Қызыл кеңірдектесті.Таласып,дауласты,керілдесті,жанжалдасып керісті. [ҚТФС;371-б].
Алақандай Сайрам Ұлы жүз тобы келгенде кәрі-жасы аяғына тік тұрып,әкесін күткендей елпек қағар-ды.(64-бет)
Аяғына тік тұрды.Құрмет көрсетті,төбесінен тік тұрып қарсы алды. [ҚТФС;76-б].
Сонда аз отырып,көп сынайтын мейман: «Пай-пай арғын Келімбектің үлкен баласының үйіндегі келіннің ас ұсынғанын-ай!»-деп кетер болса,бүкіл бір рулы елдің төбесі көкке жеткендей еді.(60-бет) Төбесі көкке жетті.Қатты қуанды,шаттанды,қуаныштан тасытты. [ҚТФС;512-б].
Кәрі билердің арғы көмейлерін айтпай ұғып қойған жас нояндар құрықтарынан шығып кеткелі тұрған кешегі майбөксе жылы-жұмсақ ауылдарға: «Қап, бәлем, сендерді ме!» - деп тістерін қарш-қарш қайраулы.(95-бет)
Тісін қайрады.Ыза болды,кектенді. [ҚТФС;210-б].
Зооморфтық фразеологизм
Елші аттандырамыз деп,жатқан жыланның құйрығын өзіміз бастық.(7-бет)
Жатқан жыланның құйрығын басты.Біреудің қытығына тиіп,шатақ шығару,жанжалға бару мағынасында айтылады. [ҚТФС;192-б].
Оларға айтқызсаң,баяғы пәленшекемдердің тұсында қой үстіне боз торғай жұмытқалаған мамыра заман енді,міне, аяқ астынан зымыстанға айналып шыға келеді.(34-35бет)
Қой үстіне боз торғай жұмытқалады. Тыныштық,бейбіт заман орнады. [ҚТФС;341-б].
Артынан: «Қойдан қоңыр боп жүріп қарай көр өзін!» - деп түймедейін түйедей қып тамсанып бақты.(103-бет)
Түймедейді түйедей қылды. Кішкентай мінді,болар-болмас айыпты үлкен етіп өсіріп көрсетті. [ҚТФС;526-б].
Сайрам базары жылан жалағандай қаңырап бос тұратын.(65-бет)
Жылан жалағандай. 1.Еш нәрсе жоқ,түк қалдырмай,тып-типыл қылған. 2.Тап-таза мұнтаздай. [ҚТФС;218-б].
Алайда, терістік батысында Шәйбан тұқымынан, түстігінде Ақсақ Темір әулетінен, шығысында ойраттардан көрген құқайы аз болғандай, ішіндегі итір-қылжың қосылып әбден титықтаған Мағолстан ақыры қашқарлық тараншының иінінде ит сілікпесі шығып көнерген алажолақ шапандай тоз-тоз жыртылып бітті.(73-бет)
Достарыңызбен бөлісу: |