Дипломдық ЖҰмыс әбіш Кекілбаев шығармаларының тілдік және көркемдік ерекшеліктері Мамандығы: 5В020500 Филология



бет26/48
Дата05.07.2022
өлшемі124,54 Kb.
#147298
түріДиплом
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   48
Байланысты:
2022 Распечаткаға дайын диплом

Жүнді – сын. Жүні өсік, жүні қалың, қылшықты [21, 6 т., 629б]. Барақ – зат. Көп жанұяға уақытша тұру үшін арнайы салынған ішкі есіктері бір коридорға шығатын үй. Барақ: барақ ит. Жүні ұзын, жүндес ит [21,2 т., 717 б]. Жүнді сөзінің негізгі мағынасы мен барақ сөзінің негізгі мағыналарын түйістіре отырып, жаңа атау, жаңа мағына тудырады. Жүндібарақ сөзі әңгіменің мазмұны мен идеясына, сюжетіне толық сай қойылған тақырып. Мәтіндегі бұл сөздің мағынасы – аюдың мекендейтін жері, үңгірі.
Сонымен қатар когнитивті лингвистикада гештальт ұғымы бар. Гештальт адамның шынайы болмысты қабылдауына негізделіп, танымдық әрекеттерді бағыттап отыратын қызмет атқарады. Қазақ тіл білімінде оған Қ.Жаманбаева төмендегідей анықтама береді:
«Гештальт – образ, форма, бір сөз болуы да мүмкін. Жалпы гештальт деген сөздің мағынасының өзі «бейне, құрылым, біртұтас форма» дегенді білдіреді. Оның атқаратын қызметі сан алуан нәрсені біртұтас күйінде қабылдау. Ол – бір жүйе, құрылым. Оны санамен бөлшектеп көрсету мүмкін емес. Ол тосыннан жарқ етіп, ерекше күй арқылы дүниеге келеді (оны ғылымда бір сөзбен «инсайт» деп атайды» [22.11б].
Баланың сол селсоқ қалпы. Бұ да өлімін сатып ұмтылмайды (Дала балладалары, 2 т.).
Мәтіндегі тіркес іс-қимылдың бейнесін ашуға жұмсалған. Бұл сөйлемде барын салып, жанын беріп деген ұғымның ақпаратын жазушы өзіндік тіркесте бейнелеп көрсетуге ұмтылған. Мұндағы өлім концептісі сату сөзімен байланысып авторлық метафора жасалып отыр. Метафорамен берілген концепт тіл бірліктерінің мағыналық-құрылымдық сәйкестігін анықтап тұр.
Когнитивті лингвистиканың жоғарыда аталған ұғымдарының барлығы окказионал сөздердің жасалуына өз ықпалын тигізеді. Себебі, бұл атаулар әлемнің концептуалды бейнесін жасайтын бірден-бір құралдар.
Демек, авторлық авторлық қолданыстар да әлемнің концептуалды сипатын беруде ерекше қызмет атқарады. Әлемді тану теориясы деңгейіндегі тіл қызметінің когнитивтік негіздерінің ұстанымдарын танымал ғалым Ж.Манкеева төмендегідей топтастырады:

  • қоғамдық тәжірибеге негізделуі, яғни жалғастығы, танымның қазыналық сипаты;

  • таным модельдерінің символдық түрлері, яғни тілдің қызметі – ақпарат беріп қана қою емес, бейнелеуге мүмкіншілік жасау;

  • таным модельдерінің жүйелі сипаты, сабақтастығы. Ол – таным моделі құрылымдарының тұтасуынан тұратынын сипаттайды [23. 41б].

Танымдық салада тіл тек ақпарат беріп қана қоймайды, бейнелі образдар арқылы әлемнің тілдік бейнесін сипаттауда айрықша қызмет атқарады. Тілдің бейнелілік сипаты лингвотаным саласында жоғарыда атап өтілген ұғымдар негізінде көрініс табады.
Сөз етіп отырғанымыз, тілдік тұлғаны танудың екінші деңгейі – когнитивтік деңгей. «Когнитив» сөзі ағылшынның «білім» деген сөзінен алынған. Бұл деңгей тілді таныммен сабақтастыра қарастыруды қажет етеді. Бұл деңгейлік үлгіден жазушының дүниеге деген көзқарасы, парасатпайымы, әлем туралы түсінігін аңғаруға болады. Яғни танымдық деңгей әлемнің бейнесін тануда образдар жүйесін сипаттауды басшылыққа алады. Жазушы шығармаларындағы образдар жүйесі көркем мәтіндегі шындық өмірдің болмысын, тілдік бейнесін жасайтын лексика-семантикалық бірліктер болып саналады.
Белгілі бір жазушы тіліндегі ойды бейнелей жеткізуге құрылған әрбір окказионал қолданыс өзіндік күнделікті өмір тіршілігіндегі, айналасын қоршаған әлемдегі таныс суреттерден алады. Жазушының бейнелі ойлауы мен дүние танымындағы, салт дәстүріндегі, тұрмыс-тіршілігі мен рухани жағдаяттарынан хабар береді. Ойымызды дәлелдеу үшін мынадай мысалды талдап көрелік: Жайылып жүрген малдары көзапара қызыл қуырдақ боп кетті (Үркер, 266 б.).
Жазушы сөйлемдегі «қызыл қуырдақ» окказионал қолданысы арқылы ұрлану, жоғалып кету мағынасын оқырман қауымға ерекше әсермен жеткізген.
Ертеде түркі-монғол тайпаларына ортақ болып, жұмсалып жүрген барымта, қарымта сөздерінің орнына аталмыш жазушының қаламынан туған жаңа қолданыс мәнмәтінде өзіндік орын тауып ұтымды қолданылып тұр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет