Дипломдық ЖҰмыс мамандығы 5В011300 «Биология»


Биоморфа немесе тіршілік формасы



бет17/24
Дата09.08.2020
өлшемі446,86 Kb.
#76250
түріДиплом
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   24
Байланысты:
Жусан

Биоморфа немесе тіршілік формасы дегеніміз биологиялық ритмдері және өсу пішіні ұқсас келетін өсімдіктер тобы [10]. Зерттелген аймақ жусандарыныңнегізігі тіршілік формалары мен тіршілік ұзақтылығына байланысты түрлердің бөлінуі 4-кестеде көрсетілген. Шөптесін түрлердің басым болуы – өзендер флорасына тән қасиет. Сарысу өзені өңірінің флорасында олар 90 пайызға жуық, оның ішінде 70,4% –көпжылдықтар,18,5% – біржылдықтар.

6-кесте

Зерттелген аймақ жусандар флорасының биоморфалары

р/№

Биоморфалар
Туыс тармағы

жартылай

бұталар


көпжылдық

біржылдық

барлығы

1

Artemisia

2

12

4

18

2

Seriphidium

-

6

-

6

3

Dracunculus

1

1

1

3

Барлығы

3

19

5

27

Флораның пайыздық көрсеткіші

11,1

70,4

18,5

100

Шөптесін өсімдіктердің фонында жартылай бұталар тіршілік формасының пайызы мардымсыз, олардың не бары 3 түрі (11,1%) бар. Зерттелген аймақта түрлері мол көрсетілген Artemisia туыс тармағының өкілдері шөптесін (16 түр - 59%) және жартылай бұта түрінде (2 түр – 7,4%) кездеседі. Seriphidium туыс тармағының өкілдері – бәрі көпжылдықтар (6 түр – 22,2%).Ал Dracunculus-тер– бір-бір тіршілік формасымен көрсетілген: жартылай бұта – 1 түр (3,7%), көпжылдық – 1 (3,7%), біржылдық – 1 (3,7%).

Осы екі кестенің мәліметтерін біріктіре отырып Сарысу өзені жүйесінің өсімдіктер экобиоморфаларының төмендегі көрсеткіштерін жасауға болады:
7-кесте

Сарысу жүйесінің жусандар флорасының

Экобиоморфаларының біріктірілген кестесі


Экоморфа
Биоморфа

Мезофит

Мезо-

ксерофит


Ксерофит

Барлығы

Флораның пайыздық көрсеткіші

Жартылай бұталар

1

2

-

3

11,1

Көпжылдықтар

5

8

6

19

70,4

Біржылдықтар

3

2

-

5

18,5

Барлығы

9

12

6

27

100

Флораның пайыздық көрсеткіші

33,3

44,5

22,2

100




4.4 Ареалдар типтері

Сарысу өзені жүйесінде жусандар флорасынан 27 түрі кездеседі. Аймақтардың флоралық байланыстары түрлердің географиялық таралуын талдау нәтижесінде танылатынын есепке алып, бізге барлық тіркелген түрлерді ареалдар типтеріне қарай біріктірдік.

А.И.Толмачевтің айтуы бойынша, объектінің талдау спецификасына қарай және зерттелу мақсатына қарай ареалдардың бірде мейлінше жалпы, бірде мейлінше детальді классификациясын қолдануға болады. Бізосыған байланысты геоэлементтерді бөлген кезде негізінен М.С.Байтеновтың [25,28] жұмыстарына сүйендік. Жұмыс барысында "Флора Казахстана" [1], "Определитель растений Средней Азии" [3] сияқты көп томдықтар мәліметтері қолданылды. И.М.Крашенинниковтың [21], Е.М.Лавренконың [19], М.Г.Поповтың [18], З.В.Карамышева мен Е.И.Рачковскаяның [29] В.И.Грубовтың [24] еңбектерімен танысып шықтық. Сонымен қатар бір қатар авторлардың ареалдар карталарын қолдандық.

Төменде 9 топқа бөлінген ареалдар типтерін қысқаша түсінік (аннотация) түрінде қарастырдық. Сондай-ақ 8-кестедеолардың жалпылама тізімі көрсетілген.

І. Космополиттер. Таралуына Жердің оңтүстік және солтүстік жартышарларының біраз аудандырымен байланысты түрлер тобы. Негізінен олар дымқыл жерлерде өседі. Сарысу өзені өңірінде бұл геоэлементке 1 түр жатады – ащы жусан.

2. Голарктикалық түрлер. Ареалдары негізінен солтүстік жартышардың қоңыржай және биік ендіктерінде созылып жатқан түрлер. Олар ботаникалық-географиялық жағынан Голарктика флоралық патшалығына сәйкес келеді [20]. Бұл топқа кеңінен таралған ермен (қара жусан), понтий жусан (саралжын), біржылдық жусан, шыралжын жатады. Барлығы 4 түр.

3. Палеарктикалық түрлер: Еуропада және Азияның қоңыржай, биік ендіктерінде кездесетін түрлер тобы. Олар – мезофильді, бореалды түрлер. Бұл топқа едәуір дәрежелі көне түрлер жатады. Олар неоген дәуіріндегі Палеарктикалық жазықтық және таулы шалғындарын құрауға қатысқан деп есептеуге болады: тас жусан, мұз жусан, шашақты жусан. Барлығы 3 түр.

4. Батыс палеарктикалық түрлер.Өзінің таралуында Еуропа, Кавказ, Қазақстан және жартылай Батыс Сібір территорияларын алып жатқантүрлер тобы. Бұл элементке шалғынды, шалғынды-дала, дала үйлесімді өсімдіктер бірлестіктерін(ценоздарын) құрайтын дәрі жусан, армян жусан, австрия (бөрте жусан) жатады. Барлығы 3 түр.

5. Шығыс палеарктикалық түрлер– Сібір, Қазақстан, Орта, Орталық және Шығыс Азия (қоңыржай және биік ендіктер) территорияларын алып жатыр. Бұл топқа тән түрлер: ірі гүлді жусан, жапырақты жусан, Турнефор жусан. Барлығы 3 түр.

6. Сібірлік түрлер. Бұл топтық ареалы Батыс және Шығыс Сібір территорияларын алып жатыр. Негізінен бұл топты дымқыл шалғынды немесе шалғынды дала түрлері құрайды: жапырақты жусан, сиверс жусан, жырық жусан, көк шағыр. Барлығы 4 түр.

7.Қаратеңізмаңы-қазақстандық түрлер. Оларға Дунайдың төменгі ағысынан Алтайға дейіңгі тараған түрлер жатады. Е.М.Лавренконың [19] айтуы бойынша, бұл геоэлемент Евразиялық дала облысының бір тармағы болып табылады. Бұл топқа зерттелген аймақта 1 түр жатады: бұта жусан.

8. Қазақстандық түр. Бұл түрлер тобыныңареалы батыс Қазақстаннан бастап Алтайға дейінгі дала аймағын алып жатыр. Ареалдың қазақстандық типі Е.М.Лавренконың [19] Заволга-Қазақстан дала провинциясының көлеміндегі, З.В.Карамышева мен Е.И.Рачковскаяның [29] Заволга – Қазақстандық геоэлементіне сәйкес келеді. Бұл топқа 1түр жатады – тықыр жусан.

9. Тұрандық түрлер. Ареалы Тұран ойпаты аумағына тарайтын негізінен Қазақстан мен Орта Азия жазықтықтарында кездесетін біршама үлкен түрлер тобы. Бұл жазықтықтарға эфемерлі және эфемероидты үйлесімді өсімдіктер бірлестіктері, жусанды және сораңды шөлдер тән. Тұран ойпаты батыста Сарысудың төменгі ағысын кей тұстарда асып өтіп, шығыста Синьцзянға енеді. Бұл топқа 7 түр жатады. Бұл геоэлементтің ішінде батыс тұрандық, шығыс тұрандық, оңтүстік тұрандық түрлерді ерекше бөліп, айтуға болар еді, бірақ олардың ареалдарының шекарасын айқындап айту қиынға соғады.

Cонымен, Сарысу өзені аймағының жусандар флорасының құрамын құрауға географиялық элементтердің 9 түрі қатысады. Бұл элементтердің сан құрамын салыстырсақ, өзен жүйесінің жусандар флорасын түзуге ендік бойында созылған кең байтақ ареалы бар түрлердің рөлі басым екендігін көруге болады: голарктикалық – 4түр, палеарктикалық – 3 түр, батыс палеарктикалық – 3 түр, шығыс палеарктикалық – 3 түр, сібірлік – 4 түр. Бұл элементтіедің үлесіне 18 түр, яғни зертелген аймақтың жусандар флорасының барлық құрамының жартысынан көбі жатады. Олар негізінен Сарысу өзені өңірінің өсімдіктер дүниесінің негізгі фонын құрайтын дымқыл жердің мезофильді түрлері.

Екінші орында Сарысу өзенімаңының жусандар флорасының түр құрамының 1/3 бөлігін алып тұрған шөл элементтерінің түрлері тұр. Олар қалай да болса Тұранмен байланыстытұрандық түрлер – 7 түр.

Сарысу жүйесінің құрамының 1/10 бөлігін далалық аймақты флоралық элементке сәйкес түрлер кешенін қамтиды. Олардың пайыздық саны өте аз.

8 кесте


Сарысу өзені жүйесінің флора түрлерінің ареалдар типіне қарай бөлінуі.



Ареалдар типі

Түрлер саны

Жалпы түрлер санының проц.



Космополиттер

1

3,7



Голарктикалық

4

14,8



Палеарктикалық

3

11,1



Батыс палеарктикалық

3

11,1



Шығыс палеарктикалық

3

11,1



Сібірлік

4

14,8



Қаратеңізмаңы-қазақстандық

1

3,7



Қазақстандық

1

3,7



Тұрандық

7

26,0




Барлығы:

27

100%

4.5 Эндемдік түрлері


Сарысу өзені жүйесінің жусандар флорасындаүш эндемдік түр ғана анықталды. Олар – Seriphidium (Bess) Rouy туыс тармағына жататын шыбық жусан менқұрғақ жусан және Artemisia Less туыс тармағынан – етті жусан, олар жалпы түрлер санының 11,1% құрайды. Эндемизмнің аз болуы флораның төрттік кезеңінде тегістелуімен тікелей байланысты.
Төменде біз осы эндемдік түрлердің сипаттамасын бердік.
Seriphidium (Bess) Rouy туыс тармағы

Шыбық жусан

Биіктігі 45 см-ге дейін жететін көпжылдық өсімдік. Өсімдік денесін киіз тәрізді түк қалың басқан, сол себепті шыбық жусанның түсі сұрғылт келеді. Вегетациялау кезеңінің соңына таман денесін басқан түгі азаяды. Тамыры едәуір жуан, сүректенген.

Тамырдан жерге төселіп өсетін және жоғары қарай көтеріле өсетін көптеген қысқарған жеміссіз өркендері таралған. Олар жемісті өркендерімен бірігіп едәуір тығыз шымды құрайды. Жемісті өркендері көп, шыбық пішіндес тік өседі немесе төменгі жағынан бастап көтеріле өседі. Бұтақшалары қисая жоғары қарап немесе салбырап өседі.

Жеміссіз өкендерінің жапырақтары мен сабақтың төменгі жапырақтары сағақты келеді. Сағағының төменгі жағында ұзындығы 2-4 см, ені 1,5 см жететін сопақ немесе сопақ-жұмыртқа пішіндес әрі өрмекшінің торындай жүқа түкті құлақшалары болады. Жапырақтары қауырсынды, жапырақтың шеткі бөліктері бүтін жиекті немесе 2-4 ланцет пішіндес үшкір бөліктерге терең тілімделген. Гүл маңындағы төменгі жапырақтары қауырсынды, қондырмалы, ал жоғарғылары – таспа пішіндес, бүтін жиекті.

Гүлсебеттері қысқа сағақты, жұмыртқа пішіндес, ұзындығы 3-4 мм,жоғары қарай тік өскен пирамида пішіндес жіңішке не жалпақ сыпыртқыгүлге жиналған. Гүлорамы жапырақшалары жүн пішіндес түкті, сыртқы жапырақшалары жұмыртқа пішіндес, ішкілері – сопақ-жұмыртқа пішіндес. Сыртқы гүлорамы жапырақшалары ішкілеріне қарағанда әлде қайда қысқа. Гүлорамы жапырақшаларының жиегі жарғақты болып келеді. Гүлдері қос жынысты, себеттегі саны – 3-4. Күлтесі түтікшелі, сары түсті, немесе ақшыл сия-көк түсті.

Тамыз айынан бастап қыркүйек бойы гүлдейді.

Зерттелген аймақта Сарысу өзенінің төменгі ағысында және Сарысудың негізге саласы - Қаракенгір өзенінің сортаң жағалауларында өседі.
Құрғақ жусан
Биіктігі 34 см-ге жететін көпжылдық өсімдік. Денесін киіз тектес түк басқан, сол себептен өсімдік сұрғылт-жасыл түсті келеді. Кейін түктері жартылай түлеп түседі. Тамыры жуан, сүректенген, көп басты. Ол өсімдіктің ескі дараларында вертикалды бағытта бірнеше бөлікке жарылып, сүректенген қысқа, едәуір жапырақтанған жеміссіз көп өркендерді береді. Олар жеміс беретін (5-10) сабақтармен бірге жерден жоғары қарай биік көтеріле өсетін бос шымдарды түзеді. Жеміс беретін сабақтарының түбі қисайған не тік өседі, едәуір жуан, жоғарғы жағы тармақталған.

Жеміссіз сабақ жапырақтары және сабақтың төменгі жапырақтары сағақсыз, қондырмалы, сопақ-жұмыртқа пішіндес, ұзындығы 1-3 см, ені 1,5 см-ге дейін, асты-үстін қысқа кою киіз тәріздес түк басқан, жиі екі мәрте қауырсынды тілімденген. Соңғы жапырақтық бөліктері таспалы-жіп немесе жіңішке таспа пішіндес, аса ұзын емес – 4 мм. Сабақтың орта бөлігіндегі жапырақтары – қондырмалы, табанында қауырсынды тілімделген құлақшалары бар. Ал гүл маңы жапырақтары – жәй, таспа пішіндес және сыпыртқыгүл шоғырынан аспайды.

Гүлсебеттері сопақ жұмыртқа пішіндес, ұзындығы 2-3 мм, қондырмалы не қысқа түбірлі, шошайып тік өскен, топтасып жіңішке-пирамида пішіндес сыпыртқыгүлді құрайды. Гүлорамы 3-4 қатарлы: бірінің үстіне бірі орналасқан томпайған жапырақшалардан құралған және сұр киіз түкті. Сыртқы гүлорамы жапырақшалары жұмыртқа пішіндес, ұсақ, ішкілеріне қарағанда әлде қайда қысқа. Ішкі гүлорамы жапырақшалары сопақ-жұмыртқа пішіндес, жиегі жарғақты болып келеді. Гүлдері қос жынысты, себеттегі саны – 3-5. Күлтесі түтікшелі, сары түсті, немесе ақшыл сия-көк түсті.

Тамыз айынан бастап қыркүйек бойы гүлдейді.

Зерттелген аймақта Сарысу өзенінің төменгі ағысында және Сарысудың негізгі саласы - Қаракенгір өзенінің сортаң жағалауларында өседі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет