Дипломдық ЖҰмыс 5В070400 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету»



бет10/13
Дата24.01.2023
өлшемі0,59 Mb.
#166326
түріДиплом
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Алишер
6 сын, 5 сынып фак, 11 СЫНЫП ҮЙДЕ, 11 СЫНЫП ҮЙДЕ, шығ жоба, 8 сабақ 16.11.2022, 9 сабақ 17.11.2022жэ, tarsia (3), «Физика математика ж не а паратты ж йе» б лімі, педиатрия -2
Тип

Атауы

Мүмкіндіктері

Жалпы программалық жабдықтау

ОЖ

Mіcrosoft Wіndows NT Server 4.0

Күшті 32-битті көп есепті сенімді серверлері ОЖ, құпиялық, масштабталатын МББЖ-ны қолдау.

Mіcrosoft Wіndows NT Workstatіon 4.0
MS Offіce XP

Дербес ЭЕМ үшін күшті 32-битті көп есепті сенімді серверлері ОЖ, ЛЕЖ қолдау, құпиялылығы.

Mіcrosoft Wіndows ХР professіonal

Дербес ЛЕЖ үшін күшті 32-битті ОЖ, ЭЕМ қолдау.

Арнаулы программалық жабдықтау.

ҚПП

Delphі 7

Локальді және желідегі базалармен жұмыс жасайтын арнайы программалар жасау.

МББЖ

Paradox 7

Локальді база Paradox 7 жұмыс жасау, кестелер құру, жалған аттар, драйверлер базасын жинақтау.

Қорғау

ОЖ паролі

Желіге енуді бақылайды.

МББЖ паролі

МБ кестелеріне ену құқын анықтайды.

Вирусқа қарсы программа

Мәліметтерге қауіп төндіретін әр түрлі вирустарға қарсы күреседі.

Кесте 1.2
Басқару кезеңі ақпаратсыз жүзеге асырылмайтындықтан, АЖ-дағы ақпаратпен жабдықтауды ұйымдастыру өте қажет. Ақпаратпен жабдықтаудың негізгі міндетіне – ақпаратты сақтау мен жинау, ақпараттар қоймасына өзгерістер енгізу, басқару шешімдерін қабылдау үшін шығатын ақпаратты беру жатады.
Ақпаратты қамтамасыз ету болып экономикалық ақпаратты кодтау және біркелкі жүйенің бірлігі болып табылады. Ақпаратты қамтамасыз ету төмендегі талаптарды қанағаттандыруы керек:

  • Есептеу жүргізетін объектілер мен субъектілердің сипаттамаларына сәйкес келуі тиіс, сонымен қатар ақпарат анық және өзекті болуы керек;

  • Есептеу мәліметтерінің есебіне қойылатын талаптарына сай келуі және ақпарат толық болуы керек;

  • Ақпарат құпиялылық деңгейі бойынша жіктелуі тиіс;

  • Ашық ақпаратқа қол жеткізу максималды түрде жеңілдетілгені жөн;

Ақпаратты қамтамасыздандыру ақпараттық ресурстардан (кіретін, аралық және шығатын мәлімет), оларды жүргізетін құрлдардан тұрады.
Ақпарат жүйесіндегі ақпаратпен жабдықтау, жүйеде қолданылатын мөлшерлік – анықтама ақпаратты және экономикалық ақпарат пен құжаттардың жіктелуін қамтиды.

Элементтер

Сипаттамалар

Ақпараттық технология

Мәліметтер базасында негізделген

Мәліметтер базасы типі

Реляциондық

Кодтау жүйесі

Фасеттік жүйе

Ақпараттық қорғау

АЖ-мен жұмыс істеу кезінде парольдер жүйесі қолданылады.

Кесте 1.3
Математикалық қамтамасыздандыру – АЖ есептерін шешудегі, АЖ өңдеудегі математикалық әдістер, модельдер, алгоритмдер жиыны.
Математикалық қамтамасыздандыруға келесілер жатады:

  1. өңделген ақпарат пен жиналған алгоритм, өңделген әдіс,

  1. сортталған мәліметтер, ізделген алгоритмдер.

Әдетте декомпозициялау анықталған белгілеріне қарай жасайды. Ақпараттық жүйелер құрамындағы элементтердің атқару роліне қарай екі бөлшекке бөледі. Ол функционалды және жабдықтаушы бөлшек. Функционалды бөлігіне функционалды жүйелердің комплексі жатады, ал жабдықтаушы бөлшекке жабдықтаушы жүйешелер жатады.
Жүйеше дегеніміз-жүйенің анықталған белгілері бойынша бөлінген дербес бөлшегі. Жалпы тұрғыдан алғанда, ақпарат – таңбалар мен сигналдар түрінде берілген әлемнің, заттың бейнесі болып саналады. Ақпарат алу дегеніміз – бізді қоршаған құбылыстар мен нысандардың өзара байланыстары, құрылымы немесе олардың бір-біріне қатысуы жөнінде нақты мағлұматтар мен мәліметтер алу деген сөз.
Сонымен, Ақпарат – белгілі бір нәрсе (адам, жануар, зат, құбылыс) туралы таңбалар мен сигналдар түрінде берілетін мағлұматтар.
Ақпараттың түпкі заттық мазмұны оның негізгі қасиеттерін – дәлдігі мен толықтығын, бағалығы мен қажеттілігін, анықтылығы мен түсініктілігін ашуға көмектеседі.
Ақпарат істің ақиқаттық жағдайын толық ашатын болса, оның дәл болғаны. Дәлдігі жоқ ақпарат оны түсінбеушілікке және соған байла нысты теріс шешім қабылдауға әкеліп соқтыруы мүмкін.
Егер ақпарат оны түсінуге және белгілі бір шешім қабылдауға жеткілікті болса, онда оның толық болғаны. Ақпараттың толық болмауы ол жөнінде белгілі бір тұжырымға келуге кедергісін тигізіп, қателікке ұрындыруы мүмкін.
Ақпараттың бағалылығы – оны пайдалана отырып, қандай мәселелер шеше алатынымызға байланысты болады. Өзекті (дер кезінде берілген) ақпарат жұмыс шарттары өзгерген жағдайда өте қажет болады.
Ақпараттық жүйенің функционалдық бөлшегі- ол жүйешелер немесе есептер жиыны мен басқарудың негізгі бөлігін құрайтын есептердің жиыны.
Функционалдық жүйеше–нақты функциянермен шектелген. Ақпараттық жүйенің (АЖ) бір бөлігі.
Қамтамасыз ету бөлігі- бұл автоматтандырылған тәртіпте (режимде)
жүйенің қызымет етуі үшін қажетті жағдайлардың жиынтығы.
Қамтамасыз ету бөлігі мыналардан тұрады- техникалық қамтамасыз ету, бағдарламалық қамту, ақпараттың қамтамасыз ету (АҚ).
Зейнетақы және әлеуметтік салымдарды есепке алудың ақпараттық жүйесінің концептуалдық сызбасы 2-ші суретте көрсетілген:
Қолданбалы программалар персоналды компьютерге өте ыңғайлы құрал ретінде жұмыстарды орындауға, үйренуге және ойнауға мүмкіндік береді. Қолданбалы программа қарапайым қолданушыға немесе бағдарламашыға және қандай да бір жерде жұмыс істейтін маманға есептелуі мүмкін. Қолданбалы программалар кең профильде болуы мүмкін. Қолданбалы программалық жабдықтау арқылы есепті шешу процесі кезінде программалы ЭЕМ нәтижелілігін жоғарлату үшін арналған. Қолданбалы программалар пакеті (ҚПП) бағдарлама библиотекасы сияқты іске асырылуы мүмкін, стандартты ішкі бағдарламалар арқылы бағдарламалық тілдердің кеңейтілуі мүмкін. Басқа жағынан ҚПП интерактивті ортаны қалпына келтіруін іске асыратын пакет болуы мүмкін (диалогтік тәртіп).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет