Дипломдық ЖҰмыс 6В01301 Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі


) Сөз мағынасын синонимдер арқылы ұғындыру тәсілі



бет39/43
Дата01.02.2022
өлшемі496 Kb.
#130354
түріДиплом
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43
Байланысты:
Калменова
Учебник 11 каз, Модо 18.04.2022ж. география, 1, План продаж на 01.11.2021
2) Сөз мағынасын синонимдер арқылы ұғындыру тәсілі.

Синоним сөздер - қазақ тілінің байлығы. Сөз мағынасын ұғындыру жұмыстарында синоним сөздерді қолдану бұрыннан қалыптасқан әдістердің қатарына жатады. Синоним сөздердің қасиеттерін оқушылар үйренуі арқылы балалар салыстыру, мағынаны дәл түсіндіру, ойын толық жеткізу қабілеттеріне ие болады.Сондықтан бастауыш мектеп оқушыларының сөздік қорын молайту жұмыстарында сөз мағынасын синонимдер арқылы түсіндіруге назарды көбірек аудару керек, көбірек жаттығулар беру қажет.



Бірінші тапсырмада оқушылар синонимдер жөніңде жалпы мағлұмат, білім негіздерін алатын болса, екінші тапсырмада оқушылар мағына реңктерін көтерілу немесе бәсеңдеуі ретіне қарай жіктейді, үшінші жағдайда оқушылар сөзге мағыналас сөйлемдер тауып, оларды салыстыруды үйренеді.

Мысалы,


1-жаттығу:

1-тапсырма. "Надан" сөзіне мына сөздерден мәндес сөздер іріктеп жаз: ақымақ, ақылды, жақсы, әдемі, басы істемейді, күшті, "оқымаған" себебін түсіндір.

2-тапсырма. Мына сөздерден кұралған жолдың қайсысымен жүрсек "көрікті" сөзіне мәндес сөз тауып, сол сөзді кірістіре сөйлем құрай аламыз.

Жадыра




Жақсы




қыз

Жаман




әдемі




Бала

3-тапсырма. Мына сөздердің қайсысы "киім" сөзімен-тіркесе алады. Себебін түсіндір. Ежелгі, ескі, көне.

2-жаттығу:



1-тапсырма. Мына сөздердің қайсысы берілген сөздермен мағыналас бола алады: ажар, әдемі, ақымақ.

Берілген сөздер: рең, жүз, көрік, бет, түр, келбет т.б.



2-тапсырма. Мәндес сөздерді мағыналарының көтерілуіне байланысты қатарға тізіп жаз. Батыр, өжет, ер, жүректі.

3-тапсырма. Әдемі, сұлу, көрікті, келбетті сөздерінің қайсысы "көйлек" сөзімен тіркесе алады.

3- жаттығу:



1-тапсырма. Берілген "қанат" сөзінің әр әрпіне мәндес сөздер ойлап тауып, жазыңдар.

Мысалы,


Қ-қайратты, қажырлы т.б.

А - ақкөңіл, ақжарқын, адал т.б.

Н - намысшыл, намысқой т.б.

А - ақылды, аңғарымпаз т.б.

Т - тапқыр, талантты т.б.

2-тапсырма. Осы сөздерді пайдаланып сөйлемдер кұраңдар. Сөйлемдерден мәтін жазып, оның атын қойыңдар.

3-тапсырма. Жазған мәтіндерінен бір-біріне мағыналас сөздерді іріктеп бөлек қатарға жазыңдар.

4-жаттығу



1-тапсырма. "Әсем жақсы қыз", "Қарлығаш әсем қыз" сөйлемдеріндегі қандай "Әсем" сөзіне мәндес сөздер табуға болады. Себебін түсіндір.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет