Дипломдық ЖҰмыс мамандығы 5В011300 «Биология»


Artemisia Less туыс тармағы



бет13/24
Дата09.08.2020
өлшемі446,86 Kb.
#76250
түріДиплом
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   24
Байланысты:
Жусан

Artemisia Less туыс тармағы

  1. Artemisia abrotanum L. (A. procera Willd.) – Дәрі жусан – батыс палеарктикалық түр. Мезофит. Өзен мен тоғандар жағалауында, сортаң дымқыл жайылма шалғындарында, қайың тоғайшықтарында өседі. Жартылай бұта, VII-VIII гүлдейді.

  2. Artemisia vulgaris L. – Ермен, қара жусан – голарктикалық түр. Мезофит. Орман жиегінде, өзен аңғарлларында, шалғындарда, бұталар арасында, қайың тоғайшықтар жиегінде өседі. Көпжылдық, VII-VIII гүлдейді.

Шаруашылық маңызы: дәрілік өсімдік, кейде бау-бақшаның арамшөбі

  1. Artemisia armeniaca Lam. – Армян жусан – батыс палеарктикалық түр. Мезоксерофит. Құрғақ қау-түрлішөпті шалғындарда, бұталар арасында, өзен аңғарларында, сирек таудың тасты беткейлерінде өседі. Көпжылдық, VII-VIII гүлдейді.

  2. Artemisia absinthium L. - Ащы жусан, ермен – космополит. Мезофит. Шалғындар мен жайылымдарда, бұталар арасында, қыстаулар маңында өседі. Көпжылдық, VII-VIII гүлдейді.

Шаруашылық маңызы: ликер-арақ өндірісінде қолданылады

  1. Artemisia latifolia Ledeb. – Жапырақты жусан –еуропа-сібірлік түр. Мезоксерофит. Сортаң шалғындарда, орман жиегінде, таудың тасты және шағыл-тасты беткейлерінде, бұталар арасында өседі. Көпжылдық. VII-VIII гүлдейді.

  2. Artemisia sieversiana Willd. - Сиверс жусан – еуропа-сібірлік түр. Мезоксерофит. Сортаң шалғындарда, орман жиегінде, таудың тасты және шалғынды беткейлерінде, өзен жағалауларындағы опырынды жерлерде өседі. Егістікті шөптейтін арамшөп. Біржылдық. VII-VIII гүлдейді.

  3. Artemisia laciniata Willd. – Жырық жусан – сібірлік түр. Мезофит. Шалғындарда, ойпаң жерлерде, бұталар арасында өседі. VII-VIII гүлдейді.Сортаң және сор шалғындарда, өзен аңғарлары мен тоғандар жағалауында, құрғақ тау шатқалдарында, бұталар арасында өседі. Көпжылдық. VII-VIII гүлдейді.

  4. Artemisia pontica L. – Понтий жусан, саралжын жусан – голарктикалық түр. Мезоксерофит. Сортаң және сор шалғындарда, орман жиегінде, бұталар арасында, сай-сала мен құрғақ арналарда, өзен террасаларында өседі. Көпжылдық. VIII – ІХ гүлдейді.

Шаруашылық маңызы: жем-шөптік

  1. Artemisia macrantha Ledeb. – Ірі гүлді жусан – шығыс палеарктикалық түр. Мезоксерофит. Сортаң шалғындарда, бұталар арасында,қайың тоғайшықтар жиегінде, тасты шоқылар етегінде, сайларда өседі. Көпжылдық. VII-VIII гүлдейді.

  2. Artemisia proceriformis Krasch. – Бұта жусан – қаратеңізмаңы-қазақстандық түр. Мезоксерофит. Аймақтың саздақ топырақтарында, сортаң жерлерде, өзен аңғарлары мен құрғақ сайларда, көлшіктер жағалауында, бұталар арасында өседі. Жартылай бұта. VII-VIII гүлдейді. Аймақтың барлық жерлерінде кездеседі.

  3. Artemisia tournefortiana Reichenb. – Турнефор жусан – шығыс палеарктикалық түр. Мезофит. Аймақтың саздақ топырақтарында, сортаң жерлерде, өзен аңғарлары мен құрғақ сайларда, көлшіктер жағалауында, бұталар арасында өседі. Біржылдық. VII-VIII гүлдейді.

  4. Artemisia glabella Kar.et Kir. – тықыр жусан – қазақстандық түр. Мезоксерофит. Тау мен шоқылардың тасты беткейлерінде, жұмыр тасты құрғақ арналарда, тастардың арасында өседі. Көпжылдық. VII-VIII гүлдейді.

  5. Artemisia rupestris L. – Тас жусан – палеарктикалық түр. Мезоксерофит. Сортаң, сор шалғындарда, құмдақ және тасты құрғақ өзен аңғарларында өседі. Көпжылдық. VII-VIII гүлдейді.

  6. Artemisia austriaca Jacq. – Аустрия жусан, бөрте жусан – батыс палеарктикалық түр. Мезоксерофит. Құмдақ және құмды сортаң шалғындарда, өзен аңғарларында, жол бойында өседі. Көпжылдық. VII-ІХ гүлдейді.

  7. Artemisia annua L. – Біржылдық жусан – голарктикалық түр. Мезоксерофит. Күл-қоқыс жерлерде, қыстақтар маңында, бау-бақшада арамшөп ретінде аймақтың барлық жерлерінде өседі. Арамшөп. Біржылдық. VII-ІХ гүлдейді.

  8. *Artemisia succulenta Ledeb. – Етті жусан – тұрандық түр. Мезофит. Сортаң және сор шалғындарда, өзен мен тоған жағалауында өседі. Біржылдық. VIІІ-ІХ гүлдейді. Эндем.

  9. Artemisia frigida Willd. – Мұз жусан – палеарктикалық түр. Мезоксерофит. Шоқылардың тасты беткейлерінде, жартастарда өседі. Көпжылдық. VIІІ-ІХ гүлдейді.

Шаруашылық маңызы: жем-шөптік

  1. Artemisia sericea Web. - Жібек жусан – шығыс палеарктикалық түр. Мезоксерофит. Шалғындарда, бұталар арасында, орман жиегінде, тау мен шоқылардың тасты және шағыл тасты беткейлерінде өседі. Көпжылдық. VII-VIII гүлдейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет