Дарынды балалармен жұмыс істейтін мұғалімдерге нұсқау
Тәжірибе көрсеткендей-ақ, дарынды баламен мұғалімнің өзара әрекет етуіндегі өте тиімді бір әдіс - баланың материалмен өзіндік жұмыс істеуіне басты мән бере отырып, жеке-дара сабақтар ұйымдастыру. Пән-мұғаліміне жұмыста қажеттісі:
Баланың өзінің білім дәрежесіне орай, бейімділігне орай (гуманитарлы, математикалық, жаратылыстану-ғылыми, музыкалық тағы басқа) және психикалық ерекшеліктерін ескере отырып сабақ жоспарын құрастыру.
Қиын әрі шатасқан сұрақтар бойынша кеңес беру тақырыптарын анықтау.
Белгілі бір уақыт аралығында пән бойынша баладан есеп формасын таңдау (тест, сұрақтар тағы басқа)
өзін-өзі тексеру тапсырмалары
Дарынды баламен жұмыстың нәтижелерін талдау кестесін толтыру:
пән
кеңес беру мерзімі мен уақыты
басты қарастырылатын сұрақтар
бағдарлама бойынша жұмыс істеу уақыты
жіберілген уақыт
бағдарламадан тыс қосымша сұрақтар
анықталмаған сұрақтар
мерзімнен ауытқу себептері.
Мұғалім өте қайырымды, әрі зерек болуы тиіс. Баланың психологиялық ерекшеліктерін ескеріп, оның шығармашылық және өнімді ойлауын құптап, таңдаған тақырыбын терең қайта өңдеу керек.