Дипломдық ЖҰмыс дарынды бастауыш сынып оқушыларының дарындылығын зерттеу Алматы 2010 мазмұНЫ



бет10/22
Дата17.04.2023
өлшемі200,08 Kb.
#174660
түріДиплом
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22
Байланысты:
dip -daryndy-bastauysh-synyp-oqushylarynyn-daryndylygyn-zertteu (копия)

Сыналушы И.К., 2 к сынып.
Дамытушы экспериментке дейінгі сөз-мағыналық ойлауын бағалау. Тапсырманы орындауға 514 секунд уақыт жіберген. - оны кесте бойынша балға теңелткеде - 12 балдық бағалауды берген, А12-66, А6б өлшеулік көрсеткіші: 4 балдық бағалауды береді. Дамытушы эксперименттен кейін, бұл сыналушының жұмысы 10 балдық бағалауды көрсетеді.
Ойлауды рефлексивтілігі міндеттерді шешуде өте тиімді деген жолды таңдауға және ойлау әрекетін жылдамдатуға көмектеседі. Оқыту әрекетінде ойлау процесінің рөлі орасан екендігі белгілі. Ойлау ерекшелігі дамуының жоғарғы деңгейі, яғни ойлаудың рефлексивтілігі оқытып-білім беру құрылымына ене отырып, талдау амалын тездетіп жылдамдатады және сипаттарды жалпылауды жеңілдетеді. Ойлаудың рефлексивтілігі адамның өзінің ойлау әрекеттерін бақылау және бағалау функциясын атқарады. Әрі сол уақытта бұл ойлау ерекшелігі адамның өз қателерін табуға, міндеттердің шешілуінің жаңа жолдарын дұрыс іздестіріп, оны бағалауға мүмкнідік береді.
Әдістеме атауы: ойлаудың рефлексивтілігін бағалау.
Жабдықталуы: зерттеу хаттамалары, сөздері ауыстырылып берілген анаграмалар жазылған тест материалы, уақыт өлшеуіш.
Жүргізу жолы: жұмыс оқушымен жеке дара жүргізіледі. Ең алдымен баланың жұмыс істей ниетінің болу-болмауы жайлы мәлімет алу маңызды болып табылады. Сыналушылардың орындайтын алдағы жұмысы келесі нұсқау арқылы түсіндіріледі: “Сіздерге анаграмалар шешу қажет болады, яғни әріптері орын ауысқан сөздер қатары. Әрбір анаграманы сөз шығатындай тез, әрі дұрыс табу керек. Әрбір анаграмманы шешу уақыты тіркеліп отырылады”.
Жұмыс аяқталған соң, зертетуші сыналушыдан анагрмманы қалай шешкенлігін, әріптердің орналасу кезектестігін байқаған-байқамағандығын сұрап, анық жауабын хаттамаға тіркейді. (Қосымша Ә. 1).
Нәтижені өңдеу.
Нәтижені өңдеу барысында міндетті түрде ойлаудың рефлексивтілігінің байқалу деңгейінің көрсеткішін және есепті шешу уақытының көрсеткішін, анаграмманы шешу қиындығының рангтық көрсеткіштерін алу керек.
Ойлаудың рефлексивтілігінің байқалу деңгейінің көрсеткішін алу уүшін, әрбір дұрыс шешілген сөзге 1 ұпай және сыналушы егер де анаграмма әріптерінің орналасу кезектестігін тапқан жағдайда 1 ұпай қосылады. (Қосымша - Ә.2).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет