Ғалым Бесенбай Ардақ Бақытұлының 2008 «Әбіш Кекілбаев шығармаларындағы окказионалдық қолданыстар» атты авторефератында Ә.Кекілбаев шығармаларындағы тұрақты тіркестердің окказионал варианттылығынын қарастырды.
Ә. Кекілбаев шығармаларындағы дәстүрлі фразеолигизмдер мынадай тәсілдер арқылы өзгеріліп қолданылған:
1.Компоненттерін өзгертіп айтуға байланысты:
Шүмектей шапшыған қызыл қан қолдарын жуып жатыр (Үркер
13-б)
Шүмектеп құйды -қытты жауды,сорғалата жауды. [ҚТФС;768-б].
Онда тағы да бір зобалаң қоздады дей бер (Үркер 271-б)
Зобалаң туды - басына қауіп төнді,қауіпті күн туды. [ҚТФС;269-б]. Жазушы қоздады етістігі арқылы қауіптің жаңа басталып келе жатақанын суреттейді.
Ата сақалы ауызынан шыққанша руын білмейтін бұл қандай маубас (Үркер 19-б)
Ата сақалы ауызына біткен- ер жетіп кемеліне жеткен,егде тартқан,ұлғайған. [ҚТФС;72-б].
«Қап бәлем қолыма түстіңдер ме?Сауда дос болғыларың келсе,әуелі ақ патшаға мойын ұсыныңдар!»-деп қодыраңдайтын болса ,онда мысықтабандап кері шегініп, «көрмегенім сен болсын»деп,сау басқа сақина салып алмай тұрғанда,аяқ-қолды тартып ала қою керек еді. (Үркер 151-б)
Сау басына сақина тіледі - өз-өзіне істеді,ауру,азап сұрап алды.[ҚТФС;607-б].
2.Қосалқы компонеттермен кеңейтілген фразеолгизмдер.
-Жездеңе айт,ұрыншылап келген күйеудей тұмшаланып жатып
алғаны несі? (Үркер 8-б)
Ұрын келді,ұрын барды ,ұрын жіберді .[ҚТФС;607-б].
3.Бір жолын түсіріп қолданған фразеолгизм.
Ақыр заман боларда жер астынан шығатын жеті басты
аждаһа осы шағар.Ирелеңдеп келіп қалды. (10-б)
Жер астынан жік шықты,е кі құлағы тік шықты: табан астына бәле шықты. [ҚТФС;257-б].
Достарыңызбен бөлісу: |