Дипломдық ЖҰмыс әбіш Кекілбаев шығармаларының тілдік және көркемдік ерекшеліктері Мамандығы: 5В020500 Филология


Шығармадағы кейіпкерлердің соматикалық портреті



бет43/48
Дата05.07.2022
өлшемі124,54 Kb.
#147298
түріДиплом
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48
Байланысты:
2022 Распечаткаға дайын диплом

Шығармадағы кейіпкерлердің соматикалық портреті:

  1. Шамасы, ашаң жүзін ашусыз сынық көрсететін мөлтілдеген мойыл қара көзді, сұлу қыр мұрынды, ыстық ықылас сыйғыза алмастай тым қаймыжық жұқа да, сезімсіз дөрекі тентектік те емес, етті, ұлпа ерінді, жұмыр иек болса керек («Аңыздың ақыры»,175- бет).

  2. Әне сақал-шашы ағарған, екі көзі қып-қызыл азбан құл қол қусырып босағадан жылыстай берді («Аңыздың ақыры»,177- бет).

  3. Оны соңғы қатарда жан-жағына алақтай қарап отырған мойыл көз қара жігіт Жаппар естіген де жоқ, түсінген де жоқ («Аңыздың ақыры»,188- бет).

  4. Есік ашып қарсы алған жуан қара кісінің майға бөгіп жылтырап көрінетін қысыңқы көзі көпке дейін сығырайып ашылмай қойды

(«Аңыздың ақыры»,21 6- бет).

  1. Аппақ жазық маңдайы мен қыр мұрынын, албыраған шие еріндерін алғаш рет сонда көзі шалған-ды («Аңыздың ақыры»,223- бет).

  2. Ат жақты, қыр мұрынды, қндірдей қара торы жүзін әлде бір жұмсақ нұрға бөлеп, алақандай-алақандай екі көз тұңғиық мөлдірейді («Аңыздың ақыры»,256- бет).

  3. Жазық маңдай, қыр мұрын, қара торы жігіт («Аңыздың ақыры», 265- бет).

  4. Енді тек жанарын ғана емес, ат жақты сопақша жүзін де, сұлу қыр мұрынын да, етті томпақ ернін де таныды («Аңыздың ақыры»,269- бет).

Шығармадағы кейіпкерлердің вестиалды портреті:

  1. Құмырасын иығына қойып, төгілтіп пәрәнжа жапқан әйелдің тұма бұлақ қайнап шығып жатқан қалтарыс кеуекке кіруі-ақ мұң екен, жақпарды орағыта құлайтын жалғыз аяқ жолда тастарды шақыр-шұқыр құлатып түсіп келе жатқан, жалы тілерсегіне төгілген қара ат мінген қаба сақал біреуді көрді («Аңыздың ақыры»,179- бет).

  2. Үстіне мол пішілген өрнексіз желең шапан жамыла салған хан шұбатылған мол жеңінен қолын зорға қылтитып, анадай жерде бір қапталда қырын орналасқан жеті уәзіріне әлдене деп белгі берді («Аңыздың ақыры»,188- бет).



  3. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет