Дипломдық ЖҰмыс мамандығы 5В011300 «Биология»



бет10/24
Дата09.08.2020
өлшемі446,86 Kb.
#76250
түріДиплом
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   24
Байланысты:
Жусан

1.5 Гидрографиясы

Жезқазған ішкі суы материктің орталығында орналасқандықтан, ішкі тұйық алапқа жатады. Тек қана Терісаққан өзені Солтүстік Мұзды мұхит алабына кіреді. Өлкемізде тұрақты су ағысы бар өзендер өте аз. Суы жазда тартылып қалатын маусымдық өзендер көп. Сондай-ақ, кішігірім көлдер де баршылық.

Жер беті суының жергілікті осы ерекшеліктері климаттың құрғақшылығына және аймақ жерінің жер бедеріне байланысты. Жезқазған аймағының аласа таулы, шоқылы солтүстік және солтүстік-шығыс бөлігінде өзендер жүйесі жиі. Оңтүстіктегі Бетпақдалада, Солтүстік Балқаш пен Арал маңындағы Қарақұм шөлдерінде жер беті суы өте сирек, жоқ деуге де болады. Өзендерін Ертіс-Балқаш суайырық жотасы бірнеше кішігірім тұйық алқаптарға бөліп жатыр. Өлкедегі өзендердің басым көпшілігі осы суайырық жотаға кіретін аласа таулардан және ұсақ шоқылардан басталады.

Солтүстік Мұзды мұхит алабына Есіл өзенінің оң жақ саласы – Терісаққан өзенін жатқызуға болады. Ал, Арқадан құлап ағатын қалған өзендері: Теңіз, Қорғалжын, Балқаш, Арал көлдерінің алаптарына бөлінеді.

Жезқазғанның өзендері қар, жер асты суымен және атмосфералық жауын-шашын суымен қоректенеді.Соңғы екеуінің үлесі аз. Өзендер суының деңгейі тек көктемде, қар ерігенде ғана көтеріледі. Сәуірдің екінші жартысында мен мамырдың алғашқы бөлігі аралығында өзендер ағысының 80-90% ағып өтеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет