Дипломдық ЖҰмыс әбіш Кекілбаев шығармаларының тілдік және көркемдік ерекшеліктері Мамандығы: 5В020500 Филология


Қырандай-қыран сияқты, қыран тәрізді. [ҚӘТС, 253 бет] Қызылға талпынған аш бүркіттей



бет36/48
Дата05.07.2022
өлшемі124,54 Kb.
#147298
түріДиплом
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   48
Байланысты:
2022 Распечаткаға дайын диплом

Қырандай-қыран сияқты, қыран тәрізді. [ҚӘТС, 253 бет]

  1. Қызылға талпынған аш бүркіттей, адуын ойды тежеп, әлгі сауалға жауапты байыппен іздей бастады. [154 бет]

Бүркіттей-бүркіт тәрізді. [ТТС, 97 бет]
Бұл сөйлемде кездесетін теңеу-бүркіттей.Ер адамға тән айтылған.Бүркіт сияқты ой толғап, сұраққа жауап іздеу үстіндегі азаматқа берген сипаттама болса керек.

  1. Ондайда сонау етектен төбеге дейінгі шым-шытырық, ағаш тордың ішіндегі жүздеген адам бәрі бірден сайрап қоя берген тордағы құстардай:

«Әне, өзі келеді», -деп сыпсың ете қалатынды. [157 бет]
Құстардай-құс сияқты,құсқа ұқсас. [ҚӘТС, 411 бет]
Бұл сөйлемде автор теңеуді ұтымды қолданған.Жалпы жұртқа берілген теңеу.Олардың сыпылдап, шым-шытырық болуын, тордағы құстарға теңеген. 17. Ханымның әбден қапысыз опалап-сүрмеленген беті қағаздай аппақ.
[165 бет]
Қағаздай-қағаз тәрізді, қағаз сияқты аппақ. [ҚӘТС, 541бет]
Бұл сөйлемдег теңеу-ерекше сұлулықты бейнелейтін тәрізді.Ханымның беті таза, еш сызығы жоқ, таза қағаздай ақ, сұлу жүзді бейнелеп, теңесе керек.

  1. Біресе бастарында тақия, көк ала жібек шапанның белін сарғыш түрме белбеумен қынай буған қыпша бел жігіттер саусақтарын сытырлатып, ойнақы да отты би билесе, енді бірде торғын жібектін үстінде тарам-тарам сансыз бұрымдары төгіліп, ақ білегін ақ сазандай ойнақтатып сұлу қыздар бұраң қағады. [166 бет]

Сазандай-сазан сияқты келген, сазан тәрізді. [ТТС, 271бет]

  1. Жалаң аяғына кебіс сұғып, сыртқа шығап еді-ай сүттей жарық екен.

[172 бет]
Сүттей-сүттей таза, сүттей ақ. [ҚӘТС, 478 бет]

  1. Сол-ақ екен үй сыртынан біреу жұлдыздай атылып шықты да, шым дуалға қарай жүгіре жөнелді. [173 бет]

Жұлдыздай-жұлдыз тәрізді, жарқыраған. [ҚТТС, 315 бет]

  1. Мынау ұлан-асыр шалқар болмыста әрқайсысы алды алдына шалқайып жүруге жер жетпегендей бір-біріне соқтыға-қақтыға жөңкілетін әне біреу сүрлеулерді, кеңістікті кеңірдегінен алып қылғындыратын жолбарыстай көріп, төрт жағынан төрт тас жақтаумен қоршап, қыспаққа алып тұратын әне бір тас табыттарды тауып алыпты, сондай бірінен-бірі аумайтын тас қорапшалар арасында, сұрықсыз сұрқай илеуде біріне-бірі соқтығып, құмырсқаша құжынап жүріп бір-бірімен атақ таластырып әлек болады. [179 бет]



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет