Дипломдық ЖҰмыс мамандығы: 5В080700 -орман ресурстары мен орман шаруашылығы


Қазақстанда орман өрттерінің тәуекелдері мен жағдайы



бет4/19
Дата14.02.2023
өлшемі1,89 Mb.
#168785
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
Мұхтар Бекболат дипломдық жұмыс

1.2 Қазақстанда орман өрттерінің тәуекелдері мен жағдайы

Табиғи өрттер проблемасы біздің елімізде де өзекті. Үлкен экономикалық залалдан басқа, олар қауіп аймақтарында халықтың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді.


Жыл сайын климаттың жаһандық өзгеруіне байланысты орман өрттерінің саны өсуде. Алайда, «орман өрттері» термині шөлді және орманды Қазақстан үшін мүлдем жарамсыз. Елдегі орман алқаптары ел аумағының тек 4,5% - ын ғана қамтиды. Сондықтан оларды табиғи өрттер деп басқаша атайды.
Бірақ орманның 4,5% - ына қарамастан, елдегі өрт қаупі бар кезең жылдың көп бөлігіне созылады. Солтүстік облыстарда бұл жылына 180 күн, ал оңтүстігінде — 260 күн.
Қазақстанда ыстық маусым наурыз айының соңында немесе сәуір айының басында басталады. Табиғи өрттердің саны бойынша еліміздің оңтүстік және солтүстік өңірлері көшбасшы болып табылады, көбінесе Батыс Қазақстан облысы да өртенеді.
Соңғы жиырма жыл ішінде СҚО қарағайлы ормандарында, Ертіс өңірінің, Қостанай, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының орманды алқаптарында апатты өрттер орын алды.
Бұл ретте елдегі орман алқабына қатысты жағдай жылдан жылға нашарлай түсуде. 2019 жылы құтқарушылар жыл басынан бері 499 орман өртін тіркеді. Бұл көрсеткіш 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі есеге жуық өсті. Ал бір жыл бұрын, 2017 жылы өрт аумағы шамамен 19 мың гектарды құрады. 2016 жылмен салыстырғанда орман алқаптарында екі есе көп өрт тіркелді [8,9].


1.3 Орман өрттерінің туындауы, таралу себептері және тәртібі

Орман өртінің себептері. Орман өрті - бұл орман қорында өрттің бағынбай, апатты жағдайға жеткізе таралуы. Өрттерді 3 түрге бөлу қалыптасқан: төмендегі, жоғарыдағы және топырақтағы (жер асты, шымтезекті).


Төмендегі өрт - оттың жер бетінің топырақты жабыны бойынша таралуымен сипатталады. Орманда жерге түскен ұсақ бұтақтардың, қабықтардың, қылқандардың, жапырақтардың үйіндісі; ағаш төсемелері, құрғақ шөп және шөпті өсімдіктер; топырақтың үстіңгі бетін жауып жатқан шөп, мүк, ұсақ бұталар және ағаш діңдерінің төмен жағындағы қабықтары жанады. Оттың таралу жылдамдығы мен жану ерекшелігіне қарай төмендегі өрттер үстірт (шарпып өтетін тиіп-қашпа) және тұракты болып сипатталады.
Төмендегі үстірт (шарпып өтетін тиіп-қашпа) өрт әсіресе, көктем маусымында, жердің үстіңгі топырақты бетіндегі ұсақ жанғыш заттардың ең жоғарғы қабаты өткен жылғы шөпті өсімдіктер кепкен мезгілде өрбиді. Оттың таралу жылдамдығы едәуір жеткілікті - 180-300 м/сағ (3-5 м/мин) және желдің жерге жақын қабаттағы жылдамдығына тікелей тәуелді. Ағаш төсемі 2-3 см жанып кетеді. Ондай кезде топырақтың үстіңгі қабатының ылғалдылығы жоғары учаскілерін от шалмайды және үстірт өрт шарпыған аумақтың пішіні теңбіл болады.
Төмендегі тұрақты өрт топырақтың үстіңгі қабатындағы жабын мен ағаш төсемінің толық жанып кетуімен жүреді. Төмендегі тұрақты өрт жаз ортасында, төсемелердің жаткан қалыңдығы әбден кепкенде өрбиді. Тұрақты өрт шалған учаскілерде ағаш төсемелері, жас шыбықтар мен бұталар түгелдей жанып кетеді. Ағаштардың тамырлары, йен қабықтары күйеді, соның нәтижесінде жас желек ағаштар айтарлықтай бүлінеді, ағаштардың біраз бөлігі өсуін тоқтатады және қурап қалады. Төмендегі тұрақты өрт кезінде оттың таралу жылдамдығы сағатына бірнеше метрден 180 метрге дейін (1...3 м/мин) жетеді. Жалындап жанған оттың жылдамдығы 0.2 м/мин құрайды. Оттың жанып жатқан шетіндегі жалынның биіктігі бойынша төмендегі өрттер әлсіз (жалынның биіктігі 0.5 м-ге дейін), орташа (жалынның биіктігі 1.5 м-ге дейін) және күшті (жалынның биіктігі 1.5 м-ден асады)деп бөлінеді [10,11].
Жоғарыдағы өрт -өсіп тұрған тік ағаштардың ұшар бастарының жануымен сипатталады, үстірт және тұрақты болып бөлінеді. Жоғарыдағы үстірт өрт кезінде от ағаштардың ушар бастары бойымен жел бағытымен жылдам тарайды, ал тұрақты (жаппай) өрт болғанда, от өсіп тұрған ағаштардың тік бойымен: төсемеден ағаштың ұшар басына дейін тарайды. Жекелеген ағаштар да, бұта етіп өсірілген біртекті ағаштар да өртенеді. Жоғарыдағы өрттерге, әсіресе, қылқан жапырақты жас ағаштар, самырсын мен бұта түріндегі емен төсемелерінің қалың қопасы (көктемде өткен жылғы құрғақ жапырақтар жатқан кезде), таулы ормандарда - тік беткейлердің (25° асады) жоғарғы бөлігіндегі және асулардағы барлық қылқанды жас желең ағаштар кебірек ұшырайды. Жоғарыдағы өрттердің шығуына елеулі дәрежеде құрғақшылық пен күшті желдер себеп болады [12].
Топырақтағы өрт- төмендегі өрттің төсемелерге және топырақтың шымтезекті қабатына «терендеуі» нәтижесінде өрбиді.Топырақтағы өрттер темендегідей: төсемелі-қарашірікті (от ағаш тесемінің және қарашіріктің барлық қабаттарына тарайды) және жер асты немесе шымтезекті (от шымтезек қабаттарына немесе орман топырағы қабаттарының астындағы шымтезек қорларына тарайды) болып белінеді.
Орман өрттерінің туындауы, таралуы және өрбуі - негізінен, бедерлі-ландшафтық, өсімдіктер мен ауа-райына және басқа да шарттарға байланысты. Бұл шарттарды, өрт сөндіруді мақсатқа сай ұйымдастыру, орман өрттерін сөндірушілер мен өрт сөндіруге қатысушы өзге де адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін есепке алып отыру қажет.Өрт мінезіне әсер ететін негізгі шарттар мен факторларды, яғни жану барысына, оның қарқынына (таралу жылдамдығының өсуі) және бағытына себеп болатын факторларды білу ерекше қажет.Ормандағы жанғыш материалдардың өртенуі. Орман өртін тудыратын ормандағы жанғыш материалдардың өртенуі, жоғары температураның ауа оттегісі мен жанғыш материалдардың әсерінен болатын реакцияны қолдайтын құбылыстардың жиынтығын білдіреді.Орманда жанғыш материалдар мен ауа оттегісі тым көп. Жануға себеп болатын жоғары температура (от) кезі сырттан келеді [13].
Өрттің таралу себептері - белгіленген жерлерден тыс жерлерде жағылған және бақылаусыз қалдырылған от, тұтандырылған темекі немесе сіріңке, әр түрлі механизмдердің газ шығаратын түтіктерінен шыққан жалын, еткен жылғы шеп-шалам қалдықтары мен жанғыш күл-қоқыстарды өртеу, адамдардың қызметіне байланысты өзге де от кездері және найзағай түсуі. Жану барысында көп мелшерде бөлінген жылу қоршаған ортаға темендегі жолдармен тарайды: конвекция - жоғары температураның ыстық ауа көлемін өртеніп жатқан жердің үстінен конвекциялық (қызған) бағана түрінде көтеру жолымен таралуы; сәуле шашу - жоғары температураның от жанған кезден барлық бағыттарға сәуле энергиясы түрінде айнала таралуы; өткізгіштік - жоғары температураның от ошағынан жанғыш материалдар арқылы таралуы.
Бөлінетін жылудан басқа, өрттің одан арғы мінезін айқындайтын көптеген факторлар бар, дегенмен, олардың ішінде өрттің таралуына шешуші ықпал ететін нәрселерге: жанғыш материал, ауа-райы шарттары және жер бедері жатады.
Ормандағы жанғыш материалдар. Ормандағы жанғыш материалдарды (ОЖМ) тұтанып жануы бойынша екі негізгі топқа белуге болады:жеңіл тұтанатын және жылдам жанатын материалдар -құрғақ шөп, қураған жапырақтар, қылқандар, ұсақ бұтақшалар, бұтақтар. Кейбір бұталар, өздігінен өсіп шыққан өсімдіктер және басқалары. Бұл жанғыш материалдар оттың жылдам таралуына себеп болады және ақырын тұтанатын материалдарға тұтандырғыш болады; ормандағы бәсең тұтанатын жанғыш материалдар -шырпы-шөпшектер, түбіртек, ағаш төсемелерінің төменгі қабаттары, бұталар мен ағаштар. Жанғыш материалдардың бұл тобы жанған кезде көп мөлшерде жылу бөліп шығарады және өрттің өрбуіне себеп болады [14].
Ұйымдастырушылық себептер. Орман өрттерінің тарауына ықпал ететін ұйымдастырушылық себептер көп жағдайда мыналар: ормандағы өрттердің дер кезінде белгілі болмауы (өрттердің 20%-ы күн батқанда немесе келесі күні белгілі болады); өрт сөндірудің дер кезінде басталмауы (өрттердің 15%-ын күн батқанда немесе келесі күні сөндіру басталады); өрт сөндіруге бағатталған күштер мен құрал-жабдықтардың жеткіліксіздігі; өрт сөндіруді ұйымдастыру үшін білікті басқарудың болмауы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет