Көп мүшелі компонентті тұрақты эпитеттер
Көп мүшелі тұрақты эпитеттерді
Заттық
Сындық
Үстеулік
Етістікті - деп 4 топқа бөлінеді.
Заттық мағыналы тұрақты эпитеттер: қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман, еңсесі биік боз орда, қарқыны күшті көк семсер, т.б
Сындық мағыналы тұрақты эпиттер: қара қылды қақ жарған әділ, ит тұмсығы өтпейтін қалың, қой аузынан шөп алмас т.б
Үстеулі мағыналы тұрақты эпитеттер: жіңішкенің үзіліп, жуанның созылған мезгілі, көз көрмес құлақ естімес жер, т.б
Етістік мағыналы тұрақты эпитеттер: алдына қара салмайды, әліпті таяқ деп білмейді, қара қылды қақ жарған, т.б [42. 13-14б]
Маликов Қуанышбек Тұрарбекұлы «Қалижан Бекхожин поэзиясындағы теңеу мен эпитеттің қолданыс ерекшеліктері» атты кандидаттық диссертациясының авторефератында теңеуге біршама мәлімет беріп, зерттеу тұрғысынан қарастырып қосалқы эпитеттердің бар екенін айтып кеткен олар:
1)Күшейткіш эпитет
2)Синкреттік эпитет
3)Метафоралық эпитет
4)Теңеулік эпитет
5)Метонимиялық эпитет 6)Синекдохалық эпитет;[39. 25б]
Шығармада кездесетін эпитеттер:
Өйтсең болды күйеуіңнің көзіне шөп салмай жүре алмайтын жады қатынның қойнынан өрген бөтен еркектей мына опасыз дүниенің тағы бір пұшпағынан өзіңнен гөрі мықтырақ басқа біреудің сыпаң етіп шыға келуі опоңай («Аңыздың ақыры»,146 бет).
Оның ойы – әскерінің осындай тас түйін қалпын жоғалтып алмай, бірер ай ғана тыныс қып, алыс жорыққа аттанып кетпек («Аңыздың ақыры»,147- бет).
Тулар мен көзге түскен онбасы, жүзбасылардың қыл құйрық нысана найзалары да шашақтарын желге сылап желк-желк етеді («Аңыздың ақыры»,148- бет).
Кенет әмірші алдындағы ақ шағылдың үстіне шаншылып шыға келген бір көгілдір сырықты көзі шалды («Аңыздың ақыры»,148- бет).
Сонау ту-ту алыстан сағым көтерген ала теңбіл таулар бұлаңытты («Аңыздың ақыры»,148- бет).
Қарсы алдарынан көк найзалы қалың қол кес-кестеп тұра қалғандай көк мұнаралары көк мұнарда қалқып, байтақ шаһар шыға келді («Аңыздың ақыры»,149- бет).
Бірақ, мұның қиырдан шалып отыратын қырағы көзі қызметші әйелдің жұқа ернін жымқыра тістеп алғанынан басқа, жүзінен не жүріс-тұрысынан ешқандай қысылған-қымтырылған мінез байқамады («Аңыздың ақыры»,151
).
Жұдырықтай ақ тамақ торғайлар қыт-қыттап ағаштан ағашқа қонады («Аңыздың ақыры»,162- бет).
Опаны аямай жаққан атжақты сопақша жүзі ақ шағылтақтанып тұр («Аңыздың ақыры»,163- бет).
10.Сүйегіне шым-шым батып шымылдатып бара жатқан сыздан шыдай алмай, аунақшыған келіншегінің қолындағы темір кісен ғана оқтын-оқтын құлынның кісінегеніндей оқыс үн шығарады («Аңыздың ақыры»,167- бет).
Есіне сонау жастық шағы, аяулы жары түседі («Аңыздың ақыры»,169- б).
Достарыңызбен бөлісу: |