Дипломдық ЖҰмыс 5В070400 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету»



бет6/13
Дата24.01.2023
өлшемі0,59 Mb.
#166326
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Алишер
6 сын, 5 сынып фак, 11 СЫНЫП ҮЙДЕ, 11 СЫНЫП ҮЙДЕ, шығ жоба, 8 сабақ 16.11.2022, 9 сабақ 17.11.2022жэ, tarsia (3), «Физика математика ж не а паратты ж йе» б лімі, педиатрия -2
міндетті зейнетақы жарналарының ставкасы— салымшының зейнетақы жарналарын есептеу ушін алынатын кірісіне проценттік қатынаспен көрсетілген жинақтаушы зейнетақы қорына төлем мөлшері;
сақтандыру ұйымы (сақтандырушы)—уәкілетті органның тиісті лицензиясы негізінде "өмірді сақтандыру" саласында сақтандыру шарттарының жасалуы мен орындалуы жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;
уәкілетті ұйым (бұдан әрі Орталық)—осы Заңның талаптарындағы міндеттерді жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілдік берген заңды тұлға;
уәкілетті орган—жинақтаушы зейнетақы қорларының, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың, кастодиан банктердің, сақтандыру ұйымдарының қызметін реттеу мен қадағалау жөніндегі функциялар мен өкілеттіктерді жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
Қaндай болмасын ақпараттық жүйенің мақсаты ақпаратты жүйені тұрғызудың әдісіне, техникалық базасына, байланыс ұстап тұратын ақпараттарына, қолдану саласына байланыссыз кез келген уақытта нақты, толық ақпарат ұсыну болып табылады. Қазақстан Республикасының зейнетақы және әлеуметтік салымдарды есепке алудың ақпараттық жүйесінің негізгі мақсаты –зейнетақы және жәрдемақы төлеуге, зейнетақы аударымдарын жинақтауға байланысты деректерді электрондық өңдейтін орталық болғандықтан ақпараттық жүйені енгізудің басты міндеті әлеуметтік төлем алушыларға қызмет көрсету барысында жаңа тәсілдерді, технологияларды енгізуде көптеген жеңілдіктер мен ыңғайлықтарға қол жеткізу, сонымен қатар осыған байланысты қажетті ақпараттарды беру, жинау, сақтау, іздеу болып табылады.
Экономикалық ақпараттар жүйесінің негізгі мақсаттарына байланысты оның негізгі есебі төмендегідей:
- Зейнетақы мен жәрдемақы алушылар жөніндегі ақпаратты анықтауда қолданылатын әдістердің және технологиялардың тиімділігін арттыру;
- ақпараттар ағымының тиімділігін және оның айқындылығын арттыру;
- ұсынылатын мәліметтердің нақты және дәл болуын қамтамасыз ету;
- талаптар кешені және ақпарат қорларының орындалуын қамтамасыз ету;
- қызметкерлердің жұмыс туралы беретін ақпараттарының жеделдігін арттыру;
- қызметтік процедуралардың жүзеге асуының бақылауын жақсарту.
«Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының ақпараттық жүйесінің тағайындалуының негізгі шарты зейнетақы мен жәрдемақы алушылардың және жинақтаушы зейнетақы қорының қызметін автоматтандыру. Жүйенің ақпараттық функционалдық құрылымы қосымша есептер кешенінің қосуға және болашақта одан әрі қарай дамыту үшін ашық болуы тиіс. Компьютерде жұмыс істеу үшін "достық интерфейсі " және ақпараттық жүйе қолдануда қарапайым болуы керек.
АЖ тұрғызудың негізгі мақсаты - нақты объектінің басқару жүйесін қазіргі заманғы есептеу техникасы жабдықтары мен экономика - математикалық әдістермен дамыта түсу. АЖ-ны жобалаудың ерекшелігі экономикалық объектіні басқару фукциясының көптеу бөлігін немесе барлығын құрап қамтуды қарастыратын жүйелік ыңғайды қолдану болып табылады. АЖ-ны жобалау әр түрлі мамандардың қатысуымен жүзеге асырылатын күрделі де, ұзақ еңбекті көп қажет ететін кезең. Тұрғызу кезеңінің барлығы бөлек сатыларға бөлінеді. Ол берілген нәтижені алумен аяқталатын және АЖ-ны тұрғызу кезінде тізбектеліп орындалатын бөліктің бірі. Тұрғызу кезеңі - бұл жұмысты ұтымды жоспарлау мен ұйымдастыру пікірі бойынша бекітілетін жалпы сатының бір бөлігі.
Басқарма АЖ-сі тұтынушы сұранысына байланысты ақпаратты жинау сақтау, іздеу, өңдеу және ұсыну үшін арналған. Кез-келген АЖ оның қолдану саласына тәуелсіз толық және дұрыс ақпаратты ұсынады.
Жүйенің функционалды, ақпаратық құрылымы әрі қарай даму үшін және қосымша есеп кешенін қосу үшін ашық болу керек.
АЖ құру мақсаты - ақпаратты өндіруді автоматтандыру болып табылады. Бұл басқарма қызметкерлердің жұмысын жеңілдетеді, себебі келісім-шарт, анықтама-қағаз, сертификат және басқа құжаттарды толтыруға, Басқарманың қаржы-несие бойынша ақпаратын өңдеуге уақыт жұмсалмайды.
Ынтымақтастық жүйе. Бүгінгі күні, зейнетақы мен жәрдемақы төлеуді ұйымдастырудың үйлесімді жүйесі құрылған. Зейнетақы және жәрдемақы төлеу кідіріссіз жүзеге асырылуда. Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы арқылы 1999 жылдың 1 қаңтарынан- мемлекттік әлеуметтік жәрдемақылар төлеу, 1999 жылдың сәуір айынан- арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар, ал 2000 жылдың қаңтар айынан- мемлекеттік арнаулы жәрдемақылар төлеу жүзеге асырылуда, сол жылдың аяғынан бастап Семей ядролық полигоны аймағының тұрғындарының зейнетақылары мен жәрдемақыларына экологиялық қосымдары бойынша несие қарыздарын өтеу жүзеге асырыла бастады. Әлеуметтік төлемдер алушылар саны 1998 жылғы 1,8 млн. Адамнан қазіргі кезде 3,4 млн. адамға өсті. 2000 жылдың екінші тоқсанынан бастап еңбек және халықты әлеуметтік қорғау органдары Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының аймақтық бөлімшелеріне зейнетақы мен жәрдемақы алушылардың қолданыстағы зейнетақы істерін тапсырды.
АЖ ендірілгенде ақпаратты өңдеу үрдісіне қызметкерлер жұмысының тиімділігін жоғарылату талабы қойылады.
Жүйені ендірудің негізгі мақсаты:

  • есеп беруді жинау, сақтау, өңдеу, іздеу және бөлуді айналым ведомосты

түрінде автоматтандыру;

талдау;

  • алынған дұрыс ақпаратты басқару шешімдерін қабылдау үшін қолдану;

  • есеп беруді автоматтандырылған түрде алу;

  • бірегей МБ құру.

Сонымен қатар келесілер қамтылуы тиіс:

  • жұмыс жеделділігі;

  • ұсынылған мәліметтердің дұрыстылығы;

  • қағазбен жұмыс көлемінің азаюы.

Автоматтандырылған жұмыс орны (АЖО) – ақпараттың нақты есеп шешімдеріне қатысатын және сипатталатын жиыннан, функционалды басқаруды өндейтін нақты қолдану саласы кешенінен құрылған жүйе.
АЖО қолданушының персоналды электронды есептеуіш машинаны тікелей қолданумен байланысты.
Автоматтандырылған жұмыс орнын анықтаудың екі ыңғайы бар: техникалық және функционалды. Техникалық ақпарат жүйесі құрамында процессор, монитор, клавиатура, тышқан, принтер және сканер кіретін минималды құрал жиынтықты негізінде персоналды компьютер (РС/ПК) физикалық модуль анықталады. Сонымен қатар физикалық модульқұрамына қажет программалық құралдар кіреді, олар барлық құралдар: операциондық жүйе, сервисті программалар және т.б. қатынасы мен жұмысын қамтамасыздандырады.
Басқарма ақпараттық жүйесі «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның жұмысын автоматтандыру үшін арналған профессионалды-бағытталған кіші есептеуіш жүйе деп қарастыруға болады.
Қазіргі кезде «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның ақпараттық жүйесін құру және қолдану қажеттілігі пайда болды. Кәсіпорынның ақпараттық жүйесін құрғанда оған жүйелі позиция тұрғысынан келу керек. Мәліметтерді өңдеудің орталықтанған формасы автоматтандырылған жұмыс орнын қолдану болып табылды. Бұл икемді және сенімді ақпараттық жүйе құруға және ЭЕМ -ді қолданушының қатынасын рационалды етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет