Дипломдық ЖҰмыс 5В070400 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету»



бет11/13
Дата24.01.2023
өлшемі0,59 Mb.
#166326
түріДиплом
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Алишер
6 сын, 5 сынып фак, 11 СЫНЫП ҮЙДЕ, 11 СЫНЫП ҮЙДЕ, шығ жоба, 8 сабақ 16.11.2022, 9 сабақ 17.11.2022жэ, tarsia (3), «Физика математика ж не а паратты ж йе» б лімі, педиатрия -2
    Бұл бет үшін навигация:
  • Өңдеу
К онцептуалды схема


Жүйе

Сипаттама

Тип

ЭАЖ

ЭАЖ

Желі

Желі

корпоративті

Желі топологиясы

Аралас

Жалпыжүйелік технолотия

Мәліметтер базасын қолдану

К одтау жүйесі

Фасеттік






Жабдықтаушы бөлім







-Картотека;

-Кәсіпорындар;


-Зейнетақы қоры;


-Жеке күәлік;


-Экономика секторлары;


-Төлем түрлері


.




Өңдеу


Кәсіпорындар тізімін тіркеу және жүргізу

Зейнетақы қорлары түрлерін тіркеу және жүргізу

Төлем түрлерін тіркеу және жүргізу


Төлем ақы түрлері
Кәсіпорын
Қор
Картотека номері
Аты/жөні/тегі
Күні
Орындалған күні
Ай,тоқсан,жыл.

Кәсіпорын
Код
Аты/жөні/тегі
Зейнетақы қоры

Есеп беру жылы
Кәсіпорын
Зейнетақы қоры/Әлеуметтік қор


Схема 1
Математикалық қамтамасыздандыру келесі талаптарды қанағаттандыру керек:



  • Ақпаратты жинау және өңдеу алгоритмін, сонымен қатар ЭЕМ мәліметтерді енгізу дұрыстылығын бақылау;

  • Мәліметтерді іздеу, іріктеуі құжаттарды принтерге басып шығару алгоритмдерін құрастыру;

  • Қолданылатын математикалық әдістер техникалық және программалық құралдардың мүмкіндіктерін ескеру керек;

  • Алгоритмнің кез-келген формасы қолданылады: формулалық, таблицалық, блок-схема, жазбалық.

Математикалық қамтамасыздандыру алгоритмдері келесі жалпы талаптарға жауап беруі тиіс:

  • Қарапайым блоктарды декомпозициялау;

Концептуалды схема ақпараттық жүйе құру мен оның іс атқарауында басты әдістемелік тұрғыда қарастыруда көрсетеді. Ақпараттың жүйенің негізгі концептуалды схемасы тұтас жүйе тұрғызудың әдістемелік аспектілерін бейнелейді, және негізгі құралдарды анықтайды.
Ақпараттық жүйелер-бұл күрделі жүйе болып келеді.
Сондықтан оларды жеке бөлшектер мен элементерге бөлуге, (декомпозициялау) тура келеді. Бірден бүкіл жүйеге жасай алмайтын жұмысты, бөлек бөлшектерге біртіндеп жасап алу керек. Бөлшектермен элементтер неғұрлым дұрыс бөлінсе, соғұрлым жұйе құру және оны іске асыру нәтижелі болады.

2. Зeйнетақы және әлеуметтік салымдарды есепке алу жұмысын автоматтандыру
2.1 HTML прогpаммалау тілі есептеуіш машиналар

Кeз келген қоғамның ақпараттандыру деңгейі ақпараттық қызметтің даму дәрежесімен және онымен айналысып қызмет көрсететін мамандардың санымен, біліктілігімен анықталады. Сондай-ақ ақпараттандыру, қазіргі ақпараттық технологияларды көп мөлшерде шығарумен оларды соңғы уақыттарда жиі пайдаланып жүрген телекоммуникациялы жүйелерге қосу мәселелерін шешуді қарастырады және де оның алдағы уақыттарда дамуын болжайды.


Қaзіргі кезеңнің ерeкшелігі, үлкен көлемдегі материалдық және шикізаттық қорларға негізделген индустриалды экономикадан ақпараттың негізгі қоры болып есептелетін "ақпараттық экономикаға" ауысу болып отыр.
Жедел ақпарат дегеніміз – ол объектінің күйін осы уақыт сәтінде бейнелейтін, яғни бастапқы, өңделмеген ақпарат. Жедел ақпаратқа әдетте бухгалтерлік және жедел есеп мәліметтері жатады.
Aқпарат бaзасы – бұл ақпараттық жүйенің жұмыс істетуде қолданылатын реттелген ақпараттың бірігуі. Ақпарат базасы машинадан тыс ақпарат базасы және машинада ішіндегі ақпарат базасы бөлімдерінен тұрады.
Машинадан тыс ақпарат базасы – ақпараттық жүйемен жұмыс істетуде қолданылатын құжаттар мен белгілердің (сигналдардың), мәлімдемелердің бірігуін бейнелеп, есептеу техникасыз (ЕТ) адамға түсінікті болатын ақпарат базасының бөлігі. Машинадан тыс ақпарат базасына жіктеу мен шартты белгілеу жүйелері, мөлшерлік – анықтама құжаттар, жедел ақпарат жатады. Жіктеу мен шартты белгілеу жүйелері мәліметтерді бірмәнді жазып, ақпаратты есептеу желісінің жадында тиімді іздеп және белгілеу үшін қолданылады. Ал мөлшерлік – анықтама құжаттар (МАҚ) – шартты- тұрақты ақпарат қатарына жатады және ұзақ уақыт бойы есеп айырысуда өзгеріссіз қолданылатын әр түрлі тәртіптегіш мөлшерлеулерді, мөлшерлерді және басқа да мәліметтерді құрайды.
Машина ішіндегі ақпарат базасы – бұл ақпараттық жүйені жұмыс істетуде қолданылатын, машиналық тасығыштардағы мәліметтер массивінің бірігуін бейнелейтін ақпарат қорының бөлігі. Мұндағы машиналық тасығыш – ДЭЕМ-ға ақпаратты автоматты түрде ендіруде пайдаланылатын материалдық объект.
Оған қатты магниттік табақшалар, иілгіш магниттік табақшалар, магниттік барабандар, магниттік карталар, фотохромды тасығыштар, микрофильмдер және басқа да тасығыш түрі жатады.
Ақпарат массиві – нақты тәсілмен аталған және ұйымдастырылып өзара мәндік түрде байланысқан мәліметтердің бірігуі. Ақпарат массивін ұйымдастыру дегеніміз – бұл оның құрамын, құрылымын, яғни әрбір ақпарат массиві үшін реквизиттердің тізімін, әрбір реквизиттің ұзындығын және олардың ақпарат массивінде орналасу тізбегін табу. Ақпарат массиві қолданылу белгісіне қарай: кіретін, шығатын және ішкі болып бөлінеді. Кіретін массив, объектіні басқару есебін шешу үшін сұранысты және жедел немесе алғашқы ақпаратты қамтиды. Шығатын массивтер, баспа құрылғысы – принтерге басылып шығатын мәліметтерді құрайды. Осы ақпарат негізінде, қолданушылар керекті шешім қабылдайды, яғни осы ақпаратты қолданады.
Машина ішіндегі ақпарат массивтері тұрақты, сақтаулы, жедел және қызмет көрсететін болып келеді. Тұрақты ақпарат массиві мөлшерлік құжаттар мен анықтамалардан алынып, мәліметтерді өңдеуге дейін қалыптасады және ол АЖ есептерін шешуде пайдаланылады. Тұрақты ақпарат массивіне жіктегіштер, анықтамалар, шартты – тұрақты ақпараттар қатысты болады.
Сақтаулы массивтер өзара байланысқан басқа есептерді шешу үшін қолданылатын ақпаратты жазады. Мысалы, кварталдық есеп беруді алу үшін, осы кварталға кіретін айлардағы ақпаратты жинау қажет.
Жедел массивтер жедел құжаттар негізінде тұрғызылады, яғни біртіндеп жиналған айнымалы ақпаратты құрайды. Сондықтан, жедел массивтер әр өңдеу аралықтарында өзгеріп отырады.
Қызмет көрсететін массивтер, массивтерді автоматты өңдеуде қажетті қызмет көрсету ақпаратын құрайды.
Машина ішіндегі ақпарат базасы жергілікті есепке, немесе есептер жиынтығына бағытталған массивтер түріндегі тәсілмен, немесе мәліметтер базасына массивтерді қалыптастыру жолының тәсілімен ұйымдастырылады.
Мәліметтер базасы, ол тікелей мәлімет алуға болатын жадыда, сақтағыш құрылғыларда сақталып, өзара байланысқан ақпарат массивтерінің бірігуін бейнелеп және АЖ-нің басқару функциясының жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет