Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе келесідей негізгі тұжырым жасауға болады: Мемлекеттің құрылымдық – инвестициялық саясатын алдын ала ғылыми негіздемейінше және салалық , аймақтық деңгейлерде оны жүзеге асырудың механизмдерін дұрыс таңдамайынша құрылымдық өзгерістерді қажетті бағытта қамтамасыз ету мүмкін емес.Сұраныс пен ұсынысты сәйкестендірудің нарықтық заңы бойынша стихиялы түрде капитал мен өзге де қорлардың бір саладан екіншісіне ауысуы ешқашанда бірінші кезектегі әлеуметтік мәселелерді шешуге және қоғамдық өндіріс тиімділігін арттыруға мүмкіндік бермейтіндігін түпкілікті ұғыну қажет.Ал, олардың шешімі- тұтастай алғандамемлекеттің жалпы экономикалық саясатынан туындайтын құрылымдық саясатты жүзеге асырудың басты мақсаты. Енді осы саясатты іске асырудың негізгі механизмдері қандай ?-деген сауалға жауап беріп көрейік.
Макроэкономикалық деңгейде оны жүзеге асырудың шешуші механизмі- басымды салалар дамуының мақсатты бағдарламалары . Онда әлеуметтік-экономикалық ,ғылыми – техникалық , ұйымдық – құқықтық сипаттағы шаралар жеткілікті түрде нақтыланады .Сондай-ақ , ішкі және сыртқы нарықтарда тиісті орын алу мақсатында осы салалар шығаратын өнім сапасы мен техникалық деңгейін арттыруға үлкен көңіл бөлінеді. Бағдарламалық көрсеткіштер басымды салалар мен аймақтардың барынша қарқынды дамуы үшін тиісті жағдайлар жасау жөніндегі барлық шараларды қормен қамтамасыз ету барысын да қамтиды. Бұл жерде мәселе ең алдымен қаржы ресурстары туралы болып отыр , өйткені оларды анықтау кезінде сала ішіндегі резервтері ескеріледі.
Құрылымдық- инвестициялық саясатты жүзеге асырудың маңызды механизмдерініңбірі- басымды салаларда жеделдетілген өтелім нормасын белгілеу – бұл жоғарыда аталған резервтерді арттыруды қамтамасыз етеді. Бұл істе қарастырылып отырған салалар кәсіпорындарының пайдасына салынатын салықты азайту, сондай-ақ инновациялық қызметке, әсіресе жаңа ғылыми- техникалық жетістіктерді ендіруге бағытталған пайда бөлігін тұтастай салықтан босату маңызды рөл атқарады.
Мұндай қызмет жеңілдікпен несие беру механизмі мен салықтық бөл арқылы да ынталандыруы шарт. Бірақ, бұл механизм егер де басымдысалалар бойынша таңдап алынған инвестициялық жобаларға жеңілдікпен несие бөлінсе ғана тиімді нәтиже береді. Осыған байланысты , қарастырылған инвестициялық жобаларды жеңілдікпен несиелеу қызметін атқаратын банктер (әсіресе коммерциялық) моральдық және материалдық қолдау табатындай жағдай жасалса- бұл аса маңызды шара болар еді.
Егер отандық және шетелдік инвесторлар басымды салалар объектілеріне көңіл бөлсе ғана салықтық жеңілдіктер жасалуы керек.Бірінші кезекте ішкі (отандық) несие қорларын қолдануға көңіл бөлу қажет , өйткені шетелдік несиелер , жоғарыда атап өтілгеніндей , нәтижесінде мемлекетке 2-3 есе қымбатқа түседі. Ерекше атап өтетін тағы да бір мәселе , жеңілдікпент салық салу – қалдықсыз және экономикалық жағынан тиімді технологияларды қолдануға негізделген инвестицмялық жобаларды қаржы ресурстарымен қамтамасыз ететін инвесторларға қолданылуы тиіс.
Егер кәсіпорындар мен инвестициялық жобаларды шикізатпен , техникамен , құрал- жабдықтармен және т.б. импорт есебінен қамтамасыз ету көзделген болса, онда басымды салалардың (аймақтар) барынша қарқынды дамуы үшін жеңілдікпен кедендік алымдар алуды ұйымдастырудың да маңызы бар. Алайда импортты алмастыратын отандық өнім өндірісі көп жағдайда өте тиімді екенін тағы да атап өткен жөн. Нақтылы осы мақсатта басымды салалар мен өндірістер жүйесінде кәсіпкерліктің , шағын және орта бизнестің дамуын ынталандыру механизмдерін барынша батыл түрде қолдану керек. Мемлекеттің инвестициялық қызметінің негізгі бағыттары төмендегідей болғаны жөн :
шетел инвесторларына кепілдік беретін құқықтық , қаржылық, сақтандырушылық т.б. механизмдерді жетілдіру;
олардың инвестициялық келісімдерде көрсетілген міндеттеме-лерін толық орындауын бақылау ;
басыңқы салалар мен аймақтарды артықшылықпен дамыту үшін инвестицияларды тартудың әр түрлі әдістері мен жолдарын кеңінен қолдану;
отандық және шетелдік инвесторлардың импортты ауыстыратын өнімді дайындаушы өндірістерге, экспорттық әлуетті жоғарылатуға қаржы жұмсауын ынталандыратын механизмдерді әзірлеу және іс жүзінде қолдану;
басыңқы салалардың , әлеуметтік және экономикалық жағынан артта қалған аудандардың (қалалардың) дамуына қаржы жұмсайтын инвесторларға жеңілдетілген салық тәртібін орнату , несие беру;
экономиканың аграрлық және инфрақұрылымдық салаларына қаржы жұмсайтын заңды және жеке тұлғаларға материалдық- техникалық, қаржы бюджеттік, салықты , несиелік т.б. қолдау жасау .
Мемлекеттің инвестициялық қызметінің бағыттары тек негізі болып саналады, олардың нақты құрамы экономика дамуының тиісті кезеңіне сәйкес жүргізілетін мемлекеттің экономикалық саясатына байланысты анықталады.
Қорыта келе, жоғарыда аталған механимдер ұзақ мерзімге бағытталған тиісті заңды - құқықтық негізін жасаған жағдайда ғана тиімді ықпал ете алады. Осы негіздің мазмұнына үнемі өзгеріс енгізу (қазақстандағыдай) инвестициялық процестердің баяулауына және құрылымды құрайтын салалар инвестициялық жобаларының іске аспауына алып келетіндігін өмір көрсетіп отыр. Бұл әсіресе, әріптестерімен шаруашылық мәселелерін шешу кезінде өте сақтықпен қарау қағидасын ұстанатын шетелдік инвесторларға қатысты . Заңдардың тұрақсыздығы –күрделі, құрылымды құраушы өндірістер туралы шешім қабылдау отандық инвесторларды да алшақтады. Өйткені бұл жерде үлкен тәуекелге баруға тура келеді.
3.2. Қазақстанда инвестициялық жобаларды бағалаудағы әлемдік тәжірибені қолдану ерекшеліктері
Инвестициялық жобаны таңдау кезінде инвестицияның тиімділігін анықтау қажет. Әлемдік тәжірибеде инвестицияларды бағалаудың бірнеше тәсілдері пайдаланылады. Қазақстанның ұлттық экономикасында қолдануға болатын тәсілді анықтау үшін, қазіргі кезде кең ауқымдв пайдаланылатын әдістерді талдау керек. Шетел әдебиетін зерттеу кезінде, инвестициялық салымдардың экономикалық әсерінің тиімділігін анықтаудың бірнеше түрлерін көруге болады. Соңғы кезде шет елдерде және ТМД елдерінде экономикалық әсерді анықтауда ЮНИДО (United Nations Development Organization) ұйымының ұсынатын тәсілдері қолданылады: ағымдағы таза құнды есептеу тәсілі, табыстың ішкі мөлшерлемесін есептеу, өтемділік мерзімін есептеу, пайдалылық индексін есептеу тәсілдер. Ағымдағы таза құнды есептеу тәсілі бастапқы инвестиция деңгейі мен дисконтталған таза ақшалық түсімдердің жалпы сомасын салыстыруға негізделген. Ақша түсімдері уақыт аралығына бөлінгендіктен, ол r коэффициенті арқылы дисконтталады. Бұл коэффициентті салынған капиталдың жылдық пайыздық қайтарылымы негізінде, аналитик өз бетімен тағайындайды. Мысалы, салынған қаржы (IС) n жыл ішінде туындалады деп болжам жасалады, жылдық пайда P1, Р2, ..., Рn – мөлшерде. Дисконтталған пайданың жалпы деңгейі (PV) және таза келтірілген әсер (NPV) келесі белгілі формулалар арқылы есептеледі:
Pk
PV= --------- [1.3]
(1+r)k
Pk
NPV= --------- - IC
(1+r)k
Егерде: NPV > О, жобаны қабылдау тиіс; NPV < О, жоба қабылданбайды; NPV = О, жоба пайда да әкелмейді, бірақ шығынға да қалдырмайды. Табысты жылдарға болжағанда, мүмкіндігінше, өндірістік және өндірістік емес нысандағы түсімдерді есептеу керек. Егер, жобаның аяқталу кезеңінде жабдықтың жойылу құны түрінде қаржының түсуі немесе айналым қаражатының бөлшегігінің босатылып алынуы жобаланса, онда олар белгілі кезеңнің табысы ретінде есептелуі қажет. Инвестициялық жоба бір жолғы емес, керісінше m жыл ішінде үнемі инвестицияны талап ететін болса, онда NPV- ді есептеу үшін келесі формула қолданылады.
n Pk m ICj
NPV= ------ - -------- [2.3]
k-1 (1+r)k j=1 (1+r) j
где i — прогнозируемый средний уровень инфляции.
Бұл формула [2.3] өндірісті түрлендірудің тиімдмлігін есептеу үшін кең қолданылады.
Табыстың ішкі мөлшерлемесін есептеу инвестицияның пайдалылығының көрсеткішіне негізделген. Инвестицияның пайдалылығының көрсеткіші (IRR) деп дисконттау коэфициениінің мағынасын атайды. Бұндай жағдайда NPV нөлге тең:
IRR = г, бұнда NPV = f(r) = 0
Бұл коэффициентті талдаудың маңызы мынада: IRR жобаға жұмсалатын шығындардың ең жоғарғы мүмкін деңгейін көрсетеді. Мысалы, жоба толықтай коммерциялық банктің несиесінен қаржыландырылса, онда IRR банктің пайыздық мөлшерлемесінің ең жоғарғы шегін көрсетеді. Пайыздық мөлшерлеме бұл шектен асса, жоба залалды болады. Тәжірибеде әр өнеркәсіп өзінің әрекетін түрлі көзден қаржыландырады. Өнеркәсіптің іс-әрекетіне жұмсалған қаржылық ресурстарды пайдаланғаны үшін, өнеркәсіп өзінің экономикалық потенциалын сақтау үшін келесі шығындарға ұшырайды: пайыз, дивиденд, сыйақы төлейді. Осы шығындарды көрсететін орташа көрсеткішті авансталған капитал құны (СС) деп алуға болады. Бұл көрсеткіш өнеркәсіпте қалыптасқан, оның әрекетіне салынған капиталдың үстіне қайта оралуының минималды деңгейін анықтайды. Және салмақтанған орта арифметикалық шамамен анықталады. Оның экономикалық маңызы мынада: өнеркәсіп түрлі инвестициялық шешім қабылдай алады, егер пайдалылық деңгейі ағымдағы СС көрсеткішінен кем болмаса. Осы көрсеткішпен белгілі жобаға есептелген IRR көрсеткіші салыстырылады:
Егер: IRR > СС, онда жоба қабылданады;
IRR < СС, онда жоба қабылданбайды;
IRR = CC, онда жоба пайдасыз да, залалсыз да.
Бұл тәсілді тәжірибеде қолдану үшін арнайы қаржылық калькулятор қажет. Сондықтан Қазақстанда бұл тәсіл кеңінен таралмаған. Бұндай жағдайда дисконтталған көбейткіштің кестеленген мағынасын пайдаланған кезекті итерациялар тәсілі қолданылады. Ол үшінкестелер арқылы дисконттау коэфициентінің екі мағынасы таңдалады: r1
f(r1)
IRR=r1 + ------------- . (r2 - r1) [3.3]
f(r1)- f(r2)
мұнда r1 — кестеленген дисконттау коэфициентінің мағынасы, онда f(ri)>0 (f(ri)<0); r2 — кестеленген дисконттау коэфициентінің мағынасы, онда f(r2)<0 (f(r2)>0). Есептеу нақтылығы интервал ұзындығына (r1,r2) кері пропорционалды, ал ең жақсы кестеленген мағынаның аппроксимациясы, интервал ұзындығы минималды болғанда пайда болады (1% тең), немесе r1, r2 – дисконттау коэффициенттері бір-біріне өте жақын болғанда, мұнда: r1 — NPV – дің оң мағынасын төмендететін кестеленген дисконттау коэфициентінің көрсеткіші, немесе f(r1)=minr{f(r)>0};
r2 — NPV – дің оң мағынасын жоғарылататын кестеленген дисконттау коэфициентінің көрсеткіші, немесе f(r2)=maxr{f(r)<0}.
Өтелімділік кезеңін есептеу тәсілі - әлемдік талдауда кең ауқымда пайдаланылатын, қолдануға оңай тәсілдерінің бірі. Өтелімділік кезеңін есептеу (РР) алгоритмі инвестициялардан түсетін болжамданған пайданың бір қалыптылығына тәуелді. Егер табыс табыс жылдарға қалыпты бөлінсе, онда өтелімділік мерзімі бір жылғы шығындарды жылдық пайда мөлшеріне бөлу арқылы есептеледі. Бөлшек цифра шыққан кезде ол жақын тұтас көрсеткішке қарай жуықталады. РР есептеу формуласы мынадай:
n
РР=n, онда Pk > IC [4.3]
k=1
Кейбір мамандар РР көрсеткішін есептегенде уақыт аспектісін қолдануды талап етеді. Онда авансталған капитал құны көрсеткішімен дисконтталған ақша ағымдары есептеледі. Сондықтан, өтелімділік мерзімі ұлғаяды. Өтелімділік мерзімін есептеу өте оңай, бірақ бұл тәсілдің бірнеше кемшіліктері бар. Біріншіден, ол соңғы кезеңдердің табысының әсерін қарастырмайды. Екіншіден, бұл тәсіл дисконтталмаған есептеулерге негізделген, сондықтан ол бірдей сомадағы кумулятивті табыс әкелетін жобаларды айыра алмайды. Үшіншіден, аддитивтікке ие емес. Бұл тәсіл келесі жағдайда қолданылады. Егер өнеркәсіп басшылары жобаның пайдалылығы емес, өтімділік мәселесін шешкенде. Салымдар тәуекелділігі өте жоғары болған жағдайда бұл тәсіл кеңінен пайдаланылады. Себебі, жобаның өтемділік мерзімі азайған сайын, тәуекел пайызы да төмендейді. Бұл жағдай жоғары технологиялар саласына тән.
Пайдалылық индексін есептеу әдісі ағымдағы таза құнды есептеу тәсілінің жалғасы болып табылады. Пайдалылық индексі (PI) келесі формуламен есептеледі:
Pk
PI= --------- / IC [5.3]
k (1+r)k
Егер РI > 1, онда онда жоба қабылданады;
РI < 1, онда жоба қабылданбайды;
РI = 1, онда жоба пайдасыз да, залалсыз да.
Келтірілген әсерге қарағанда, пайдалылық индексі салыстырмалы көрсеткіш. Сондықтан бұл тәсіл NPV көрсеткіші бірдей альтернативті жобаларды бағалауда қолданылады. Немесе NPV сомалы көрсеткіші жоғары инвестиция қоржынын қалыптастыруда қолданылады.
Егер ЮНИДО ұйымының ұсынатын тәсілдерін Қазақстан жағдайында қолдануын қарастырсақ, онда келесі кемшіліктер байқалады. Біріншіден, ЮНИДО тәсілдері тиімді, егер оларды инфляция деңгейі төмен қалыпты экономикада пайдаланса. Қазақстанда жылдық инфляция өсімі жоғары, ал инфляция деңгейі банктік пайызға кіреді, сондықтан банктің пайыз бойынша табысты дисконттау мәнсіз болады. Екіншіден, өнеркәсіп пайданы тек бар активтерді тиімді пайдаланудан емес, жаңа тауарды пайдаланудан да көреді.
Талданған әдістер ішінде Қазақстанда қолдануға ең тиімдісі-қосымша табысты есептегендегі өтемділік мерзімі. Экономикалық тиімділікті есептеу үшін қазақстанда келесі формуланы пайдаланады:
Э=[(Б-ӨҚ)-Ен*К]*ӨШ, [1.9]
онда Б - өнім бағасы;
ӨҚ - өзіндік құн;
Ен - нормативті коэффициент (Ен = 0,15);
К - өнім бірлігіне салынған капитал;
ӨШ - өнім шығару.
Бұл тәсілді инфляция жағдайында қолдану тиімді. Жобаны таңдау үшін инвестицияның экономикалық тиімділігін анықтаудан басқа да факторлар есептеледі:
- Portfolio-талдау;
- БКТ матрицасы;
- МакКинсей матрицасы;
- Баллдық тәсіл.
Бизнес болашағын белгілі нарықта талдау үшін Portfolio-талдауда көпфакторлы матрицалық модель қолданылады. Матрица келесі координаттарда құрылады: " бизнес күші – нарық тартушылығы", 9 блокқа бөлінеді.
Блоктар үш зона құрайды, олар келесі саладағы стратегиялық шешімдерді талап етеді:
•инвестициялық;
•селективті басқару;
• потенциалдың жойылуына байланысты салада.
Бизнес күшін және нарық тартушылығын бағалау үшін келесі критерийлер қолданылады.
Кесте 9 – Бизнес күшін және нарық тартушылығын бағалау критерийлері
№
|
нарық тартушылығын бағалау критерийлері
|
Бизнес күшін бағалау критерийлері
|
1
|
2
|
3
|
1
|
Нарық көлемі
|
Нарық үлесі
|
2
|
Бастапқы сегменттер көлемі
|
Өнеркәсіптің даму қарқыны
|
3
|
Нарықтың өсу қарқыны
|
Тауарлар спектрінің кеңейуі
|
4
|
Нарық түрленуі
|
Өтімділік әсері
|
5
|
Сұраныстың мерзімділігі
|
Сату әсері
|
6
|
Сұраныстың циклділігі
|
Баға бәсекелестігі
|
7
|
Нарықтың баға сезімталдығы
|
Алға басу әсері
|
8
|
Мүмкіндіктер
|
Өндіріс құралдары
|
9
|
Бәсекелестік құрылымы
|
Шикізат құны
|
10
|
Кіру, шығу тосқауылдары
|
Тауардың салыстырмалы сапасы
|
11
|
Интеграция деңгейі
|
Салыстырмалы пайдалылық
|
12
|
Жеткізуші күші
|
Инвестицияларды пайдалану
|
13
|
Дистрибьюторлар күші
|
Тәжірибе әсері
|
14
|
Капитал интенсивтілігі
|
НИОКР интенсивтілігі
|
15
|
Өндіріс мүмкіндіктерін пайдалану
|
Персонала квалификациясы
|
16
|
Шикізат
|
Салыстырмалы нарықтық деңгей
|
17
|
Инфляция әсері
|
Қосылған құн
|
18
|
Саяси, әлеуметтік, демографиялық факторлар
|
|
19
|
Табыс
|
|
Әр фирма өзіне қатысты критерийлерді таңдап, оларды 9- балдық шкаламен бағалауына болады.
Кесте 10 - Талдаудағы нарық тартушылығын бағалау
нарық тартушылығы критерийі
|
Салыстырмалы маңызы
|
Бағалау
|
Берілген баға
|
Нарық көлемі
|
Бизнес күші – нарық тартушылығы матрицасы
|
9
|
2,7
|
Нарық өсімі
|
0,3
|
4,5
|
1,35
|
Шығу жеңілдігі
|
2,5
|
9
|
2,25
|
Тауар өмірінің циклын бағалау
|
0,15
|
0
|
0
|
Барлығы:
|
1,00
|
|
6,3
|
Тартымдылықты бағалау шкаласының градациясы:
9 - өте тартымды;
7 - тартымды;
4,5 – жаман емес;
3 – тартымды емес;
0 - өте тартымсыз.
Бизнес күші де осылай бағаланады.
Балдық бағалау әдісі. Жобаның нәтижесіне соғатын критерийлер анықталады және оларға балл беріледі. Осы баллдың жоғарылығына байланысты шешім қабылданады.
Сонымен, келтірілген тәсілдер бір-бірімен тығыз байланысты. Бұлардың комплексті қолданылуы инвестициялық жобаның тиімділігін анықтауда басты рөл атқарады. Қазақстанда инвестициялық жобаны таңдау үшін баллдық тәсіл мен өтелімділік мерзімін, ағымдағы таза құнды комплексті қолдану керек. Өтелімділік мерзімін, ағымдағы таза құнды есептеу инвестициялық жобаның экономикалық тиімділігін анықтауға көмектеседі, ал балдық тәсіл инвестордың алдына қойылған стратегиялық мақсатқа жеткізеді.
Қорытынды
Қазақстанның тәуелсіз мемлекет болып дамуының қазіргі кезеңінде, шетел инвестицияларының маңызы өсуде. Бүгінгі күні, ұлттық экономикаға 46 млрд. АҚШ доллары көлемінде шетел капиталы салынып отыр. Дегенмен, экономиканың қалыпты дамуы үшін бұл сома жеткіліксіз. Сондықтан, мемлекет әлі де инвестициялық әрекетті жандандыру мақсатында шетел инвесторларына және отандық инвесторларға қолайлы жағдай туғызу керек. Капиталды шетке шығарудың бүгінгі таңдағы ерекшеліктерінің бірі, өндіріске тартылатын капиталдар көлемінің өсуі болып отыр. Портфельдік инвестициялардан тікелей инвестицияларға көшу тенденциясы байқалады. Капиталдың қазып шығаратын өнеркәсіптен өңдеуші өнеркәсіпке және қызмет көрсету саласына ауысуы тұрақталып келеді.
Шетелдік инвестицияларды пайдалану, қай ел үшін болса да объективті қажеттілік. Ол, ел экономикасын халықаралық еңбек бөлінісі жүйесіне кеңінен қатыстырып, мұқтаж салаларға капиталдар келтірудің тиімді жолы.
Дүниежүзілік экономиканың объективті заңдары, капиталдар ауысуының халықаралық тәжірибесі көрсеткендей, Қазақстан бұл процестен аулақ тұра алмайды. Бұл қазіргі дүниежүзілік шаруашылық пен халықаралық экономикалық қатынастардың ерекше белгісі .
Егер, біздің мақсатымыз дүние жүзілік шаруашылыққа интеграциялау және ашық экономика принциптерін қолдау болса, онда капиталдарды Қазақстанға келтіру және оны импорттау ауадай қажет процесс. Олай болса біздің іс–қимылдарымыздың басты бағыттарының бірі – шетелдік инвестицияларды тарту және оларды мүмкіндігінше тиімді пайдалану болуы тиіс.
Шетелдік инвестицияларды Қазақстанға тарту мынадай мәселелерді шешуге көмектеседі :
экономикалық және техникалық өрлеуді жеделдету;
өндірістік аппаратты жаңарту мен қайта жарақтандыру ;
өндірісті ұйымдастырудың үздік әдістерін үйрету ;
нарықтың экономикалық талаптарына сай кадрларды дайындау ;
Мемлекеттік даму институттарын капиталдандыру жыл басында 730 млн. АҚШ долларын құраса, инвестициялық жобалар портфелі 1 млрд. 200 млн. АҚШ долларынан асып отыр.
2004 жылы 204 инвестициялық жоба іске асырылса, соның тең жартысы даму институттарының қолдауымен жүзеге асты .
Біздің стратегиялық міндетіміз - бәсекеге қабілетті елдердің қатарынан лайықты орын алу. Сондықтан да мемлекет пен жеке меншік сектор өзара сенім мен тиімділікке негізделген әріптестік қатынастарын жолға қоюы керек.
Жүргізілген зерттеу экономиканың шынайы секторына шетелдік инвестицияларды тарту отандық кәсіпорындар мен өндіріс салаларыың дамуының, тіпті ұлттық экономиканың дамуы, олардың әлемдік нарықта бәсекеге қабілеттілігінің жоғарылауының маңызды факторы болып табылады.
2005 жылдың желтоқсанында қабылданған “2006-2008 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы Үкіметінің Бағдарламаларына” сәйкес Үкімет алғы шартының басты мақсаты болып Қазақстанның халықаралық бәсекеге қабілеттілігінің жоғарылауына және ел азаматтары өмірінің сапасына қолайлы экономикалық және институтцияланған жағдайлардың жасалынуы табылады. Бұл Бағдарламаның жүзеге асырылуы үшін қажетті ресурстардың көлемі жыл сайын 14-15%-ға өсіп отырады.
Шетелдік инвестицияларды тартудың нәтижелілігі төмендегіше болуы тиіс: 0>
Достарыңызбен бөлісу: |