Дипломдық ЖҰмыс 6В01301 Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі


Бастауыш мектепте лексиканы және морфологияны деңгейлік тапсырмалар арқылы оқыту



бет27/43
Дата01.02.2022
өлшемі496 Kb.
#130354
түріДиплом
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   43
Байланысты:
Калменова
Учебник 11 каз, Модо 18.04.2022ж. география, 1, План продаж на 01.11.2021
2.2 Бастауыш мектепте лексиканы және морфологияны деңгейлік тапсырмалар арқылы оқыту
Бүгінгі таңда заман талабына сәйкес үздіксіз білім берудің бастауыш білім жүйесінде елеулі өзгерістер туындауда. Соның бірі-сабақты жаңа технология бойынша өту. Осыған байланысты мектептегі оқу-тәрбие жұмыстарында оқытудың жаңа технологиясын меңгеру ең басты орынға қойылып отыр.Технология - материалды өңдеу, оның шеберлік тәсілдерін жақсы білудің жиынтығы.

Мұндағы басты мақсат жан-жақты білімді, өз ісіне жауап бере алатын, қабілетті, сауатты тұлғаны білімді және тәрбиелі ету.

Бастауыш мектепте жаңа педагогикалық технологияны пайдалану білім беру жүйесінің дамуының негізгі көзі болып табылады. Осыған сәйкес қазіргі бастауыш мектепте қолданылып жүрген жаңа технологияның бірі- деңгейлеп оқыту технологиясы. Қазіргі таңда бұл мәселеге арналған көптеген педагогтар, зерттеуші-ғалымдардың мақалалары жарық көруде[18].

Деңгейлеп оқыту технологиясының жетістігі оқушы заңдар мен ережелерді өз бетімен шығаруға және анықтамаларды өздігінен құрастыруға дағдыланады. Ол үшін оқушыларға өтілген тақырып бойынша оқушы білімін тексеру мақсатында деңгейлік тапсырмалар беріледі. Сол арқылы оқушы біріншіден өз қабілетін дамытады, екіншіден білімін тереңдетеді және психологиялық тұрғыдан жоғары деңгей талабына жетуге тырысады. Лексикалық тақырыптардың ішіндегі диалект сөздерді оқушылар аса қызығушылықпен оқиды, себебі өзіне таныс бір сөздің Қазақстанның әр аймағында түрліше айтылуы — ол үшін таңсық дүние. Оқушының қызығушылығын одан әрі арттыра түсу үшін тапсырманы түрлендіріп, бірте-бірте күрделендіре отырып ұсынған жөн.



I деңгей

1-тапсырма. Төменде берілген сөздердің ішінен диалект сөздердің астын сызып, олардың басқы дыбыстарын мына торкөздерге ретімен орналастырсаң, лексикалық термин шығады.

Қ,арбыз-дарбыз, илалап-жайлап, азан-таңертең, табақ-леген, көп-енапат, кеуірт-сіріңке, үй-там.

Бұл тапсырма диалект сөздерді ажырата алу мақсатында берілген. Тапсырмада жасырынған сөзді табуға оқушы құштар болып, оны аса қызығушылықпен орындауға кіріседі. Ол үшін көп ойланудың, ізденіп жауап берудің қажеті жоқ. Тек мұғалім түсіндірген білімді еске түсіріп, қажетті жағдайда пайдалана білуі тиіс. Мысалы, берілген қарбыз-дарбыз деген сөздің қайсысы әдеби, қайсысы диалектілік қолданыстағы түрі екендігін ажыратады. Ол үшін оқушы диалект сөздердің анықтамасымен, ережесімен таныс болуы керек.

ІІ деңгей



2-тапсырма. Сөйлемдердің ішінен диалект сөздерді теріп жаз.

  1. Қанша құрмет қылсам да бармай-ақ қойдың ғой, жүдө.

  2. - Келін, келін! - деп қол бұлғап шақырды сатушы.

  3. Дәкірді алып қарт тағы да көрші үйіне беттеп еді, бірақ орта
    жолда бір ой түсіп кейін қайтты.

  4. Жазғы демалыста Асан өзіне там салуды ұйғарды.

5) Үйдің төріндегі дуалда соғыста қайтыс болған көкесінің суреті
ілулі тұр.

Мұнда оқушыға жеңілдік жасау үшін, әр диалект сөзге жеке сөйлем берілген. Оқушы әр сөйлемде бір диалект сөзі қатысқанын біліп, оны табуға тырысады. ажырата алуы тиіс. Мысалы, шанышқы-айыр, бесақа; қасық-қалақ; пышақ-дәкір, бәкі; Мұндай тапсырмалар оқушыны зат атауларының қайсысы әдеби тілдегі, қайсысы диалектілік қолданыстағы мағынасы екеніне назар аударуға дағдыландырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет