IV деңгей (шыгармашылық деңгей) оқушылардың жаңа материал бойынша білімін қалыптастырудың ең жоғарғы сатысы болып табылады. Мұнда оқушы шығармашылық жұмыспен айналысады. Оқушы жаңа материал туралы түсінігін қалыптастырып, оның негізгі белгілерін, мағыналық топтарын, қолданылу аясын, т.б. кеңейіп өздігінен ізденуі нәтижесінде алған білімін шығармашылық жұмыстарында қолдануы тиіс. Сондықтан оқушы IV деңгейдегі тапсырмаларды орындау барысында жаңа тақырыпты еркін меңгеріп, I деңгейдегі — қабылдаушы, II деңгейдегі -орындаушы, III деңгейдегі — ізденуші тарапынан өтіп, өз пікірі, өз айтар ойы бар жеке тұлға дәрежесіне көтеріледі. Бұл деңгейдің алдыңғы деңгейлерден айырмашылығы:
Алдыңғы деңгейлерде оқушыға тапсырмаларды орындау
жолдары айқын берілсе, бұл деңгейде оқушының
шығармашылық қабілетін анықтайтын және оны
дамытатын тапсырмалардың мақсаты ғана беріледі. Ал оны
орындау жолдары оқушының жеке шығаршылық қабілетіне
байланысты.
І-ПІ деңгейлердегі тапсырмаларды орындау барысында
оқушылардың жауаптары нақты болуы көзделсе, IV
деңгейдегі тапсырмалар оқушылардың өзіндік көзқарасына,
дүниетанымына, жеке қабілетіне және дарындылығына
байланысты түрленген, бейімделген болады.
Мұнда III деңгейдегі сияқты жаңа ақпарат емес, өмірдегі
ақиқат оқушы қиялы арқылы танылады.
Бұл деңгейде оқушының шығармашылық қабілетін дамытатын түрлі тапсырмалар (әңгіме, ойтолғау, өлең, сурет салу, т.б.), ғылыми көзқарасын қалыптастыратын жұмыстар (реферат, рецензия, баяндама, т.б.) және проблемалық ситуация туғыза отырып, оқушының оңтайлы шешім қабылдай алуын қамтамасыз етуді көздейтін сұрақтар беріледі. Сонымен, барлық деңгейдсгі тапсырмаларда жоғарыда көрсетілген талаптар мен ұстанымдар негізге алынды.
Достарыңызбен бөлісу: |