Дипломдық ЖҰмыс әбіш Кекілбаев шығармаларының тілдік және көркемдік ерекшеліктері Мамандығы: 5В020500 Филология


ІІ. Әбіш Кекілбаев шығармаларының көркемдік ерекшеліктері



бет28/48
Дата05.07.2022
өлшемі124,54 Kb.
#147298
түріДиплом
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   48
Байланысты:
2022 Распечаткаға дайын диплом

ІІ. Әбіш Кекілбаев шығармаларының көркемдік ерекшеліктері
2.1. Жазушы шығармаларындағы көркемдік шындық
Қазіргі тіл біліміндегі зерттеулер өз нысанын «адаммен», жеке тұлғамен байланыстырып, қарқынды түрде жүргізілуде. Осы себептен тұлғаны оның тілінен тыс зерттеу мүмкін еместігі жөнінде орыс тіл білімінің көрнекті ғалымы Ю.Н.Караулов былай дейді: «Языковая личность – эта та сквозная идея, катороя пронизывает все аспекты языка и одновременно разрушает границы между дисциплинами, изучающими человека, поскольку нельзя изучать человека вне его языка» [12. 3б]. Лингвистиканың негізгі бағыттары тілдің қолданыс аясында өрбіп келе жатқаны кездейсоқ мәселе емес. Адам болмысы тіл табиғатында анықталып, өз мүмкіндігін тіл арқылы көрсетеді. Яғни, мұнда адам тілдің қатысымдық, эстетикалық қызметі мен мағынасына жүгінеді.
Когнитивтік лингвистикада алғаш рет қарастырыла бастаған «Тілдік тұлға» мәселесі қазақ тіл білімінде де кеңінен зерттеліп, сөз бола бастады. «Тілдік тұлға» ақынның немесе жазушының өз образы (Қ.Жұмалиев) мәселесінде әдебиет тұрғысынан және тілдік тұрғыдан зерттеліп келеді. Мысалы: Р.Сыздық «Абай шығармаларының тілі», А,1968; Е.Жанпейісов «М.Әуезовтың «Абай жолы эпопеясының тілі», А,1976. Бұл іргелі зерттеулерде белгілі бір суреткер тілінің жалпы сипаты мен шығармашылық ерекшелігі сөз байлығы, көріктеу амал-тәсілдерін шебер қолданудың тілдік көріністері (метафора, теңеу, эпитет т.б.), стильдік қолданыс ерекшеліктері шығарма тілінің құрылымдылық жүйесіне сүйеніп жасалған еді. Ал, осы дәстүрлі лингвистика негізінде одан әрі даму үстіндегі қазіргі тіл білімінің антропоцентристік бағыты негізгі назарды сол шығарманы жазушының тұлғасына, танымдық (шығармашылық) болмысына аударады да, тілді соның нәтижесі, көрінісі деп түсіндіреді. Осымен байланысты қазақ тіл білімінде тілдік тұлға мәселесін зерттеген Ф.Терекованың «Языковая личность К.К.Жубанова», Ф.Қожахметованың «Тұрмағанбет Ізтілеуов тілдік тұлғасының дискурстық сипаты», И.Айбаршаның «Ұлттық мәдениет контексіндегі дүниенің тілдік суреті», Ш.Елемесованың «Көркем мәтіндегі ұлттық мәдениеттің тілдік релеванттары (Ғ.Мүсіреповтің «Қазақ солдаты» романы бойынша)», Ш.Ниятованың «Махамбеттің тілдік тұлғасы», Г.Мұратованың «Абайдың тілдік тұлғасы: дискурстық талдау мен концептуалды жүйесі», А.Әмірбекованың «Концептілік құрылымдардың поэтикалық мәтіндегі вербалдану ерекшелігі (М.Мақатаев поэзиясы бойынша)», Г.Имашеваның «Міржақып Дулатұлы шығармаларындағы «Ғаламның тілдік бейнесі», Ж.Ермекованың «Мағжан Жұмабаевтың тілдік тұлғасы» атты еңбектерін атап өтуге болады.
Аталған мәселеге қатысты зерттеулердегі ғылыми көзқарастарды қысқаша сипаттайтын болсақ, ең алдымен, тілдік тұлғаға тән қасиеттерді оның ұлттық болмысына сай етіп қарастырған еңбектер екендігі анық байқалды. Мұндай бағыттағы зерттеулер ғалым Ю.Н.Караулов еңбектерінен бастау алатыны даусыз. Бұл тұрғыда әсіресе, орыс тіл білімінде біршама зерттелген бұл мәселеге қазақ тіл білімінде қазіргі таңда шындап ден қойылып, назарға алынып өзіндік сала ретінде дамып келеді. Зерттеу еңбегінде ұлттық тұлға терминін қолданған ғалым И.Айбарша ұлттық мәдениеттің тілде орныққан тілдік бейнелеріне талдау жасайды. Көркем мәтіндегі ұлттық мәдениеттің тілдік релеванттарын зерттеген Ш.Елемесова дара тіл өзгешелігін лингвостилистикалық және психолингвистикалық сабақтастықта талдайды. Т.Ізтілеуовтың тілдік тұлғасының дискурстық сипатын зерттеген Ф.Қожахметова «тілдік тұлға» дегеніміз ұлт тілі мен ұлт мәдениетінің ақпаратын сатылы деңгейде толық меңгерген тілдік-мәдени құзірет иесі» [24. 20б] ретінде анықтауға болатындығын айтады. Г.Имашева М.Дулатұлы тіліндегі қазақ ұлтының рухани дүниетанымы оның тіліндегі «ғаламның бейнесі» ретінде байқалатындығын айта келіп, сонымен бірге тілдік тұлға туралы «тілдік тұлға» есімі, оның айтқан сөздері, шығарған өлең-жырлары, жазған мақалалары ел есінде мәңгі қалуы тиіс» [25. 7б], – деген пікір айтады. Абайдың тілдік тұлғасын зерттеген ғалым Г.Мұратова қазақ тіл біліміндегі тілдік тұлғаның классикалық үлгісін ұлы Абайдың қазақ әдеби тіліндегі орнын саралау арқылы айқын көруге болатындығын айта келіп, тілдік тұлға мәселесін анықтауда «өзі меңгерген ұлт тілі мен мәдениетін өзгеге таныта отырып, тілді тұтынушы ретінде әрі тілді жасаушы ретінде, тұтастай алғанда тіл тарихына (синхронды, диахронды күйіне), тілдің дамуына қандай үлес қосқанын айқындау мәселесі – Тілдік тұлға мәртебесін одан әрі бекіте түсетін немесе оның тағы бір қырын, яғни толыққанды Тілдік тұлға болмысын ашатын басты ұстаным болуға тиіс» [26.11б], – деп біледі. Ал М.Жұмабаевтың тілдік тұлғасын зерттеу нысаны етіп алған ғалым Ж.Ермекова тілдік тұлғаны түсіндіруде тілдік тұлға болып табылатын жеке адам қалыптасуының негізгі жүйелерін анықтау қажет дей келіп, М.Жұмабаевтың тілдік тұлғасының қалыптасуына негіз болған лингвистикалық және экстралингвистикалық факторлар, ол өмір сүрген кездегі қоғамдық-әлеуметтік ахуал саралана келіп, тілдік тұлға жөніндегі өз ойын былайша түйіндейді: «тілдік тұлға – мәдениетті, тілді, құндылықтарды, білімді және дәстүрді тұтынушының жинақталған бейнесі» [27. 132б].
Лингвистика іліміндегі антропоөзектік бағыттың өркендеуіне байланысты, тіл білімі адамның сөйлеу әрекетін жан-жақты қарастыруда. Ол өз кезегінде адамның шығармашылық қабілетін анықтауға да мүмкіндік береді. Осыған сәйкес көркем шығарманы тудырушы тілдік тұлғаның көркемдік, тілдік құралдарды қолдану ерекшелігі ғылыми-теориялық тұрғыдан қарастырылады. Демек, автор біздің күнделікті түсінігіміздегі бетпебет сөйлеуші субъекті ретінде емес, көркем мәтін иегері, сөз шебері деңгейінде қарастырылады. Демек, тілші ғалымдар нақты поэтикалық тұрғыдан келу арқылы біртіндеп автордың шығармашылық бейнесін айқындауға ұмтылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет