Дипломдық ЖҰмыс дарынды бастауыш сынып оқушыларының дарындылығын зерттеу Алматы 2010 мазмұНЫ


Дарынды балалармен жеке-дара жұмыс жүргізудің психологиялық-әдістемелік нұсқаулары



бет19/22
Дата17.04.2023
өлшемі200,08 Kb.
#174660
түріДиплом
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Байланысты:
dip -daryndy-bastauysh-synyp-oqushylarynyn-daryndylygyn-zertteu (копия)

2.2. Дарынды балалармен жеке-дара жұмыс жүргізудің психологиялық-әдістемелік нұсқаулары
1. Практик психологтың дарынды балалар және мұғалімдермен жұмыс істеу бағдарламасы. (Матюшкин А.М. бойынша)
Бұл бағдарлама практик психологқа дарынды балалармен түрлі даму кезеңдерінде жұмыс жүргізуде үлкен басшылық рөл атқарады.
Дарынды балалардың жанұяда дамуы.
Мақсаты: баланың шығармашылық мүмкіндігін дамытуға қажетті ата-ана мен тәрбиешілер үшін психологиялық дайындықты қамтамасыз ету.
Жүзеге асыру: ата-аналар үшін дарынды балалар жайлы кеңес беру материалдарын дайындау: баспа, теледидар мен радиохабарларда психологиялық материалдарды үнемі жариялап отыру.
Дарынды балалар проблемалары.
Лета Холлингуарт дарынды балалар алдында тұрған бейімдеу проблемаларын түсінуде үлкен елеулі үлес қосты. Ол проблемалар төмендегілер:

  • мектепке немқұрайлылық. Мұндай қарым-қатынас оқу бағдарламасы дарынды балалар үшін қызықсыз әрі жалықтыратын болғандықтан пайда болады.

  • Ойынға қызығу. Дарынды балаларға күрделі ойындар ұнайды, ал құрбылары ойнайтын ойындар қызықсыз болады. Сондықтан да, дарынды бала оқшауланып, өзіне-өзі терең бойлайды.

  • Философиялық проблемаларға шолу. Дарынды балаларды өлім, өлімнен кейінгі өмір, діни дәстүрлер мен философиялық проблемалар сияқты құбылыстар толғандыратын болады.

  • Дене, интеллектуалды және әлеуметтік даму арасындағы сәйкессіздік. Дарынды балалар әдетте өзінен үлкен балалармен араласып, достасқанды ұнатады. Сондықтан да, оларға лидер болу қиындық келтіреді.

  • Жетіліп кемелденуге ұмтылыс. Дарынды балалар үшін жетіліп кемелденудің ішкі қажеттілігі тән болады. Осыдан барып, қанағаттанбаушылық, өзін-өзі төмен баға беру өріс алады.

Зерттеулер дарынды балалардың жаңа жағдай-ситуацияларға аса сезімтал болады. Сондықтан да, дарынды оқушылармен жұмыс істейтін мұғалімдер келесі қадір-қасиеттерге ие болуы тиіс.
Дарынды балалармен жұмыс істеу үшін қажетті қасиеттер.
( “Astor” американ бағдарламасының критерийлері).
Мұғалім міндеттері:

  1. қайырымды әрі әділетті болу;

  2. дарынды балалар психологиясының ерекшеліктерін білуі тиіс, олардың қажеттіліктері мен қызығуларын сезінуі тиіс;

  3. ақыл-ой дамуы жоғары деңгейде болуы тиіс.

  4. Қызығуы мен шеберлік шеңбері кең болуы тиіс;

  5. Педагогикалықтан тыс басқа бір білімі де болғаны абзал;

  6. Дарынды балаларды оқытуға байланысты түрліше міндеттерді орындауға дайын болуы тиіс;

  7. Белсенді әрі өте қозғалғыш болғаны жөн:

  8. әзіл сезімі болғаны дұрыс (бірақ сарказм емес);

  9. икемді, әрі өзін үнемі жетілдіріп отыруы тиіс;

  10. шығармашылық, мүкін болса, жеке дүние танымы дәстүрлі емес болғаны дұрыс;

  11. денсаулығы балалармен жұмыс істеуге арнайы жоғары білімнен соңғы дайындығы болуы керек және әрі қарай арнайы білім алуға дайын болуы тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет