Дипломдық жұмыстың мақсаты: Химиядан типтік есептерді шығару элективті пәнінде оқушыларды оқытудың озық әдістемесін пайдалана отырып, химиялық реакциялар теңдеулері бойынша типтік есептерді шағару оқыту жүйесін дамыту.
Зерттеу нысаны: оқушыларды химиялық реакциялар теңдеулері бойынша типтік есептерін шығарудағы оқыту процесі.
Зерттеу пәні: химиядан типтік есептерді шығаруда озық оқыту әдістемесі.
Зерттеу гипотезасы: Элективті пән негізінде химиядан типтік есептерін шығаруда оқытудың озық технологиясын қолдану оқу процесін жетілдіруге мүмкіндік береді, бұл оқушылардың химиялық реакциялар теңдеулері бойынша типтік есептерді шығару қабілетінің беріктігі оқу уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді.
Қойылған мақсатқа жету үшін және гипотезаны тексеруде мынадай міндеттерді шешу қажет болды:
-Оқушыларға химияны оқытуда химиялық есептерді қолдану мәселесінің жағдайын анықтау үшін оқу, әдістемелік және ғылыми әдебиеттерге талдау жасау және есептерді шығарудың әдістемелік тәсілдерін талдау.
- Оқытудың озық технологиясының мәнін зерттеу.
- Химиялық есептердің классификациясын талдау.
-Оқытудың озық технологиясы арқылы оқушыларды оқыту үшін есептердің концепциясын әзірлеу.
-Типтік есептер бойынша сандық есептерін шығаруда озық оқыту тұжырымдамасын әзірлеу және моделін құру.
-Әзірленген әдістемелік жүйенің тиімділігін эксперименталды түрде тексеру.
Зерттеудің әдіснамалық негізі оқуға жүйелі көзқарастың (Ю.К.Бабанский, О.С.Зайцев, Р.Г.Иванова, В.С.Полосин, Л.А.Цветков, Г.М.Чернобельская, С.Г.Шаповаленко). Оқушыға бағытталған және белсенді оқыту (Л.С.Выгодский, В.В.Давыдов, А.И.Леонтьев, Т.И.Шамова т.б.), Психологиялық-педагогикалық проблемалық оқыту (П.Ю.Гальперин, Н.К.Талызина, С.Л.Рубинштейн, т.б.), Педагогикалық технологиялар (И.Ю.Лернер, М.И.Махмутов, М.Н.Скаткин, т.б.) негізгі ережелері болды
Қойылған міндеттерді шешуде бір-бірін өзара тексеретін және толықтыратын зерттеу әдістерінің жиынтығы қолданылды.
Теориялық әдістер: философия, педагогика, психология, әдістеме, химия және химияны оқыту әдістемесі бойынша ғылыми әдебиеттерді зерттеу және талдау, жүйелі көзқарас, тұлғаға бағытталған оқыту.
Достарыңызбен бөлісу: |