Орман табиғи жағдайына байланысты өрт қауіптілігі.Ормандағы өрттердің шығу және таралу қаупінің дәрежесі (өрт қаупі) темендегілер бойынша айқындалады:орман учаскілеріндегі ағаштар мен өсімдіктердің шарттары бойынша (табиғи өрт қаупі);нақты аймақтағы ауа-райы шарттары бойынша (ормандағы жанғыш материалдардың дымқылдығы бойынша өрт қаупі).Орман учаскілер ағаштары мен өсімдіктерінің шарттары бойынша өрт қаупін - ағаштардың түрі, жас желектер құрылымы, ағаш түріне байланысты құрамы мен жасы, орман алқаптарының санаты (категориясы), орман қорындағы ағаштарды кесу және басқа да сипаттамалар айқындайды (кесте 1).
Кесте 1 – Өрт қаупінің топтары
Өрт қаупінің тобы
|
Жану нысаны (ағаштардың және оларды кесудің сипатты түрлері, жас желектер, ағашсыз аумақтар)
|
Өрттердің ең көп болуы мүмкін түрлері, өрттердің шығуы және таралуы мүмкін жағдайлары мен мерзімдерінің ұзақтығы
|
I
|
Қылқанды жас ағаштар. Жаппай кесілетін ағаштар: қыналар, аршалықтар, шырмауықтар және құрғақ аңғарлар (әсіресе, қоқыс басқан) бойындағы кесілген ағаштардың түрлері. Қына өскен қарағайлы ормандар мен шықылдақты (верещатники) ағаштар. Саптары бұзылған, қураған және қатты бүлінген (қурап қалған, дауыл сындырған, жел құлатқан, шала кесілген) ағаштар, жағдайға байланысты және жаппай, ішінара қарқынды кесілген учаскілер.
|
Өрт қаупі сақталатын барлык маусым ішінде төмендегі өрттің, ал өсіп тұрған ағаштар бар учаскелерде -жоғарыдағы өрт болуы мүмкін. Құрғақ сай-салалар бойымен кесілген шырмауықты және басқа да шөпті жерлерде көктемде айтарлықтай өрт қаупі бар, ал кейбір аудандарда күзде де өрт қаупі сақталады.
|
II
|
Қарағайлы және итбүлдірген өсетін, әсіресе қарағайдың жас шыбықтары немесе аршаның қалындығы ортадан жоғары бұталары бар ормандар. Самырсын жапырақты ағаштар.
|
Өрт қаупі сақталатын барлык маусым ішінде төмендегі өрттер, ал көп өрт кезеңінде - жоғарыдағы өрттер орын алуы мүмкін.
|
III
|
Саумалдық пен қаражидек өсетін қарағайлы орман. Итбүлдіргенді жапырақтылар. Бұлақ бойындағы және фагналықтан басқа самырсынның барлық түрлері өсетін жерлер. Итбүлдірген мен саумалдық өсетін шыршалы орман.
|
Жаздағы көп өрт кезеңінде, ал самырсын өсетін жерде, одан басқа, көктемгі және, әсіресе, күздегі көп өрт кезеңінде төмендегі және жоғарыдағы өрттер орын алуы мүмкін
|
IV
|
Тобылғы және үзақ ғүмырпы ағаш түрлерін жаппай кескен (әсіресе, қоқыстанған) жерлер. Қарағайлы ормандар. Жапырақтылар және жапырағы шөп сияқты жас желең ағаштардың түрлері. Қарағай мен шыршаның құрамды ормандары, жөке, шаттауық, емен өсетін тоғайлар. Шырша мен қаражидек орманы. Фагналық және ұзақ ғұмырлы қарағай орманы. Бұлақ бойындағы және фагналық самырсын орманы. Итбүлдірген, саумалдық, қаражидек және фагналық қайың орманы. Саумалдық пен қаражидек өсетін көптеректі тоғай.
|
Өрттер (біріншікезекте -төмендегі) көктемде және күзде өрттердің ең көп болатын мерзімдерінде шөпті ормандарда және тобылғы кесілген жерлерде, ал жазда, өрттің ең көп шығатын мерзімінде – орманның баска түрлерінде, ұзақ ғұмырлы ағаштар кесілген жерлерде орын алуы мүмкін
|
V
|
Шырша, қайың, үзақ ғұмырлы көктеректер өсетін ормандар. Фагналық және бұлақ бойындағы шыршалы тоғайлар. Қандағаштың барлық түрлері өсетін тоғайлар.
|
Өрттер аса қолайсыз жағдайларда ғана (ұзақ мерзімді құрғақшылық) шығуы мүмкін
|
Ауа райы шарттарына байланысты өрт қаупі - ормандағы жанғыш материалдардың жану мүмкіндігін, олардың ауа райы жағдайларымен анықталатын дымқылдануына байланысты айқындайды.Ормандағы өрт қаупінің көрсеткіші (өрт қаупінің тобы - ӨҚТ) жергілікті уақыттың 12-14 сағаттарында, ауа температурасы (t°) мен жаңбырсыз (п) күндердегі шық нүктесі (п) температурасының айырымына қарай, ауа температурасын шығару сомасы ретінде анықталады. Өрт қаупі 5 топқа белінеді. Өрт қаупі топтарының шкаласы кестеде көрсетілген (кесте 2).
Кесте 2 – Өрт қаупі топтарының шкаласы
Өрт қаупінің
топтары
|
Жинақты
көрсеткіш
|
Өрт
қаупі*
|
І
|
0....300
|
Жоқ
|
ІІ
|
301....1000
|
Аздаған
|
ІІІ
|
1001....4000
|
Орташа
|
IV
|
4001.....10000
|
Жоғары
|
V
|
10001-ден жоғары
|
Төтенше
|
*Ескерту. Көптеген аумақтарда, ӨҚТ шкалаларын жасау әдістемесіне сәйкес, өртенгіштік маусымын және оның жинақты көрсеткішке тәуелділігін есепке алатын өрт қаупінің жергілікті шкаласы әзірленеді және қолданылады, яғни ӨҚТ шекараларын анықтайтын жинақты көрсеткіштердің өзге шамалары болады.
Өрт қаупінің I тобы кезінде жоғары температура мен найзағай (жаңбырсыз күн күркірегенде) көздерінен өрт шығуы мүмкін болса да, көпшілік себептер (от көзінің) өрт тудырмайды және басталған, одан ары қарай өрбіген өрт ақырындап, әркелкі жайылады немесе сөніп қалады.
Өрт қаупінің II тобы кезінде оттың күшті көздерінен өрт шығуы мүмкін, дегенмен, тұтанған от саны көп емес. Оттың таралу жылдамдығы да елеусіз.
Өрт қаупінің III тобы кезінде от көздерінің көпшілігі орман өрттерінің шығуына себеп болады, Өрт қарқынды өрбиді, жылуды көп бөледі, жылдам тарайды және қосымша ұсақ ошақтар туғызады.
Өрт қаупінің IV тобы кезінде өрт елеусіз от көздерінен-ақ шығады, жылдам тарайды және қосымша ұсақ ошақтар туғызады.
Өрт қаупінің V тобы кезінде өрт кез келген от көзінен және жоғары температурадан шығады, О өте қарқынды жанып, жылдам тарайды.
Орман өрттерінің әр түрлі орман ағаштарының өскен жерлеріне қарай, өрт қаупінің тобына байланысты [15].
Достарыңызбен бөлісу: |