Дипломдық ЖҰмыс мамандығы 5В011300 «Биология»



бет21/24
Дата09.08.2020
өлшемі446,86 Kb.
#76250
түріДиплом
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Байланысты:
Жусан

Кебір жусан
Биіктігі 50 см-ге жететін, денесін қою түк басқан көпжылдық өсімдік. Түгі вегетация соңында түсіп, тек кейбір жерлерінде ғана сақталып қалады.

Тамырсабағы өрмелегіш, жіңішке, одан қысқарған аз ғана жеміссіз жапырақты өркендер мен мықты, тік өскен, жоғарғы жағы тармақталған жемісті сабақтар өсіп шығады. Сабақтың төменгі жапырақтары мен жемісіз өркен жапырақтары ұзын сағақты келеді, пішіні қандауырлы-жүмыртқа пішіндес, екі рет қауырсынды тілімделген, ұзындығы 2 см-ге дейін, ені 0,6 см,тақтасының асты-үстін ақшыл түк басқан. Жапырағының шеткі бөліктері таспа не таспалы жіп пішіндес, ұзындығы 3мм.

Гүл маңы жапырақшалары қондырмалы, жәй қауырсынды, жоғарғылары аспа пішіндес және сыпыртқыгүлден аса қоймайды.

Себетгүлдері сопақ не жұмыртқа пішіндес, ұзындығы 2-3-4 мм, қондырмалы, жоғары қарай шошайып өседі де ұзын және жалпақ сыпыртқыгүлге жиналған. Гүлорамы қою торлы түктерден ақшыл түсі келеді.

Гүлдер алдында түктері түсіп, жалаңаш дерлік болады. Сыртқы қатар жапырақшалары ішкілеріне қарағанда әлде қайда қысқарақ, ішкілері сопақтау келген, жиектері жарғақты келеді.Гүлдері қос жынысты, саны 3-5, күлтесі түтікшелі, сары не ақшыл сиякөк түсті.

Тамыз – қыркүйек айларында гүлдейді.

Аймақта сор және сортаң шалғындарда, тұзды көлшіктер мен өзеннің ұсақ жұмыр тасты жағалауында өседі.

Күз, қыс маусымдарында және ерте көктемде қой мен сиыр сүйсініп жейтін, жылқы малы нашар жетін өсімдік.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет