Дипломдық ЖҰмыс мамандығы 5В011300 «Биология»



бет9/24
Дата09.08.2020
өлшемі446,86 Kb.
#76250
түріДиплом
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   24
Байланысты:
Жусан

1.3 Топырағы
Жезқазған аймағының топырақ жамылғысы, өсімдіктері дүниесі әр алуан. Топырағы географиялық таралуында өзара тығыз байланыстылық бар. Ол солтүстіктен оңтүстікке қарай ендік бағытында өзгереді. Себебі осы бағытта ауа температурасы жоғарылап, ылғалы азаяды.

Жезқазған аймағының топырақ жамылғысының өзіндік ерекшелігі бар. Жұқа қабатты, қарашірігі аз, қиыршық тасты, құрамында суға тез еритін тұздары көп болғандықтан, сортаңды келеді.

Солтүстіктен оңтүстікке қарай ендік бағытындағы қызғылт, ашық қызғылт, қоңыр және сұр қоңыр топырақ кездеседі. Осы негізгі топырақ түрлерінен басқа шалғынды қызғылт, шалғынды қоңыр, шалғынды сазды топырақ түрлері де дамыған. Әдетте, бұл топырақтар ылғалды, органикалық қалдығы мол ойпандарда, өзен аңғарларында түзіледі. Басқа топырақ түрлерімен салыстырғанда нағыз қызғылт топырақта қаршірік біршама жоғары –2,5 - 3,5 % ал, құнарлы қабат қалыңдығы 15-35см, оңтүстікке қарай қоңыр топырақ дамыған және ол аймақтың батысынан шығысына қарайғы алапты қамтиды.

Топырақтанушы С.А. Стороженконың еңбектеріне сәйкес Сарысу өзенінің аңғары негізінен аллювиальді шөгінділерден құралған және онда топырақтың гидроморфты қатары дамыған: сортаң шалғынды сұр топырақ, сор шалғынды сұр топырақ, сортаң шалғынды және сорлы шалғынды топырақтар [13].

Сортаң шалғынды сұр топырақ жер асты сулары терең орналасқан өзеннің жайылма үсті террасаларында дамыған. Бұл топырақтардың түзілуі жер асты суларының бір мезгіл көтеріліп, шөгіп, соның нәтижесінде сордың тұщылануына байланысты.

Сор шалғынды сұр топырақ өзен аңғарларының шеттері мен көтеріңкі жерлерінде және ағынсыз ойпаң жерлерінде орналасқан.

Сортаң шалғынды топырақтар өзен жайылмасында жер асты сулары жақын орналасқан жағдайларда таралған.

Сорлы шалғынды топырақтар қамысты және ажырықты үйлесімді өсімдіктер бірлестіктерінің басым болуымен сипатталады.

Сарысу өзенінің Бетпақдала бөлігіндегі сол жақ жағалауларында Мойынқұм, Сәменқұм, Жетіқоңыр т.б. құмды алаптары бар.


1.4. Климаты


Ф.М.Темерееваның анықтамасы бойынша зерттелген аймақтың климаты шұғыл континентальды: қысы суық, қары аз, ал жазы болса – ыстық, құрғақ. Климаттың континентальдығы ауа температурасының жылдық және тәуліктік амплитудаларының үлкендігімен анықталады [11].

Ең суық айдың – қаңтар айының – тәуліктік орташа температурасы 12-19. Облыс бойынша абсолюттік минимумның орта мөлшері - 32-40, ал абсолюттік максимумы - 47-57-қа тең. Ең жылы ай – шілде айының тәуліктік орташа температурасы 19-27. Абсолюттік максимум 38-46жетеді. Жылдық абсолюттік амплитуда, яғни ауа температурасының абсолюттік максимум мен абсолюттік минимум мөлшерінің айырмасы - 102 тең.

Тәуліктік ауа температурасы 0- тан жоғары жылы кезең 198 – 223 күнге дейін болады. Ауадағы аязсыз кезең 90 – 170, топырақтағы 70 – 160 күнге дейін жетеді.

Жауын-шашын мөлшері жыл бойына біркелкі түседі. Мәселен, оңтүстікте – 177 мм, ал Ұлытау аймағында 268 мм – ге дейін жауады.

Жазда бұлтты күндер аз. Қысы суық, қар жамылғысы біркелкі болмайды. Дала аймақтарында оның қалыңдығы 15 – 30 см, ал ұсақ шоқы бөлігінде 35 см және одан да жоғары (Қызылжар станциясында 45 см – ге дейін жетеді). Тұрақты қар жамылғысы бар кезең 85 – 150 күнге дейін созылады.

Желдің орташа жылдамдығы 3-4 м/сек, жылына 5-32 күнге дейін 15 м/сек және одан да жоғары жылдамдықты жел соғады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет