Сөзінің шикісі шығып қалып жүрсе,Сейітқұл мен Құттымбет те баяғы Қойбағардың кебін киеді дей беріңіз!(37-бет)
Әлі қарақұрым қатар түзеп қайратына міне қоймаған орыс қоныстарының шаңырағын ортасына түсірген ойран-жорықтардың талайына өзі қатыспап па еді? (38-бет)
Сол бір жортуылдар тұсында қазақты қазақ қылды дейтін Әз Тәукенің жел жақ іргені ашық тастап,оған қам жеудің орнына,Тобылға кеп тоқтаған патша әкімдеріне қайта-қайта екі етек қып елші шаптырғанына зығырданы қайнамап па еді?Ендіше,күні кеше азар да безер болған нәрсесіне бүгін өзі кеп ұрып,оны қайдан түлен түртіп жүр?!(38-бет)
Жұрттың айтып жүргеніндей басына ат тебері де,бағының жанары да тек осыған,осы бір қитұрқы сауалдың жауабының арты қандай боларына ғана байланысты емес пе.... (38-39 бет)
Бұл қайран қалып,өз көзіне өзі сенбей,жақын келіп еңкейіп еді,тырп етпей жатқан добал жапаның аяқ астынан жыбырлап қоя бергені.(41-бет)
Құрт-құмырсқадан қайтаданқызыл түлкіге айналғаны, халқыңыздың қанша құйқай көрсе де,келешегіне күдерін әлі үзе қоймағаны ғой.(44-бет)
Бірақ сол бір есіл сөздер отыз тістен бері аспай, сол арада дымы құритын.(51-бет)
Сосын мынау төбеден түскендей сап ете қалған көлденең көк атты біреу не деп тұр дегендей ызғарлана қарады.(52-бет)
Әуелі көзі шарасынан шыға таңырқады,артынан миығына күлді.(54бет)
Жігіттің бетінде әлгінді ғана лып ете қалған қуаныш ұшқыны лезде сөзді.(57-бет)
-Жәй қол тұспалмен-ақ атқанның сұлата бергеніне қарағанда,бұл жолаушы көзінің сұғы мен бетінің сұсы мол Абдолла сойы сияқты.(57-бет)
Ол да бір қазақтың басындағы бұлт киіздей ұйысып,қалыңдай түскен бұлыңғыр жылдар еді.(58-бет)
Шара толы сары қымызды шайқап ішкен мейманның ауызынан қандай сөз шығар екен деп,қаралай қыпылықтап отырар-ды.(60-бет)
Достарыңызбен бөлісу: |