Дипломдық ЖҰмыс қазақ ономастикасын зерттеудің жаңа бағыттары Мамандығы: 5В020500 Филология


Ономастикалық концептілердің кумулятивтік қызметі



бет14/17
Дата07.07.2022
өлшемі157,83 Kb.
#147336
түріДиплом
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
Таншолпан 2022-1 (1)

2.2 Ономастикалық концептілердің кумулятивтік қызметі
Ономастикалық концептілер лингвоментальді құрылымдар болғандықтан олардың қызметі мен сипаттары тілдік сана жүйесінде, этнос пен адамның дүниетанымында, рухани мәдениетінде байқалады. Тіл де мәдениет те семиотикалық жүйе деп есептейтін болсақ, семиотикалық жүйелердің ең басты сипаттары – таңбалау мен сақтау болып келеді. Ономастикалық концептілерде дүниенің болмысы, жан-жақты қыр-сырлары, этностың дүниетанымы, рухани құндылықтары семиотикалық сипатта таңбаланып, сақталып қалады. Концептілерде дүние туралы аялық білім мыңдаған жылдар, ғасырлар бойы халық тәжірибесінен сұрыпталып жинақталып сақталады және кейінгі ұрпақтарға мұра етіп қалдырылып, буыннан буынға өткізіліп (рухани трансляция) тұрады. Ономастикалық және басқа концептілердің тілде (сөйлеу тілінде) қызметі мен көрінісі негізінен олардың мәтіндерде вербалдануы арқылы танылады. Осындай этнотанымдық, этнотілдік үрдістердің арқасында ұлт пен мәдениет тұтастығы сақталып отырады, сол тұтастықты қалыптастыратын тіл мен сананың кумулятивтік қызметі деп айтуымызға болады.
Тілдің кумулятивтік қызметі жөнінде проф. Қ.Жұбанов былай дейді: «Тіл – адамзат тарихының қоймасы тәрізді. Жердің тарихын білем дегендерге белгілі бір тәртіппен бірінің үстіне бірі орналасқан қатарлар арқылы із қалдырып, жердің геологиялық дамуының кезеңдерін көрсететін жер қабаттары тәрізді тілдің де әрбір кезеңі даму тәртібіне сай тілде қаланып, қалыптасып сақталады» [25, 170 б.]. Қ.Жұбановтың айтып отырғаны, біздің ойымызша, тілдің стратиграфиялық лексика-грамматикалық тарихи кезеңдік қабаттары. Сонымен қатар тіл адамзаттың түрлі дәуірлердегі таным (лингвотаным) деңгейлерін, дүниенің тілдік санадағы көрінісін белгілеп, сақтап, кейінгі ұрпақтарға жеткізетін тамаша қасиеті бар. Тілдің осы кумулятивтік қасиеті жөнінде академик Ә.Қайдар былай дейді: «Әрбір дәуірде өмірге қажет болған ұғымдардың аты-жөні, сыр-сипаты т.б. тіл фактілері арқылы ғана бізге жетуі мүмкін» [26, 34 б.]. Тілдің осындай кумулятивтік қызметі тіл бірліктерінің таңбалық (семиотикалық) сипатына, табиғатына сай қалыптасқан. Тіл бірліктері, соның ішінде әсіресе қазақ тіліндегі жалқы есімдер өздерінің концептілік табиғатына байланысты қазақ дүниетанымы, рухани құндылықтары, шаруашылығы, өмір тіршілігі жайында көптеген мағлұматтарды концептілік құрылымдарына сіңіріп, сақтап қалады.
Қазақ жалқы есімдерінің осы қызметін байқаған зерттеушілер осы бағытта ғылыми ізденістер жүргізе бастады. Мысалы, Ұ.Ержанова өзінің «Ұлттық топонимдердің кумулятивтік қызметі» атты мақаласында былай жазады: «Ұлттық топонимия қазақ елінің этникалық шекаралары, халықтың ертедегі көші-қон бағыттары, жеріміздің отарлануы сияқты маңызды мәселелерден мәлімет бере алады. Жер-су атауларында кездесетін құнды мәліметтер арқылы ата-бабаларымыздың материалдық және әлеуметтік тұрмыс-тіршілігін анықтаймыз. Топонимдердің тіл тарихы, әсіресе сөздік құрам тарихы мен сөз тудыру үшін үлкен маңызы бар. Қолданыстан қалып, ұмытыла бастаған сөздер өз тіршілігін географиялық атаулар құрамында жалғастыра алады. Осының барлығы топонимдердің кумулятивтік қызметінің тіл тарихында ерекше рөл атқаратындығын көрсетеді. Олай болса, ұлттық топонимдер жүйесі де халықтың этникалық құрамы, материалдық, рухани мәдениеті, азаматтық тарихы жөнінде аса мол деректер беретіні сөзсіз» [27, 98 б.].
Ұ.Ержанованың топонимдердің кумулятивтік қызметі жөніндегі түйін, тұжырымдары дау тудырмайды, бұл орайда, айта кететін бір-ақ жәй бар: кумулятивтік қызмет тілдік, яғни лексикалық бірліктер (топонимдер) деңгейінде қарастырылып отыр. Жинақтау, таңбалау, сақтау қызметінің үрдістері, процестері тек «таза» лингвистикалық деңгейде жүрмейді, себебі лексикалық бірліктер өз материалдық (дыбыстық, жазу т.б.) формаларында ментальді ақпараттарды өз бойына жинақтай, таңбалай, сақтай алмайды, сол ұғым, түсінік, алуан түрлі коннотацияларды кешенді түрде лексикалық бірліктер лингвоментальді концептілердің құрылымдарында ғана жинақтайды, таңбалайды, сақтайды. Басқаша айтқанда, концептілер лингвоментальді категория ретінде тіл мен материал әлемінің арасындағы байланыс көпір іспетті. Ал концептілер адамның (адамзат, этнос, социум т.б.) тілдік және концептуалдық санасында өз қызметін атқаратыны белгілі, сол себепті қазіргі заманымыздағы тілтаным осы жағдаятқа үлкен мән беріп лингвистикада антропонегіздік, антропоцентристік парадигманы ұстанып отыр.
Қазақ топонимдерінің кумулятивтік қызметі А.Арысбаевтың диссертациялық еңбегінде арнайы зерттелді. Еңбекте қазақ топонимдерінің кумулятивтік қызметі географиялық және қоғамдық шындықты танып-біліп, игере алатын адамның қоғамдағы білім, түсінік деңгейлерінің жиынтығы ретінде топонимдер туралы аялық білім түрінде шоғырланып, жинақталуынан құралатындығы көрсетілді. Сонымен қатар, бұл ғылыми еңбекте топонимиялық атаудың негізгі арналары мен топонимдердің аялық семантикасы этностың тілдік санасында жіктелетін когнитивтік ментальді- топонимиялық стереотиптер негізіне қатысты екендігі айқындалып, жүйелі түрде талданды [28, 5 б.]. А.Арысбаевтың диссертациялық жұмысында топонимиялық концептілер жөнінде айтылмағанмен, жалпы қазақ топонимиясының концептілік жүйесі біршама зерттелді деп айтуымызға болады. Қазақ тілінің топонимдік жүйесі өзінің метальді болмысында іштей ұйымдастырылған, топонимияда адамның әлем туралы білімі мен танымы жүйелі түрде берілгендігі жөнінде дұрыс тұжырымды өз еңбегінде жасай білген [28].
Қазақ когнитивтік ономастикасының ментальді өрісін құрайтын, құрылымдайтын, құрамдайтын концептілердің категориялық және танымдық тұрпаты алуан түрлі болып келеді. Мәселен, ономастикалық (онимиялық) бірліктердің категорияларына қарай ономастикалық концептілер: антропонимиялық, топонимиялық, мифонимиялық, зоонимиялық, теонимиялық, космонимиялық т.б. концептілер болып келеді. Осы аталған ономастикалық концептілердің әр түрі іштей таным түрлеріне байланысты шартты түрде бөлінуі мүмкін, мысалы: топонимиялық мифопоэтикалық (мифотанымдық) концептілер, топонимиялық тарихи (тарихи танымдық) концептілер, топонимиялық саяси (саяси таным негізінде қалыптасқан) концептілер т.б.; антропонимиялық мифотанымдық концептілер, антропонимиялық тарихи концептілер және т.б. Осы категориялық және таным түрлеріне қатысты ономастикалық концептілер өздерінің кумулятивтік қызметінде түрлі когнитивтік-ментальді ақпараттарды жинақтайды. Әр концептілердегі сан түрлі когнитивтік-ментальді ақпараттардың мазмұнын ашып сипаттау үшін мол уақыт, қыруар еңбек керек. Дегенмен, тәжірибесі жоқ алғашқы кездің өзінде-ақ антропонимиялық концептілерде адам бойында адамға тікелей немесе жанама қатысы бар ментальді-когнитивтік ақпараттар жинақталған деп айтуымызға болады. Ал топонимиялық концептілерде географиялық қоршаған ортаға, кеңістікке, ландшафтқа, географиялық нысандарға т.б. байланысты алуан түрлі ментальді-когнитивті ақпараттар сақталған, жинақталған, өз көрінісін тапқан деп айтсақ қателеспейміз. Осы орасан мол ментальді ақпараттардың жалқы есімдер бойында, олардың концептілік өрісінде, кеңістігінде жинақталуы мен сақталуы, әрине, аталмыш жалқы есімдер мен ономастикалық концептілердің кумулятивтік қызметтерінің нәтижесі мен көрінісі болып табылады.
Ономастикалық концептілерде кешенді түрде адам және әлем туралы білім жинақталуымен қатар таным да (таным түрлері мен ерекшеліктері) сақталған. Білім – танымның нәтижесі деп есептейтін болсақ, әрине, білімнің мазмұнында танымның өшпес іздері қалдырылып, сақталған.
Мәселен «Алаш» антропонимінің күрделі, көп қабатты ментальді құрылымдарынан тұратын антропонимиялық концептінің бар екендігі белгілі. Алашқа қатысты немесе басқалап айтқанда Алаш антропонимінің төңірегінде шоғырланған, сол антропонимге байланған ментальді түсініктердің, ұғымдардың кумулятивтік түрінде ғасырлар бойы жинақталған стратиграфиялық қабаттары бар. Мысалы, алғашқы, бастапқы Алаш этимологиясына байланысты ментальді түсініктер мифологиялық таным шеңберінде қалыптасқан деп жорамалдауымызға болады. С.Қондыбайдың пікірінше АІ прототүркілік праформасы «бастапқы, алқызыл, алушы» деген мағынаны білдірген және Алаш сөзі әйел келбетті тәңіриенің есімі болған: «Очевидно, Алаш сначала было именем праматери, т.е. божеством женского облика Ал-ажи, Ал-аже-Алаша. Только после эпохальной победы патриархальных отношений в древнем обществе образ стал восприниматься как мужское божество» [29, 51 б.].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет