Дипломдық ЖҰмыс мамандығы 050104 «Бастапқы әскери дайындық»



бет9/22
Дата02.05.2020
өлшемі1,05 Mb.
#65452
түріДиплом
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   22
Байланысты:
Дипломная. Казак батырлардын ерлиги

3- тақырып. Батыр бабалар туралы аңыз әңгімелер, жырлар, толғаулар

Абылай хан, Әбілқайыр хан, Райымбек батыр, Есет батыр, Бекет ата, т.б. туралы аңыз әңгімелер. Олардың тарихи мәнін ашып түсінік беру, батырлық жырлары мен толғаулардағы отансүйгіштік қасиет туралы сипаттама беру.



4- тақырып. Ертегілер мен дастандардағы батырлардың қаһармандық бейнесінің сомдалуы

Архаикалық ертегілердегі батырлардың суреттелуі мен бейнесі. Классикалық батырлық ертегідегі бейненің сомдалуы. Дастандағы батырлардың сипаттамалық бейнесі.



5- тақырып. Батырлық жырларының отансүйгіштік қасиеттерінің маңызы («Қобыланды батыр» жыры негізінде)

Батырлық жырының тарихи мәліметтермен байланысы, жырдағы батырдың қаһармандық бейнесі, батырдың бауырларына, туған жерге деген отаншылдық сезімінің мәні. Жырдағы батырдың ерлігі туралы түсінік.



6- тақырып. Қобда – батырлар өңірі

Қобда өңірі туралы тарихи, географиялық мәлімет беру. Қобыланды батыр, Махамбет Өтемісұлы, Исатай Тайманұлы, Әлия Молдағұлова туған жер – батырлар өлкесі болған Қобда өңірі.



7- тақырып. Ерлікке негізделген мұражайларға саяхат

Ақтөбе облыстық өлкетану музейі, «Әлия» музейі туралы мағлұматтар беру.



Педагогикалық тәжірибе жұмысының анықтау кезеңінде қазақ батырларының қаһармандық бейнесі негізінде отансүйгіштік тәрбие беру жұмыстарына талдау жасай отырып, мектеп практикасына кешенді, жүйелі енгізу бойынша жүргізілген іс-шаралар біздің ұсынып отырған тұжырымдамаларымыздың бүгінгі таңдағы қажеттігін, дұрыстығын дәлелдейді (Кесте 7).
Кесте 7 – Оқушылардың «батырлардың қаһармандық, ерлік дәстүрі», «отансүйгіштік» ұғымдары туралы түсінігі


Ақпарат көздері

Тәжірибелік топ

Бақылау тобы

Тәжірибе-ге дейін %

Тәжірибе-ден кейін %

Тәжірибе-ге дейін %

Тәжірибе-ден кейін %

Халық ауыз әдебиеті

21

17

18

19

БАҚ, әдеби кітаптар

9

13

12

21

Ата-анасы

15

10

17

17

Достары

10

10

13

13

Мектеп мұғалімдері

25

50

20

24

Жауап беруге қиналамын

20

-

20

6

Мұндай білім дәрежелерінің тәжірибелік топтағы өсуі оқушылардың факультатив сабағында жүргізілген жұмыстар арқылы белсенділігінің артуы нәтижесі деп айтамыз.


2.2. Мектептің тәрбие үрдісінде қазақ батырларының ерлік дәстүрі арқылы оқушылардың отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастыру

Оқушыларға қазақ батырларының ерлік дәстүрі арқылы отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастырудың тәрбие үрдісіндегі мақсаты:

- Оқушылардың отансүйгіштік негіздегі батырлардың қаһармандық бейнесі арқылы отансүйгіштік қасиеттерін терең меңгеруіне жағдай жасау;

- Өз Отанының, ата-бабаларының ерлік дәстүрлерінен, қазақ батырларының бейнесі арқылы өнеге алған оқушылардың бойында отансүйгіштік тәрбиені қалыптастыру.

Мектеп оқушыларына қазақ батырларының қаһармандық бейнесі арқылы отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастырудың даярлық өлшемдері:

- Оқушылардың «отансүйгіштік», «қазақстандық патриотизм», «батырлардың қаһармандық бейнесі» ұғымдарын игеру деңгейі;

- Отансүйгіштік тәрбие беруді дұрыс қабылдап, бағалауы;

- Оқушылардың қазақ батырларының ерлік істеріне еліктеуі және оның бүгінгі кезеңде пайдалана білуі.

Осындай жаңа талаптардың шешімін тауып, жүзеге асуына мұғалім мен оқушылар арасындағы отансүйгіштік тәрбие беру құралы – қазақ батырларының қаһармандық бейнесін тәрбие үрдісінде пайдаланудың шарттары талданып, белгіленді.

Жалпы білім беретін орта мектептердің оқу-тәрбие жұмыстарының жоспарына талдау жасағанымызда мектеп оқушыларына отансүйгіштік тәрбие беруде қазақ батырларының қаһармандық бейнесін жетілдірудің қажетті тұстарының бар екендігін анықтадық. Орта мектепте педагогикалық тәжірибе бағытындағы «Айбын» әскери-патриоттық клубының жұмыстары оқушылардың отансүйгіштік қасиетін қалыптастыруға мол мүмкіндігін байқадық (Кесте 8).


Кесте 8 – «Айбын» әскери-патриоттық клубының жыл бойына орындалатын жұмыс жоспары




Өткізілетін тәрбие шаралары

Мерзімі

Жауаптылар

1

«Айбын» патриоттық орталығын құру

Қыркүйек

Мектеп әкімшілігі, ұстаздар, ата-аналар

2

«Ерлік дәстүрі» (7-сынып), «Отантану» (10-сынып) курстарын жүргізу

Ұдайы

Пән мұғалімі

3

«Батыр бабалар ерлік жолымен» атты әдеби-танымдық оқулар

Әр айдың соңында

Кітапхана, пән мұғалімдері

4

«Мұражай – ерлік бастаулары» тақырыбында музейге саяхат

Қараша, желтоқсан

Сынып жетекшілері

5

«Қаһарман» әскери-спорттық ойынын өткізу

Қаңтар, ақпан

Алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі

6

«Қазақтың қаһарман қыздары» фотостендін ұйымдастыру

Наурыз

Сынып жетекшілері

7

«Бүгінгі күннің патриоттары» атты КТК, дебаттық ойындар (10-11 сыныптар)

Сәуір

Сынып жетекшілері, пән мұғалімдері

8

«Ерлік ешқашан ұмытылмайды»

тақырыбында Ұлы Отан соғысы

ардагерлерімен кездесу


Мамыр

Сынып жетекшісі

«Айбын» патриоттық клубының мақсаты: оқушыларды қазақ батырларының қаһармандық үлгісі негізіндегі отаншылдық қасиеттерді қалыптастыруға бағытталған.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет