Кәрі әйел күйеуіне жұрттың үстінен сөз тасып жағынбаса, басқа несімен жағады («Аңыздың ақыры»,171- бет)?!
Әне сақал-шашы ағарған, көзі қып-қызыл екі кәрі азбан құл қол қусырып босағадан жылыстай берді («Аңыздың ақыры»,177- бет).
Серпе ашылған ауыр есік те, қайта жабылғанда емен жақтауға әлденеңе деп міңгір еткендей болды («Аңыздың ақыры»,177- бет).
Хан төсегінің маңынан жүріп көрмеген осы бір қартаң әйел ханшаларға ханның әйелі болғанның қалай болатынын үйретеді («Аңыздың ақыры»,40- б).
Ұйпа-тұйпасы шыққан қолаң шаш жазық маңдайын жартылай көміп алған («Аңыздың ақыры»,179- бет).
Біраздан соң жалды қара атына мініп, сай табанындағы ағын суды кесіп өтіп,арғы өр бауырға тырмыса көтеріліп бара жатқан бейсауат жолаушыны көрді («Аңыздың ақыры»,180- бет).
Мынадай тас қараңғы түнде, төңірегінде күйек сасып теңкиіп-теңкиіп жатқан өңшең жануарлар ортасында, қапаста қапырық жұтып отырғаннан асқан азап бар дейсің бе («Аңыздың ақыры»,182- бет)?
Бөлменің ішін түп-түгел көк ала тозаң жайлап алыпты («Аңыздың ақыры»,185- бет).
Екі бетте ағаш сайын жеке-жеке қонақтаған әр алуан тотылардың күнге шағылысып қырық құлпырған жалтырақ қанаттарында да меруерт төгіп қойғандай мөлдір тамшылар жылтырайды («Аңыздың ақыры»,187- бет).
Үстіне мол пішілген өрнексіз желең шапан жамыл салған хан шұбатылған мол жеңінен қолын зорға қылтитып, анадай жерде бір қапталда қырын орналасқан жеті уәзіріне әлдене деп белгі берді («Аңыздың ақыры»,188- бет).
Хан олардың тағзымын қабыл алғанын білдіріп, иек қаққандай болып еді, басындағы қардай аппақ шошақ бөркінің маңдайындағы бармақтай оқшау лағыл бір түрлі аса суық ұшқын шашып, оқыс жалт ете қалды («Аңыздың ақыры»,54- бет).
Сосын оны сырлы ожаумен табақтарға құйды да, әрқайсысының үстіне ортасынан төрт бүктеп, жұп-жұқа шелпек салды («Аңыздың ақыры»,190- бет).
Сол орданың күмбез шаңырағындай боп, қақ ортаға жан-жағы биіктігі кісі бойы қол созым шымқай көк атылас шымылдықпен қоршалған кең ауланың ішіне әр қабырғасы ат шаптырардай ұзын төртбұрышты хан шатыры орнапты («Аңыздың ақыры»,191- бет).
Хан мен ханшалар түскен он екі шатырдың сыртынан шырқ айналдыра ортақ қоршау ұсталған; оның сыртынан жағалай шарап құйылған емен күбілер тізіліп тұр («Аңыздың ақыры»,57- бет).
Достарыңызбен бөлісу: |