Дипломдық жұмыс орындаған: тексерген: Жоспар Кіріспе



бет5/8
Дата23.08.2017
өлшемі1,2 Mb.
#25736
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8

Тікелей инвестицияның халықаралық қозғалысының көлемі жөнінде келесі мәліметтер сипаттайды. 1997 жылғы 400,5 млрд. доллар өсімінің көп бөлігі(233,1 млрд. долл )- өнеркәсібі дамыған елдер, 48,9 млрд. долл.- дамушы елдер (оның ішінде 45,3 млрд. доллардан астам – Қытай үлесіне ) және 18,4 млрд. долларға жуығы- Орталық және Шығыс Еуропа (Ресейді қоса ) елдері үлесіне тиді.[21;2]

Инвестициялардың негізгі бөлігі және оны іске асырушы Трансұлттық корпорациялар “үштікке“ (АҚШ, Еуропа Одағы және Жапония) шоғырланған. 10 ірі қабылдаушы елдер үлесіне 2/3 инвестиция ағыны, 100 кіші елдерге –1%тиеді. Дамыған елдер тобы ішіндегі инвестицияның жедел өсуін фирмааралық бірігу үдерісімен және әріптестер акциясын сатып алумен байланыстыруға тболады.

Шетелдік тікелей инвестицияның өсу себептері және күтілетін үрдістері түралы мыналарды айтуға болады.

Халықаралық капитал жылжуының негізгі қатысушылары жеңілдікті инвестициялы режиммен ерекшелінетін елдерге емес,нарықтық үдерістер белсенді дамыған елдерге жатады. Бұл себептерге келесілер жатады: бәсекенің қысымы, жаңа технологиялар , жекешелендіру , үкіметтің қолдауы. Сонымен қатар инвестициялар келуіне белсенді әсер ететін аймақтық елдер тобын атауға болады: ЕО, НАФТА, АСЕАН, АТЭС, МЕРКОСУР. Себебі, олар бизнестің ғаламдануына,барлық деңгейде салыстырмалы инвестициялық режим әзірлеу және қолдануға жағдай жасайды.

Аса ірі инвесторлардың жоспарларын талдағанда мынадай мәселелерді байқауға болады, яғни барлығы да шетелдік белсенді операцияларды жоспарлайды. Бірақ , оның кейбір “географиялық” ерекшеліктері бар: американдық фирмалар Батыс Еуропа нарығына инвестициясын бағыттайды ( ерекше жоғарғы технология және тұтыну тауарлары саласында); еуропалық Трансұлттық корпорациялар өздерінің негізгі жұмсалымдарын американ нарығына салуға мүдделі; Жапон Трансұлттық корпорациялары басымдылықты Азия елдеріне береді. Дамушы елдердің жаңа жұмсалымдары дамушы елдерге бағытталады деп болжауға болады.

Қазақстанның экономикалық дамуы инвестициялық циклмен байланысты өндірістік капиталдың айналысымен анықталады. Инвестициялық циклдің қозғаушы күші болып табылатын ішкі инвестициялармен бірге, Қазақстан 90-жылдардан бастап шетел инвестициясын белсенді пайдалана бастады.

Шетел инвестициясын пайдалану,ел экономикасының халықаралық еңбек бөлінісі жүйесіне қатысуымен және капиталдың кәсіпкерлік үшін бос салаларға құйылуымен анықталатын объективті қажеттілік болып табылады.

Ресми көзқарас бойынша қолайлы инвестициялық ахуал туғызу арқылы шетел инвестициясын белсенді тарту қажет. Сонымен қатар Қазақстан экономикасына шетел инвестициясын кең т.үрде тарту қолайсыз жағдайларға алып келуі мүмкін деген де көзқарас бар. Бұндай көзқарастың шектен шыққандары халықаралық монополияларға “Қазақстанды сатып жіберу” қаупі бар деген пікір болып саналады.

Терең талдау жүргізгенде бұндай көзқарастың негізсіз екендігін, саяси қарсыластарымен күресте үгіт үндеуі ретінде қолданылатындығын көруге болады.

Әлемдік шаруашылыққа интеграциялау мақсатын қоя отырып, ашық экономика идеяларын ұстану қажеттілігін түсініп, Қазақстанға капиталдың құйылу үдерісінің объективті екендігін мойындамау мүмкін емес. Шетел капиталын Қазақстанға тарту республика экономикасын дамытудың конъюнктуралық тактикалық емес, стратегиялық міндеттеріне жатады.

Қазақстан да басқа елдер сияқты шетел инвестициясын келесі факторлар есебінде қарастырады:



  1. экономикалық және техникалық үдерісті жеделдету;

  2. өндірістік аппаратты жаңарту және жаңғырту;

  3. өндірісті ұйымдастырудың алдыңғы қатарлы әдістерін меңгеру;

  4. нарықтық экономиканың талаптарына сай, кадрлар дайындауды және жұмыыспен қамтуды іске асыру.

  5. Халық шаруашылығы кешенін нарықтық негізге көшіру, экономиканы жаңғырту, оның әлеуметтік бағдарын арттыру үшін өте үлкен көлемде күрделі қаржы керек.

Елдің ішкі инвестициялық ресурстары шектеулі. Сондықтан шетел инвестициясын тартуды ынталандыру қажеттілігі туындайды.

Тартылатын инвестицияның көлемі мен сапасы, оның келтірілуінің қарқындылығы , “инвестициялық ахуал” деп аталатын әлеуметтік – экономикалық түсінікке біріктірілген факторлар кешеніне байланысты.

Инвестициялық ахуал капитал салымының тәуекелдік дәрежесін анықтайтын және оны тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін саяси, экономикалық заңдық әлеуметтік және басқа да факторлар жиынтығы. Ең бастысы шетел инвесторлары үшін тартымды инвестициялық ахуал туғызу, тұрақты және болашағы бар шетел инвесторларын табу және олардың капиталын басымдылықты салалар, өндірістер , қызмет түрлеріне бағыттау қажет.

Қазақстан экономикасы үшін 10 жыл мерзімге шетел инвестициясына днген сұранысты негіздеу, шетел инвесторлары үшін инвестициялық қауіпті азайту, олардың құқын қорғау және меншіктерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тікелей және потрфельдік инвестиция келуі үшін ынталандыру, оларды пайдаланудың құқықтық негізін жасау керек.

Республикада инвестициялық белсенділікті арттыру үшін қажетті жағымды орта қалыптастырудың басты шарты инвестициялық саясатты ақпаратпен жеткізуге және қаржыларын салудың тиімді екндігіне оларды сендіруге мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасы үкіметі қабылдаған іс- шаралар қолайлы инвестициялық ахуал туғызуға жағдай жасады. Ол Әлемдік Банктің 1999 жылғы деректерімен куәландырылады:

Қазақстан несиелік рейтинг бойынша әлемдегі 20 елдің қатарына енгізілген.

Қазақстан Республиканың заңдарына сай шетелдің қатысуымен құрылған кәсіпорындар заңда бекітілген тәртіп бойынша заңды тұлғаның құқылығымен еншілес кәсіпорын, сонымен қатар Қазақстан территориясы және оның шегінен тыс филиалдар мен өкілдіктер құра алады.Іс жүзінде барлық ірі шетел инвесторлары мұнай операциялары саласында, Қазақстанда шетелдік заңды тұлғалардың филиалдарын немесе өкілдіктерін құруды жөн көреді. Оған мысал ретінде қаржылық айналымының көлемі бойынша әлемдегі ең ірі болып табылатын Шелл компаниясын келтіруге болады. Ол Қазақстанда, Қазақстан территориясынан тыс құрылған еншілес компаниялардың филиалдар жүйесі арқылы қызмет етеді. Қазақстан Республикасынан тыс заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері, заңды тұлға болып табылмайды, олар Қазақстан Республикасында орналасқан және тіркелген ерекше бөлімдері болып табылады.

1997 жылдың 1 маусымына дейін газ саласында 161 лицензия берілген. Жалпы берілген лицензиялардың 7 шетел заңды тұлғаларына, 24 шетелдің қатысуымен құрылған кәсіпорындарға, қалған 130-ы отандық жер қойнауы пайдаланушыларына берілген. Мұнай және газ салаларында жер қайнауын пайдалану жүйесі, мұнай және газ өндірісіне шетел инвесторларын қатыстырудың әртүрлі нұсқалар қарайды.

Жер қойнауы операцияларын жүргізудің құқықтық жағдайлары бойынша мұнай операцияларын жүргізу үшін “ Лицензия мен контрактінің қосындысы қажет “- ол Қазақстан Республикасындағы мұнай және газ кен орындарына шетел инвестициясын салудың ең көп тараған түрі. Оған жер қойнауын пайдалану үшін жасалатын контрактілердің жалпы ерекшеліктері де және мұнай операцияларына ғана тән ерекшеліктері де енеді.

Қабылдаушы мемлекет ретіндегі Қазақстанның мақсаты:

-Лицензия берілген жерді тез және мұқият барлау;



  • қоршаған табиғи ортаны қорғай отырып, кез келген мұнай орнының табылған жерлерін толық және тиімді пайдалану;

  • жергілікті мұқтаждықтарды қанағаттандыру және шетелдік инвесторға тәуелділікті азайту үшін көмірсутектері байлықтарын пайдаланудан жоғары түсім алу;

  • отандық тнхнологиялармен сараптау білімдерін дамыту ;

  • мұнайлы энергетика саласы бойынша ұлттық саясатқа сай бағамен отандық және экспорттық нарықтарға сай өткізу.

Салған капиталына сәйкес түсім алу, яғни, инвестициялардың өзін-өзі ақтауы қолайлы болуы керек. Мысалы, инвесторлық банкке ақша салып, процент алады, олай болмаса ешкімнің де басқа салаларға капитал сатып тәуекел етуінің қажеттігі болмаған болар еді. Әлемдік мұнай өнеркәсібінде оннан бір ғана капитал салушылар табысты болады, сондықтан әрбір кәсіпорынның пайдасы барлық шығынын жабуы керек, сонымен қатар келесі жылдары капитал салу үшін олар пайда да табуы керек:

  • шикі мұнайға, табиғи газға ұзақ мерзімдік құқығы және компанияның өнімдегі үлесін сақтап тұру мүмкіншілігі және шикізатты дер кезінде еркін жеткізу мүмкіншілігі;

  • инвестициялық жобаның барлық мерзімінде тұрақтылық және жағдайлардың анықтылығы;

  • барлық операцияларды жүргізу кезінде қоршаған ортаны қорғауға қойылатын талаптардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Қазақстан егемендігін алып, жеке шаңырақ көтергелі бері елге инвесторларды тарту мәселесіне ерекше ден қойып келеді. 2004 жылы алтыншы желтоқсан күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысқан мәжілісте 2003-2015 жылдарға арналған индустриалды- инновациялық даму стратегиясын жүзеге асырудағы шетелдік инвесторлардың алатын ролі талқыланған.

Отырысты ашқан елбасы тәуелсіздік алғаннан бергі аралықта Қазақстан әлемдік нарыққа мұнай, газ, қара металл мен уран өнімдерін шығару арқылы ұлттық экономиканың дамуында дем берілгендігі туралы айтып, енді еліміздің өндіруші мемлекеттен өңдеуші елге айналуы тиіс екендігі жөнінде мәлімдеді. Ол үшін елде жоғары технологиялық өндіріс жасақтау керектігі белгілі, бұл орайда шетелдік инвесторлардың алатын орны айрықша. Мемлекеттет инвестицияға қолайлы ахуал жасау арқылы инвесторларды тартуға болады. Қазақстанда шетелдіктердің тиімді жұмыс істеуіне жағдай жасау мақсатында «Инвестициялар туралы» заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп, инвесторларға бірқатар заңдар бойынша жеңілдіктер берілді. Елімізде өндіріс ауқымын кеңейтіп, жаңа өндіріс орындарын ашқан шетел компаниялары корпоративтік салық және жер салығынан жеңілдік алуға қол жеткізді. Қазақстанда инвесторларға қолайлы жағдай жасалғандығын және инвестициялық саясаттың оң бағыт алып отырғандығын кеңес отырысына шақырылған Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Жан Лемьер де мақұлдаған. Ол өз сөзінде Қазақстан экономикасын дамытудың тиімді жолын таңдап, тек өңдеуші мемлекет ретінде қалып қоюдан бас тартқаны дұрыс болған екен дегенді айтқан. ЕҚДБ президенті бұл банктің Қазақстан экономикасына былтыр 175 миллион еуро және биыл 320 миллион еуро құйса, келесі жылы 450 миллион еуро салатындығын мәлім етті.

Елбасы Н. Назарбаев Қазақстанның 2015 жылға дейінгі индустриалды- инновациялық стратегиясын жүзеге асыру үшін алдағы екі жылда бірқатар маңызды шараларды іске асыру керектігіне назар аударды. Мемлекет белсенді инвестициялық саясатқа көшіп, инвестицияларды басқаруды өз қолына алады. Индустриалды – инновациялық дамуды басшылыққа ала отырып, мемлекеттік органдар қызметкерлерінің білімін жетілдіру үшін білім мен ғылымды да дамыта түсу керек. Сондай-ақ , аталған стратегияны жеке секторға енгізу мәселесіне де айрықша маңыз беріліп отыр. Шетел инвестициялары туралы заңға сәйкес шетел инвесторларына ұлттық режим беріледі. Осыған байланысты олар ұлттық заңда көрсетілген кез келген құқықтық формада кәсіпкерлік қызметтермен айналысуға құқылы. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (34-бабы) бойынша коммерциялық әрекеттермен айналысушы заңды тұлғалар мемлекеттік кәсіпорындар, шаруашылық серіктестіктер және өндірістік кооперативтер түрінде құрыла алады.

Шетел инвесторларының кәсіпкерлік әрекеттері үшін шаруашылық серіктестік тәріздес ұйымдастырылған – құқықтық құрылымы едәуір қолайлы. Азаматтық Кодекске және Қазақстан Республикасы Президентінің «Шаруашылық серіктестіктері туралы» заңдық күші бар Жарлығына сай, шаруашылық серіктестік болып, жарғылық қоры құрылтайшылардың үлесіне бөлінетін коммерциялық ұйым мойындалды.

Сонымен, Қазақстан Республикасының ұлттық экономикасына тартылған инвестициялардың салалық құрылымы күрделі көрініс алып отыр. Дегенмен, барлық тартылған инвестициялар ішінің жалпы құрылымынан басымды күш мұнай-газ секторына көбірек бөлінеді. Мұнай-газ секторына салынатын инвестициялардың даму үрдісі алдағы 10-15 жыл бойы сақталады. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералды ресурстар министрлігінің болжамы бойынша мұнай-газ саласына 2006-2010 жылдарға бөлінетін инвестиция мөлшері – 25 млрд. долл., 2011-2015 жылдарға – 27 млрд. долл. астам.

Жалпы 2003-2015 жылдарда Қазақстанның мұнай-газ саласына салынатын инвестиция 66 млрд. долл. құрайды. Инвестицияның негізгі мөлшері мұнай өнеркәсібін дамытуға бағытталған: 2003-2005 жж. – 11,2 млрд. долл., 2006-2010 жж.- 23,8 млрд. долл., 2011-2015 жж.- 26,2 млрд. долл. Барлығы 2003-2015 жылдарға Қазақстан мұнай саласына 61,2 млрд. долл. инвестиция тартылады деп болжанады.

Жаһандану кезеңінде, мемлекеттің инвестициялық саясаты әлемдік деңгейде ұлттық экономиканың бәсекелестігін көтеруге бағытталуы қажет. Бұндай жағдай туғызу үшін елде қалыпты инвестициялық ахуал қалыптастыру қажет. Бюджеттік қаржыны Қазақстанның әлемдік экономикадағы бәсекелестік басымдылығын нығайтатын салаларға жұмсау керек. Ең бастысы бұл – «адам капиталы», ғылымды дамыту және инфрақұрылымды қалыптастыру.
2.2 Мемлекеттің инвестициялық әрекетін реттейтін нормативтік-құқықтық база

Жаңа экономикалық қатынастар негізінде нарықтық экономикаға көшу сапалы жаңа инвестициялық саясатпен қамтамасыз етілуі қажет. Себебі, қатынастардың жаңа жүйесі барысында инвестиция көздері түпкілікті өзгереді. Егер реформаға дейінгі жүйеде республика экономикасы бірыңғай, қатаң орталықтандырылған қайнар көзге – КСРО–ның мемлекеттік бюджетіне тәуелді болған болса, ал егеменді даму жағдайларында әр түрлі меншік көздеріне бағдарланады.

Инвестициялық процесті басқару Қазақстан экономикалық дамуының тарихи тәжірибесін, сондай - ақ әлеуметтік- экономикалық сипаттағы жаңа мүмкіндіктерін ескеруді пайымдайды. Қайта құру кезеңінде республика дамуының жалпы деңгейі мен қарқыны, оның сапалық жағдайы бірталай төмендеді және нақты, потенциалды мүмкіндіктері әлемдік тенденцияларға сәйкес келмеді. Бұл кезеңде экономикада елеулі алға басулар болмады. Қазақстан жақсы тұрмыс жағдайының көптеген негізгі көрсеткіштері бойынша бұрынғы КСРО елдері үшін орташадан төмен деңгейде тұрды. Қоғамдық еңбек өнімділігінің өсу қарқыны мен өнімінің көптеген түрлерінің сапасы біршама артта қалды. Әлемдік деңгейге жабдықтың тек 2-3%-зы ғана сәйкес келді, ал материалдардың, энергияның үлестік шығыны әлемдік көрсеткіштерден шамамен 2-3 және одан да көп есе артық болды.

Сол кезеңдегі инвестицияларды басқару ерекшелігі, олардың соңғыға емес, аралық өнімге бағдарлануы болды. Инвестицияның негізгі бөлігі өндірістік салаға бағытталынады.

Капитал салымдары көлемінің басым бөлігін өндірістік бағытталған қаражаттар құрады, яғни өндіріс құралдарын өндіруге бағытталынады, бұл әрине қоғамдық өндірістің бірінші мен екінші бөлімшелері арасындағы сәйкессіздікке әкелді. Бұл қоғамның әлеуметтік жағдайына кері әсерін тигізбеуі мүмкін емес.

Республикада инвестициялық процесс көптеген дербес бағыттар бойынша жүрді. Бұл процесс қатысушылардың басы бірікпеді, ал инвестициялық экономикалық механизм жоғарғы түпкі нәтижелерге жетуге жұмылдырылмады.

Республиканың әлеуметтік – экономикалық дамуын басқарудың түпкілікті жаңа жүйесіне көшу осы процестің басты мәселелерін анықтауға себепші болады. Олардың бірі болып инвестициялық қамсыздандыру мәселесі табылады. Көшудің алғашқы кезеңінде заң шығаратын негіздер мен ұйымдық құрлымдарды құру, сондай-ақ, республиканың қаржылық ресурстарын пайдалану мен шетел инвестицияларын тарту жөніндегі өзіндік саясатты құру қажет болды.

Қазақстандағы мемлекеттік инвестициялар жүйесін оңтайландыру мақсатымен инвестицияларды басқарудың заң шығаратын негізі мен органдары құрылды. Осы мәселе бойынша шаралардың біртұтас кешені қабылдануда. Соның ішінде, “Шетел инвестициялары туралы ” Заң (1991ж.);

“Инвестициялық жекешелендіру қорлары жөніндегі Ереже” (1993ж.) "Қазақстан Республикасының шетел инвестициялары бойынша ұлттық агенттігін құру туралы ” ҚР Президентінің Жарлығы (маусым 1992ж.); “Инвестициялар бойынша ҚР Мемлекеттік комитетін құру жөніндегі ” ҚР Президентінің Жарлығы (қараша 1996ж.); “Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қорлар туралы” ҚР-ның Заңы (наурыз 1997ж.) және жекеленген жылдарға арналған инвестициялық бағдарламалар қабылданды.

Осы Заңдардың және нормативтік-құқықтық актілердің қабылдануын инвестицияларды тарту салдарында шығарылған заңнамалық негіздің қалануының бірінші кезеңі деп атауға болады.

Екінші кезең деп (1997-2002 жылдар) шетел инвестициялары туралы заңнаманың жаңаруы және дамуы болып табылады.

Үшінші кезең (2003- қазіргі уақыт) «Шетел инвестициялары туралы» ҚР Заңының инвестициялар саласындағы соңғы нормативтік актіні қабылдау күнінен басталды (1).

Сарапшылардың баға беруі бойынша «Шетел инвестициялары туралы» ҚР Заңы ТМД-дағы бірден-бір күшті Заң болып табылады, оған себеп заң құрылымында шетел инвесторларына басымды кепілдік беру болып табылады: заң өзгеруіне кепілдік (6-бап); экспропирациядан кепілдік (7-бап); мемлекеттік органдар мен лауазымдық тұлғалардың заңсыз іс-әрекетінен кепілдік (8-бап); шетел инвесторларына өтемақы төлеу және шығындырының орнын толтыру (9-бап); кірісті қолдануға кепілдік (10-бап); өз валюталық қаражатын қолдануға кепілдік (11-бап); шетел инвесторлары қызметінің ашықтығы (12-бап); мемлекеттік тексеріс кезіндегі кепілдік (13-бап).

Сонымен қатар, Қазақстан халықаралық төрелік органдардың инвесторлары мен болуы мүмкін келіспеушіліктерді шешудің мүмкіндігімен қамтамасыз еткен: ИКСИД (инвестициялық келіспеушіліктерді реттеу жөніндегі орталық); ЮНСИТРАЛ (БҰҰ төрағалық органында); Стокгольм қаласындағы сауда палатасының төрағалық институты.

Қолайлы инвестициялық жағдай жасау (ұлттық не шетелдік инвесторларды тартатын немесе шегіндіретін мүмкіндігі бар факторлар жиынтығы) Қазақстан экономикалық саясаты арсеналына енді, онда құқықтық көзқарас тұрғысынан алғанда шетелдік инвесторлар үшін ерекше жағдайлар мен мүмкіндіктер жасалған. Мамандандырылған өкілетті орган, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы шетел инвесторларының Кеңесі құрылған (30.06.98ж.), «Қазақстанда жұмыс істейтін шетелдік инвесторлар этикасының Кодексі туралы декларация» (08.12.00ж.) қабылданды. Сонымен қатар, 1997 жылы инвестиция тартудың секторларының тізімі бекітілді. Бұған өндеуші өнеркәсіп, әлеуметтік сала мен туризм, ауыл шаруашылығы, еліміздің жаңа астанасының нысандары жатады.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасына шетел капиталын тарту және оның қызмет етуі бірқатар нормативті-құқықтық құжаттар негізінде реттеледі. Олар үш топты құрайды.

Бірінші топқа Қазақстан мүше болған халықаралық келісімдер мен мәмілелер. Олар: көпжақты келісімдер (мысалы, 1988 жылғы Сеулдегі конференция келісімі, оған сәйкес шетелдік инвестицияны жеке және мемлекеттік сақтандыру жүйесі көпжақты халықаралық сақтандырумен толықтырылады); екіжақты кепілдеме, инвестицияны қорғау мен қолдау туралы екіжақты келісімдер («типтік» жоба бойынша) Қазақстан мен АҚШ, Польша, Болгария, Греция, Куба, Румыния, Дания, Словакия, Чехия, Вьетнам, Португалия арасында жасалған; мүлік пен табысқа салынатын екі еселенген салықтың алынып тасталуына мүмкіндік беретін нормативтік актілер. Олар бейрезиденттердің табыстарының белгілі бір түрлеріне арнайы салық ставкаларын енгізеді. Қазақстан мұндай келісімді бірқатар елдермен, оның ішінде АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Франциямен жасасты. Бұл келісімдер ұлттық заңнамаға әсер етеді.

Екінші топқа республикалық сипаттағы негізгі, басты нормативтік актілер жатады. Олар елдің саяси-экономикалық дәрежесін, шаруашылықтың принциптері мен формаларын, экономикалық қатынастардың қалыптасуы мен дамуын анықтайды. Бұл тәріздес құжаттардың тікелей әсері болмағанымен, Қазақстандағы шетел капиталының қызметі ең алдымен осыларға бағынуы керек. Олар: Қазақстан Республикасының Азаматтық, Салық кодекстері, жекешелендіру туралы, акционерлік қоғамдар, кедендік тарифтер, ішкі сату қызметін мемлекетік реттеу туралы Заңдар және т.б.

Үшінші топқа Қазақстандағы шетелдік капталдың ағыны мен қызметін реттейтін құжаттар кіреді. Олар: заңдар мен Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары, сонымен қатар, ведомстволық номативті-құқықтық актілер, нұсқаулықтар мен бұйрықтар т.б.

Қазақстандағы кәсіпорындардың инвестициялық қызметі «Инвестициялар туралы», «ҚР Президентінің Жарлығына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы», «Салықтар мен бюджетке түсетін басқа да міндетті төлемдер туралы», «Банкроттық туралы», «Бағалы қағаздар нарығы туралы», «Ішкі қарыздарды басқару және ішкі қарыздану туралы», «ҚР-дағы инвестициялық қорлар туралы» Заңдары және т.б. нормативтік актілерімен реттеледі.

Жоғарыда көрсетілген Заңдар мен нормативті-құқықтық актілерге сәйкес Қазақстанда шетелдік капиталды тартудың негізгі мақсаттары:


  • өзінің ішкі ресурстардың шектеулілігіне байланысты динамикалық дамуына қажетті инвестициялық ресурстармен экономиканы қамтамасыз ету;

  • алдыңғы қатарлы технологияны тарту, өндірісті ұйымдастыру мен басқарудың дамушы формаларын енгізу;

  • халықаралық еңбек бөлінісіндегі Қазақстанның үлесін көбейту, әлемдік шаруашылық жүйесіне оның экономикасының қосылуын жеделдету;

  • шетелдік инвесторлар мен экономикалық жақтастардың Қазақстан экономикасына деген сенімділіктерін қамтамасыз ету.

Шетелдік капиталды тартудың негізгі мақсаттарын іске асыру барысында мынадай маңызды әлеуметтік-экономикалық міндеттер шешіледі:

  • нарықтық қатынастардың дамуы мен экономикадағы құрылымдық өзгерулерге әсер ету;

  • өндірісте бәсекеге қабілетті ортаны дамыту;

  • экспорттық күштің қарқындылығын өсіру және дамыту, оның тек шикізаттық бағытынан құтылу, экспорттық экспансияны күшейту және ішкі нарықтағы оның позициясын нығайту;

  • өндірістің ғылыми-техникалық деңгейін жоғарылату және жаңа техника мен технология, жаңа басқару әдістері мен өткізу негізінде бәсекеге қабілетті өнімнің үлесін көбейту;

  • өндірістік және өндірістік емес тұтынуға дайындықтың жоғары деңгейіндегі өнімді шығарушы толық және аяқталған циклдерді қалыптастыру;

  • депрессивті, қашықтағы, еңбегі өнімсіз, экологиялық апатты аймақтардың дамуына әсер ету;

  • жаңа жұмыс орындарын ашу.

Бұл үшін Қазақстанда белсенді мемлекеттік саясат жүргізілуде. Ол, ең алдымен өндіруші өнеркәсіпке жеке инвестицияны тартуға бағытталған қолайлы инвестициялық жағдай туғызуға негізделеді. Сондықтан жеке инвестицияны тарту процессін ынталандырудың негізгі экономикалық рычагтарын сипаттау қажет.

2003 жылдың 8-қаңтарында қабылданған «Инвестиция туралы» ҚР Заңында инвестициялық жобаны жүзеге асырушы заңды тұлғаларға инвестициялық преференция беру қарастырылған (1).

Өкілетті органдармен шартқа отыру арқылы мынадай инвестициялық преференциялар беріледі:


  • инвестициялық салықтық преференциялар;

  • кедендік салымдардан босату;

  • мемлекетттік гранттар.

Инвестициялық преференциялар қызметтің қажетті түрлеріне беріледі. Олардың тізімі ҚР Үкіметінің 2003 жылдың 8-мамырындағы №436 қаулысымен бекітілген.

Инвестициялық салықтық преференциялар дегеніміз – бұл «өндірістің жаңа түрін қалыптастыру бойынша инвестициялық жоба ішінде өз әрекетін жүзеге асыратын жаңадан пайда болған салық төлеушілердің корпоротивтік түсім салығын төлеуден босатылуы. Немесе салық төлеушілердің, яғни жұмыс істеп тұрған өндірісті кеңейту не жаңарту немесе жаңадан құру мақсатымен инвестициялық жобаны іске асырушы заңды тұлғалардың жалпы жылдық табысынан қосымша алу құқығын беру. Мұндай салық төлеушілерді инвестициялық жоба шегіндегі қолдануға жаңадан ұсынылған белгіленген активтер бойынша мүлікке жаңадан енгізілген салықтардан босату, сонымен қатар, егер жер үлестерін инвестициялық жобаны іске асыру үшін пайдаланса, жер салығын төлеуден босату».

Инвестициялық салықтық преференциялардың берілу мерзімі белгіленген активтерге салынатын инвестицияның көлеміне байланысты анықталады, алайда 5 жылдан артық болмайды.

Сонымен қатар инвестиция көлемі мен қызмет түріне байланысты преференцияның әрекет ету мерзімі ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес он жылға дейін ұзартылуы мүмкін. Сонымен бірге, 2003 жылғы 8 қаңтардағы № 373-11 ҚР “Инвестициялар туралы” жаңа Заңының қабылдануы соңғы онжылдықта өткен эволюцияда және ел шетелдік инвестицияларды тарту қажеттілігінде болған 2002 жылмен салыстырғанда принципиалды жақсы экономикалық жағдайда көрініс берді. Аталған заң шетелдік және отандық инвесторлар жағдайын да теңеді. Заңда “инвестиция – лизинг шартына отырған сәттен бастаған лизинг заттарын қамтитын, сонымен бірге кәсіпкерлік әрекетте қолданылатын заңды тұлғаның қаржылық капиталы немесе белгіленген активтердің ұлғаюына инвестордың салымдарына құқығын қамтитын мүліктің барлық түрі (жеке тұтынушыға арналған тауарлардан өзге).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет