1.6 Өсімдік жабындысы
Өсімдіктер дүниесінің өзіндік аймақтық ерекшеліктері бар. Біріншіден, өсімдіктер жамылғысы сирек, құрғақшылыққа төзімді. Өсімдіктер жамылғысы солтүстіктен оңтүстікке қарай сирейді.
Жезқазған аймағында 1000-ға жуық өсімдік түрі бар, оның 92% - шөптесінді, 7% - бұталы, ал қалған 1% ғана ағаштар.
Солтүстік Терісаққан және Шерубай-Нұра өзендерінің алаптарында құрғақ даланың өсімдіктері дамыған. Астық тұқымдастарынан - селеу, боз, кәдімгі бетеге, жуашықты қоңырбас, қылтықсыз қызылот т.б. өседі.
Аймақтың орталық кең алабында дала мен шөл өсімдіктерінің араласуынан шөлейтті түрлері дамыған. Құрғақ даламен салыстырғанда, өсімдік жамылғысы сирек. Ерте көктемде өсімдікқаулап өседі.Жазға қарай қурайды. Көпжылдық түрлерден тырсық, бетеге, боз, тарақ бидайығы, жусанның 30-дан аса түрі өседі: сирек бас, сұр бас, сораңды жерлерде – сораң, қара жусан, сортаңды бұйырғын, көкпек, итсигек басым. Өзен аңғарларында ақмамық, ши мен су оты өседі.
Бұл аймақта бұталардан жиі өсетіні – қараған, тобылғы, долана, итмұрындар. Өзен аңғарларында тал мен жидеден тұратын өте сирек тоғайлар сақталған.
Солтүстік Терісаққан және Шерубай-Нұра өзендерінің алаптарында құрғақ даланың өсімдіктері (ксерофиттер) дамыған.
Бұл өсімдіктер құрғақшылыққа төзімді, астық тұқымдастары мен жусанның бірнеше түрлерінен тұрады. Астық тұқымдастарынан - селеу (Аristida), боз (Stipa), кәдімгі бетеге (Festuca sulcata), жуашақты қоңырбас (Роа bulbosa), қылтықсыз қызыл от (Bromus inermis), шашыраңқы тарышық (Milium effusum) т.б. өседі.
2 сурет. Көде
|
Аймақтың оңтүстігіне қарай өсімдіктер арасында Қоңырбастардан - боз бен көде (2сурет) басым бола бастайды. Бұл астықтардың әрбір түбі кептеген сабақ-тан құралады. Әрбір сабақтың түбірінде - жер бетінде бүршіктері бар. Күзде биылғы шыңңан сабақтары қурап қалады да, келесі кектемде әлгі бүршіктерден жас сабақтар өсіп шығады. Қураған бұтақтарының бірқатарын жел, қар сындырып, олар топыраққа түсіп ші-риді. Қурап қалған сабақтарының біразы, бойындағы бозарған ескі жапырақтарымен бірге, бұрынғы орнында қалады да, жаңадан шыққан жас сабақтармен араласады. Сейтіп, боз бен көденің түптерінің көлемі жылдан-жылға ұлғая береді, ол жер шұқанақтанып кетеді.
|
Көде мен боздың түбінде ескі және жаңа сабақтары бір-біріне ұйығып - бітік шығып, олардың түптері өте тығыз болады. Сондықтан да мұндай шөптерді тығыз түпті астықтар дейді.
Қыста бұлардың түптеріне үрлесін қар кептеліп қалады, сонымен қатар көктем мен жазда түнде түскен шық құрғақ сабақтары мен жапырақтарына сіңеді. Сондықтан, тіпті жаз айларының өзінде де, дала астықтарының арасы салқын және ылғалды болады. Соның арқасында боз бен көде құрғақшылықтан қорықпайды. Мұнда бұршақ тұқымдас өсімдіктер де көп.
Көптеген жылдар бойы топырақтың бетінде де, ішінде де астық жапырақтарының, сабақтарының және тамырларының қураған қал-дықтары бірте-бірте көбейіп жинала береді. Бұл қалдықтар жасыл өсімдіктермен біріге отырып шым қабатын түзеді.
Астықтар мен бұршақ тұқымдас өсімдіктерден пайда болған шымнан, қара топырақ түзіледі. Далалы жердегі топырақты шөптің шымы жауып, топырақтың бетін көрпе сияқты бүркеп жатады, сөйтіп, ондағы судың булануын кемітеді. Бірақ тығыз шым астықтар мен бұршақ тұқымдас өсімдіктер тұқымының өніп шығуына қиындық келтіреді. Сондықтан астықтар мен бұршақ тұқымдас өсімдіктерде тұқымдарын таратуға және олардың топыраққа өтуіне тамаша бейімділік пайда болған.
Мысалы, бұршақ тұқымдас өсімдіктердің құрғақ жемісі піскен кезде, жеміс қаптары ұзына бойына шытынап жарылады да, алғашында науа тәрізді болып тұрған қақпақтары ширатылып қалады. Бұл кезде олардың ішіндегі домалақ пішінді және ақ түсті ірі тұқымдары шашылып барып жерге түседі. Олар шымның бетімен домалап барып, топырақтың жарығына кіреді де, осы арадан өніп шығады. Астықтарда тұқым таратудың басқа бір жолы пайда болған. Мысалы, қылтық бетеге дәнегінің бір шетінде бұрғы тәрізді үшкір тікенегі болады. Оның үстіңгі бетінде айнала шыққан көптеген қылшықтар бар. Дәнектің екінші шетінде ұзындығы 5-8 сантиметрдей келетін жіңішке, иілгіш қылтанақ біткен. Қылтанақтың ұшы иіліп барып, онан да жіңішке бозғылт түсті қауырсынға айналған. Бұл қауырсынның білігін бойлап мамық тәрізденген үлпілдек, өте жіңішке түкшелер орналасады. Бетегенің жемісі піскен кезде, әрбір масақ ашылып, одан үлпілдеген айдарша көтеріледі.
Жел соққанда қауырсындарымен бірге бетегенің дәнектері де ілесе шығып, желмен бірге сапар шегеді. Қылтанақтың қауырсынға қарсы шетінде бетегенің бұрғы тәрізді үшкір және салмақты дәнегі болады. Бұл дәнек қылтанақтың бір шетінде парашютқа асылған адам тәрізді - салбырап турады. Бетегенің жемісі өзінің үшкір ұшымен шымға келіп қадалады да, жер бетінде қалықтап тұрады. Жел соққан сайын қылтанақтың қауырсыны желпілдейді де, дәнектің ұшындағы бұрғы тәрізді бөлімі шымға онан әрі бұралып кіре береді. Дәнек түнде қылтанағы дымқылданған кезде жазылады да, ал күндіз кебе бастаса - қайтадан ширатылады. Соның салдарынан дәнек тағы да бұралып, шымнан өтіп, топыраққа жетеді. Дәнекті топырақтан шығару қиын, қауырсын түбіндегі қылтанақтар жазылып кетеді - сол күйінде осы жерден орын теуіп, тұқымы өне бастайды.
Аймақта қылтанақтарында мамық тәрізді түкшелері жоқ бетеге де болады, оларды қау бетегенемесе қылтық бетегедеп атайды. Бұл бетегенің қылтықты жемістері қойға өте қауіпті. Олар қойдың жүніне жабысып, одан соң терісіне қадалады, одан әрі етіне және ішкі мүшелеріне өтеді. Егерде жемісі піскен кезде ондай бетегелі жерге жайылатын болса, қой ауруға шалдыға бастайды. Оны малшылар «қой қылтықтады» дейді. Әдетте мұндай жайылымға жылқы жаяды. Жылқы бетегенің піскен жемістерін шымға таптап тастайды. Одан соң осы араға жаздың екінші жартысында қой жаюға болады. Ең дұрысы - мұндай жерде өскен қылтық бетегені жемісі піспей (қылтығы қатаймай) тұрып шауып алу.
Егістік алқабына, бау-бақша дақылдарын өсіруге айналған жерлерде бұрынғыдай самал желге шайқалған бетеге жоқ. Жазық далада, топырақты желдің әр қилы әсерінен шым қорғайтын, ал айдалып шымы жыртылған, топырағы аударылған жердің үстінен аңыраған боран соғады. Мұндай боран құм ұшырып, шірінділерді, өсімдіктің қоректенуіне керекті минерал тұздарын аспанға көтеріп өзімен бірге алып кетеді. Соның салдарынан топырақ құнарлы заттарынан айырылады. Кенеттен шаңды боран соғады. Боран ысқырып, дауыл тұрып көкжиектен қара бұлт шығады. Ол аспанды қаптап, күн көзі қарауытып, қараңғы түседі. Аспаннан сатырлата құм құйып, қара тозаң қаптайды, ол болар-болмас саңылаудан да үйге кіреді. Егін жай мен бау-бақшалардағы жас өскіндерді пышақпен кескендей отап кетеді. Осының салдарынан топырақ құнарлылығы кеміп, топырақ эрозияға ұшырайды. Топырақ эрозиясына, аспаннан сатырлата құм құйдыратын және қара тозаң қаптататын дауылдарға қарсы күрестің әдісі табылды: егістіктің жанынан бойлата, қатарлап ағаш отырғызылады, яғни егіс қорғау алқабы жасалады. Қазақстанның дала аймағында көбінесе қарағаш егіледі.
Қою болып шыққан өскіндерге құрғақшылық та, далалы жердің бітік шыққан шөбі де қауіпті емес. Бұл ағаштардың өскіндері өркендеп жетілгенше, 4-5 жыл бойы әрбір ұяның аралығына қара бидай, арпа егіледі. Бұл дақылдар егілген ағаштардың өскінін желден қорғайды және олардың өсуіне ешбір бөгет жасамайды. Осы уақыттың ішінде ұяда өсіп тұрған жас ағаштардың тамырлары бір-бірімен ұласып, бұлардың барлығы бірігіп бір тұтас организм болып шығады.
Ормандарда өсіп тұрған жеке ағаштардың кейбір бұтақтары қурап қалады, ал кейбіреулері - өсіп тұрады. Қурап қалған бұтақтардың ішіндегі қорға жиналған қоректік заттары, ағаштың дің сабағына ағып кетеді. Содан әрі бұл заттар жапырағы бар жас бұтақтарға - өркендерге келеді. Сонымен, ағашқа пайдалы заты түгел кеткен бұтақтың қалқиған қу сулдесі ғана қалады; оның салмағы – жеңіл, сүрек кеуек болады.
Әрбір ұядағы ағаштар да осындай жағдайды басынан өткізеді. Сондықтан ағаштардың кейбір бұтақтары қурап қалады да, олардағы қоректік заттар сабақ пен бұтақтың түтіктері арқылы тірі қалғандарына ағып барады, бұлар тез өседі. Егістікті бойлай еккен ағаштар бұтақтары өз ара түйісіп, қалың еседі, соққан желдің күшін әлсірететін қалқа пайда болады.
Ағаштардың араларына бұталар, мысалы бұтақты қарағанотырғызады. Бұтақты қараған далалы аймақтың сай-салаларында, жыраларында жабайы күйінде өседі. Осы күнгі Қарағанды облысында бұрынғы кезде қараған, соның ішінде бұтақты қараған қалың шілік болып өскен. «Қарағанды» деген ат содан шыққан.
Eric қорғау алқабына қар кеп жиналады. Жиналған қар көктемде ериді де, оның суы алқап маңындағы егістікке барады. Соның арқасында бұл жерге егілген дақылдардың түсімі артады. Бұған қосымша, дала аймағының құрғақ жерлеріндегі егістікке қарды қолдан да тоқтатады. Арнаулы құралдармен жабдықталған трактор қарды жал-жал етіп үйеді.
Осы қар көктемде баяу ериді де, егістікке сіңеді. Орылған дақылдардың паяларын, жүгері мен күнбағыстың сабақтарын сол күйінде атыздарында қалдырады. Атызда қалдырылған сабақтардың ық жағына жел үрлеген қар үйіледі.
Егістікте талай тамаша құбылыстарды байқауға болады. Мұнда мәдени өсімдіктермен бірге, арам шөптер де өседі. Мәдени өсімдіктердің жақсы өсіп, мол түсім беруі үшін керекті жағдайларды адам қолдан жасайтын болса, арам шөптер ол жағдайға өздері бейімделеді. Бұларға қарсы үнемі күрес жүргізіледі, егістікті арам шөптерден тазартады, бірақ арам шөптерде егістікке таралуға мүмкіншілік туғызатын бейімділіктер болатындықтан, егісті қайта басады.
Егістік алқапта аса зиянды арамшөптің бірі – қалуен. Бұл кейде кісі бойы болып өседі. Тікендері үлкен, өткір, сондықтан оны мал жемейді. Қалуеннің жемістерінде, бақбақтікі сияқты, үлпілдеген талшықтары болады. Жел тұрған кезде олар парашют сияқтанып әуеде ұшып жүреді. Оның жемістерін жел жан-жаққа ұшырып таратады, сөйтіп, бір жерде өскен қалуеннің тұқымы 2 - 3 жылдың ішінде жүздеген гектар егістікке тарала алады. Қалуеннің кіндік тамыры топыраққа терең бойлап енеді, одан жан-жаққа жанама тамырлар тарайды. Бұл жанама тамырлары жердің жыртылатын бетіне жақын жерде көлбеп жатады және тез сынғыш, морт келеді. Жер жыртқанда қалуеннің тамырларын соқаның тісі турап кетеді. Мала басқанда туралған тамыр кесінділері тырманың тістеріне ілесіп, егістікке тарайды. Бұл - қалуеннің көбеюіне қолайлы: тамыр кесінділерінен бүршік, бүршіктен жаңа сабақ өсіп шығады. Қалуен вегетативтік жолмен осылай өніп-өседі. Қалуенді егістік жерді бірнеше рет қайталап терең жырту арқылы құртуға болады. Соңғы кезде қалуенмен гербицидтер арқылы күресіп жүр. Гербицидті егістікке шашуға да, бүркуге де болады. Бұл үшін көбінесе, жер бетімен қалқып төмен ұшатын шағын ұшақтарды пайдалану керек. Қалуен тез тарайтын арам шөп болғандықтан, егістікте аз болса да оны жұлып тастаудың, тамырымен қоса суырып алып, бұларды бір жерге үйіп, кепкеннен кейін өртеп жіберудің маңызы үлкен.
Итқонақ (мышей) – көбінесе тарымен бірге өсетін арамшөп (3 сурет). Алғашқы есіп келе жатқан кезде итқонаң пен тарынын, көгі бір-біріне өте ұқсас болады. Ғасырлар бойы тарыны ңолмен отап келген. Тарыға ұқсамаған итқонақты жұлып тастайтын, ал тарының көгіне ұқсағандары егістікте қала берген, Сөйтіп, тарының көгіне ұқсаған итқонақтар егін жайда жылдан-жылға қалып қояды да, күзге таяу пісіп, олар тұқым береді. Осы кезде де итқонақты жас кезінде тарыдан ажырату қиын.
Қара сұлы – Қазақстанның солтүстік аудандары үшін ең зиянды арам шөптің бірі. Ол бидайға қарағанда суды төрт есе артық буландырады, өзі аң сұлыға өте ұқсас. Қара сұлы мен ақ сұлы-ның бір-бірінен негізгі айырмашылығы – жемістерінің (дәндерінің) құрылысында.Ақ сұлы дәнінің қабыршақтары жұмсақ, дәндеpi ipi, цоректік заттары көп; орып және басып алғанша дәндері сабағының басынан өз бетінше түспейді және төгілмейді. Қара сұлы дәнінің қабыршағы тығыз және қарақошқыл болады, пісісімен дәндері сабағынан төгіліп түседі.
Қабыршақтарының бірінде, бетегенікі сияқты, ширатылған қылтығы болады. Ылғал тигенде қылтық жазылып кетеді, кепкен кезде қайтадан ширатылады.
|
2 сурет. Итқонақ
|
Сөйтіп, қылтығы біресе ширатылып, біресе жазылып кетудің арқасында қара сұлының жемісі жер бетіне тарала бастайды.
Мәдени өсімдіктің себілген тұқымдары мезгілінде қауырт өніп, жақсы өсетін болса, олар арам шөптің өсуіне жол бермей, оны тұншықтырып тастайды. Егін жайда себілген бидайлар бітік, биік болып жақсы өскен жерінде арам шөптер болмайды, бастары кере қарыс - мол өнім береді. Жұмысына салақ қараған кейбір егінші жерді ала жыртса - бір жерін айдап, бір жерін айдамай кетсе - айдалмай қалған жерлерде арам шөп каптап кетеді. Сеялкадан тұқым себілмей, бос қалған жерлерге де арам шөптер қаулап шығады. Сөйтіп, бұл арам шөптер себілген бидайдың көгін тұншықтыра бастайды. Мәдени өсімдіктердің тұқымдары қауырт көктеп шыққан жерлерде арам шөптердің тұқымдары өсе алмай, топырақ арасында қалып қояды. Көп арам шөптердің тұқымдары өнімділігін жоғалтпай бірнеше жыл жата береді. Арам шөп тұқымдарының бұл қасиеті, сол жерді келесі өңдегенде өнуіне жағдай туғызады.
Арам шөбі жоқ, таза егістіктегі бидайлар бірдей сияқты көрінеді. Бірақ, олардың масақтарына зейін салып, мұқият қараса қабыршақтарының түсі, қылтықтарының ұзындығы, масақтарының түптенуі жөнінде азда болса айырмашылық бар екенін байқауға болады.
Оңтүстік жаққа жылжыған сайын климат құрғап, боз топырақ басым бола береді, онда қарашірік қабаты кемиді, өйткені, бұл жерде өсімдіктер сирек өседі. Шөпсіз тақыр жерлер кебейе бастайды. Боз бен көделердің бойы аласара береді. Бұршақ тұқымдастар кемиді. Бөрте жусан деп аталатын бозғылт түсті жатаған ермендер, хош иісті түймедағы, қызғылт түсті ұсақ, гүлдері бар кекіре, бақта өсетін әдемі астраға ұқсамайтын, қызғылт күлте жапырақты дала астралары кездесе бастайды. Шөл даланың сәнге беленетін көрікті кезі - көктем. Топырақтары - ылғалды, шөптері - көк майса, түрлі түсті желектері құбылған әр қилы гүлдері - көзді қызықтырады.
Көктемде даланы сары күлтелі жауқазындар мен майда сары гүлді қаз жуалар жауып кетеді (4 сурет). Бұлар - түбінде пиязшықтары болатын өсімдіктер.
4 сурет Қаз жуа
|
Бұл пиязшықтар топырақтың ішінде тірі күйінде қыстап шығады. Пиязшықтың түбіртегі болады: одан төмен қарай шашақ тамырлар өсіп шығады. Түбіртектің үстіңгі жағында қысқа ғана кішкентай сабағы бар; оның айналасын қоршап жатқан бірнеше жапырақ болады. Ол жапырақтарының түсі - ақ, ішіне шырынды қорек заттары толған. Жапырағының сырты кеуіп - қабыршаққа айналған. Пиязшықтың шырынды жапырақтарында болатын қоректік заттары көктемде сабағына барады. Соның арқасында сабақ тез өседі де, одан жер бетіне
жас жапырақтары мен гүлі шығады.
|
Осы сияқты пиязшықты өсімдіктер гүлдеп, көктемде жер бетін кілемдей құлпыртады.
Көктемде бұлардың жапырақтарында қоректік заттар тез жинала бастайды. Бұл кезде жер астында жаңа пиязшық пайда болады да, құрғақшылық түсе бастаған жаз айларында әлгі қоректік заттар пиязшыққа жинала береді.Тұқым пайда болысымен, жер бетіндегі сабақтары мен жапырақтары қурап қалады. Ал жаңағы пайда болған жас пиязшықтар құрғақ жаз бойы және аязды қыс айларында топырақтың ішінде сақталып жатады да, көктем шығысымен тағы да гүлдейді. Дала аймағында мекендейтін барлық шөп қоректі жәндіктер – тышқан, қосаяқ, сарышұнақ – жаңағы шырынды пиязшықтарды әуес көріп жейді. Жаз айларында далалы жердің шұқанақтарында үйіліп жатқан пиязшықтың құрғак қабыршақтары көрінеді.
Дала аймағының (оңтүстігін) көп жерін күңгірт сарғылт және ашық сарғылт түсті топырақтар алып жатады. Мұндай жерлерді жыртуға болады, бірақ ауа райы құрғақ болған жағдайда дәнді дақылдардан алынатын өнім аз болады. Сонымен қатар, мұндай топырақты жерге басқа мәдени есімдіктердің барлық іріктемелерін егуге келмейді.Егер ол жерлерді суландырса, олардан мол өнім алуға болар еді.
Құрғақ далалы жер топырағын көбіне 20 см тереңдіктен бастап сор басады. Ауа райы құрғақ болған кездерде, тереңде жатқан су жаз бойы буланады. Сол уақытта сумен бірге ілесе шыққан тұз топырақтың барлык, горизонтына сіңеді.
Жаңбырдан соң, бұл даладағы тұз сіңген жердің топырағы иленіп, саз балшыққа айналып кетеді. Оған машина тығылып, журе алмайды. Сөйтіп, даланың үстіңгі бетінің топырағы тұзды сортаң болады. Сор және сортаң жерлерде ескен өсімдіктерге қарап, бірден білуге болады. Бұл жерлерде боз бен көде сирек кездеседі де, оның орнына жусан көп өседі. Мұндай жерден жапырақтарының түсі күңгірт жасыл, сирек және кебірсіген қара бұтақтары бар жусан бірден көзге түседі. Бұл - қара жусан: оны майқара деп те атайды. Бұл жусанды жеген қой тез семіреді. Жусанға семірген қойдың майы тоңазығыш және дәмді болады.
Топырақта тұз көбейсе, далалы жердің отынан қоңырбастар сирей бастайды. Бұлардың орнын бозғылт майда жапырақтары мен реңсіз жасыл гүлдері бар ұсақ бұталар алады. Аласа бұта көкпекпен теріскен (5 сурет) көп өседі. Бұл бұталар егін жай мен бақшаларда арам шөп болып өсетін алаботаға ұқсас. Сондықтан да бұлардың барлығы алабота тұқымдасына жатады.
Егер бидай егілген далалы жердің бетіне теңбілденіп сор шығатын болса, ондай жерде өнген бидай көгі бірден сарғаяды. Бидай өсіп шыққан күннің өзінде де аласа болып шығады да, дәні қатты болып қалады. Сор жерді минералдық тыңайтқыш – гипстің ақ ұнтағын қосып, одан кейін көп мөлшерде қи төгіп жыртады. Бұдан кейін сор бұзылып, ашық күлгін түсті құнарлы топыраққа айналады.
Ашық қоңыр және күңгірт қызғылт топырағы басым келген жерлерді егіске арнап жыртады. Ал егіндікке жарамсыз жерлерді мал жайылымына қалдырады. Оңтүстікке қарай, Орталық Қазақстанның жеріне жақындаған сайын, егістік азаяды да, жайылым көбейеді.
5 сурет Теріскен
|
Дала аймағында қыстыгүні аңыраған боранды дауыл жиі болады. Жайпақ адырдан және жазық жерлердегі қарды жел үрлеп ойпаттарға апарады. Жаз айларында осындай ойпат жерлерде ылғал көпке дейін сақталады. Сондықтан да мұнда шыққан өсімдіктер жазық жердегілерге қарағанда әрі биік, әрі қалың болады. Шөптері көпке дейін көгеріп тұрады. Осы шөптердің ішінде көбірек кездесетін қоңырбастар еркекшөп, арпабас, бидайық. Бұлардың түбі селдір, жапырақтары көп болады. Бидайық пен арпабастың топырақ ішінде өсетін өркендері болады, оларды тамырсабақ деп атайды.
|
Мұндай өркендер топырақтың ішімен ақырындап жылжып өсіп, суы көп жерге тарайды. Тамырсабақтардың бойында бүршіктер пайда болады, олардан жер бетіне жас өсімдіктер өсіп шығады. Осы айтылған астықтардың тамырсабағы арқылы өсіп-көбеюлерінің нәтижесінде олар қалың болып өседі. Сондықтан да ондай жерден пішен шабу тиімді келеді.Дала аймағында бітік шабындықтар өзендер мен көлдердің жағасында болады. Көктемде, су тасыған кезде, өзен аңғарларына, су жайылған жерлерге құнарлы лай жиналады.
Су тартылған кезде минералдық заттары және ылғалы жеткілікті осы лай тұнба топыраққа бидайық, арпабас, қоңырбас сияқты көптеген астықтар шығып, пішенді мол береді. Осы астықтарға қосыла жабайы бұршақ, қызыл жоңышқа, ақбас жоңышқа сияқты бұршақ тұқымдас өсімдіктер де аралас өседі. Ылғалды жерде қалың өскен астықты әр түрлі шөпті, отты жерді шабындық немесе жайылым деп атайды. Көктемі жылы, жазы жаңбырлы болып келген жылдары жайылымдарға су жайылып кетеді. Сондықтан да жайылма деген ат соған қарай қойылған. Су жайылған жайылмалардың барлық жерінде де ылғал сүйгіш астықтар үзеңгі сызарлықтай болып биік өседі.
Жайылманың саз-балшықты сулы жерін қамыс қаптап кетеді. Егер қамыстың буыны қатпай тұрып, жаздың басында, жапырағы жасыл және жұмсақ, кезінде шабатын болса, одан пішен дайындауға болады.
Қамыстың биік болып өсіп кеткен құрғақ сабақтарын қыста шабады. Ол құрылыс ісіне жарайды. Құрғақ қамыстан жылы қой қоралар салады. Үлкен өзендердің жағасындағы кең жайылымдарға өсетін қамыстардан қағаз, картон тағы басқазаттар жасалады.
Жайылмалардың құрғақтау келген жерлеріне бидайық пен арпабас өседі. Бұлардан сапалы пішен алуға болады. Өзен жағалауына жақын жатқан жазықтарда өлеңшөп өседі; бұның пішені ірі және құнарсыз келеді.
Жайылмаларда өсетін шөптердің ауа райы жағдайына байланысты ауысып тұратындығы байқалады. Мысалы, ауа райы құрғақ жылдарда қамыс азайып, оның есесіне бидайық пен еркекшөп басым өседі. Ылғаяды болған жылдарда – барлық жайылмаға бидайық пен арпабас қаптап кетеді. Ал жайылманы тұтасынан су басып жататын жылдары қамыс көп өседі.
Далалы жерлерде шабындық көп емес, мал асырау үшін пішен көп керек. Қыс ұзақ, күн суық. Сондыңтан да ойпаттарының оттылығын арттырып, ол жерден шөпті көбірек шауып алуға тырысады. Ондай ойпаттарда қыста үрлесін қар көп жиналады, ол еріп, көктемде су көбейеді. Бұл судың біразы топыраққа сіңіп, өсімдіктергe пайда келтіретін болса, көктемде қар еріген кезде сай-салаға ағып, зая кетеді. Сондықтан бұл суды сақтап қалу керек болады. Ол үшін, бұл ойпаттарға кесе-көлденең бөгеттер жасалады. Сол бөгеттерде су бір-екі жеті болады. Көлтабан пайда болады. Сөйтіп, бұл су әлгі көлтабан пайда болған ойпатты жақсы ылғалдандырады да, ол жерде шабуға жарайтын шөп өсіп шығады. Даладық жерлердегі шабындықтарды осындай әдіспен ылғалдандыруды көлтабандап суару деп атайды.
Канал қазуға қарағанда, бұл әдіс, әлдеқайда, тиімді. Сонымен қатар бұл әдіс – құрғақ даланың өсімдіктер дүниесін қайта өзгертуге мүмкіншілік туғызады.
Қазақстанның оңтүстігіндегі далалы жерлерді қолдан суармай-ақ бидай, арпа, күнбағыс, тары, бір жылдық және көп жылдық шөптерді егіп, олардың дәнінен және жасыл шөбі мен пішендерінен мол тусім аяуға болады.
Мәдени өсімдіктердің жақсы өсуіне құрғақшылыққа төзімді ағаштар егілген егіс қорғау алқабының маңызы орасан үлкен. Оңтүстік шөл далада көбіне қара ағаш пен жиде сияқты ағаштар отырғызылады.
Жиденің әдемі ұзынша келген бозғылт түсті жапырағы, иісі жүпар аңқыған сары түсті ұсақ гүлдері, ұзынша келген ірі сүйегі бар тәтті жемісі болады (6 сурет).
Кең дала ерте заманнан бері қарай мал жайылымы болып келген. Мыңдаған жылдар бойы адам баласы осы жерлерге мал жайып, далаларда өскен өсімдіктерді бірте-бірте өзгертті. Жануарлар мал азықтық шөптерді жеп, жеуге жарамайтын ірілерін, тікенділерін, күшті иістілерін және улыларын қал-дырып кетеді. Мысалы, солтүстік далаларында бөрте жусан астықтармен бірге кездеседі. Оның дәмі кермек және ерекше иісі болғандықтан, мал мұны астықтарға қарағанда аз жейді.
Сондықтан да бөрте жусан барлық далалы жердің жайылымдарына таралып кеткен. Оңтүстік далаларында, мал көп жайылған өрістерде, теріскен көп болады.
Жергілікті ел оны отқа жағу үшін шауып алады. Теріскен сабағының түп жағында жуандау түбіртегі болады; оны тамыр мойыны дейді. Мұның төменгі жағы - тамыр. Тамыр осы бүршіктерден пайда болған жас өркендермен қайта өсіп шығады. Мал жаз бойы болатын өзендер мен көлдердің суаттары жағалауындағы өсімдіктерді күшті өзгереді. Мал соқтыларда көбінесе сүттіген мен қалуен сияқты ірі арам шөптер өседі. Сүттігеннің үзілген немесе сынған жерінен сүт сияқты сұйық зат шығады: ол улы болады. Сондықтан мал жемейді. Үнемі қой отары, түнеп, көң байланған жерді қотан деп атайды. Қоныстарға улы және мал жемейтін арам шөптер көп өседі.Мұнда көбінесе меңдуана кездеседі; оның гүлінің түсі - қызыл қоңыр, иісі - жаман және улы болады. Меңдуананың тұқымы - көкнәрдің дәні сияқты, оны ауызға салуға болмайды - бұл да улы.
|
6 сурет Жиде
|
2 ЖЕЗҚАЗҒАН АЙМАҒЫНЫҢ ӨСІМДІК ЖАМЫЛҒЫСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ
(гелогия, палеогеография және палеобиология мәліметтеріне негізделіп)
Қазақ ұсақ шоқысында орналасқан Орталық Қазақстан әртүрлі әдебиеттерде әртүрлі аталады – Орталық Қазақстандық ұсақ шоқы, Сарыарқа [12].
Осыдан 500 млн. жыл бұрын кембрий кезеңінде қазіргі Қазақстан территориясын теңіз жайлап жатқан еді. Оның ортанғы бөлігінде азды-көпті аралдар болған. Теңіз суында әртүрлі брахиопода, трилобиттер, балдырлар тіршілік еткен.
Девон кезеңінде судан құрлыққа шыққан алғашқы псилофиттер
жайлы мәліметтерді Н.Г.Кассиннен көруге болады.
Палеоботаниктер Орталық Қазақстаннан табылған карбон қабаттарынан лепидодендрон, каламит, кордаиттердің қалдықтарын анықтаған.
Палеогеографтардың пайымдауы бойынша, герцин орогенезінің соңында (кейінгі палеозой) аймақта қатпарлы рельеф қалыптаса бастады. Аймақтың көтерілуіне байланысты теңіз ығысып, территория континенталды сипатқа ие болады.
Өсімдік жамылғысының даму тарихында жоғарғы пермь-триас кезеңдерінің гидротермиялық бөлігінде күрт өзгерістер байқалды. Мұнда карбон-төменгі пермьде тіршілік еткен ылғал сүйгіш ағаш тектес лепидодендрон, сигилярия, каламит, кордаиттер климаттың құрғауына байланысты жойыла бастады.
Мезозойдың ұсақ шоқылы рельефіне жазық пен тау қыраттарының кеңінен таралуы тән.
Юра кезеңінде Орталық Қазақстанның территориясы қылқан жапырақты-гинкголы тайга дамыған денудациялық үстірт түрінде болады. Тайгада саговник және беннетиттілер кеңінен таралғанды. Осы кезеңнің соңында климаттың құрғауына байланысты өсімдік жамылғысы өзгерді: бір қатар аймақта орман бірлестіктері жойылып, саванна тектес селдір өсімдік жамылғысы дамыды.
Бор дәуірінің соңында теңіз Қазақстанның жазық аймақтарына таралды, ал Орталық Қазақстанның территориясы теңіз ортасындағы арал түрінде қалды. Сол заманда Солтүстік Қазақстанда жалпақ жапырақты субтропикалық ормандар таралған еді. Онда секвойя, қарағай, шырша, таксодиумдар, сонымен қатар лавр, платан, эквалиптер болған. Осы дәуірдің екінші жартысында қоңыржай жылы аймақтың элементтері пайда бола бастады.
Ұсақ шоқы палеоген кезеңінде теңізден азды-көпті жоғары орналасқан үстірт түрінде болған, кейін құрғаған теңіз түбі аллювиалді жазыққа айналған. Солтүстік бөлігінің климаты оңтүстікке карағанда құрғақ болғандықтан, оның сол кездегі ландшафты қазіргі саваннаға ұқсас келген еді: солтүстік-батыс бөлігі – ылғалды, оңтүстігі – құрғақ. Үстірттің өсімдік жамылғысы сирек әрі ксерофитті болған. Су айырықтарында субтропикалық Полтава флорасының саванна тектес түрі басым болып өскен, ал сайларда – орман қалдықтары дамыған. Оның құрамында пальма, мирта, лавр, ксерофитті мәңгі жасыл бұталардың рөлі зор болған.
Неогеннің соңында климаттың күрт сууына байланысты Қазақстан ландшафты қарағай мен қайың орман қалдықтары бар солтүстік дала және ағашсыз – оңтүстік құрғақ далаға айқын түрде жіктеле түсті.
Плиоценде болған климаттық өзгерістер Еуразия биік ендіктерін едәуір суыта түсті. Соның нәтижесінде неогеннің мезофильді өсімдік жамылғысы жойылып, Орталық Қазақстанда дала ценоздары орнады. Бұл жайлы дала жануарларының (гиппарион, антилопа, газель т.б.) қалдықтары бойынша болжауға болады. Негізгі өсімдіктері – астықтар, алабұталар, жусандар.
Шалғынды орман ценоздарының Орталық Қазақстанға қарай ығысуын климаттың сууымен байланыстыруға болады. Қайың, қайыңды-көктеректі, қандыағашты ормандар ұсақ шоқылы аңғарларда, батпақтар жиегінде, бұлақ маңында, өзен жағалаулары мен жайылымдарында сақталып қалды. Сол ормандар мен олардың жиегінде бореалды (солтүстік) түрлер паналап, мекен еткен.
Төрттік кезеңде климат әрі қарай суып, плейстоценде солтүстіктен мұз басу дәуірі басталды. В.М.Синицин осы кезеңде қазақ үстіртінің әртүрлі бөліктері көтеріле түсті деп көрсетеді. Бірақ осы көтерілу процесі жер бедеріне бәлендей өзгеріс әкелген жоқ. Терісаққан өзеннің сол жақ жағалауынан табылған төрттік кезеңнің қалдықтарынан жусан, алабұталар, астықтар, қорғасындар, күрделігүлділер тозаңшасын анықтады. Ал олай болса, сол заманда осы аймақта далалық өсімдіктер бірлестіктері таралған деп айтуымыз әбден мүмкін.
Постплейстоценде тұрақталған құрғақ әрі ыстық климаттың әсерінен ұсақ шоқының өсімдік жамылғысының жалпақ жапырақты элементтері жойылып, олардың орнына Тұран мен Иран-Тұран провинциясынан шөлдік түрлер ене бастады.
Ащытасты өзені (Батыс ұсакшоқы) жайылмасының голоцендік аллювиальді шөгінділерінің құрамында шөл-дала компоненттерінің спораларына ұқсас элементтер табылған. Бәлкім мұндай, шөлейтті, жағдай ұсақ шоқының оңтүстік, оңтүстік-батыс аймақтарында да болса керек. Соның нәтижесінде аймақта сораң, сарсазан, таспа, жуашықтылар, эфемерлер мен эфемероидты т.б. өсімдіктердің пайда болуына жағдай жасалды.
А.Л.Юрина голоценнің соңында Орталық Қазақстанның солтүстік-батысында болған өсімдік жамылғысы осы территорияның қазіргі замандағы жамылғысына ұқсас болды деп көрсетеді.
3. ЗЕРТТЕЛУ ОБЪЕКТІСІ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ
Соңғы 3 жыл ішінде біз Қарағанды облысы Сарысу өзені аймағының жусандар флорасына зерттеулер жүргізумен айналыстық.Біз жазғы каникул кезінде далалық экспедицияға шығу арқылы флораны ұқыпты әрі мұқият жинап, және оны жан-жақты талдауды алдымызға негізгі мақсат етіп қойдық. Сарысу өзенінің нагізгі салалары –Қаракеңгір мен Сарыкеңгір өзендерінің әр түрлі аймақтарына,олардың бастауына, Сарысудың жайылмаларына, барлығы 5 маршрут бойынша жол жүріп өттік.Соның нәтижесінде 300-дей гербарийлік парақтар жиналды.Оны өңдеп,анықтап сипаттау үшін классикалық морфологиялық-географиялық әдісі қолданылды. Сонымен қатар,біз КазНИИзем және Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің гербарий қорындағы деректерді зерделеп шықтық.
Гербарийлерді анықтау барысында негізгі еңбектер ретінде «Флора Казахстана» [1], «Определитель растений редней Азии» [3] сияқты көп томдық мәліметтерге сүйендік.Таксондардың латынша атын жазғанда номенклатуралық өзгерістерді С.К.Черепановтың [4], ал қазақша атауларын – Е.Р.Рамазанов, С.А.Арыстанғалиевтың [14] еңбектерінен алдық. Сондай-ақ, жұмыста көрсетілген соңғы шыққан басылымдарды да пайдаландық.
Түрлерді ареалдар типтеріне қарай топтастырғанда жұмыста көрсетілген көптеген флоралық еңбектер қолданылды.
Экобиоморфларды бөлгенде негізінен И.Г.Серебряковтың [10], В.Н.Голубевтың [15], С.Н.Зиманның [16], И.О.Байтуллиннің [6], Б.А.Быковтың [7] енбектеріне сүйендік.
Сарысу өзені жүйесінің флорасы мен өсімдік бірлестіктерінің тарихи қалыптасуы схемасын бұрынғы қалпына келтіру үшін палеогеографтар мен палеозоологтардың деректерін және споралық-тозаңшылық анализмдер мәлеметтерін қолдандық.Бұл жұмыстардың бәрі диплом жұмысында көрсетілген.
Зерттеліп отырған аймақтың ботаникалық-географиялық бағыттағы мәселелерін анықтай түсу үшін И.П.Герасимовтың [17], И.Г.Поповтың[18], Е.М.Лавренконың [19], А.Л.Тахтаджянның [20] еңбектерін пайдаландық.
Сарысу өзені жүйесінің аймақтық-флоралық құрамын анықтағанда таксондарды мұқият зерделеумен қатар,систематик ғалымдардың еңбектеріне арқа сүйедік: И.М.Крашенинниковтың [21], Г.М.Поповтың [18], В.П.Бочанцевтың [22], Н.Н.Цвелевтың [23], В.И.Грубовтың [24], М.С.Байтеновтың [25] .
Арамшөптердің жан-жақты зерделенуі өзіміз жүргізген далалық жұмыстарымыздың барысында іске асырылды.Бірақ олардың жүйеленуін В.В.Никитиннің [26] жұмысына сәйкес жасадық.
«Красная книга Казахской ССР» [5] және М.С.Байтеновтың [28] еңбегіне сүйене отырып, далалық жұмыстарымыздың негізінде Сарысу жүйесінің сирек және жойылуға шалдыққан түрлерінің таралуы мен қазіргі жағдайын зерделедік.
4 ФЛОРАНЫҢ АНАЛИЗІ
Жусандар – біржылдық, екіжылдық, көпжылдық шөптесін өсімдіктер немесе жартылай бұталар. Жер жүзінде 500-ден асатын түрі бар полиморфты және Еуразия мен Солтүстік Американың қоңыржай ендіктерінде кеңінен тараған туыс. Қазақстанда жусанның 81 түрі өседі. Сабағы тік өскен, сирек жатаған. Жапырақтары қарапайым, әр түрлі деңгейде қауырсынды тілімделген, кезектесіп орналасады.
Гүлсебеттерінің саны көп, олар ұсақ, гомогамиялы, яғни барлық гүлдері қос жынысты, түтікшелі. Жеміс беретін гүлдер саны аз -
3-8, әрі кетсе 10 (Seriphidium туыс тармағында), немесе гетерогамиялы, немесе дара жынысты: жиектік гүлдері аналық, ал ортасында, яғни дискіде орналасқандары – қос жынысты. Artemisia туыс тармағында барлық гүлдері: жиектік аналықгүлдері де, ортасындағы қос жынысты гүлдері де жеміс береді. Ал Dracunculus туыс тармағында тек жиектік аналықгүлдері ғана жеміс бере алады, дискіде орналасқан қос жынысты гүлдері жеміссіз келеді, себебі аналық жатыны жетілмеген.
Аналық гүлдердің күлтесі өте тар, кейде жіп пішіндес дерлік түтікшелі. Түтікше төбесі түссіз дерлік 2-3 қысқа тісшемен аяқталады. Дискіде орналасқан аналық гүлдері түтікше пішіндес, жоғарғы жағы қоңырау тәрізді кеңейген, 5 тісшелі және түстері әр түрлі (сары түстен ақшыл сиякөк түске дейін). Аталығы 5-еу, аталық жіпшелері ұзын немесе қысқа. Тозаңқаптары таспа пішіндес, жоғарғы жағы үшкір, табаны – сүйір келген және түтікке ұласады. Түтік ішінде – жіп пішіндес аналық орналасады. Аналықтың төбесі қос ауызды, ұшы түктенген. Жиектік аналық гүлдері, әдетте, жіңішке таспа пішіндес, төбесі түксіз, Dracunculus (Bess) Rydb. туыс тармағында дискідегі гүлдердің рудименттік аналығының мойыны өте қысқа сүйір дерлік әрі кірпікшелісалалы болады. Тұқымшалары кері-сопақ-жұмыртқа пішіндес, жалаңаш, төбесі сүйір,өте ұсақ, ұшуға қабілеті жоқ. Гүлсебеттерінің пішіні – сопақ-жұмыртқа пішіндестен шар пішіндеске дейін. Гүлсебеттің сыртын қаптаған жапырақшалары, яғни гүлорамжапырақшалары 2-7 қатарлы, шөптесін не көн тәрізді шөптесін келген, әр түрлі мөлшерлі: сыртқы қатардағылары ішкілеріне қарағанда ұзын, не қысқа не бәрінің ұзындығы бірдей, бірақ айқындалған жарғақты жиегі бар. Гүлсебеттері сыпыртқы, масақ пішіндес шоғырларға топтасқан.
Жусан шөл-дала аймақтарының күздік және қыстық жайылымдарында табиғи жем-шөптік қор ретінде ерекше роль атқарады. Құрамында құнды эфир майлары болғандықтан жусан парфюмерия және ликер-арақ өнеркәсібінде қолданылады. Жусанның барлық дерлік түрлерінің құрамында глюкозидтер мен алкалоидтер бар.
4.1 Қарағанды облысы Сарысу өзені аймағының жусан түрлерінің алуантүрлілігі
Достарыңызбен бөлісу: |