Майтымақ маңғаз көкем нәпақасын
Айтыңдар, арашалай алды қай аш құлақтан?! (Дүние ғапыл, 108 б.).
Бұл өлең шумақтарындағы майтымақ маңғаз көкем жазушының халықтың психологиясымен, дүниетанымымен, түсініктерімен тығыз байланыста жасаған жеке авторлық қолданысы ретінде тани аламыз. Яғни майтымақ халық арасында беделді ақшалы азаматты суреттеп отыр. Қазақтың ұлттық киім үлгілерінің ішінен семантикалық статусы өте жоғары бас киім болып есептелінеді. Қазақта бас киімді аяқ астына тастамайды, үнемі жоғары жақта тұрады. Бұл тұрғыдан келгенде қазақ тілінде бөрік, қалпақ, малақай, тымақ, құлақшын сияқты ер адамның бас киімдерінің атауларына байланысты бейнелі орамдар көптеп кездеседі. Жалпы қазақ ұғымында ер адамның бас киімі үйдің құт-берекесінің символы.
Бұл бейненің танымдық ерекшелігі – ұлттық түсінікпен біте қайнасқан, ұлттық психологияның сипаты. Өлең жолдарында кездесетін майтымақ маңғаз көкем окказионал қолданысынан танымдық ойды арқалаған тағылымдық мәні зор, философиялық мазмұнның топтастырылғанын байқауымызға болады.
Жер бетіндегі халықтар мен олардың топтары туа біткен алуан белгілеріне қарай ажыратылады. Адамның о бастағы жаратылысынан бойына қанмен дарыған, олардың өз ықтиярынан тыс, еркіне бағынбай туа біткен бұл белгілердің бір сыпырасы жынысы, нәсілі, мінез-құлқы, қабілеті болып табылады. Ал адамның әлеуметтік өмірінде айрықша орын алатын белгілері – тілі, ұлты, діни сенімі. Бұлар бір-бірімен тығыз байланысты. Бұл белгілер халықтың тілі мен мәдениетінің ерекшелігі болады. Бұл ерекшеліктер, әлбетте, белгілі бір ақын-жазушының туындыларынан орын алып жататыны белгілі.
Жоғарыда айтқандарымыздың дәлелі ретінде мына бір мысалды келтірейік:
Табынып, тамсанған кез бар ма оған!
Көңілдің пайғамбары... Сөз бар ма оған?!
Жасасын жалын шарап, арыңды арақ,
Елітіп, елжіретіп, көзді арбаған (Дүние ғапыл, 34 б.).
Жалпы пайғамбар – діни ұғымды білдіретін парсы сөзі. Авторлық баяндауда қолданылған бұл сөздің мағынасы көңілдің шаттануын бейнелеп тұр. Мұнда жазушының көздеген мақсаты – сезімнің өзін қазақ халқының көнеден қалыптасқан діни ұғымымен байланыстыру.
Жазушы діни ғұрыптарға байланысты окказионал сөз жасауда халықтың наным-сенімін, салт-дәстүрін танытуды негізге алғанын көреміз.
Бұл ерекшелік мына мысалдан да байқалады:
Көрмейміз, міне, жыл ұзын,
Кейде хабар-ошар жоқ;
Көрерміз шықса мүйізің
Достарыңызбен бөлісу: |