Дипломдық ЖҰмыс мамандығы 5В011300 «Биология»



бет15/24
Дата09.08.2020
өлшемі446,86 Kb.
#76250
түріДиплом
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   24
Байланысты:
Жусан

Seriphidium (Bess) Rouy туыс тармағы


  1. *Artemisia scopiformis Ledeb. – Шыбық жусан – тұрандық түр. Ксерофит. Саз және саздақ топырақты шалғындарда, сор мен тақырлар жиегінде, көне өзендер террасаларында өседі. Көпжылдық. VII-ІХ гүлдейді.

Эндем.

  1. Artemisia terrae-albae Krasch. – Тамыр жусан – тұран-моңғолдық түр. Ксерофит. Шоқылар етегінде, сайлар мен құрғақ шалғындарда өседі. Көпжылдық. VIIІ-Х гүлдейді.

Шаруашылық маңызы: жем-шөптік.

  1. * Artemisia semiarida (Krasch.et Lavr.)Filat. – Құрғақ жусан – солтүстік тұрандық түр. Ксерофит. Сортаң топырақтар мен сорларда, өзеннің сор-құрғақ жағалауларында өседі. Көпжылдық. VII-ІХ гүлдейді. Эндем.

Шаруашылық маңызы: жем-шөптік.

  1. Artemisia nitrosa Web.ex Stechm. – Кебір жусан – солтүстік тұрандық түр. Ксерофит. Сор және сортаң шалғындарда, тұзды көлшіктер мен өзеннің ұсақ жұмыр тасты жағалауында өседі. Көпжылдық. VIIІ-ІХ гүлдейді.

Шаруашылық маңызы: жем-шөптік.

  1. Artemisia schrenkiana Ledeb. – Шренк жусан –солтүстік тұрандық түр. Ксерофит. Сортаң және сор шалғындарында, өзен террасалыры мен сайларда, тоған жағалауында өседі. Көпжылдық. VIIІ-ІХ гүлдейді.

Шаруашылық маңызы: жем-шөптік.

  1. Artemisia sublessingiana Krasch.et Poljak. – Майқара жусан – шығыс тұрандық түр. Ксерофит. Шоқылардың шағыл тасты және сазды беткейлерінде, уақытша су ағарлардың құрғақ арналарында өседі. Көпжылдық. VIIІ-ІХ гүлдейді.

4.2 Флораның систематикалық құрылымы

Қазақстан флорасында Жусандардың 81 түрі өседі. Жоғарыда аннотациялық түрде келтірілген Қарағанды облысы Сарысу өзені аймағының жусандар флорасында 27 түр көрсетілген. Біз осы өңірде өсетін жусандарды туыс ішінде 3 туыс тармағына бөлдік. Флораның кейбір қасиеттері мен белгілерін анықтау үшін статистикалық салыстырмалар жасау керек.Ең алдымен таксондық топтардың құрамын қарастыру керек:туыс тармағы, түркатегорияларыныңқатынасы төмендегідей болады. (3-кесте)
3 кесте

Сарысу өзені аймағының жусандар флорасының құрамы






Туысы тармағы

Түрлер саны

Пайыздық көрсеткіші



Artemisia

18

66,7



Seriphidium

6

22,2



Dracunculus

3

11,1






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет