Дипломдық ЖҰмыс әбіш Кекілбаев шығармаларының тілдік және көркемдік ерекшеліктері Мамандығы: 5В020500 Филология


Басына дағарадай қып сәлде орап, бір ұшын тас төбесіне шиыра түйіп, ал екінші ұшын тізесіне жеткенше салбыратып қоя берген



бет44/48
Дата05.07.2022
өлшемі124,54 Kb.
#147298
түріДиплом
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48
Байланысты:
2022 Распечаткаға дайын диплом

Басына дағарадай қып сәлде орап, бір ұшын тас төбесіне шиыра түйіп, ал екінші ұшын тізесіне жеткенше салбыратып қоя берген алты едірек мұрт сыптығар қара, астарындағы алпамса жануарларға көздері шатынап, қолдарындағы жіп-жіңішке темір шыбықтарын үсті-үстіне сермелеп кіжініп қояды («Аңыздың ақыры»,188- бет).

  • Басына өне бойына асыл тасты аямай төккен мұнара іспетті биік сәукеле киіпті. Оның салпыншақ қызыл мауыты етегі екі иығын жауып тұр. Мойынына әр жер – әр жеріне лағыл мен меруертті алмакезектестіріп көз қадаған алтын алқа тағыпты («Аңыздың ақыры»,192- бет).

  • Біресе бастарында тақия, көк ала шапанның белін сарғыш түрме белбеумен қынай буған қыпша бел жігіттер саусақтарын сытырлатып ойнақы да отты би билесе, енді бірде торғын жібектің үстінде тарам-тарам сансыз бұрымдары төгіліп, ақ білегін ақ сазандай ойнақтатып сұлу қыздар бұраң қағады («Аңыздың ақыры»,193- бет).

  • Жеңін шынтағынан асыра түріп тастаған өңшең бір мұрты жылтыраған аспаз еркектердің қолында ойнақ салған тал-тал қауаптан астында жайнап жатқан қып-қызыл сексеуіл шоғына шып-шып май тамады («Аңыздың ақыры»,194- бет)...

  • Басында – дағара сәлде, үстінде – қырмызы шапан, аяқта көк сауыр кебіс. Дегене қарынды ені бір қарыс деңмент белбеумен буып салған. Шапанының ойық омырауынан аппақ шәйі көйлегі жарқырайды («Аңыздың ақыры»,195- бет).

    Шығармадағы кейіпкерлердің кинетикалық портреттері:

    1. Зындан басындағы абыр-сабырды естіп қап, жан-жақтан үгіре шыққан қарулы сарбаз бір қолында жас нәресте, бір қолында ақ алмас ордаға қарай ұмтылып келе жатқан жалаң аяқ, жалаң бас жүзі суық адамға қапелімде не істейтіндерін білмей, аңтарылып тұрып қалды («Аңыздың ақыры»,168- бет).

    2. Ұйпа-тұйпасы шыққан қолаң шаш жазық маңдайын жартылай

    көміп алған. Қос көз тарс жұмық. Албыраған екі ерін өз-өзінен ісініп, бірбірімен жымдаспай, екеуі екі жаққа шегінісіп кеткен. Қатты қызудан ауа жетпей ауырып жатқан кісіше, аузы әнтек ашылып қапты. Ханша өз тісін өзі күл қып үгіп жібергісі келгендей тістеніп апты («Аңыздың ақыры»,179- бет).

    1. Біресе бастарында тақия, көк ала шапанның белін сарғыш түрме белбеумен қынай буған қыпша бел жігіттер саусақтарын сытырлатып ойнақы да отты би билесе, енді бірде торғын жібектің үстінде тарам-тарам сансыз бұрымдары төгіліп, ақ білегін ақ сазандай ойнақтатып сұлу қыздар бұраң қағады («Аңыздың ақыры»,193- бет).

    2. Орақ мұрынның астындағы қаймыжық жұқа ерінде бір сәт мүдіру жоқ, ауызы ауызына жұқпай әлденелерді айтып, сусылдай жөнелді («Аңыздың ақыры»,238- бет).

    3. Нөкер қыздардың алма мойындарын әлденеше бұралтып билегені, сүрмелі қастардың астынан сүзіле қарайтын тана көздерін бұдан айырмай, қаладай аппақ тістерін жарқыратып жымия күлгендері жас сәбиді уантқандай жасанды көрінеді («Аңыздың ақыры»,116- бет).

    Әбіш Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» шығармасын талдау барысында шығармадағы кейіпкерлердің 8 соматикалық портреті, 7 вестиалды портреті, 5 кинетикалық портреті табылып, талдауға түсті.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет