның қаржылық тұрақтылығын ағымдағы өтімділік коэффициенті (Кағ.ө.) бойынша бағалайды.

Көптеген ұйымдар үшін аралық өтімділіктің төмен коэффициентінің жалпы өтімділіктің жоғары коэффициентіне сай келуі тән екенін атап өту керек. Бұл ұйымда шикізат, материал, жинақ бөлшектер, дайын өнімнің шектен тыс қорлары барлығына байланысты болады.

Бұл шығындардың негізделмеуі ақырында ақша қаражатының жетіспеуіне әкеледі. Осыдан, жалпы өтеу коэффициентінің жоғары болуына қарамастан, оны құраушының, әсіресе баланстың үшінші тобына кіретін баптары бойынша, жағдайын және динамикасын айқындау керек.

Осы мақсатта өндірістік қорлардың, дайын өнімнің, аяқталмаған өндірістің айналымын есептеу керек.

Ұйымда аралық өтімділік коэффициентінің төмен және жалпы өтеу коэффициентінің жоғары болуы кезінде, айналымдылықтан аталған көрсеткіштерінің нашарлауы осы ұйымның төлем қабілетінің нашарлағанын дәлелдейді.

Осы кезде тұтынушының өнімдер мен қызмет көрсетулер үшін төлем жүргізуді кешіктіруінің, дайын өнімнің, шикізаттың, материалдардың және тағы басқа шектен тыс қорлануының себептерін жеке талдау керек. Бұл себептер ішкі және сыртқы себептерден болуы мүмкін. Бірақ, алдымен өтімділіктің жоғарыда аталған коэффициенттерін есептеп, олардың деңгейлеріндегі ауытқуларды және оларға әртүрлі факторлардың әсер ету көлемін анықтау керек [16, 178-180].

Есептеулер 8 кестеде келтірілген.



Ка.ө.≥0,2,5.

Ка.ө.=(ақша қаражаттары және тез өткізілетін бағалы қағаздар)/(мерзімді және қысқа мерзімді міндеттемелер) [1.1қ:2қ]

Ка.ө.(2012)= 5 725/80 585=0,07

Ка.ө.(2013)= 2 063/54 351=0,04

Кар.ө.≥1.

Кар.ө.= (ақша қаражаттарының өтімді бөлігі)/ (ағымдағы міндеттемелер) [(1.1қ+1.2):2қ]

Кар.ө.(2012)=( 5 725+25 940)/ 80 585 = 0,4

Кар.ө.(2013)= (2 063+2414)/ 54 351 = 0,08

Кағ.ө.≥2.

Кағ.ө.= (барлық ағымдағы активтер)/ (қысқа мерзімді міндеттемелер)[1қ:2қ]

Кағ.ө.(2012)= 81 343/80 585 = 1,009

Кағ.ө.(2013)= 58 756/54 351 = 1,08


8 кесте

Кәсіпорынның материалдық активтерінің өтімділік көрсеткіштері






Көрсеткіштер

2012 жыл

2013 жыл

өзгеріс

(+,-)


1

Материалдық активтер, мың теңге

81 343

58 756

-22 587

1.1.

Ақша қаражаттары және қысқа мерзімді инвестициялар, мың теңге

5 725

2 063

-3 662

1.2.

Дебиторлық борыш және басқа да активтер, мың теңге

25 940

2414

-23 526

1.3.

Алдағы кезең шығындарынсыз ТМҚ қосылған басқа к/о-дың жарғылық капиталға салған салымның мөлшеріне азайтылған құрылтайшылармен есепті және ұзақ мерзімді қаржы салымдары, мың теңге

42 536

54 279

+11 743

2.

Қысқа мерзімді міндеттемелер, мың теңге

80 585

54 351

-26 234

2.1.

Қысқа мерзімді несиелер мен заемдар, мың теңге

6 700

14 169

+7 469

2.2.

Кредиторлық борыш, мың теңге

12 290

40 182

+27 892

2.3.

Басқа да ағымдағы міндеттемелер, мың теңге

61 594

-

-61 594

3.

Өтімділік көрсеткіштері:










3.1.

Абсолютті өтімділік коэффициенті

0,07

0,04

-0,03

3.2.

Аралық өтеу өтімділік коэффициенті

0,4

0,08

-0,32

3.3

Жалпы (ағымдағы) өтімділік коэффициенті

1,009

1,08

+0,071

Е С К Е Р Т У - Кесте мәліметтері бухгалтерлік баланс және оның қосымшаларынан алынды

8 кестенің мәліметтері 2013 жылдағы өтімділік 2012 жылмен салыстырғанда біршама төмендегенін көрсетеді. Осылай, абсолютті өтімділік коэффициенті 0,03 пунктке, аралық – 0,32 пунктке төмендеп, ал ағымдағы өтімділік коэфициенті 0,071 пунктке жоғарылаған. 2012 жыл мен 2013 жылы алдыңғы екі көрсеткіш те талап етілген шектеуден аз болды, оның мәндері 2013 жылы сәйкесінше 0,04 және 0,08 – ді құрады. Жалпы өтеу, яғни ағымдағы өтімділік коэффициенті 2012 жылы да, 2013 жылы да талап етілген шектеуге жауап бере алмады, бірақ 2013 жылы 2012 жылмен салыстырғанда 0,071 пунктке жоғарылаған. Бұған көлемін тізбектеп ауыстыру әдісімен анықтауға болатын, оның құрылу факторлары әсер етті. Келесі есептеу кестесін құрай отырып, оларды есептеу әдістемесін көрсетейік.

9 кесте мәліметтері өтімділіктің жалпы коэффициентінің кемуіне ағымдағы активтердің кемуі 0,416 (1,08 – 1,496) және қысқа мерзімді міндеттемелердің өсуі 0,487 (1,496 – 1,009) әсер еткенін көрсетеді. Өтімділік коэффициентін жан – жақты бағалау үшін, оларды құрайтын факторлардың өзара байланысын білу маңызды. Өтімділіктің жалпы коэффициентінің өзгеру факторларын қарастырайық. Ағымдағы активтер баптары үшін үлестік қатысу коэффициенті – 0,0000184, ал ағымдағы міндеттемелердің баптары үшін – 0,0000186 құрады.

9 кесте


Жалпы өтімділіктің коэффициенті деңгейінің өзгеруіне қорытылған факторлардың әсері




Көрсеткіштер



2012 жыл


2012 жылғы ағымдағы активтер мен жылсоңындағы қысқа мерзімді міндеттемелер

2013 жыл


Ауытқулар (+;-)



Соның ішінде өзгеру есебінен

Ағым

дағы


актив

тердің


Қысқа мерзімді міндеттемелердің

1

Материалдық активтер

81 343

81 343

58 756

х

х

х

2

Міндеттемелер

80 585

54 351

54 351

х

х

х

3

Өтімділіктің жалпы (ағымдағы) коэффициенті

1,009

1,496

1,08

-0,071

-0,416

+0,487


Е С К Е Р Т У - Кесте мәліметтері бухгалтерлік баланс және оның қосымшаларынан алынды

Факторлардың әсерлерінің есебі 10 кестеде келтірілген.


10 кесте

Жалпы (ағымдағы) өтімділік коэффициенті деңгейінің өзгеруіне нақтыланған факторлардың әсері






Факторлар

Есептеу

Факторлар

дың әсер ету деңгейі



1.

Материалдық активтердің өзгеруі

1,08 – 1,496

- 0,416

1.1.

Ақша қаражаттары мен қысқа мерзімді қаржылық салымдардың

3 662 х (-0,0000184)

+ 0,0674

1.2.

Дебиторлық борыштың және басқа да активтердің

23 526 х (-0,0000184)

+0,4329

1.3.

Тауарлы – материалдық қорлардың

11 743 х (-0,0000184)

- 0,2160

2.

Қысқа мерзімді міндеттемелердің өзгеруі

1,496 – 1,009

+ 0,487

2.1.

Қысқа мерзімді несиелер мен заемдардың

7 469 х 0,0000186

+ 0,1389

2.2.

Кредиторлық борыштың

27 892 х 0,0000186

+ 0,5188

2.3.

Басқа да ағымдағы міндеттемелердің

61 594 х 0,0000186

- 1,1456

Е С К Е Р Т У - Кесте мәліметтері бухгалтерлік баланс және оның қосымшаларынан алынды

Осылайша, «Инж - Строй» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қаржылық тұрақтылығының маңызды көрсеткіштерінің бірі – төлем қабілеттілігін толық қарастырдық. Ол баланстың өтімділігіне тығыз байланысты. Сонымен бірге, серіктестіктің төлем қабілеттілігіне басқа да факторлар, атап айтқанда аймақтың әлеуметтік - экономикалық жағдайы, қаржы нарығындағы инфляция деңгейі, халықтардың жеке төлем қабілеттіліктері көрсетілетін қызмет сапасы,кепілдік және банктік заңдардың жетілуі, меншіктің капиталмен қамтамасыз етілуі, дебиторлық борыш, ұйымның қаржы жағдайы және басқалар әсер етеді.

Төлем қабілеттілігін талдау кезінде осы факторларды кешенді түрде қарастыру маңызды, бұл талданатын ұйымның қаржы жағдайын объективті бағалауға мүмкіндік береді [17, 139].

ҚОРЫТЫНДЫ

Қазіргі кезде ұйымның қаржылық тұрақтылығын талдай отырып, теориялық және есептік тұрғыдан мынадай қорытындылар мен ұсыныстар енгіземіз:

1. Нарықтық экономика жағдайында ұйымның қаржылық тұрақтылығын қалыптастыру және оны жетілдірудің орны ерекше. Өйткені , халықтың сұраныс қажеттілігін қанағаттандыру және кәсіпкерлік қызметтің қарқынды дамуы үшін ақша ресурстарының маңызы зор.

Ұйым соңғы үш жылдағы шаруашылық жылын табыспен аяқтады, бірақ таза табыс мөлшері 2013 жылы – 44014416 теңгеге дейін азайып отыр. Ұйымдағы жұмысшылар саны да 28 адамға азайған. Сондықтан, серіктестік өнім өткізуден түсетін табысты молайту жолдарын және жұмыскерлердің тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында негізгі бағдарламалар жасауы қажет.

2. Ұйымның дебиторлық қарызы 2013 жылдар 2012 жылмен салыстырғанда 23 526 мың теңгеге азайған. Бұл ұйымның сырттан алатын табыс көздерінің уақытылы жабылатындығын көрсетеді. Соның негізінде серіктестік өзінің қызметін ырғақты жүргізіп келеді.

3. Серіктестің негізгі қызметі – қала халқын қамтамасыз ету және шаруашылығының жұмыстарын үйлестіру болып табылады.

4. Серіктестіктегі негізгі құралдардың тозу сомасы түзу сызықты әдіс арқылы есептелінеді.

5. Ұйымда кредиторлық борыш мөлшері соңғы жылдары едәуір ұлғайған. Себебі ұйым өзінің өндірістік қызметін ұлғайту мақсатында ұзақ және қысқа мерзімді несиелермен қамтамасыз етілген.

6. Меншікті капитал – ұйым қызметін кеңейтудегі негізгі экономикалық құрал болып табылады. Ұйымның меншікті капитал көлемі айтарлықтай өзгеріске ұшырамаған. Сондықтан, меншікті капиталдың тапшылығын жою және табыс көздерінен оның көлемін ұлғайту жолдарын қарастыру қажет.

7. Қаржылық жағдайды талап отырып, қаржыландыру коэффициенті 1-ден жоғары болып отыр (1,5951 немесе 1,7491). Бұл көрсеткіш жоғары болған сайын шаруашылықтың төлем қабілеттігі жоғары деңгейде екендігін көрсетіп отыр.

8. Сонымен қатар қаржылық жағдайының төлем қабілеттілігінің білдіретін үш коэфициенттер: абсолютті өтімділік коэффиценті, аралық өтімділік коэффициенті және жалпы өтімділік коэффициенттері 2012 жылы 2011 жылмен салыстырғанда өсіп отыр. Абсолютті өтімділік коэффиценті 2013 жылы 2012 жылмен салыстырғанда 0,023 пуктке, аралық өтімділік коэффициенті 0,223 пунктке және жалпы өтімділік коэффициенттері 2013 жылы 2011 жылмен салыстырғанда 0,314 пунктке өсіп отыр.

9. 2012 жылы баланс активенде ұзақ мерзімді активтер ағымдағы активтерден үлкен болып отыр, егер олардың баланстағы үлес салмағы 2012 жылы 99,2 пайыз құраса, ағымдағы активтер 0,8 паыйзын құрап отыр. Ал 2011 жылы ағымдағы активтер 0,8 пайыз 2012 жылы 18,7 пайызын құрап отыр. Демек 2012 – 2013 жылдардың табысқа ақша қаражаттардың азаюы мен материаладрың даыйн өнімдердің азаюы әсер етіп отырғанын байқауға болады.

10. Қорыта айтқанда «Инж - Строй» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде қаржылық жағдайы мен қызметі бірнеше фаторлардан байланысты бола отырып, оның таза табысы 2011-2013 жылдары үлкен дәрежеде болып, 2012 жылы – құрт азайып кеткенің байқауға болады.

Оның себептеріне: ағымдағы активтердің азайып кетуі соның ішінде ақша қаражаттары мен материалдардың азаюы, кезең шығындардың өсіп кетуі салдарынан 2012 жылы қорытынды немесе табыс 57,8 пайызға азайып кетіп 7230 мың.теңгеге тең.

Бірақ «Инж - Строй» жаупкершілігі шектеулі серіктестігінің жалпы жағдайы экономикалық нарықтық қатынастарда Қызылорда облысында қызмет көрсету саласында бірінше қатарлы, төлеу қабілеттігі жоғары жауапкершілігі шектеулі серіктестік болып саналады.



ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Дүйсенбаев К.Ш., Төлегенов Э.Т., Жұмағалиева Ж.Г. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау. – Алматы: Экономика, 2001.

2. Шеремет А.Д., Сайфулин Р.С. Методика финансового анализа. – М.: ИНФРАМ, 2005.

3. Русак Н.А. Анализ финансового положения предприятия. В учебнике «Анализ хозяйственной деятельности в промышленности». Под общ. Ред. В.И. Стражева – Минск: Вышэйшая школа, 2005.

4. Радионова В.М., Федотова М.А. Финансовая устойчивость предприятия в условиях инфляции. – М.: Изд-во «Перспектива», 2005.

5. Крейнина М.Н. Анализ финансового состояния и инвестиционной привлекательности акционерных обществ в промышленности, строительстве и торговле. – М.: АО «ДИС», «МВ-Центр», 2004.

6. Ковалев А.И., Привалов В.П. Анализ финансового состояния предприятия. – М.: Центр экономики и маркетинга, 2005.

7. Балабанов И.Т. Анализ и планирование финансов хозяйствующего субъекта: Учебн. Пособие. – М.: Финансы и статистика, 2004.

8. Артеменко В.Г., Беллендир М.В. Финансовый анализ: Учебное пособие. – Издательство «ДИС», НГАЭ и У, 1997.

9. Маркарьян Э.А., Герасименко Г.П. Финансовый анализ – М.: «ПРИОР», 2006.

10. Анализ хозяйственной деятельности в промышленности: Учебник / И.А. Богдановская, Г.Г. Виноградов, О.Ф. Моргун и др.: Под. общ. ред. В.И. Стражева. – Минск: Высшая школа, 2005.

11. Лоханина И.М., Золкина З.К. Основы анализа финансового состояния предприятия. Учебное пособие. – Ярославль, 2003.

12. Ковалев В.В. Финансовый анализ: Управление капиталом. Выбор инвестиций. Анализ отчетности. – М.: Финансы и статистика, 2005.

13. Клейнер Г.Б. Петросян Д.С. Оценка финансового состояния предприятия. / Финансовые и бухгалтерские консультации. Контакт. Инвест Фонд, 2005.

14. Дүйсенбаев К.Ш., Э.Т.Төлегенов, Ж.Г.Жұмағалиева Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау /Оқу құралы/-Алматы:Экономика.2001.-330б.

15. Тасмағамбетов Т.А, Абленов Д.О. Бизнестегі есеп пен талдау /Оқу құралы.-Алматы:Дәуір,2002.-416б.

16. «Инж - Строй» ЖШС – нің мәліметтері

17. Экономика педприятия: Учебник для вузов / В.Я.Горфинкель, Е.М.Купряков, В.П.Прасолова и др.; Под ред. Проф. В.Я. Горфинкеля, проф.Е.М. Купрякова. – М.: Банки и биржи, ЮНИТИ, 2006.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет