4.Бір компонентін жаңартып,екінші сыңар қосып жұмсау арқылы пайда болған фразеолгизмдер. Басында ноқта,тірсегінде тұсау жоқ бостандық.(14-б)
Жазушы бұл сөйлемдегі тұрақты тіркестердің мағынасын жаңартып,негізгі сөз бостандықтың бейнесін ашу мақсатында қолданған. Басынан жүген сыпырды:еркіне қоя берді;басына ноқта киді:еркіндіктен айырылды,бала-шаға үй ішін бағып,шаруа күйттеп кетті [ҚТФС;128-б]. Тілдегі бар тіркестердің мағынасын негізге ала отырып,сөйлемнің мағынасын нақты әрі әсерлі жеткізу мақсатында автор жаңа тіркес жасауға ұмтылады.
5.Дистант құбылыстары арқылы туған фразеолгизмдер. Тоқсан ауыз сөзі әлгі.Сонда мұның енді тобықтай түйіні қайсы?(111-б)
Қаламгердің фразеологиялық шығармашылығы халықтық тілде бар тұрақты тіркестермен бірге жеке авторлық тұрақты тіркестердің пайда болуына ықпал етеді. Бір айналымдығы фразеологизмдер өзгеріске түсу арқылы мағыналық және стильдік жағынан ерекше түрге еніп,тілдегі жаңа семантикалық мағынаның қалыптасуына негіз болады. Авторлық баяндау кезінде кейіпкер тілінде қолданылатын фразеологизмдер өзіндік лингвостилистикалық еркешеліктері де жазушы шығармалары арқылы тілде орнығып,күнделікті айналасындағы фразеологизмдер қатарына қосылатыны дәлелденді. Соның негізінде авторлық фразеолгизмдер тууы және тілде қалыптасуы хылықтың ұлттық мәдениетімен
,дәстүрімен,этнолингвистикасымен байланысты болып келетіні анықталды.
Қорыта келгенде,қаламгер туындыларындағы фразеологизмдердің өзгертіліп қолданылуын бірнеше топқа бөліп қарастыруға болады:
1.Фразеологизмдердің трансформациялап қолдану;
2.Контаминация тәсілі арқылы қолдану;
3.Дистант құбылысы арқылы қолдану. Бұл-жазушының сөз қолданысындағы өзіндік шеберлігінің бір қыры. Фразеолгиялық тіркестердің жазушы қолданысында өзгеріске түсуі мазмұнға ешқандай нұсқан келтіріп тұрған жоқ. Авторлық қолданысқа түскен фразеолгизмдердің лексикограмматкалық ,эмоциянылды-экспрессивтілік жағына түлеп жаңа мазмұнда,кең мағынада келуі жазушының шеберлігі мен өзіндік стильіне байланысты болып келеді.