Дипломдық ЖҰмыс 5В070400 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету»



бет5/13
Дата24.01.2023
өлшемі0,59 Mb.
#166326
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Алишер
6 сын, 5 сынып фак, 11 СЫНЫП ҮЙДЕ, 11 СЫНЫП ҮЙДЕ, шығ жоба, 8 сабақ 16.11.2022, 9 сабақ 17.11.2022жэ, tarsia (3), «Физика математика ж не а паратты ж йе» б лімі, педиатрия -2
зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт — зейнетақы жарналарымен, жинақталған қаражаттарымен және төлемдер алумен байланысты құқықтық қатынастарды белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы, бір жағынан жинақтаушы зейнетақы қоры және екінші жағынан салымшы мен алушы жасасатын шарт (келісім);
зейнетақылық аннуитет шарты — сақтандыру шарты, оған сәйкес сақтанушы (зейнетақы төлемдерін алушы) сақтандыру ұйымына жинақталған зейнетақы қаражатының сомасын беруге міндеттенеді, ал сақтандыру ұйымы сақтанушының (зейнетақы төлемдерін алушының) пайдасына өмір бойына немесе белгілі бір уақыт кезеңі ішінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға міндеттенеді;
инвестициялық кіріс—жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін инвестициялау нәтижесінде алынатын ақша;
жеке зейнетақы шоты - салымшының (алушының) жинақгаушы зейнетақы қорындағы жеке атаулы шоты, онда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оның міндетті не ерікті зейнетақы жарналары немесе ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары, инвестициялық кірісі, өсімпұл және өзге де түсімдер есепке алынады және содан зейнетақы төлемдері теленеді;
кастодиандық шарт — кастодиан банк пен оның клиенті жасасатын бағалы қағаздар мен ақшаны жауапкершілікпен сақтау және есепке алу туралы шарт;
жинақтаушы зейнетақы қоры—зейнетақы жарналарын тартуды және зейнетақы төлемдері жөніндегі қыззметті, сондай-ақ Қазақстан Реслубликасының заңдарында белгіленген тәртіппен зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;
міндетті зейнетақы жарналары—осы Заңға сәйкес, жинақтаушы зейнетақы қорларына Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленетін тәртіппен салынатын ақша;
зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым — жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын заңды тұлға;
Орталықтан зейнетақы төлемдерін тағадындайтын органдар — уәкілетті мемлекеттік органдар;
зейнетақы активтері— зейнетақы төлемдері мен аударымдарын, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларынан аударымдарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен қамтамасыз етуге және жүзеге асыруға арналған ақша, бағалы қағаздар, өзге де қаржы құралдары;
жинақталған зейнетақы қаражаты міндетті зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын және ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарын, инвестициялық кірісті, өсімпұлды және шарттарға, осы Заңға, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де түсімдерді қоса алғанда, салымшының (алушының) жеке зейнетақы шоттарында есептелетін ақша;
зейнетақы—Орталықтан, жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетін зейнетақы төлемдерінің жиынтығы;
баспасөз басылымы — тізбесін уәкілетті орган белгілейтін мерзімді баспасөз басылымдары;
зейнетақы төлемдерін алушы (бұдан әрі— алушы) — Орталықтан зейнетақы төлемдері тағайындалған және (немесе) жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар жеке адам;
пруденциалдық норматив — жинақтаушы зейнетақы қорының және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленетін экономикалық талаптар;
жинақтаушы зейнетақы қорында бөлектеп есеп жүргізу—заңды тұлға ретінде жинақгаушы зейнетақы қорының бухгалтерлік балансына зейнетақы активтерін енгізбеу;
жинақталған зейнетақы қаражатының нақты құны—жинақталған зейнетақы қаражатының Қазақстан Республикасы мемлекеттік статистикасының уәкілетті органы есептен шығаратын тұтыну бағалары индексіне үйлестірілген нақты құны;
әлеуметтік жеке код—азаматқа, сондай-ақ осы Заңға сәйкес зейнетақымен қамсыздандыру құқығы қолданылатын адамдарға берілетін тұрақты жеке код;
ерікті зейнетақы жарналарының ставкасы—жинақтаушы зейнетақы қорына төленетін, ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта белгіленетін төлемнің мөлшері;
ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарының ставкасы—жинақтаушы зейнетақы қорына төленетін, ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта және осы Заңда белгіленген төлемнің мөлшері;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет