Дипломдық ЖҰмыс әбіш Кекілбаев шығармаларының тілдік және көркемдік ерекшеліктері Мамандығы: 5В020500 Филология



бет17/48
Дата05.07.2022
өлшемі124,54 Kb.
#147298
түріДиплом
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   48
Байланысты:
2022 Распечаткаға дайын диплом

Ит сілікпесін шығарды. Борша-борша етті,мылжа-мылжа қылды;әбден шаршатты,қажытты. [ҚТФС;238-б].

  1. Күллі жоңғар ақ түйенің қарыны жарылғандай қатты қуаныпты. (75бет)

Ақ түйенің қарны жарылды. Қарық болып қалды;ит басына іркіт төгілді.(ішкені алдында,ішпегені артында болып,молшылыққа батты.) [ҚТФС;27-б].

  1. Ер жүрек ойрат жұрты ойда-жоқта тап берген шүршіттердің әп-сәтте-ақ ит терілерін бастарына қаптап, тас-талқандарын шығармақшы.(77-бет)

Ит терісін басына қаптады. Айыбын бетіне баса масқара қылып, ұрысты, балағаттады. [ҚТФС;239-б].

  1. Енді,міне,соны істеген Ақназарды әліге дейін ауыздарынан тастамайтын жұрт оның істегенін істеген бұны күніне сыртынан қара есекке теріс мінгізеді.(35-бет) Қара есекке теріс мінгізді.Өсекке танды,атына кір келтірді. [ҚТФС;322-б].

  2. Содан Әбілқайырдың көзсіз батырлығы мен құралайды көзден атқан мергендігі ел арасына жайылып жүре бергенді.(101-бет)

Құралайды көзге атқан.Атқан оғы бос кетпейтін асқан мерген.
[ҚТФС;365-б].

Сандық


  1. Ал әлгі бір оқиға азуы алты қарыс Әз Тәукенің ел алдындағы беделін шайқалтып жібергендей болды.(48-бет)

Азуы алты қарыс. Қаһарлы,өте ызғарлы өр адам туралы айтылады;ертеде алпауыттар мен жебір бай,үстем тұқым өкілдері жөнінде айтылған.[ҚТФС;15-б].

  1. Шіркін, мынау ай асты тіршілікте өз жұртыңа не керек екенін бес саусағыңдай біліп тұрып, оны жүзеге асыруға тәуекелің де, ақылың да, қажыр-қайратың да жетіп тұрып, бірақ ол ниетіңді жүзеге асыруға алдымен сол емешегіңді үзген еліңнің өзі дес бермей, бетіңнен қақпайлап, көкірегіңнен кері итеріп, сыртың бұтін, ішің түтін күн кешкеннен асқан тауқымет бар дейсің бе!(75-бет)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет