Ғалым Ғұбайдуллин Сәндібек «Әбіш Кекілбаев прозасының тілі» атты кандидатық диссертацияның авторефератында Ә.Кекілбаев прозалық шығармаларында фразеолгизмдерді дайын күйінді де, авторлық өңдеу де де үйлесімді пайдалана білді деп жазды. Тек «Үркер» романынан шартты түрде алынған алғашы 25 бетінде автор тұрақты тіркестердің дайын күйінде 50ін,өзіндік өңдеумен 22-сін қолданған.Бұл қолданыстарда фразеологизмдер зат пен құбылыстың атауы ретінде, іс-әрекетке бейнелі ,мәнерлі реңк беру мақсатында да қызмет атқарған. Автордың пайдаланған фразеолгизмдердің бейнелік құрылымы әр түрлі,олардың арасында тұрақты эпитет бас сауға, қуыс өзек,шыбын жан т.б. тұрақты теңеулер де қарадай қағылу, жұлдыздай ағу,шоқтай жайнау т.б. поэтикалық паралеллизм де/пышағы бар сүйгенін жейді,пышағы жоқ тигенін жейді т.б. кезедеседі.
Ғалым Р.Авакованың Алматы қаласында 2009ж жарық көрген «Фразеология теориясы» атты оқу құралында фразеологизмдерді ішкі формаларының туындау көздеріне байланысты шартты түрде төмендегідей топтастырады:
Адамның анатомиялық атаулары(соматизмдер) мен қимыл қозғалыстарына байланысты туған фразеологизмдер;
Жануарлар(зооморфтық фразеологизмдер) әлемі;
Өсімдіктер(флора)әлемі;
Табиғат құбылыстары;
Өлшем бірлік(метеорология);
Сандық(нумеративтік)фразеологизмдер;
Түр-түстік және сындық;
Алғыс және қарғыс мәнді;
Мифтік және діни;
Тарихи кезеңдермен және тұлғалармен байланысты туған фразеологизмдер және т.б. [11.68-б]
Жазушы Ә.Кекілбаевтың «Үркер» романындағы фразеологизмдердің қолданыс ерекшелігі
Соматикалық фразеологизмдер
Башқұрттар өздігінен қодыраңдап жүрген жоқ,бір шапқанда қарғанда бес шапқанға қарағанда,қолтықтарынан дым біркеушілер бар деседі. (7бет)
Достарыңызбен бөлісу: |