Дипломдық ЖҰмыс 6В01301 Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі



бет28/43
Дата01.02.2022
өлшемі496 Kb.
#130354
түріДиплом
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   43
Байланысты:
Калменова

ІІІ деңгей

1-тапсырма. "Диалект" сөзі шығатындай етіп сөзжұмбақ немесе ребус құрастыр.

Бұл деңгейдегі тапсырма алдынғы деңгейдегі тапсырмалардың қорытындысы ретінде саналады. Аддыңғы деңгейлерден сүрінбей өткен оқушы ғана бұл тапсырманы дұрыс орындай алады.

Ребус құрастыру да оқушы шығармашылығына жатады. Жасыратын сөздің суретін сала білу де үлкен өнер, екіншіден, ол суреттің атауындағы дыбыс ребустың шешуіне нақты қызмет атқаруы керектігіне көңіл аударады. Ол үшін оқушының сөздік қоры көп болу керек. Іздеген әрпі кейбір сөздерде екінші, үшінші буында кездесуі мүмкін. Бұл тапсырма оқушының орфографиялык ережені дұрыс білуін қажет етеді, сауаттылыққа тәрбиелейді.

ІV деңгей

Бұл тапсырма жан-жақты шығармашылық жұмысқа баулиды. Оқушы әңгіме жазбас бұрын ауызша Қазақстанға тағы бір рет саяхат жасап, әр аймақта қандай диалект сөздер бар екенін біліп, диалект сөздердің қорын жинайды. Жиналған сөздерден әңгіме құрастыру өте қиын. Себебі оқушы қорындағы сөз әртүрлі тұрмыста қолданылуы мүмкін. Ал жинаған сөзін бір арнаға салып, әңгіме құрау терең ойды, сауатты жазуды талап етеді.

Көптеген педагог-мамандардың анықтауы бойынша деңгейлік тапсырмаларға мынадай талаптар қойылатыны анықталды. Бірінші деңгейлік тапсырмалар жаттап алуға лайықты болуы қажет, екінші деңгейлік оқыту жаңа тақырыпты қайталап, пысықтауына мүмкіндік беруі тиіс, үшінші деңгей тапсырмалары өмірмен байланысты болуы керек, төртінші деңгей тапсырмалары баланың шығармашылық қабілетін оятуы қажет. Яғни, бала берілген тақырып бойынша ізденуі керек. Деңгейлік тапсырманы дұрыс орындағаны үшін оқушы сол деңгейге сәйкес өз ұпайларын алып отырады.

Бірінші деңгей үшін- 5 ұпай, екінші деңгей үшін -10 ұпай, үшінші деңгей үшін- 15 ұпай. Ескерте кететін бір жайт оқушы қаншалықты жақсы оқыса да тапсырманы орындауды бірінші деңгейден бастайды. Осылайша әр оқушы бір деңгейден екінші деңгейге өтіп, өз білімін жетілдіріп отырады. Егер оқушы бірінші деңгейге жауап беріп, екіншісіне шамасы жетпесе оған «үш» бағасы қойылады, екінші деңгей тапсырмасын орындаған оқушыға «төрт» , ал үшінші деңгей тапсырмасына жетіп, оны орындаған оқушыға «бес» қойылады.

Осы деңгейлеп оқыту технологиясы бойынша 4-сыныпта «Сын есімді қайталау» тақырыбында сабақ жоспарын мысалға келтірейік:

Тақырыбы: Сын есімнен өткенді қайталау.

Мақсаты: Оқушылардың өткен сабақта алған білімдерін жүйелеу.Ойлау белсенділіктерін арттыру.

Әдісі: Өткен тақырып бойынша білімін байқап, бағалау, оқушыны іздендіру.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Сын есім дегеніміз не ? Сын есімнің сұрақтары ? Мысал келтіру.

2. Дара сын есім дегеніміз не ? Мысал келтіру.

3. Күрделі сын есім дегеніміз не ? Мысал келтіру.

4. Қарсы мәндес сын есім дегеніміз не ? Мысал келтіру.

III. Сын есім тақырыбын қаншалықты меңгергендігін деңгейлік тапсырмалар арқылы тексеру.

Бірінші деңгей. (5 ұпай )

1. Өлең жолдарынан сын есімді табыңдар.

«Жасыл емес жайнаған,

Ақ мамық қар айналаң.

Сырғанақтап ойнайсың,

Қызыққа енді тоймайсың».
«Көрікті өлкеме қарашы,

Тізілген орман, тау, қаласы.

Алтай мен Атырау арасы,

Қазақтың кең -байтақ даласы».

(М.Әлімбаев)

2. Қарсы мәндес сын есім сыңарын табыңдар.

Ащы- тәтті Қымбат- арзан

Жұмсақ- қатты Үлкен- кіші

Жақсы- жаман Ыстық- суық
3. Дара сын есімді табыңдар.

1. Жанар қызғылт түсті қарандашты таңдап алды.

2. Есік алдында қара ала күшіктер ұядан біртіндеп шыға бастады.

3. Біз кең көшемен жүріп келеміз.

4. Аспанда ала бұлттар жөңкіліп кетіп барады.
Екінші деңгей (10 ұпай)

1. Мына сын есімдерден сөз тіркесін жасаңдар.

1. Жасыл. 2.Әдемі. 3.Үлкен. 4.Көкшіл. 5.Қымбат.

2. Көп нүктенің орнына қарсы мәндес сын есімдерді тауып қою.

«Ақылды іс тындырады

................ тіс сындырады»


«Мейірімді алғыс алса,

................... қарғыс алар».


3. Дара сын есімдерден күрделі сын есім жасаңдар.

Ақ, қоңыр, боз, торы.


Үшінші деңгей (15 ұпай).

1. Мына күрделі сын есімдерді қатыстырып, сөйлем құрап жазыңдар.

Қызыл ала, қара көк, сары ала, көк ала.

2. Құрамында дара, күрделі және қатыстық сын есімдері бар қысқаша мәтін құрап жазыңдар.

Төртінші деңгей шығармашылық деңгей болғандықтан қабілетті оқушыларға сын есім тақырыбында реферат, баяндама жаздыру, проблемалық ситуация құру арқылы оқушыға тапсырма беруге болады.

Сондай-ақ оқушыларға деңгейлік тапсырмаларды деңгейлік сұрақтар түрінде де беруге болады.

Мысалы:

Бірінші деңгей сұрақтары.

1. Сын есім дегеніміз не ?

2. Сын есім сұрақтары ?

3. Сын есімге мысал келтіру.
Екінші деңгей сұрақтары.

1. Дара сын есім дегеніміз не ?

2. Күрделі сын есім дегеніміз не ?

3. Қарсы мәндес сын есімге мысал келтіру.

Үшінші деңгей сұрақтары.

1. Сын есімнің өзге сөз таптарынан ерекшелігі.

2. Дара және күрделі сын есімді қалай ажыратамыз?

Бұл деңгейлік тапсырмаларды оқушы ешкімнің көмегінсіз орындауға тиіс. Бұл оның өз білімін қалыптастыруға өз-өзіне сенімін бекітуге көмектеседі.

Сын есімді оқытуда деңгейлік тапсырмалар:


      • сын есімнің ережесін өз бетімен шығаруға және құрастыруға

      • сын есімнің өзіндік ерекшеліктерін анықтауға

      • берілген сын есім сөздерге сөйлем құрау арқылы өз ойын дамытуға

      • оқушының сын есім бойынша өз білімін тексеруге оны қорытуға

      • жоғары деңгейдегі сын есім сұрақтары мен тапсырмаларына жетуге тырысады.

Бастауыш мектепте деңгейлеп оқыту әдістемесін қазақ тілі сабақтарында қолданудың үлкен мәні бар. Ол өтілген тақырыпты терең меңгеруге сол арқылы оқушының материалды толық бекітуіне көп ықпалын тигізеді Баланың дамуы барысында таным белсенділігі артады. Мектеп жасына дейінгі балалар заттарды түсіне, формасына қарап ажырата бастайды, олардың құрылысын, пайдалану тәсілдерін білгісі келеді. Балалар өте байқағыш, әр нәрсеге үңіле қарайды, кейде терең ойға шомылады.

Сонымен, баланың жан-жақты дамуына іс-әрекеттердің рөлі өте зор екеніне көз жеткіздік. Олай болса әрбір тәрбиеші, мұғалім оқыту процесіне осы іс-әрекеттердің орын алып, орындалуын мақсат етіп қойса және әрбір мектеп жасындағы балаларға арналған әртүрлі іс-шараларда ескерілсе мұғалім еңбегі жемісті болары сөзсіз.

Мектепте оқытылатын пәндердің барлығы дерлік тіл арқылы түсіндіріледі. Нәтижеде қазақ тілінен теориялық білім беру арқылы оқушылардың ой-өрісін, дүниетанымын, жазу, сызу, тілін дамыту жүзеге асырылады.

Тіл білімі салаларының ішінде морфология оқушының тілдік қабілеттерін артыруда ерекше рөл атқарады.. Себебі морфологияны дұрыс меңгермеген оқушының дұрыс сөйлеу, қатесіз, сауатты жазу дағдылары толық қалыптаспайды.

Бастауыш сыныпта морфологияны оқытуда оқушыларға сөз және оның құрамы, түбір және қосымша, қосымшаның түрлері, сөз таптарының ерекшеліктері, күрделі сөздер, оның түрлері жайында түсінік беріледі. Демек, оқушы морфологиялық ұғымдардың бұл қасиеттерін біліп, мәнін ұғыну арқылы ойын дәл, жүйелі етіп, анық жеткізуге, сауатты жазуға үйренеді. Осы ретте мектептегі қазақ тілі сабағында морфологияны оқыту барысында кемшіліктер жоқ емес, бар. Себебі мұғалімдердің оқулықтағы дайын ережені жаттатып, жаттығуды орындатумен, шалағай мысалдар келтірумен шектеліп қана қоятындары кездеседі.

Мұғалім құрғақ ережені оқушыға жаттатқызудың зиян екенін естен шығармауы керек. Жаттанды нәрсе көпке бармай, тез арада ұмтылып қалары әсте анық.

Қазіргі таңда оқыту мазмұны жаңартылып, жаңа буын оқулықтарының негізінде жасалған бағдарламалар бастауыш мектеп мұғалімдерінің жаңаша жұмыс істеуін, оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығын арттыруды талап етуде.

Сондықтан әрбір сабақта бұрыннан белгілі мәліметтерді қайталай бермей, оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін іздестіру керек. Сабақта айтылған материалдардың барлығы оқушының есінде түгел қалмаса да, оның ішінен ең негізгісін қалдыру үшін тер төгу - міндетіміз.

Мысалы, 3 –сыныпта сөз таптарынан өткенді қайталау сабағында шығармашылық деңгейдегі тапсырмаларды пайдалануымызға болады.

Оқушылар 4 топқа бөлініп, зат, сын есім, сан есім, етістік сөздерге мысалдар келтіріп, өткенді естеріне түсіреді. Оқушылар ойлаған мысалдар арқылы ережені бір-біріне түзетеді.

Морфологиялық ұғымдарды оқытуда оқушылардың меңгерген білімі тиянақты болу үшін грамматикалық ойындарды жиі пайдаланса, баланың оқуға қызығушылығы арта түседі. Мысалы, «Қызықты грамматика» кітапшасын пайдалана отырып, сыныпты үш топқа бөліп, үш түрлі (Сұңқар, Тұлпар, Жауқазын сияқты) ат қойып өтілген материалдарды қайталау үшін оқушыларды өзара жарыстырып, тапсырма беру жақсы нәтижелі болады. Сабақ үстінде сын есім мен сан есімнің , зат есімнің алдында тұратыны, етістіктің сөйлемнің соңында келетін сияқты тілдің заңдылықтарын оқушылардың сөйлеу барысында дұрыс қолданылуын қадағалап отыру керек. Сонда балалар тіл мәдениетінің нормаларын сақтауға да жаттығады.

Заттың атын білдіретін сөздер......

Заттың сынын білдіретін сөздер......

Заттың санын білдіретін сөздер......

Заттың қимылын білдіретін сөздер......

Сондықтан қазақ тілі сабағында, оның ішінде морфология саласына байланысты сабақтарда, әдістерді тиімді пайдалана білу,оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру, ойлау қабілеттерінің белсенділігін қалыптастыру - мұғалімнің тікелей біліктілігіне байланысты.



Көптеген педагог – мамандардың анықтауы бойынша деңгейлік тапсырмаларға мынадай талаптар қойылатыны анықталды. Бірінші деңгейлік тапсырмалар жаттап алуға лайықты болуы қажет, екінші деңгейлік оқыту жаңа тақырыпты қайталап, пысықтауына мүмкіндік беруі тиіс, үшінші деңгей тапсырмалары өмірмен байланысты болуы керек, төртінші деңгей тапсырмалары баланың шығармашылық қабілетін оятуы қажет. Яғни, бала берілген тақырып бойынша ізденуі керек. Деңгейлік тапсырманы дұрыс орындағаны үшін оқушы сол деңгейге сәйкес өз ұпайларын алып отырады.

Бірінші деңгей үшін – 5 ұпай, екінші деңгей үшін – 10 ұпай, үшінші деңгей үшін – 15 ұпай. Ескерте кететін бір жайт оқушы қаншалықты жақсы оқыса да тапсырманы орындауды бірінші деңгейден бастайды. Осылайша әр бір деңгейден екінші деңгейге өтіп, өз білімін жетілдіріп отырады. Егер оқушы бірінші деңгейге жауап беріп, екіншісіне жауап бере алмаса оған «үш» бағасы қойылады, екінші деңгей тапсырмасын орындаған оқушыға «төрт», ал үшінші деңгей тапсырмасына жетіп, оны орындаған оқушыға «бес» қойылады.

Осы деңгейлеп оқыту технологиясы бойынша 4-сыныпта «Сын есімді қайталау» тақырыбында сабақ жоспарын мысалға келтірейік:





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет