Дипломдық жұмыс Гректің классикалық дәуірінің мәдениеті Ғылыми жетекші тарих ғылымының кандидаты



бет1/4
Дата18.06.2017
өлшемі0,6 Mb.
#19422
түріДиплом
  1   2   3   4
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
К.А.Иассауи атындағы халықаралық қазақ–түрік

университеті

Шымкент институты
Бүкіләлем тарихы кафедрасы

Дипломдық жұмыс


Гректің классикалық дәуірінің мәдениеті

Ғылыми жетекші

тарих ғылымының кандидаты

Алдияров А Ж
Курс студенті

Шымкент – 2006 ж

Жоспар
Кіріспе
1 Грек тарихшылары

2 Гректің классикалық дәуірінің сәулеті мен бейнелеу өнері

3 Классикалық дәуірдегі грек театры мен музыкасы

4 Классикалық дәуірдің философиясы

Қорытынды

Кіріспе

Біздің заманымызға дейнгі 500 – 449 жылдары гректерге парсылар шабуыл жасап көп жерлерін басып алды. Гүлденген қалаларды қиратып, елді қулдыққа салды. Қатерлі булт Афина қала – мемлекетінің басына да төнді. Сондықтан Афина бас болып, бостандық пен тәуелсіздікті қорғау үшін грек қалаларының одағың күрды, ортақ жауға бірігіп қүресуге жұмылдырды.

Ақырында гректер жеңіп, тәуелсіздіғің қорғап қалды. Осы жеңістің барысында грек қалаларының қүшті теңіз одағы құрылды. Оған кішігірім екі жүзге тарта мемлекет кірді. Бірте – бірте осы тен праволы қала – мемлекеттер үлкен державаға айналып, күшейді. Сонында олардың біріне Афина өз үстемдігін жүргізді. Оның әсіресе теңіз флоты қатты дамып, теңізді емін – еркін биледі.

Афина қала мемлекеті әсіресе, Периклдің түсында/ б.з.д. 444-429 жылдар/ өзінің ғүлденуің бастан өткерді. Афина ежелгі Элладаның аса ірі экономикалық, саяси, мәдени орталығына айналып, атақты ақын – жазушылардың, тарихшылар мен философтардың назарын өзіне аударды.

Осындай қүшті Грек мемлекеті түсындағы өміріне келген өнер – Грек классикасы өнері деп аталады. Бұрынғы өткен замандардағы Мысыр, Эгей және архаика кезендеріндегі жасалған өнер түындыларынан уйрене отырып, жаңа турпаттағы талғамы жоғары өнерді тудыру осы кезеннің сүретші – сәулетшілерінің уйлесіне тиді. Кейінгі дәуірлерде Грек өнерінің қарыштап дамуына, онымен қоймай басқа да Еуропа елдеріне ықпалың жүргізіп, олардың да өнерінің дәуірлеуіне күшті әсер еткен осы кезендегі туындаған өнер болды. Алғаш гректін өнердің үлгісі болып саналғандықтан, классикалық өнер аталуы да осыдан.

Ежелгі дүние көлемінде Ежелгі Греция мәдениеті ерекше жоғары өркендеу дәрежесіне жетті. Онда жараталыстану, гуманитарлық және дәл ғылымдар өркендеді. Ежелгі Грецияда философияның негізгі бағыттары пайда болып дамыды, бейнелеу өнері, әдебиет және мәдениеттің басқада салалары тамаша табыстарға жетті. Грек тілі осы уақытқа дейін ғылыми терминологияда кенінен қолданылды. Бізде адам аттарының көпшілігі гректерден тараған. Көптеген мақалдар мен мәтелдер, ертегілердің сюжеттері ежелгі грек трагедиялары мен комедиялары дүние жүзі театрларының сахналарынан түспей келеді. Ежелгі Грецияның мәдени мұрасы ерекше мол дүние, оны зерттеу – ігілікті іс.

1. Гомер

Б.з. бұрынғы 1-ші мынжылдықтың басында Ежелгі Элладаның барлық тайпалары, дорлар, сияқты, алғашқы қауымдық құрылыстың ақырғы сатысында турған болатын. Олардын тарихының б.з. бұрынғы У1-У111 ғасырларды камтитын ерте кезенгі – Гомер кезені деп аталады. Өйткені бул дәуір білімінің негізгі көзі – б.з. бурынғы 1Х ғасырдың аяғында немесе УІІ – ғасырдың басында туған Илиада мен Одиссея дастандары. Екі дастанның да авторы, Гомер деп есептелінеді.

Гомердін Илиада және Одиссея поэмалары б.з. бурынғы УІ-ғасырда ғана, яғни олар шығарылғаннан кейін 3 жуз жылдан сон қағазға түсірілді. Гректің 7 қаласы Гомердің отаны саналау үшін өзара таласып келді. Платонның сөзі бойынша, Гомер Грецияның тәрбиешісі болды, өйткені өзінің бүкіл тарихында ежелгі Эллин туындылары осы эпостан куатты нәр жинап, жеке немесе коллективтік творчествода болсын кудіреттілігімен Гомердің есіміне қатысты айталады және бір ғажабы Гомердің дәуірінен бұрынғы кезен туралы аныз қозғайды.

Әр заманның бір курқылтайы, бір сурқылтайы болатыны әлімсақтан аян деседі. Ақындар атасы әлі адамзат санасы сәби кезінде, қудайлар мен каһармандар дәуірінде / б.з.б. 12-8 ғасыр/ өмір сүріп, енбек етті, поэмалары ауыздан ауызға көшіп жатталып, урпақтан урпаққа ошпес мәнгі онегедей шамшырақ болып келе жатыр. Оның ушқан уясы мен түған топырағына талас әлі таластамай, гректің бірнеше қаласы оны өз тол тулегі санайды. Кейде оны загип ақындар бейнесі деседі, енді бірде оның будан 35 ғасырдан астам бұрың ғұмыр көшіп, елдік пен ерлік, сулылық пен каһармандықтың асқақ жыршысы болғанына ешкім дудәмал емес. Ол Троян соғысы түсындағы Афинның шым – шытырық оқиғаларың негізгі тінге алып, бостандық пен бақыт үшін күресті ту етіп, адам мінезінің асығы мен жасыға, асылы мен масылы, жемісі мен кемісі, сүйініші мен куйініші – кулліренкімен жанның кішкентай құбылыстарына дейін олен тілімен өрнектеп, жыр жаратылысын жарқыратты. Атақты Одиссея мен Иллиададан басқа Гомердің бірқатар шағын шығармалары рухани келешек кеністігіне кен қанат жайып, не ыкылым заманнан бері оқырмандардық қаншама буының алтын кайнарымен сусындатып келеді. Олар орыс және басқа көп тілдерге бірнеше мәрте тәржімаланды.

Адам баласы ой алыптарының ішінде сәл болмаса үмытылып кете жаздаған Гомер ныспасын орта ғасырда қайта жанғыртқан кіндігі Азияның аса ғулама ұлы ғалымы Әбу Бируни алғаш атап, ізгілік илтипат жасады.

Гомер әлемін әркім өзінше ашады, оның кіші әріптестерінің бірі Эврипид: Біз ізашардың ушан – теңіз қазынасының қиқымынан күн көріп жүреміз десе, әр кезде өмір сүрген Софокл, Аристофан, Гесиод пен Пиндар удайы ұлы ұстаздардың аныздары мен ақиқатына жүгініп, жүлдыз жарығын жарқыратып, үлкен беделіне бас иді.

Ағылшын, 1907 жылы Нобель сыйлығының лауреаты Р. Киплинг Гомер жер бетіндегі бүкіл анызды білген деп марапаттады бір өленнің бағыштап.

.... Ақындар – ойшылар арасындағы аламандар шаппай бәйге алады. Қоктен шынайлық, кисын арқылы іздегендердің бәріне жарамсақ табиғисыздық қатер төндіреді. Қасақана Гомер палсафа тарихының дәрістерінде өз орнын алады. Адам тұралы ақиқат шындық уйлесім арқылы адамға жетелейді – міне, поэзия неге үйретеді дейді Андре Моруа Монтеньнен Араганға дейін атты кітабінда.


Платон тағы бір сөзінде, Гомер ақын бүкіл Элладаны тәрбиеледі деген. Сонымен Гомер Грецияның тәрбиешісі болып табылады.

Бүгінгі замангы мәденитеттін көптеген қубылыстарының туп тамырын ежелгі Грецияның сан қырлы мәдениетінен іздеу жөн. Сол кездегі техника мен ғылымның, философияның әр түрлі элементтері, әдебиеттің, сәулеті мен бейнелей өнерінің әр түрлі формалары әлем мәдениеті табысты түрде дамыған және дамып келе жатқан ірге тастын елеулі және бөлінбес бөлігі болып табылады.

Б.з. бұрынғы 5 ғасырдың он жылдығынан бастап грек мәдениеті мен өнердің барлық түрінің дамуының классикалық кезені басталды. Грек классикасы мәдениеті бүкіл ілемдік мәдениеттің дамуының маңызды кезені болып табылады.

Гректердің классикалық мәдениеті 3 кезенге боледі: ерте классика / 490-450 жылдар б.з.б./: жоғары классика / б.з.б. 450-410/ және кейінгі классика /б.з.б. 5-4 жж. аяғы/.



Ерте классика / 490 – 450 ж.ж. б.з.д./
Греко – парсиялар соғыстар кезінде классикалық мәдениет дамуынын бірінші кезеңі ерте классика бастады. Осы уақыт мәдениеті жалпылаған типті образдарды іздеуімен, адамның шын корінісін бейнелеу әдістері және ен бірінші кезекте әртүрлі қозғалыстарды тасымалдаумен ерекшеленеді. Осы кезде реалды өмір сахнасына, топтық композицияларды құру міндеттері, сәулеті мен мүсіндеу синтезі проблемаларына көніл болінген.

Мифология және дін
Грек мифологиясы дамудың үзақ жолымен өтті. Мифологиялық көзқарас бойынша барлық сумдық жерден шығады деп есептелді. Гректер мифологиясы мен дінінде заттардың рухани мәні мен олардың өздері бір – бірінен ажырамас түлға деген үғым пайда болды. Мысалы, Зевс күдай бүркіт, аққу, найзағай, ал Афина жапалақ немесе жылан түрінде бейнеленді. Олимп тауын мекендеген қудайлардың әрқайсысына белгілі бір қызмет берілді. Афина соғыс, өнер, қалалар мен елдерді қорғау қудайы, Гермес – сауда қудайы, Афродита – ғашықтық пен сулулық қудайы т.с.с. Олимпиялық мифология бойынша қудайлар мен шайтандар адам түрінде бейнеленді /мүні антропоморфизм деп атайды/. Бұрынғы сумдықтар жайлы аныздар орнына батырлар туралы / Геракл т.б./ мифтер пайда болды. Мундай мифтердің шығуы адамның табиғатқа үстемдіқ жасай бастағаның көрсетеді. Грек мифологиясымен қатар дін де дами бастады. Дін ғажайып қүш иесі – қудайларға сеніп, өған арнап қурбандық шалуды, дуға оқуды уағыздады. Грек мифологиясы мен дін Ежелгі Шығыс халықтарының кейбір қағидаларың қабылдады. Грек мифологиясының адамгершілікке, ізгі сезімге толы бейнелері ертедегі дүние өнерінің дамуына негіз болды. Ол ертедегі рим діні мен мифологиясының дамуына ықпал жасады. Барлық грек мәдениеті сияқты, оны қайта оркендеу дәуірі идеологттары пайдаланды, сондай – ақ ол кейінгі дәуірлер ғылымы мен өнерінің дамуына да елеулі роль атқарды.

Гректер табиғат жаратылысына айрынша табынып, оның күдіреті қудайлардың қолында деп білген, мысалы: Гелиос – күн қудайы, Селена – Ай қудайы, Посейдон – теңіз қудайы, Флора – қоқтем қудайы болса, Артемида / Диана/ - аңшылық қудайы ретінде хайуанаттар әлемінің қамқоршысы деп саңаған. Аи, Аура – самал жел, ауа қудайы аталған және т.б.



Сәлет, мүсіндеу, сүрет өнері
Ежелгі грек мәдениетінің өзге де элементтері сияқты ежелгі грек сәулеті және жалпы алғанда бейнелей өнері содан кейінгі уақыттардағы көркемдіқ дамытуға ажырамас қурамдас бөліқ ретінде кірді. Бүлардың элементтері қазіргі негізде де бар.

Классикалық кезендегі Грецияның жетекщі сәулет ғимараттары – храмдар, театрлар, мәжіліске арналған үйлер – булевтериялар болды. Б.з.д. У ғасырда қалаларды жобалау басталды. Бірақ, негізгі сәулет құрылыс храм болып қала берді.

Грек сәулетінің ғимараттардың іргесі мен оның үстінде орналасатың бөлігінің уйлесімді айқын үлгісін жасап шығарды, бүл әсіресе храмдардан анық байқалады. Бұл үлгіні немесе ордерді архаиқалық кезеннің өзінен ақ анғаруға болады. Храмдар алғаш ағаштан түрғызылды. Олар тік бурышты формада жасалды. Оның төбесің бір – бірінен белгілі қашықтықта орналасқан тіреулер үстап түрды. Кейініреқ храмдарды тастан тұрғызды. Тіреулер енді колонналарға айналды. Су ағу үшін ағаш тіреулерді ойып жасайтың тіқ науалар – ханнелюрлер енді тас колонналарға да ойып жасалатын болды. Канналюрлер колонналардың тік сымбатын – айқындай түседі. Ең алғашқы ордер немесе стиль дорийліқ деп аталады. Дорийліқ стильдегі ғимараттар мәйлінше қарапайым болды. Дорийліқ колонна арнайы жасалатың тас түғырға емес, тура жерге орналастырылды, оның жоғаргы бөлігі – капитель - өтте қарапайым болды және сырттан қарағанда трапецияны әлестетті, дорийлық колоннаның өзі салмақты да ірі орнықты болды.

Б.з. дейнгі У ғасырда жаңа үлғі – иониқалық стиль тарады. Дорийліқ стильмен салыстырғанда бұл ұлгідегі ғимараттардың жеңілдеуі, колонналары жінішкерек және сымбаттырақ етіп жасалды. Олар туп – тура жерге емес, тас туғырға – негізге тұрғызылды, колонналардың жоғары бөлігі екі үйректелген шиыршықтармен – валюттермен әшекейленді. Ионийліқ ғимараттардың ішкі – сырты дорийліқ үлгіге қарағанда құрделі безендірілді.

Б.з. дейінгі ІУ ғасырда коринф стилі кен тарады. Ол ионийліқ үлгіден колонналарының мейлінше биіктігімен /ордерлік аканфтың жапырақтарымен безендірілген, неғұрлым кұрделі тұғырымен және капителімен ерекшеленді.

Грек сәулетінің ең атақты үлгілері, біздің уақытымызға дейін Афины акрополында сақталған, Парфенон мен Эрехтейон храмдары болып табылады.

Б.з. бұрынғы У ғасырдағы сәулет өнері архаика сәулетінде қалыптасқан, колонналармен қоршалған ғимарат, периптер типін дамытып жетілдірді. Дорлық ордер храмдары жетекші орын алды, олардың пропорциялар б.з. бұрынғы УІ ғасырдағы аумақты да ауыр, жер бауырлаған храмдармен салыстырғанда зор түтастық пен жарасты әсем сымбатқа ие болды, ал конструкциялық шешілімдер дәсе есеп – кисабымен, логикалық айқындығымен қөзге түсті.

Архаика түсындағы сәулет өнерінің ен озық үлгілерің ары дамыта отырып, сәулетшілер тамаша сарайлар тұрғызды. Сондай сарайдың қатарына Гера және Зевс ғибадатханаларын жатқызуға болады.

У ғасырдың 2-ші шірегінде Италияның өнтүстігіндегі грек отары Пестум қаласында салынғаң тәнірия Гераның храмынаң / бұрың ол теңіз тәнірісі Посейдонның храм деп есептелген/ жете көрінеді, аумағы 60 / 24 м ғимарат алтың ренді қатты қүм қайрақтан қаланған. Шатырды суйреп тұрған колоннада дорлық храмға тән үш баспалдақты түғырғы тірелген. Храмды қоршаған колонналардың саны мүкият ойластырылып, дәл айқындалған: қөсбетінде – алтау, үзына бойында – 13. Мүндай қатынас – классикалық сәулет өнеріне тән белг. Узына бойгы колонналардың саның анықтау үшін олардың қасбеттегі саның екіге қөбейтіп, өған тағы біреуін қосу керек. Храм ішінде кеністікті үш нефке бөліп тұрған екі қабат колоннада журнағы жақсы сақталған. Гера храмынан қарапайым көркем пішімі оны грек классикасының аса үздік ескерткіштерінің қатарына қосып, ғимараттың сәулеттік келбетіне салтанатты монументтік қасиет дарытады. Оның ой бойынан бай қаланың ұлылығы мен данқы тұралы ой бейнелі қөрініс таптқан.

Классика өнірінің капармандық сипаты, әсіресе, фронтондардыңда, әдетте, мәрмердан қашалған мусіндер қолйлып, метопа тақталары бедермен айшықталатың дорлық храмдардың мүсін әшекейлерінең айқын сезіледі.

Гера ғибадатханасы алтын ренді қйрақ, тастардан қаланып тұрғызылған. Сәулет кешенің алдында 6 ұзына бойына 13 дінгек /колонна/ құрастырып тұр.

Гера ғибадатханасы алтын ренді қайрақ, тастардан қаланып тұрғызылған. Сәулет кешенің алдында 6 ұзына бойына 13 дінгек /колонна/ құрастырып тұр.

Гера ғибадатханасына ұқсас шарттылықта тұрғызылған кешенің бірі – атақты Зевс құрылысы. Көшен Грек сәулетінің нышаны ретінде. ең үздіқ тұрғызылған ғибадатхананың бірі. Олимптегі бұл құрылыс сәулетші Либонның басқаруымен тұрғызылған /468-456 б.з. дейнгі жылдар/.

Мүсіндеу – өнері
Бұл уақыт мүсін өнері шығармаларының отпелі мінездемелері кен көлемде белгілі Эгей аралындағы Афина Афай ғибадатханасының фронтонды топтарында көрініс тапты / б.з. бұрынғы 490 ж. шамасында дат мүсіншісі Торвольдсенмен 19 ғ. басында реставрацияланған, Мюнхен, Глиптотека/.

Екі фронтонның да композициялары айналы симметрия негізінде құрылған бұл оған шартты – оюлы мінез береді. Батыс фронтонда, жақсы сақталған, Патроки денесі үшін гректер мен трояндардың күресі бейнеленген. Ортасында Афина қудайының фигурасы бар. Ол гректердің қамқөршісі болып есептелінген жауынгерлер фигураларында архаиқалық қарсы алынғандық жоқ, олардың қөзғалыстары рольды және әртүрлі, бірақ фронтон жазықтығы бойынша түра көрсетілген, әрбір жеке фигура жеткілікті шыншыл бейнеленген, бірақ олардың күлкісі – шартты белгі, ол майдан драмасы және қуатына сәйкес емес.

Шығыс фронтонда көзге түсетін фигура Геракл, оны реальды дәлдікпен көрсеткен.

Архайкалық мәдениеттің шарттығының күйреуіне, белгілі тарихи жағдайларға байланысты шыққан мүсін өнері шығармалары қөмектесті. Тиранды өлтірушілер Гормодия мен Аристогитон тобы / б.з. бұрынғы 477 ж. Неаполь, ұлттық музей/ - Крития мен Несиот шығармасы. Бронзада орындалған басқа грек мүсіндері сияқты, бұл шығарма жоғалып кеткен, біздің уақытқа тек римдік мәр – мәр көшірмесінде жеткен. Бұл шығармада бірінші рет сюжетпен, іс - әрекетпен біріктірілген топ құрылысы берілген.

Тағы бір көрнекті шығарма « Дельфы тасушы» / б.з. бұрынғы 470 ж. шамасында. Дельфы, Археологиялық музей/. Бұл біздің уақытқа дейін жеткен, ежелгі гректің толтума бронзолы мүсіні, ол тасушы мен сайыстар жеңімпазын бейнелейді. Барлық деталдар үлкен өмірліқ шындықпен орындалған, бірақ бәрібір бутін құрылысты қурайды.

Ерте классиканың батырлық идеалы бранзолы мүсін « Посейдон» / б.з. бұрынғы 460 ж. Афина ұлттық археологиялық музейі/. «Дельфы тасушысы» сияқты, бұл мүсінде де көрініс жылтыры мен өткірлігін беру үшін металл үстіне смальтамен инкрустацияланған. Қозғалыс проблемасы «жугірудегі жеңімпаз» мүсінде /б.з. бұрынғы 5 ғ. 2-ші жартысы, Рим, Ватикан/ шешілді. Сол сияқты «тікенді алушы бала» мүсіні /б.з. бұрынғы 5 ғ. 2-ші жартысы Рим, Палаццо консерватория/, бұл жерде бала өзінің табиғи қозғалысында бейнеленген. Тағы бір осы кездің туындысы « Людовиз тағы» /б.з.б. 460 ж. шамасы, Рим, ұлттық музей/. Теңіз көпіршіктерінен Афродита /сүлылық пен махабат құдайы/ туылуы көрсетілген. Мәрмәрлі тақтың екі жағында флейта тартып отырған жаланаш қыз және ұзың киімдердегі әйелдер бейнеленген.

Тақтың орталық жағында – 2 нимфа судан шығып келе жатқан Афродитаны суймелдейді.

Жалпы өнерліқ шешімнің бұтіндіғі мен гармониялығы Олимпиядағы Зевс ғибадатханасының фронтонды топтарында көрініс тапты / 468 – 456 ж.ж. б.з.б. Олимпия, археологиялық музей/. Бұл масштабы бойынша үлкейтілген көріністер фронтонды пластина дамуының келесі кезені болып табылады, Эгейліқ ғибадатханалары фронтондарының декоративті – шартты композицияларымен салыстырғанда.

Мирон. Батылдық, типтік – жалпылық образдармен қозғалыстың жаңа мотивтерін мінездейтің шығарма – Элефтен шыққан Миронды көрсетеді, ол Аттикада б.з. бұрынғы 5 ғасырдың ортасында жұмыс істеді. Гармониялы көркем және тікелей өмірлі бірлікке ұмтыла, ол архаикалық шарттылықтан толық арылды.

Әсіресе Мирон өнері атақты « Дискобол» белгілі бір өкінге арналып жасалынды, бірақ портретті мінезде емес еді. Мүсінші атқан оқтай қозғалыстағы боз баланы бейнелейді. Диск лақтырушы, өзінің барлық қүшің дискіні лақтыруға салған бейнеленген.

Мирон « Афина акропай үшін» Афина мен Марлий мүсінді тобын / б.з.б. 5 ғасыр ортасы, Афина мүсіні либитхаус музейі, Франкфурт на Майнеде, Марсия мүсіні, Рим ұлттық музейінде/ жасады.

Мифте айтылғандай, Афина флейтаны ойлап тапты, бірақ флейтаны тартқанда оның ауызы ауаға толып, түрі бүзылды. Нимфалар оны мазақтады. Сол кезде Афина флейтаны лақтырып жіберіп, флейтаны қорғады. Силен Марсий, Афинаның қорғауына қарамай, флейтаны көтеруге үмтылды. Мирон оларды мына моментте, Афина қатал түрде Марсия жалт бұрылғанда, Марсий қорқанынан артқа үмтылған мезетте бейнеленген.

«Афина мен Марсий» тобы табиғаттың стихиялы қүштерінен ақылдылықтың жоғарығы идеясын бекітеді. Бұл мүсінді топ жалпы қозғалыспен байланысқан, мінездер өзара қатысың көрсететің, реальды сюжет композициясының даму жолдарың көрсетіп берді.

Сонымен ерте классика кезенінде мүсіндеу өнері архайқалық шарттылықтан толық арылды. Ежелгі Грецияға сүрет өнері де кен тараған, бірақ, ол біздің уақытқа дейін мүлде сақталған жоқ дәуге болады, грек сүретшілері өз фрескалары мен мозаикаларына мифологияның оқиғаларың арқау етті, бірақ сүреттер сонымен бірге сол кездің оқиғалары мен гректердің тұрмысың да бейнеледі.

Дін гректің классикалық мәдениеттінің маңызды құрамдас бөлігі болды. Ол сәулетінің, бейнелеу өнерінің, әдебиеттің тамаша ескерткіштерінде де өзінің қөрінісің тапты. Ежелгі грек дінінің негізгі формалары архайқалақ дәуірдің өзінде – ақ қалыптасқан еді, ал оның тамырлары тіпті ежелгі крит – микен кезенімен, ежелгі шығыстық ықпалдарымен сабақтасады.

Ғасырлар өте келе құдайлар өздерінің ескі қасиеттерің жоғалтып, жаңа қасиеттерге ие болатын немесе жаңа функциялары ескілерімен бірге өмір сүретін. Құдайлар жөніндегі түсініктер әсіресе алғашқы тұрмыстық қауымнаң таптық қоғамға көшу кезінде мейлінше көбірек өзгеріске ұшырады. Осының бәрі б.з. дейін УІІІ – УІІ ғасырлардың шекарасында –ақ көптеген жергілікті және әр түрлі дәрежедегі жалпы гректік құдайларды ретке және тәртіпке келтірудің қажеттігің тұғызды. Діни мифология гректердің санасында негізінен антик заманның аяғына дейін өмір сүрді. Үшінші буындағы басты құдайларды гректер Фессалия мен Македонияның шекарасында орналасқан Олимп тауының жалғыз қарлы биігіне орналастырды. Классикалық заманда қүл иеленуші қоғамының дамуымен бірге құдайлар таптық қоғам мен мемлекеттің қамқөршысына айналды. Әр паштың өз қамқоршысы құдай болды. Азаматтар еркек пен әйел құдайға мемлекет құдайы ретінде табынұға тиіс болды. Афины пашеінің қамқоршысы әйел құдай Афина, Коринфтің қамқоршысы – Аполлон және т.б. болды.

Грек дінінде , әр құдайға немесе құдай әйелге белгілі бір жануарды немесе құсты бағыштаушылық арқылы көрініс тапқан тотемизмнің қалдықтары орын алды.

Уақыт өте келе құдай жайлы түсініктер өзгеріске ұшырады, ескі сенімдер келер ұрпақтарды қанағаттандыра алмады, ескі дін дағдарысқа ұшырап, құдайларға деген жаңа көзқарастар пайда болды, олардың мазмұны жаңарды, адамдар саңасыңда қоғамдық қатынастардағы осындай дағдарыс жөніндегі деректер бізге дейін келіп жетті. Олар сол уақыттағы әдебиетте, өнерде және философиялық ой-пікірде көрініс тапты.



Қөзе өнері

Классикалық периодта сурет өнері кең дамыды. Әсіресе көзешілік өнері жақсы дамыды.

Б.э. бұрыңғы 510 жыл шамасындағы көрнекті көзе өрнекшісі Евфимид амфораның бір бүйіріне салған өрнегінде құдай Дионистін құрметіне арналған мерекелік шеруді бейнелеген. Шебр құмыраның дөнес бетіне осы шеруге қатынасушы үш адамның пішінін көркемдік нәзік талғаммен орналыстырған. Олардың басын жүзім жапырақтарымен өрілген шір сәнге бөлеп тұр, біреунің қолында – шарап құятын шара, екіншісінің қолында бүршікті таяқ.

Суретші бишілердің әсем қимылын сенімді. Жігерлі сүретпен жеткізген. Дененің бұлшықетттері азын-аулақ, келісті табылған сәтті штрихтармен көрсетілген. Шебер адам денесін бейнелуде шартты тәсілдерді қолданған: адамның бет әлпеті мен аяғы бір қырынан, кеудесі қарсы алдынан беріледі. Сурет құмыраның дөнес бүйіріне орналыстырып, әсем, ою-өрнекпен қоршалған.



Амфораның 2-ші бүйінінде – жауынгердің өз ата-анасымен қоштасқан сәті. Сұңғақ, сымбатты жігіт қысқа хитонның үстіне қола сауыт киіп жатыр, шығында кеудесіне әлі тартып байланбаған иініш шошайып тұр, аяғында сирағын қорғайтын саптама сауыты бекітулі, қасында Дионистін серігі – сақалды бет пердесімен әшекейленген дөңгелек қалқаны бар. Таяққа сүйенген, бүкірейген, төбе шашы түсіп қалған тақыр бас шал саусағын шошайтып, баласына бірдене деп тұр. Найза ұстаған анасы жігітке айдарлы биік дулыға ұсынады. Тұлғалар жанына жазылған адам есімдері біздің (эра) алдымызда Гомер эпосының кейіпкерлері.

  • Троянның қаһарман қорғаушысы Гектор, оның әкесі Приам патша мен шешесі Гекуба тұрғаның баяндайды. Бірақ суреттін барлық бөлшектері: қару-жарақ, киімдер мен сәнді шаш – бәрі де суретші заманның белгілері. Евфимид мифтен алынған көріністі өзінің тап көз алдында өтіп жатқан оқиға сияқты қарапайым, қаз-қалпында жеткізеді. Ол жазық маңдайы мен мұрыны келіскен сымбатты өн-жүзді сүйсіне бейнелеп, табиғи қимыл-қозғалысты тамашалайды. Құмыраның 2 бүйірінде қызыл барқын сырмен тартылған. «ПаПошиб улы Евфимид өрнектеген, Евфроний сияқты ешқашан жасай алмас еді» - деген қызық жазу бар. Бұл Ежелгі Эллада суретшілерінің бәсекелестігі немесе достық әзілінің қызық бір күәсі.

Сонымен Евфимид – қызыл пішінді құмыра өрнегінің таңдаулы шеберлерінің бірі, Афинада жұмыс істеді. Евфимид өрнектерінін ерекшелігі – композициялық жарасымында, жанды әсерлі қимылдары бере білу шеберлегінде , сұлбалық суретінін нәзік сұлұлығында оның қолы қойылған шығармалардың өе белгілері: « Гектордың жолға қамдануы» мен « Бессайысшылар Гой (Мюнхен) амфоралары, сондай-ақ: « Гесейдің Керкионмен айқасы» (Турин) құмырасы. Б.э. бұрынғы 520-500 жылдарда жұмыс істеген Евфимидтің замандасы Ефроний қызыл пішіні стилінің аса ірі шеберлерінің қатарына жатады. Ол Афиныға алдымен құл болып келіп, кейін бостандық алған және көзе шеберханасының қожасы болған деген жорамал бар. Ол қолын қойған 15 құмыра сақталған. Евфоний мифологиялық сюжеттермен қатар, айналаны қоршаған нақты өмір көріністерін де бейнелеген. Оның суреттері, афиналықтардың күнделікті қарапайым тіршілігімен таныстырады, мәселен, суретші үлкен кратерде. Гимнастика мектебі бөлмелеріндегі көріністерді палестраларды айшықтаған. Сол жақта атлет өзінің аяғындағы шөнгені алып жатқан құл баланың басына сүйеніп тұр. Ортада жалаңаш болған жігіт шағын құмыраны көтеріп, алақанына зәйтун майын тамызып жатыр. Гректер жарыс алдында дене терісін осы маймен ысқылайтын. Оның қасында тұрған жолдасы сулығын жинауда. Жігіттер тұлғасын айқындайтын келісті, жатық жолақтар шығын , қайратты денені көрсетеді. Атлеттер кескіні едәуір шартты шыққан, бірақ олардың қимыл-қозғалысынан сымбаттылық бекзаттық сезіледі. Құмыраға әдемі ою-өрнек керемет өн беріп тұр: бір шетінде манерлендірілген жапырақтарымен шырмауықтың сабағын ширатылып жатса, ал тұтқаның үстінгі жағы мен бейнелігін астына құрма жапырақтары салынған. Евфроний творчествосы афиналық суретшілердің келесі ұрпағына пәрменді ықпал жасады. Оның ең танымал шығармалары: « Гераклдың Герионмен шайқасы», « Салт атты» (екеуі де Мюнхенде) киликтері, «Гераклдың Антеймен айқасы» (Лувр) және «палестрдегі жігіт» (Берлин) қатерлі, Евфронийдтің екі құмырасы Эрмитажда сақталады.

Б.э. бұрынғы 2-ші құмыра өрнектеу шеберлері адам баласы көзбен коргеніндей өмір шындығын айнымаған қалпында бейнелеу дәрежесіне жетті. Бұл өнердің ғажайып үлгісі – шебер Бриг жасаған және аты-жөні белгісіз, бірақ шеберлігі даусыз ғаламат суретші өрнектеген құмыралар. Бұл туындылар сәндік өрнегінің ыдыс пішінімен тамаша жарасатын тас түйін тұтастығымен көзге түседі. Б.э. дейін сақталмаған монументтік фрескалар лебі өсентін қаһармандық бейнелерден бастап, афинылықтар өмірі туралы сыр шертетін жанрлық көріністерге дейін құмыраларда кездесетін сюжеттер тобы сан алуан суретші көркем шырайлы оқиғаларды таба білген. Килік бүйірінде ол сыбызғы мен мера ойнап келе жатқан күйшілердің, жігіттер мен сақалды еркектердің думанды шеруін бейнелеген, ал шара түбінде емен-жарқын бір әзіл-ажуа көрінісі берілген. Күн қыз тойда шарапты көп ішіп қойған масан жігіттін басын ақырын сүйіп тұр. Шебер олардың табиғи, еркін қимылын, ұстамдылық да байсалды жай ишарасын келістіре көрсеткен.

Бриктін қолы қойылған 13 құмыра сақталған, қызыл пішінді өрнектермен ойшықталған: мұнда монументтік кескіндеме әсерінен тұған қаһармандық бейнелерден бастап ойнақтаған силендер мен мас бозбалардың бейнелеріне дейінгі өрнектердің неше түрлі бар. Бриг шеберханасында жасалған шаралар пропорция әсемдігімен, келесім көркімен назар аударады. Осы шараларды өрнектеген шеберлер арасында шартты түрде « Бригтің құмыра өрнекшісі» деп аталатын талантты суретші көзге түседі. Оның ең әйгілі шығармалары –« Ахилл алдында тұрған Приам» (Венаның көркемдік тарихи музейі) құмырасы, «Троянның алынуы» (Лувр), «Той мен оның зардабы» (Впорцбург) және т.б.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет