Т.Қоңыровтың «Қазақ теңеулері» атты зерттеу кітабында теңеулерді толықтай қамтып, көптеген мағұлматтар берген.
Теңеу дегеніміз – ұқсас , ортақ белгілердің негізінде бір затты екінші бір затқа салыстыру арқылы сипатталушы нәрсенің бейнелілік, көркемдік, эиоциональды-экспрессивтік сапасын күшейтетін, сол нірсені жаңа қырынан, поэтикалық қырынан танытатын әрі стильдік тәсіл, әрі таным құралы [41. 7б]
Барлық зерттеулерді жинақтай келе қазақ тіліндегі теңеулердің жасалуының 10 түрі бар екендігі анықталған Олар:
1)–дай-дей,-тай-тей,-дайын-дейін,-тайын-тейін жұрнақтарының көмегімен
2)–ша-ше жұрнағының көмегімен;
3)Шығыс септігі жалғауының (-нан-нен, дан-ден, тан –тен) көмегімен;
4)Секілді,сияқты, тәрізді, іспетті сөздерінің көмегімен;
5)Бейне сөзінің көмегімен;
6)Тең сөзінің көмегімен
7)Ұқсас сөзінің көмегімен
8)Параллелизм тәсілі көмегімен;
9)Аралас тәсілдің (бейне және –дай-дей; бейне және секілді)көмегімен
10)Қосалқы тәсілдер көмегімен
Ал, теңеулердің синтаксистік құрылымы жөнінде мынадай мәселелерді қарауға болады
А) Жалаң теңеулер
В)Күрделі теңеулер
Б)Толымды теңеулер
В) Толымсыз теңеулер
Г) Бірыңғай теңеулер
Ғ)Болымсыз теңеулер
Теңеулердің функционалдық топтары жөнінде де біршама мағлұматтар аз емес. Т.Қоңыров өз еңбегінде жетік тоқтала білген
Сезім мүшелерімен қарым – қатынасына қарай қазақ теңеулері бірнеше семантикалық топтарға бөлінеді. Бұл топтар теңеулердің нақты мағынасынан, олардың сыртқы дүниемен қарым – қатынасынан келіп туады. Міне осы тұрғыдан келіп, қазақ теңеулерін төмендегідей топтарға жіктеп қарастыраған.
Көру теңеулері Сезім мүшелерінің ең басты, ең пәрменділерінің бірі- көз. Адам көз арқылы дүниедегі заттар мен құбылыстарды көріп, олардың түр – тұрпатын, сан – қилы формаларын, түсін, олардың бір- бірімен ара қатынасын, орналасу тәртібін, қозғалыс қимылын т.б. толып жатқан белгілерін біліп таниды. Соның нәтижесінде адам санасында белгілі бір ұғымдар қалыптасады. Осылайша көзге көрініп, өздерінің әр қилы түртүсімен танылған заттар мен құбылыстар образ болып қызмет атқарып, көру теңеулерінің жүйесін құрайды. Мысалы: Әмірімен Алланың, Арыстай қылып ұл тапты(Б.Ж) [41. 42б]
Есту теңеулері Есту теңеулері адамдар мен жан – жануарлардың, табиғат құбылыстары мен басқа заттардың шығаратын дыбыстарын негізге ала отырып жасалған. Бірақ есту теңеулері дүниедегі толып жатқан дыбыстардың көшірмесі емес. Бұл теңеулер суреттелміш заттың қандай дыбыс шығарғанын, ол дыбыстың қандай дыбысқа ұқсайтынын бейнелеп көрсетеді де, сол арқылы, көбінесе, дыбыс шығарушы обьектінің ішкі мәніне үңіледі.
Дәм сезімі теңеулері Қазақ тіліндегі дәм сезімі теңеулері, көбінесе ащы және тәтті деген ұғымдардың айналасында ғана жүзеге асады. Жеуге жарайтын және ішуге жарайтын нәрселер предмет ретінде алынады да, олар шындық өмірде ащы яки сол ащы және тәтті заттар дәм сезімі теңеулерінің образы болып жұмсалады.
Иіс сезімі теңеулері Иіс сезімі теңеулері де қазақ теңеулері жүйесіндегі семантикалық топтардың бірі болып табылады. Бұлардың саны өте аз. Олардың кейбіреулері төмендегілер: Көктемде кең жайылған тасқыннан еркін сусындаған Есіл өлкесінің жібектей жұмсақ, жұпардай иісті қалың шалғыны аттың омырауын тіреп, бауырынан келеді
Тері сезімі теңеулері Теңеулер жүйесіндегі ең қомақты семантикалық топтардың бірі – тері сезімі теңеулері. Бұл топтағы теңеулер өзінің саны жағынан психологиялық көру және есту теңеулерінен кейінгі орында алады. Бұл түсінікті де. Өйткені ауырлық пен жеңілдікті, қаттылық пен жұмсақтықты, ыстық пен жеңілдікті, қаттылық пен жұмсақтықты, ыстық пен суықты сезіп – білетін, оларды ой елегінен өткізіп танитын бірден – бір сезім – тері сезімі. Бұл топтағы теңеулер мол болғандықтан олардың өзі бірнеше мағыналық топтарға бөлінеді.
Ауырлық пен жеңілдікті білдіретін тері сезімі теңеулері
Қаттылық пен жұмсақтықты білдіретін тері сезімі теңеулері
Суықтық пен ыстықтықты білдіретін тері сезімі теңеулері
6. Сезім – күй теңеулері Сезім – күй, басқаша айтқанда, адамның жан – дүниесі ерекше феноменалдық құбылыс. Бұны ғылым тілінде психика деп атайды. Адам өзі қоршаған ортамен тығыз қарым-қатынас жасай отырып, сол ортадағы заттарды, құбылыстарды және процестерді, олардың өмір сүруінің ішкі-сыртқы заңдылықтарын және олардың пайда болуы мен дамуын танып біледі. Адам санасында осы танып білген заттары, құбылыстары және прцестері жөнінде сезімдер, қиялдар, байымдаулар, ұғымдар, ой қорытындылары пайда болады. Адамның осы қабілетін психика деп атайды.[41. 22б]
Достарыңызбен бөлісу: |