Дипломдық жұмыс Көркем мәтінде окказионал фразеологизмдердің жасалуы мазмұНЫ


Норма және окказионал фразеологизмдер



бет7/53
Дата10.05.2020
өлшемі0,61 Mb.
#66916
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   53
Байланысты:
Көркем мәтінде окказионал фразеологизмдердің жасалуы

1.2 Норма және окказионал фразеологизмдер

Ақын-жазушылар фразеологизмдерді поэзияда немесе прозада қолдану барысында ФТ-ның мазмұны мен формасына өзгерістер енгізу үшін стильдік мақсатта түрлі әдіс-тәсілдерге жүгінеді. Осыған байланысты кейде қалыптасқан норма заңдылықтарынан да аттап кетіп жатады. Дегенмен, дәстүрлі нормадан ауытқу құбылысы кей жағдайда оңтайлы, ұтымды болып шығып жатса, кей тұстарда іске алғысыз болып қалады. Сондықтан қалыпты тілдік норма мен окказионал фразеологизмдердің айырым белгілері мен ерекшеліктерін саралап алғанды жөн көрдік.

Кез келген тілге нормалық қасиет тән және сол нормаға бағынбайтын тіл болмайды. Норма дегенде біздің ойымызға ең алдымен тұтас ережелер жиынтығы келеді: сөз тіркестері арасындағы, сөйлем ішінде орналасуы және олардың жұмсалуында қалыптасқан ережелер т.б. Нормасыз тілде жүйелік болмайды, әрі қарым-қатынас барысында адамдар бірін-бірі түсінуден қалған болар еді.

Тілдік норманы ғалымдар жан-жақты қарастыра келе, оның әдеби тілге, сөйлеу тіліне, сөз мәдениетіне қатысы, байланысы туралы түрлі пікірлер айтады.

Тілдік норманы «әдеби тілдің жүйелілік қасиеті» деп қарастыратын ғалым М. Балақаев: «Әдебиет тіл нормасы – бұл жалпы тілдік норманың көрінісі, ал, тілдік норма – тіл әдебилігінің бір белгісі» деген тұжырымды ұстанып, әдеби тіл нормасы мен тілдік норманы біртұтас ұғым ретінде зерттеген [14, 241 б.]. Г. Смағұлова да тілдік норма мен әдеби норманы бір-бірінен ажыратпайды. Жалпы халықтық тілді пайдаланудың қалыптасқан дәстүрлі үлгісі бар. Ол үлгі – тілдік норма, немесе әдеби тіл. Мұнда назар аударатын нәрсе – әдеби тіл мен көркем шығарма тілі екеуі бір ұғымды білдірмейді. Әдеби тіл ол тек көркем шығарманың тілі ғана емес, жалпы жазба тіл түрлерінің бәрін түгел қамтиды. Солай бола тұрса да, көркем шығарма тілінен оның шеңбері тар. Өйткені әдеби тіл – сөйлеуде және жазуда пайдаланып нормаланған, қалыптасқан тіл. Көркем шығармада стильдік мақсатта жалпы халықтық тілдегі қарапайым, жаргон және жергілікті ерекшелік сипатындағы сөздердің бәрі де қолданыла береді. Сондықтан әдеби тілден көркем шығарма тілінің аясы кең, әрі тілдің басқа формаларына қарағанда көрнекті орын алады [4, 94 б.]. Б. Әбілқасымов: «Сөйлеу тілінде де норма бар. Жазба тіл сөйлеу тілі элементтерін батыл кіргізу арқылы жаңа арнада дамиды», – дейді [15, 34 б.]. Р. Сыздықова норманы әдеби тілдің қалыптасу шарты деп есептейді. Әдеби тілдің қолданылу тәжірибесінде қоғам сынынан өткен нормаларын қоғам санасы дұрыс қабылдауы, ол нормалар барша үлгілерге ортақ болуы шарт [16, 8 б.]. С. Исаев: «Әдеби тілдің осындай орныққан нормалары болатындықтан да, ол нормалар сұрыпталып, жетіліп, дамып отыратындықтан, оны жүйелі тіл деп білеміз» – дейді [17, 13-16 бб.]. Осы пікірлерді Н. Уәлиев те қолдайды: «Тілдік норма мен әдеби тіл нормасы ұғымдарының арақатынасы толық ашылмаған. Тілдік норма тілдік жүйемен байланысты қаралады. Тіл бірліктері арасындағы жүйені қолданыс үстінде бұзбау – тілдік норманың басты шарты. Тілдік жүйе мен тілдік норма бірлікте болады. Тілдік норманың арқауы – тілдік жүйе» [18, 11 б.]. Л. Дүйсембекова: «Жалпыхалықтық тіл негізгі қатынас құралы түрінде өмірдің барлық саласында пайдаланылады. Осы негізгі қатынас құралы жалпыхалықтық тілдегі белгілі бір жүйелілікке, нормаға салатын әдеби тіл. Әдеби тіл жалпыхалықтық тілдің ауызша және жазбаша түрлерінің негізінде қалыптасады» деген тұжырым жасайды [19, 99 б.]. Ал, В. Виноградов «Тілді нормаға түсіретін – қолданыс, қарым-қатынас», – дейді [20, с. 9]. З. Ерназарова: «Тілдегі ғылыми түрде анықталған, кодификацияланған нормамен қатар, сөйлеу тілінің қозғалысты, субъективті сипатымен байланысты сөйлеу нормасы болады. Тілдік норма әр деңгейдегі тіл бірліктерінің өзара тіркесім қабілетін белгілесе, сөйлеу нормасы нақты бір уақыт кесіндісінде сөйлеу жағдаяты, өзге де прагматикалық көрсеткіштердің ықпалымен қалыптасады. Сондықтан сөйлеу тіліне коммуникативті-прагматикалық нормалар тән» дегенді айтады [21, 26 б.].

Норма туралы ғылыми пікірлерді топтастыра келе, оларға қойылатын талаптар мен таным-түсініктердің бір арнаға саятындығын байқадық. Осыдан барып мынадай түйін шығардық:

1 нормасыз жүйелі тіл болмайды;

2 норма пікір алысу, түсінісу арқылы жүзеге асады;

3 қарым-қатынас үстінде қалыптасады және жүйеленеді;

4 нормада лексика-грамматикалық ережелер жиынтығы сақталады.

Дегенмен, тілдің жанды құбылыс екендігін білсек те, оның әрдайым даму үстінде екенін ескере отырып, кейде осы заңдылықтар мен қағидаларды бұзуға тура келеді. Көбінесе тіліміздің ең құнарлы бөлшегі фразеологиялық тіркестер табиғаты осындай құбылыстарға бейім келеді.

Осы мәселеге байланысты ғалым Н. Уәлиев «Фразеология және норма» атты еңбегінде фразеологизмдерді нормадан мақсатты ауытқу және мақсатсыз ауытқу деп екіге бөліп қарастырған. Мақсатты ауытқуда фразеологизмдердің белгілі бір мақсатқа орай құрылым-құрылысын, мағынасын жаңғырта қолдану екі түрлі болады: 1) жалпы тілдік қолданысқа тән түрлендірулер; 2) жазушы қаламына тән түрлендірулер; Мақсатсыз ауытқуға фразеологизмдердің мазмұн тұрғысынан нормадан ауытқуына, біріншіден, олардың мағынасы контекстің мазмұнына лайық болмай тұруы, екіншіден, фразеологизмдердің стильдік реңктерінің контекстің стильдік реңкімен үйлеспей тұруы жатады [22, 51-106 бб.] десе, Р. Сыздық: «Ауытқу – нормаға сай келмейтін қолданыстар. Терминнің өзінде сәйкессіздік мағынасы (белгілі бір дұрыстықтан, заңдылықтан ауып кету деген сияқты) болғанымен, ауытқу барлық сәтте жағымсыз акт болып шықпайды. Сырт қарағанда нормадан тыс болып көрінгенмен, шындығында сол нормадан әдейі ауытқу, яғни әр алуан себептен болатын ауытқулар орын алады. Сондықтан барлық ауытқулар, соның ішінде сөз қолданыстағылар уәжді (мотивті немесе жөнімен) және уәжсіз (мотивсіз және жөнсіз) ауытқулар деп қарастырылады. Бұл тек көркем сөз стилінде ғана емес, барлық стильдерде болатын заңды құбылыс. Бірақ көркем әдебиет тілінде уәжді ауытқулар жиірек кездеседі және олардың өздері әр сипатты болып келеді» [23, 210 б.] деп ойын сабақтайды. Осы айылған пікірлерді саралай келе тілдік нормадан ауытқу жалпы тілге залалын тигізбей, керісінше ойды жеткізудің бейнелі құралы болатын болса, онда олар біздің тарапымыздан қолдау табары анық. Тілдік норма мен окказионал тіркестер арасындағы өзекті мәселені қарастыра келе, жалпыхалықтық асыл қазына – фразеологиялық тіркестердің авторлық бұрмалауарға көнгіштік себептерін ашуды, олардың жасалу процесін анықтауды жөн көрдік. Мысалы:





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет