Дипломдық ЖҰмыс мамандығы 5В011300 «Биология»



бет20/24
Дата09.08.2020
өлшемі446,86 Kb.
#76250
түріДиплом
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Байланысты:
Жусан

Тамыр жусан
Биіктігі 45 см-ге жететін, денесін қою түк басқан көпжылдық өсімдік. Тамыры жуан, сүректенген, көп тармақты. Одан қысқарған сүректі, сәл көтеріле өсетін, қою жапырақтанған жеміссіз өркендер дамиды. Олар жемісті өркендермен бірігіп тығыз әрі жалпақ шымдарды түзеді. Жемісті өркендері түбінен тік не жоғары қарай көтеріле өседі, өздері жіңішке және иір немесе жуан, түп жағы сүректенген, ал жоғарғы жағы бұтақтанған болады.

Сабақтың төменгі жапырақтары мен жемісіз өркен жапырақтары қысқа сағақты келеді, пішіні жүмыртқа пішіндес, екі рет қауырсынды тілімделген, ұзындығы 1-2 см, ені 1 см, тақтасының асты-үстін ақшыл түк басқан. Жапырағының шеткі бөліктері таспалы жіп пішіндес, ұзындығы 2-3мм. Сабақтыңортаңғы жапырақтары қондырмалы, түбінде қауырсынды тілімделген құлақшалары болады. Гүл маңы жапырақтары жәй таспа пішіндес, сыпыртқыгүлден аса қоймайды.

Себетгүлдері жалпақ жұмыртқа пішіндес не сопақ жұмыртқа пішіндес, ұзындығы 2-3 мм, қондырмалы не түбір үстінде, жоғары қарай шошайып не қисайып, кейде салбырап өседі. Гүлорамы 3-4 қатарлы, бірінің үстін бірі басып өседі, қою торлы түктерден ақшыл түсі келеді. Сыртқы қатар жапырақшалары ішкілеріне қарағанда әлде қайда қысқарақ, ішкілері сопақ жұмыртқа пішіндес, жиектері жарғақты келеді.Гүлдері қос жынысты, саны 3-5, күлтесі түтікшелі, сары не ақшыл сиякөк түсті (7-сурет).

Тамыз – қазан айларында гүлдейді.

Аймақта шоқылар етегінде, сайлар мен құрғақ шалғындарда өседі.

Күз, қыс маусымдарында және ерте көктемде қой мен сиыр сүйсініп жейтін, жылқы малы нашар жетін өсімдік.


7 сурет. Тамыр жусан





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет