Artemisiа туысы – Asteracese тұқымдасына жататын ірі туыстарының бірі.Оған негізінен солтүстік жартышарда кездесетін 500-ден астам түр жатады. Сарысу өзен жүйесі флорасында бұл туыстардың 27 түрі бар.
Гумидті бореаалды түрлеріне орманды дала және дала аймақтарында кең байтақ ареалы бар мезофитті және мезоксерфитті түрлерді жатқызуға болады: A.vulgaris, A.armeniaca, A.lаtifolia, A.lacinata. Бұл түрлер эколгиялық жағынан шалғанды-орман бірлестіктеріне (ценоздарына), өзен аңғарларына,
8 сурет Қазақстан өзендер флорасының ұқсастық коэфициентінің графигі
жағалаудағы бұталарға ұштасады. A.vulgaris түрін П.П.Поляков (1961) бореалды голарктикалық түр деп: ״... в лесной, отчасти лесо-степной истепной зонах, в хвойно-лиственных разреженных лесах, по лесным полянам, опушкам леса, по речным долинам״, - өседі деп есептейді. Аталған түрлер Artemisia туыс тармағына жатады. Туысты зерттеген монографтардың ойы бойынша, бұл туыс тармағы ең көне тармақ. Оның өкілдерінің негізгі белгілеріне көп гүлді,ірі гүлсебеттер және ірі бөліктерден тұратын жалпақ жапырақ тақтайшалары жатады. Осы қаралған түрлер мио-плиоценде еуропа-сібірлік орман және дала аймақтарының шалғынды-орман бірлестіктерін құрауға қатысқан деп болжауымызға болады. Кейін, әсіресе, плиоценнің аяқ кезінде өзен жайылмаларын бойлай отырып, оңтүстік аймақтарға ығысқан, соның ішінде Орталық Қазақстанға да жетсе керек.
Осы айтылған сөздер Dracunculus туыс тармағына жататын көне өкіл – А.dracunculus түріне де қатысты. Ол туралы И.М.Крашенинников [21] былай деп жазды: «...компонент в основном областей северных степей и лесостепей Евразии ...» (179б.)
Dracunculus туыс тармағына орталық палеарктикалық плиоцендік түр-А.marachalliana түрі де жатады. Экологиясына қарай біз оны далалық элементке жатқызамыз.
Artemisia туыс тармағының келесі өкілдері далалық элементіне жатады A.macrantha, A.procera, A.proceriformis, A.glabella, A.rupestris, A.austriaca, A.sucсulenta. Осы түрлер негізінен шалғынды далада, өзеннің құрғақ арналарында, уақытша су ағындары мен арналары мен дала бірлестіктерінде, беткейлердің және шоқылар етегінің әр түрлі петрофитті варианттарында кездеседі. Олар - дала ендіктерімен ұштасқан палеарктикалық және батыс палеарктикалық түрлер. Плиоценде түрлердің осы кешені Орталық Қазақстан даласының түрлі шөптерін құрауға қатысқан деп болжауға болады.
Белгілі бір жобамен алғанда, далалық элементіне бірқатар арамшөптік жусандарды да жатқызуға болады.А. tournefortiana, A.annua, A. scoparia, A.absinthium, A. sieversiana. Аталған түрлердің бәрі дерлік кең байтақ, кейде плюриаймақтық ареалды келеді. Бірақ олар көбінесе ашық дала мен орманды даланы мекен етеді.
Сонымен қатар, Serifidium туыс тармағына жататын бірқатар түрлерді шөлді аймақтың өкілдері деп есептеуге болады: A.scoрiformis, А.semiarida, A.schrenkiana, A.sublessingiana, A.nitrosa.
Осы түрлердің бәрі шөл-дала аймағының астықты-жусанды үйлесімді бірлестіктерін құрайтын ксерофиттер. Олар аллювиальді жазықтықтарда, өзен террасалалары мен құрғақ аңғарларында таралған, арелдары аса үлкен емес, көбіне солтүстік-тұрандық ареалы бар түрлер.
Serifidium туыс-тармағын Иран-Тұран провинциясының автохтоны деп мойындай отырып (айта кететін бір жай – ол жерде бұл туыс тармағының басым көпшіліктүрлері кездеседі) аймақтың геоморфологиялық пайда болуына сәйкес түрлердің қалыптасуы плиоцен-төрттік кезеңінде жүрді деуіміз қисындырақ болады. Дәл осы Иран-Тұран провинциясынан Serifidium популяциясының түрлері іргелес және әртүрлі алыс жатқан аймақтардың территорияларына шашырап таралған болса керек.
Осыған байланысты біз Н.С.Филатованың Serifidium туыс тармағында ең көне морфологиялық-биологиялық тип ретінде Жерорта теңіздік A.maritima деп есептеу пікірімен келісе алмаймыз. Бұл түр кейініректе кейінгі филогенетикалық тармақтардың даму негізінде болды. Біздің ойымызша, A.maritima плиоценнің аяқ кезінде Жерорта теңізінің жағалауларына өткен тұрандық бір түрдің популяциясының туындысы, яғни соңғы түр. Айта кетсек, мұндай мысалдар әр түрлі тұқымдастардың өкілдерінде де бар. И.Т.Васильченко Medicago туысының пайда болуын таулы ортаазиялық аймақпен байланыстырады, ол оның Жерорта теңізі жағалауларында жаңа, яғни соңғы M.maritima түрі бар. Boraginaceae тұқымдасының өте көне туыстарының бірі – Mertеnsia туысының Орталық Азияның таулы аймақтарында өте көне түрлері бар, ал циркумполярлық аймақтарда жас- M.maritima түрінің болуымен сипатталды.
Аймақтық-флоралық қатынаста Сарысу өзені жүйесінің жусан түрлері төмендегіше бөлінеді: бореалды және бореалалды – 17 түр (63%), далалық –3 түр (11,1%), шөлдік – 7 түр (25,9%).
V ЗЕРТТЕЛГЕН АЙМАҚТЫҢ ЖУСАНДАР ЖАЙЫЛЫМЫН ҚОРҒАУ
Жусандар негiзiнен шөл, шөлейттi аймақта таралған. Көп жағдайда оларды жайылым ретiнде, сирек шабындық ретiнде пайдаланады. Табиғи жайылымдары түр құрамымен, маусымдық құрамымен, өнiмдiлiгiмен, шөптердiң биiктiгi мен тығыздығымен, жем-шөптiк құнарлылығымен ерекшеленедi. Шөл аймағында 200 түрлi жайылым бар. Сондай-ақ, сипатталмай және жайылым карталарына енбеген өсiмдiктер тобы бар. Олар бәлендей көп аймақты алып жатқан жоқ. Бiрақ оларды айқындап пайдалы түрлерiн анықтай айталық мәдени өсiмдiк ретiнде ұсыныс беру үшiн өте қажет-ақ.
Шөл аймағының өсiмдiк ресурстары сарқылмайтын дүние емес. Олардың қорының қысқаруы елдi мекендер құрылысы, жол салу, жердi игеру т.б. адам қызметiнiң әсерiнен өзгеруде. Соңғы онжылдықтар iшiнде Қазақстанның бiраз аймақтарында шөл жайылымдары, олардың жем-шөптiк және шикiзат базасы қарқынды түрде пайдалануда.
Бiздiң Жезқазған өңiрiнiң табиғи жем-шөптiк алқаптарының жағдайы нашарлай түстi.
Геоботаниктердiң есебi бойынша Қазақстанда жүйесiз ұзақ уақыт бойы жайылымдарды пайдалану салдарынан 60 млн га жайылым мен шабындықтар жақсартуды қажет етедi, оның 30 млн га эрозияның әртүрлi типiне шалдыққан, 25 тапталған, 5 деградацияға ұшыраған немесе өзендердi қорғау салдарынан, жер игерiлу т.б. себептерден iстен шыққан. Жайылымдық жерлердiң бiршама ауданы аңшылар, зерттеушiлер, құрылысшылар және жергiлiктi тұрғындар салған жолдар астында жатыр. Мұндай жолдар сораң, изен өскен Үстiрт, Бетпақдала т.б. жазық аймақтарда көп-ақ.
Сазды және құм шөлдерiнiң бұзылуы 3-5 жыл iшiнде байқалса, қалыпқа келуiне 20-25 жыл қажет, ал кейде iстен шыққан жайылымның қалыпқа келуi мүлдем мүмкiн емес. Жайылымдардың басым көпшiлiгiне 10 жыл қатарынан мал жаймай қорықтық жағдай жасаса қалыпқа келедi. Бiрақ, 15-20 жылдық қорықтық жағдай жайылымның өнiмдiлiгiн кемiтедi.
Балқаш маңы құм жайылымдарындағы қорықтық жағдай, 7-10 жыл iшiнде жақсы жайылымдардың нашарлануына әкелiп соқты, мысалы, мүк өсiп, қияңөлең мен колподиумның жағдайы нашарлады, сондай-ақ, жусан, изен, терiскен бұталары ескiрiп, генеративтiк өркен-сабақтары азайды.
Жайылым өсiмдiктерi көп жағдайда тұқым арқылы көбейедi, ал мал жаю кезiнде олар тұқымды жеп қояды, осылайша түрлердiң жаңаруы кемейдi. Осы жағдайды есепке алып көбейту үшiн арнайы учаскелердi бөлiп, онда малды жаймау керек. Тұқым арқылы көбею үшiн орта жас генеративтiк дараларды қорғаған жөн. Тұқым жарған кезеңде жақсы жетiлген бұта, дараларды малға жегiзуге болмайды. 100м2 жайылымда (1010м) жусан турлерінің орта есеппен алғанда дарасын сақтап қалса жеткiлiктi болады. Олардың тұқымы 2-3 м-ге дейiн таралады. Жайылымдарда қой жайылса тұқым жарған бұтақтар зақымдала қоймайды, ал жылқа жайылатын жайылымдар қорғауды қажет етедi.
Жайылымдарды сақтап қалудың ең оңай жолы – күзде жалаңаш жерлерге тұқым шашып, жем-шөптiк түрлердi көбейту. Жерiнiң болашағын ойлаған фермер осы ұсынысты қолдау керек.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қарағанды облысы Сарысу өзені өңірінде Жусан (Artemisia) туысының 21 түрі өседі. Оның 18 түрі Artemisia туыс тармағына жатады. Ол жалпы жусандар флорасының 66,7 пайызын құрайды, 6 түрі Seriphidium туыс тармағынан – 22,2 пайыз, Dracunculus туыс тармағынан 3 түрі бар – 11,1 пайызын құрайды.
Түрлердің экологиялық топтарға бөлінуі мезоксерофиттердің басым болуын көрсетті – 12 түр, ол жалпы түрлер санының 44,4% құрайды, мезофиттер – 9 түр – 33,3%, және ксерофиттер – 6 түр – 22,2%. Зерттелген аймақта кездесетін жусандардың Seriphidium туыс тармағына жататыны – барлығы ксерофиттер болса, Dracunculus туыс тармағының өкілдері – бәрі мезофиттер. Artemisia туыс тармағы мезоксерофит және мезофиттермен көрсетілген. Ылғалды жерлердің, гумидті түрлердің (мезофиттер мен мезоксерофиттердің) пайыздық көрсеткішінің жоғары болуы (77,7%) флораның су маңы сипатын көрсетеді.
Биоморфалар анализі шөптесін өсімдіктердің фонында жартылай бұталар тіршілік формасының пайызы мардымсыз екенін көрсетті, олардың не бары 3 түрі (11,1%) бар. Зерттелген аймақта түрлері мол кездесетін Artemisia туыс тармағының өкілдері шөптесін (16 түр - 59%) және жартылай бұта түрінде (2 түр – 7,4%) кездеседі. Seriphidium туыс тармағының өкілдері – бәрі көпжылдықтар (6 түр – 22,2%).иАл Dracunculus-тер – бір-бір тіршілік формасымен көрсетілген: жартылай бұта – 1 түр (3,7%), көпжылдық – 1 (3,7%), біржылдық – 1 (3,7%).
Сарысу өзені жүйесінің жусандар флорасында үш эндемдік түр анықталды. Олар – Seriphidium туыс тармағына жататын шыбық жусан мен құрғақ жусан және Artemisia туыс тармағынан – етті жусан, олар жалпы түрлер санының 11,1% құрайды. Эндемизмнің аз болуы флораның төрттік кезеңінде тегістелуімен тікелей байланысты.
Зерттелген аймақта кездесетін жусанның 27 түрінен 11 түрі пайдалы түрлер санатына жатады, оның 8 (жалпы түрлер санынан 30%) – жем-шөптік маңызы бар түрлер: маршалл жусаны немесе көкшағыр, тамыр жусан, кебір жусан т.б.
Сарысу өзені аймағының жусандар флорасын түзуге ендік бойында созылған кең байтақ ареалы бар түрлердің рөлі басым (18 түр), екінші орында түр құрамының 1/3 бөлігін алып тұрған шөл элементтерінің түрлері (7 түр), далалық аймақ флорасының элементінің пайыздық саны өте аз – 2 түр.
Аймақтық-флоралық қатынаста Сарысу өзені жүйесінің жусан түрлері: бореалды және бореал алды – 17 түр (63%), далалық –3 түр (11,1%), шөлдік – 7 түр (25,9%) анықталды.
Жайылымдарды сақтап қалу үшін күзде жалаңаш жерлерге тұқым шашып, жем-шөптiк түрлердi көбейту керек.
ӘДЕБИЕТТЕР
Флора Казахстана.- т. 9.-Алма-Ата, 1966
Иллюстрированный определитель растений Казахстана.- т. 2.-Алма-Ата, 1974
Определитель растений Средней Азии//Критический конспект флоры Средней Азии.- т 8.- Ташкент:ФАН,1968
Черепанов С.К.Сосудистые растения СССР.- Л.:Наука,1981
Байтуллин И.О. Шөл дала өсімдіктеріінің тіршілігі.- Алматы: Білім қоғамы, 1970
Красная книга Казахстана ССР. Редкие и находящиеся под угрозой исчезновения виды животных и растений, 2 Растения. - Алма-Ата: Наука, 1981
Быков Б.А. Введение в фитоценологию.- Алма-Ата:Наука, 1970
Быков Б.А. Экологический словарь.- Алма-Ата: Наука, 1972
Шенников А.П. Экология растений.- М: Наука, 1972
Серебряков И.П. Морфология вегетативных органов высших растений.- М.: Советская наука, 1952
Темереева Ф.М., Нурсеитов С.К Жезқазған облысыныц географиясы.-Алматы: Рауан, 1994
Медоев Г.Ц. Устройство поверхности Сары-Арка /Основные идеи М.А. Усова в геологии.-Алма-Ата: АН КазССР, 1960- С. 521-540
Стороженко Д.М. Почвы и условия почвообразования Бетпак- Далы//Известия АН КазССР, сер. Почв., вып. 5, 1949.-С 21-29
Арыстанғалиев С.А., Рамазанов Е.Р. Қазақстан өсімдіктері, Алматы: Ғылым, 1977
Голубев В.Н. Основы биоморфологии травянистых растений в центральной лесостепи.- Воронеж, т.7, 1962
Зиман С.Н. Жизненные формы и биология степных растений Донбасса.- Киев: Наукова думка, 1976
Герасимов И.П. Основные черты развития современной поверхности Турана.- Алма-Ата: Каз.фил. АН СССР, 1937
Попов М.Г.Основы флорогенетики.- М.,Л.:Высшая школа,1947
Лавренко Е.М. Провинциальное разделение Центральноазиатскойи Ирано-Туранской подобластей Афро-Азиатской пустынной области//Бот.журн., т.55, 1970
Тахтаджян А.Л. Флористические области Земли . - Л.: Наука, 1978
Крашенинников И.М. Растительный покров Киргизской республики. - Оренбург: Изд. Киргизского НКЗ, 1946
Бочанцев В.П. Род Salsola / Cостав, история развития и расселения /Автореферат докт.дисс.- Л., 1969
Цвелев Н.Н. Злаки СССР.- Л.:Наука,1975
Грубов В.И. Определитель растений Монголии.- Л.:Наука, 1982
Байтенов М.С. Астрагалы Тянь-Шаня.-Алма-Ата, 1977
Никитин В.В. Сорные растения флоры СССР.- Л.: Наука,1983
Байтенов М.С. В мире редких растений. Алма-Ата: Кайнар, 1986
Карамышева З.В., Рачковская Е.И. Ботаническая география степной части Центрального Казахстана.- Л.: Наука, 1973
Достарыңызбен бөлісу: |