Дипломдық ЖҰмыс әбіш Кекілбаев шығармаларының тілдік және көркемдік ерекшеліктері Мамандығы: 5В020500 Филология



бет21/48
Дата05.07.2022
өлшемі124,54 Kb.
#147298
түріДиплом
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   48
Байланысты:
2022 Распечаткаға дайын диплом

Мұрттарын өрге шанышқан сұңғыла билер ру арасы даудан қайда жайлап, қайда қыстау, қай жұртқа жаушы, қай жұртқа елші жіберу керектігіне дейін түгел қозғап, сол тұстағы қазақ жұртының басында бар мұң мен қамның бәрін түп-түгел талқыға салар-ды.(65-бет)

  • Бір кезде елу мың түтін сылаңдап көкке атылып жататын ызғындай Сайрам тып-типыл қызыл тәмпекке айналды.(65-бет)

  • Оған тауып берер нелерің бар?» - дегендей танауын желге төсеп талтая кісінейді.(66-бет)

  • Алатаудың қарлы жоталарының арасынан ту жолбарыстың сауырындай сары ала жібек шатырдың іргесінен шар тарапқа түгел шалқып жатқан қазақ даласына сұқтана қараған қанды көзге ең алдымен Сарам ілігуші еді.(66-бет)

  • Олар осынау келкесір базарға жан-жақтан шұбырып келіп жатқан, жан-жаққа шұбырып шығып жатқан онсан керуендердің соңдарынан көздерін сатып қалатын.(66-бет)

  • Көне шаһардың ордалы халқы қырылып қалады да, ойға-қырға тығылып аман қалғандары қайтадан жиылып, қайтадан қалқа көтеріп, қайтадан түтін түтете бастайды.(66-бет)

  • Жоңғар тағына бөксесі тимей жатып, көршілерін тулақтай сілкіп, жастықтай жанша бастаған Қалдан Бесоқты мың да тоқсан үшінші тауық жылы жер аяғы тарыла күдерлерін үзіп кейін шегінгендей болып еді. (67бет)

  • Селдіреп қалған әйелдер сапын әлгі инедей қадалатын тіміскі көздер тағы да бір тінткілеп шығады.(69-бет)

  • Сайрамның басындағы дәурен сол кеткеннен мол кетті.

  • Содан бері Сайрам мен Мәртөбе қазақ кекірегіне баяғы заманның оралмас елесі, өшпес өкініші, жазылмас жарасы боп орнады. (70-бет)

  • Қарасаң көзің, ойласаң көңілің құлазып қоя береді.(71-бет)

  • Бұрынғы кеңпейіл дүниенің кенет танауы қусырылып тарыла бастағанын алдымен аңғарған Тәуке хан жайылма судай бейберекет шалқып жатқан қазақ тіршілігін бір жүйеге салмақшы боп, ел ішінде осының ауызы дуалы-ау дегендерді жиып ап ақылдасатынды шығарды. (71бет)

  • Әрқайсысы бір-бір арысты ауызына қаратқан көнекөз кәриялар түгілі енді-енді қамшы ұстап, қатарға қосылып келе жатқан Әбілқайыр сықылды жастар да жоңғар жайына қанықтұғын.(72-бет)

  • Арада елу жыл өткенде күллі маңғұл тағының жаңа иесі Адай хан асау ойраттарды жуасытам деп жүріп, Елбектің кебін езі киеді.(73-бет)

  • Қазақ қуанса, өз етегіне өзі сүрініп дадбақтап бітеді ғой.(75-бет)

  • «Тату болайық» айтылмаған сөз қазақтың құлағына тұзы татымай тұрған бәдік әңгімедей естіледі.(79-бет)



  • Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   48




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет