Жезқазған, 2018
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ .................................................................................................................4 1 Жезқазған аймағының флорасы мен өсімдік жамылғысының қалыптастырушы негізгі факторлары
1.1 Жер бедері ............................................................................................10
1.2 Геологиясы .........................................................................................12
1.3 Топырағы...............................................................................................13
1.4 Климаты ...............................................................................................13
1.5 Гидрографиясы ..................................................................................14
1.6 Өсімдік жабындысы............................................................................17
2 ЖЕЗҚАЗҒАН АЙМАҒЫНЫҢ ӨСІМДІК ЖАМЫЛҒЫСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ ....................................................................................25
3 ЗЕРТТЕЛУ ОБЪЕКТІСІ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ ..........................................27
4 ФЛОРАНЫҢ АНАЛИЗІ..............................................................................29
4.1 Қарағанды облысы Сарысу өзені аймағының жусан түрлерінің алуантүрлілігі............................................................................................31
4.2 Флораның систематикалық құрылымы ...................................................34
4.3 Экобиоморфалары .....................................................................................35
4.4 Ареалдар типтері .......................................................................................38
4.5 Эндемдік түрлері........................................................................................40
4.7 Пайдалы түрлері........... ............................................................................42
4.8 Фитоценоздық алуантүрлілігі .......................................................47 4.9 Географиялық-генетикалық талдамасы .................................................49
5. Зерттелген Аймақтың ЖУСАНДАР ЖАЙЫЛЫМЫН қорғау......56
ҚОРЫТЫНДЫ ......................................................................................................58
ӘДЕБИЕТТЕР .......................................................................................................60
КІРІСПЕ
Соңғы 30-35 жылда Қазақстанда өсімдік тіршілігінде елеулі өзгерістер байқалады. Көптеген аймақтарда техногендік жүктеме малдың жəне өсімдіктің азғындауына, табиғи ресурстардың азуына жəне биологиялық табиғи өзгерістерге əкеліп соқты. Қазақстан Республикасында көпжылдық экологиялық стратегиясының ең басты мақсаты қоғамның жəне қоршаған ортаның үйлесімі жəне өзара əрекеттесуі болып табылады. Сонымен қатар экологиялық таза ортаны қалыптастыру мақсатына жету үшін 2030 жылға дейінгі аралықта 4 аса маңызды бағыттар белгіленген: қоршаған ортаны экологиялық қауіпсіз қалыптастыру, табиғи ресурстарды өз орнымен пайдалану, малдың жəне өсімдіктің түрлерін сақтау, экологиялық білімді нығайту. Флораны қорғау жұмысында ең маңызды мəселе өсімдіктердің эндемикалық түрлерін тұқым түрінде немесе тірі өсімдіктер түрінде сақтау қажет.
Жусан – Астрагүлділер тұқымдасына жататын өсімдік, көпжылдық, кейде бір не екі жылдық шөптесін өсімдіктер, жартылай бұта. Жусан жер бетіндегі өсімдіктердің ішінде ең ащысы. Оның пайдалы жақтары жетерлік. Латынша атауы – Artemisia. Шөптесін өсімдіктердің дəрілік қасиеттерінашқан Артемид құдайдың құрметіне осылай атаған. Ертеректе Oлимпиада ойындарында жеңіп шыққандарға сыйлық ретінде жусаннан жасалған сусын ішкізетін болған.
Римдіктер жусан тұнбасын асқазан ауруларын емдеуге пайдаланған. Ал қытайлықтар аяқ киімдеріне жусанның жапырағын салып жүрсе, тамаққа деген тəбетті арттырады деп есептеген. Жусан теңіз саяхатшыларының түрлі теңіз ауруларынан сақтайды. Бір нəрсеге күйінгенде жусанды иіскесеңіз көңіліңіз орнығады.
Қазақстанның барлық жерінде – шөл-шөлейтті далада, таулы жерлерде өсетін 81 түрі бар. Жусан түрлерінің биіктігі 10-62 см, кейде 1,5-2 м-дей болады. Сабағы тік немесе жерге жайылып өседі. Жапырағы кезектесіп орналасқан, қауырсын тəрізді, шеті тілімденген, кейде бүтін жиекті. Ұсақ гүлі қос жынысты, сары түсті, себеттері көп, əбден піскен кезде шашыраңқы иіліп келген сыпыртқы гүлшоғын құрайды. Шілдеден қыркүйекке дейін гүлдейді. Жемісі – тұқымша.
Жусанның 17 түрі – сирек кездесетін эндемиктік түрге жатады, ал Қазақстанда өсетін бір түрі – дəрмененің дəрілік шөп ретінде ерекше мəні бар. Шырғалжын жусанның жапырағы мен сабағын жеуге болады, құм жусаны құм тоқтатау үшін пайдаланылады. Арасында улы түрі -таврия жусаны да кездеседі, оны мал жемейді.
Жусан құнарлы мал азығы, дəрілік, бояуыш, тағамдық, дәрумендік, эфир майлы өсімдік.
Ермен - биіктігі 1 м-ге жететін көпжылдық өсімдік. Сабағы қырлы, жоғарғы жағы бұтақтанған әрі түкті. Ермен – далалы жерлерде және үй маңында арам шөп ретінде өседі. Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының тау етегі аймағында көптеп кездеседі. Ерменнің жапырағын гүлдер алдында, яғни шілде айының алдында гүлсебеттерін жинауға болады. Ермен құрамында глюкозид және 0,5 % эфир майы болады. Шөбінің ерекше иісі бар. Ерменді қолмен ысқыласа иісі күшейе түседі. Дәмі ащы. Суға салғанмен шөптің ащы дәмі кетпейді. Тамақтанардан жарты сағат бұрын ерменнен жасалған дәрі ішсе, тәбеті ашылады. Оны бір айдан артық ішуге болмайды: дене уланып, нерв жүйесі қозып, ерекше құбылыс пайда болады.
Қара жусанның тамыры тəбет ашуға, асқазан, бауыр, ішек, өт қалтасы ауруына ем ретінде пайдаланған екен. Ал бүгін осы əдісті жаңғыртып, оны медицинамен байланыстыра отырып, жүзеге асыруға мүмкіндік бар.Қара жусан біздің өңірдеҰлытауда өседі. Биіктігі 25-30 см, жапырағы ұсақ. Қара жусанның құрамында шырышты жəне шайырлы заттар, каротин, «С» витамины, эфир майы мен аздаған алкалоидтар бар. Қара жусанның емдік қасиеті ерте кезден-ақ белгілі болған. Қытай медицинасында бүйрекке тас байланғанда қара жусан шөбінің қайнатындысынан ванна жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: |