Шығармашылық деңгейде орындалатын тапсырмалар:
Белгілі бір шығармашылық жұмысқа бейімдейтін болуы керек
(сурет салу, шығарма, фантастикалық әңгіме, ой толғау, өлең,
әзіл өлең жазу, т.б.)
Ғьлыми көзқарасын қалыптастыруға әсер етуі қажет (реферат,
рецензия, баяндама, өз ойьш, пікірін қосатын тапсырмалар, т.б.)
Тапсырманың мазмұны арқылы оқушыға проблемалық ситуация
туғызып, баланың шығармашылық ойлауын дамытатындай
болуы тиіс.
Әр деңгейдің өзіндік талаптарына сәйкес тапсырмалар жүйесі жасалынды. Оқушыға берілетін мұндай тапсырмалар жүйесінің барлығын бір орталыққа бағындырып тұратын заңдылықтар болады. Ол заңдылықтар лексикалық материалдарды оқытуда қолданылатын тапсырмаларды сұрыптап, тандап алудың ұстанымдары деп аталады. Сондықтан әр деңгейге қатысты қойылатын талаптарды ескере отырып, тапсырмаларды сұрыптап, таңдап алудың мынадай: 1) тапсырманың қызықтылығы; 2) тапсырма мазмұнының жүйелілігі; 3) тапсырманың жетекшілігі; 4) тапсырманың танымдылығы ұстанымдары анықталды. Бұл ұстанымдар қазақ тілін оқытуда қолданылатын деңгейлік тапсырмалар жүйесіне негіз болып табылады. Осы ұстанымдарды негізге ала отырып, лексикалық ұғымдарды оқытуға байланысты берілетін тапсырмалар жүйесі жинақталды.
/ деңгейде (оқушылық деңгей) оқушы жаңа материалдын тақырыбын түсінуге арналған тапсырмаларды орындайды. Тапсырмалар жаңа материалды оқушы есінде ұзақ сақтау мақсатында жасалады. Мұнда мұғалім түсіндірген тақырыпты оқушының қабылдап және оны ұғынықты түрде қайталап беруі талап етіледі.
// деңгейде (алгоритмдік деңгей) оқушы жаңа материадды пысықтау, бекіту үшін берілген тапсырмаларды орындайды. Бұл деңгейде алғашқы деңгейдегі білім мазмұны тереңірек алуы көзделіп, тапсырмалардың құрылысы мен мазмұны күрделене түседі. Оны орындаудың әрбір қадамы алгоритмдік түрде беріледі, яғни тапсырмалар бір-бірімен тығыз байланыста бола келіп, жүйелі түрде, алғашқысынан кейінгісі дамытылған түрде, кейінгісінен соңғысы терендетілген түрде ұсынылады.
Достарыңызбен бөлісу: |