Диплом жұмысының құрылымы: Диплом жұмысы кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Инвестицияның теориялық - әдістемелік негізі
1.1 Инвестицияны тартудың теориялық негіздері
Шетелдік капиталды тартудың тенденцияларын анықтау үшін, олардың ұлттық экономиканың дамуына әсер ететін басты фактор екеніне көз жеткізу үшін, оларды қолданудың нәтижелілігін анықтау үшін “инвестиция” ұғымының әлеуметтік-экономикалық мазмұнын нақтылау қажет.
Инвестицияның материалды құндылықтар мен тауарлар өндірісі процесін анықтайтыны жөнінде айтқанда “инвестиция” категориясының экономикалық және құқықтық болатындығын естен шығармау қажет. Мемлекет ретінде тек қана бір тұлға – мемлекеттің бой көрсетуі жағдайында “инвестиция” ұғымы жеткілікті дәрежеде тар болатын. Ол негізінен капиталдық салымдар мақсатында қолданылатын ақша құралдарын ғана қамтыған. 1991 жылға дейін инвестиция ұғымының тапсырыс берушілердің (инвесторлар) негізінен құрылыс жұмыстарын қаржыландыруға бағытталған әрекетін сипаттайтын “капиталдық салымдар” терминімен ауыстырылғандығы кездейсоқтық емес. Бүгінде реттеулі нарықтық қатынасқа өту кезеңінде жеке мүліктік қатынастағы сапалық өзгерістерге байланысты инвесторлар ретінде көрінетін топтық тұлғаларға бағытталушылықта “инвестиция” ұғымы жоғарыда көрсетілген стереотиптерден арылды.
Экономикалық әдебиеттерде жеткілікті дәрежеде көптеген анықтамалар берілген, бірақ әртүрлі авторлар ұсынған ол анықтамалардың барлығы құбылысты күрделі және көп аспектілікке әкеліп соқтырады. Инвестицияның кең тараған анықтамасы – бұл инвесторлардың өз кәсіпкерлік әрекетінің объектісіне салған мүліктік және интеллектуалды құндылықтарының барлық түрлері. Экономикалық мәнінде инвестиция “өндірістік күшті қалыптастыруда өндіріс процесінде жеке еңбектің тұтынуға қарағанда жоғары құнды қалыптастыруы арқасында болатын жеке еңбек пен қоғамдық еңбекті салу процесі” ретінде анықталады.
Экономикалық әдебиеттердің анализі көрсеткендей, “капитал салымдары” термині – ол негізгі қорлар өндірісіне кеткен қаржылық шығындар. Мысалы, Г.И.Хачатуров капитал салымдары астарында негізгі қорлар өндірісіне кеткен шығындарды, олардың көбеюі мен жүзеге асырылуын түсінуді ұсынады. М.И.Кулагин экономикалық мәнде инвестицияны өндіріске, көлік, ауыл шаруашылығы және табысқа ие болу мақсатындағы ұлттық экономиканың өзге де салаларына құралдардың ұзақ мерзімді салымын түсінуді ұсынады(58).
Бұдан да кең анықтамаларды шетелдік экономистер береді. Соның ішінде, Кейнс инвестиция болып “белгілі бір кезеңдегі өндірістік әрекет нәтижесінде капитал мүлігі құндылығының аралық өсімі” немесе “сол кезең ішінде иелікке алынуда қолданылмаған табыстың бөлігі” табылады деп санайды.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 қаңтардағы “Инвестициялар туралы” 373-ІІ заңы да “инвестиция” ұғымына анықтама береді. Дегенмен, бұл заң Қазақстан Республикасы экономикасына шетелдік инвестицияларды тартудың негізгі экономикалық және құқықтық негіздерін анықтайды, шетелдік инвестициялар қауіпсіздігінің мемлекеттік кепілдемелерін, олардың жүзеге асырылуының ұйымдастырушылық формаларын, шетелдік инвесторлармен болатын тартыстардың шешілу тәтібін бекіткен. Қазақстан Республикасының ұлттық заңдылығында инвестиция ұғымы тек осы заңда анықталады.(1)
Бұл заң бойынша, “инвестиция” – табысқа ие болу мақсатындағы кәсіпкерлік әрекет объектісіне салынған мүліктік және интеллектуалдық құндылықтардың барлық түрі. Заңда көрсетілген бұл мүліктік құқықтардың тізімі жеткілікті дәрежеде кең, мысалы, лицензияға негізделген немесе өзге формада мемлекеттік органмен ұсынылған әрекеттің жүзеге асырылуына қатысты кез-келген құқықты, сонымен бірге Қазақстан Республикасы территориясында инвестицияланған және алынған табысты инвестицияға жатқызады.
Инвестицияларға жылжымалы және жылжымайтын мүлік пен мүліктік құқық, иелік ету құқығы, облигация мен өзге де борыштық міндеттер, акциялар, сонымен бірге комерциялық ұйымдарға қатысудың және инвестициямен байланысты шарт бойынша орындалатын қызметтер, тауарлар, ақшалай сомаларды талап етудің өзге де формалары жатқызылады. Бұдан өзге бұл тізімге интеллектуалды әрекеттің нәтижесіне құқылық, оның ішінде авторлық құқық, патенттер, тауарлы белгілер, өндірістік үлгілер, технологиялық процестер, ноу-хау, нормативті-техникалық, архитектуралық, құрылымдық және технологиялық жобалы құжаттамалар қосылған.
Экономикалық әдебиеттердегі жоғарыда көрсетілген анықтамалардағы және Қазақстан Республикасының “Инвестициялар туралы” заңындағы заң саласы бойынша берілген анықтама тұрғысынан қарағанда “инвестиция” ұғымының өзіндік белгісі болып “табыс алу” белгісінің болуы табылады.
Инвестицияны молайту және қорғау туралы Қазақстан Республикасының екі жақты келісіміндегі халықаралық-құқықтық дәрежеде құқықтық реттеудің жүзеге асырылуында “инвестиция” ұғымы:
жылжымалы мүлік пен жылжымайтын мүлік түріндегі иелік;
үлесті қатысымға және компаниялардағы қатысудың өзге де формаларына құқығы;
экономикалық құндылықты немесе инвестициялармен байланысты және экономикалық құндылықтарға ие қызметтерді құруда қолданылатын ақша құралдары бойынша талап ету құқықтары;
технология, өндірістік үлгілер мен тауар белгілерін ойлап табу сияқты интеллектуалды иеліктерге құқығы;
өзі жүзеге асырылатын территориядағы елдің заңдылықтарына сәйкес инвестиция деп танылған мүліктік құндылықтар мен өзге де құқықтар.
Жоғарыда көрсетілгендерден Қазақстан Республикасында өзара инвестицияны молайту және қорғау туралы шартты келісімі бойынша “инвестиция” анықтамасында “табыс алу мақсаты” белгісі жоқ.
Халықаралық құқықта “инвестиция” категориясының құқықтық түсінігі тұрақты емес және заңдылықтың алдына қойған талаптарына әрдайым тәуелді болып отыратындығы көрсетілген. Шетелдік инвестицияларға қатысты көп қабатты халықаралық конвенциялар “инвестиция” ұғымы анықтамасына ие емес. Көп қабатты конвенцияларды қалыптастырушылардың мұндай анықтаманы ұлттық заңдылықтың конвенция әрекетінде кездесетін қатынас шеңберін өзі таңдауына кедергі келтірмеу үшін конвенция мәтініне саналы түрде қоспағандығы туралы пікірлер кездеседі. Дегенмен, мұндай анықтамалардың әртүрлі нұсқалары тек ұлттық заңдылықтарда ғана бар емес, өзара инвестицияны молайту және қорғау туралы екі жақты келісімдерде де бар және жоғарыда айтылғандай, бұл екі топ анықтамалар аралығында екі жақты келісімдегі анықтамадағы “табыс алу мақсаты” белгісінің жоқтығынан туған маңызды айырмашылық бар.
“Инвестиция” ұғымына жасалған талдаудан инвестициялардың мүліктік және мүліксіз сипатқа ие екендігін айтуға болады. Кең аспектіде мүліксіз инвестициялар астарында әдеби және шығармашылық туындыларға құқық, ойлап тапқан жаңалыққа құқық, өндірістік үлгілер, интегралды кестелер типологиясын түсіну керек; сонымен бірге өзіндік ерекшелікке ие технологиялық мәліметтер, өндіріс құпиялары, конфиденциалды коммерциялық ақпараттар, тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, фирмалық атаулар, яғни интеллектуалдық мүлік, иелік ұғымына кіретіндердің барлығы қамтылады. Инвестицияның бұдан өзге категориялары мүліктік инвестицияларға жатқызылады. Олардың өзіндік белгісі болып материалдылық көрінеді: қаржы, материалды құндылықтар, заттық құқықтар.
Сонымен, инвестициялар деп - өнеркәсіпке, құрылысқа, ауыл шаруашылығына және өндірістің басқа да салаларындағы шаруашылық субъектісіне мүліктей, заттай сондай-ақ ақша қаражаты түрінде , яғни капитал түрінде салынып ол шаруашылықты әрі қарай өркендетіп дамыту үшін жұмсалынатын шығындардың жиынтығын айтады.
Инвестиция дегеніміз- бүгінгі күні қолда бар ақшаны, мүлікті және басқа да заттарды , яғни капиталды қандай да бір өндірісті дамыту үшін жұмсап, сол арқылы келешекте , яғни алдағы уақытта пайыз түрінде немесе басқадай үлкен кәсіпкерлік табыс табу болып табылады.
Бұл жоғарыда айтылған процеспен екі фактор байланысты болып келеді. Оның біріншісі – уақыт, ал екіншісі – тәуекелдік . Сонымен қатар инвестиция экономикалық өсудің негізі бола отырып , елдің әлеуметтік дамуына жағдай жасайды. Осы айтылғандармен қатар инвестиция экономикалық дамудың жоғарғы және тұрақты қарқынын қалыптастырудың , ғылыми- техникалық прогресс жетістіктерін өсірудің , инфрақұрылымды дамытудың маңызды факторы болып саналады.
Инвестицияның көзі болып жаңадан жасалған қосымша құнның , яғни таза табыстың пайдаланылмай сақталған бір бөлігі саналады. Инвестиция көзі дегеніміз – жаңадан жасалынған құн немесе таза табыстың сақталатын бөлігі болып табылады. Шаруашылық субъектілері немесе кәсіпкерлер инвестицияны өзінің таза табысының есебінен , өзін-өзі қаржыландыру немесе ол үшін сырттан несие алу арқылы жасайды. Тағайындалу түрлері бойынша инвестициялар нақтылық және қаржылық инвестиция болып екі түрге бөлінеді.
Нақтылық инвестиция дегеніміз – шаруашылық субъектісіндегі белгілі бір материалдық, өндірістік қорлардың, яғни активтердің (жер, жабдық , құрылыс) өсуіне , дамуы жұмсалану үшін салынатын салымдар болып табылады.
Қаржылық инвестиция дегеніміз – акционерлік қоғамдар немесе мемлекет шығарған акцияларға , облигациялар және басқадай құнды қағаздарға банктердің депозиттерін салынған салымдар болып табылады.
Қаржылық инвестициялар иелену мерзіміне қарай мынадай категорияларға жіктеледі:
а) қысқа мерзімдік иелену- иелену мерзімі бір жылға дейін;
ә) ұзақ мерзімдік – иелену мерзімі бір жылдан артық;
Инвестор – қор нарығында құнды қағаздарды сатып алушылар болып табылады.
Ұлттық инвестор дегеніміз- Қазақстан Республикасында инвестицияны жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Заңды тұлғасы.
Инвестиция дегеніміз – табыс табу және капиталды ұлғайту мақсатымен өндірістік және басқа да қызметтерге қаржы жұмсау болып табылады , яғни қаржы үнемі жұмыс істеуге басқаша айтқанда, қандай да бір табыс түсетін жұмысқа немесе іске жұмсалынуы тиіс. Инвестор өз алдына дербес екі топқа бөлінеді:
- жеке инвесторлар (жеке адамдар).
- институттандырылған инвесторлар (банктер , инвестициялық қорлар, зейнетақы қорлары , тағы басқалары).
Инвестициялық саясат дегеніміз – халық шаруашылығының әр түрлі салаларында пайда табу мақсатымен ұзақ мерзімді капитал жұмсау саясаты. Күрделі қаржыны тиімді пайдаланудың , оларды шешуші бағыттарға шоғырландырудың , қоғамдық өндірісте тепе- теңдікті қамтамасыз етудің жолдарын көрсететін шаруашылық шешімдерінің жиынтығы. Егер инвестициялық саясат дұрыс шешілсе, әрбір шығындалған теңгеге келетін ұлттық табыстың мөлшері өседі, өнім молаяды. Инвестициялық саясат күрделі қаржыны, қорларды өндіретін , өндейтін және ол өнімдерді пайдаланатын салалар арасында дұрыс пайдалануды қамтамасыз етуі керек. Қазіргі кезде күрделі қаржыны жаңа өндіріс орындарын тұрғызудан гөрі оларды техникалық жағынан қайта жарақтандыруға, қайта құруға бағытталып, одан әрі өндіріске жұмсалған күрделі қаржының ара салмағын өсіре беру көзделіп отыр. Нарықты экономикаға көшу кезінде инвестициялық саясат сұранысты қанағаттандыруға бағытталуға тиіс.
Тікелей инвестиция дегеніміз- капиталды экспорттаушының қабылдаушы ел территориясында өндірісті ұйымдастыруын айтады. Тікелей инвестициялар арқылы халықаралық корпорациялар дүниежүзілік нарықта өз бөліктерін жүргізеді.
Ал , капитал дегеніміз - тауар өндірісінің жұмыс күші тауарға айнала бастаған кезінде пайда болады. Капиталдың алғашқы қорлануы процесінде тікелей өндірушілер өндіріс құрал- жабдықтары капиталистік кәсіпкерлердің қолына жинақтала бачстады. Өндіріс құрал жабдығынан айырылған жұмысшы өз жұмыс күшін капиталистерге сатуға мәжбүр болды. Бұл процесс тауар өндірісінің капиталистік өндіріске айналуын көрсетеді.
Капиталды әлем елдерінде пайдаланудың негізгісі мыналар :
Инвестициялаушы елдегі капиталдың мол қорлануы;
Дүниежүзілік шаруашылықтың әр түрлі бөліктеріндегі капиталға сұраныс пен ұсыныс арасындағы тепе-теңдіктің бұзылуы;
Жергілікті рынокты монополизациялау мүмкіндігі;
Капитал экспортталатын елде арзан шикізат пен жұмысшы күшінің болуы;
Саяси тұрақтылықтың және қолайлы инвестициялық ахуал;
Капиталды шетке шығару мына нысандарда жүргізіледі:
- өнеркәсіп, сауда т.б. кәсіпорындарына тікелей инвестициялар ;
- портфельдік инвестициялар (шетелдік облигацияларды, акцияларды және басқа да құды қағаздарға алу үшін);
Ішкі инвестициялық ресурстар өте тапшы бүгінгі экономикалық жағдайда экономиканы тұрақтандыруға , реформаларды тереңдету және құрылымдық өзгерістерді жүзеге асыру шетел капиталын тартпайынша мүмкін емес.
Шетел инвесторы - шетелдік заңды тұлғалар, шетел азаматтары , шетел мемлекеттері , халықаралық ұйымдар , шетелде тұрақты тұрғылықты мекені бар Қазақстан Республикасының азаматтары , егер олар шаруашылық қызметін жүргізу үшін азаматтығын алған немесе тұрақты тұрғылықты мекені бар елде тіркелген жағдайда.
Шетелдік инвестиция дегеніміз-қабылдаушы елдегі компанияның қызметін бақылап, басқарып отыру үшін капиталдың мақсатты түрде ауысуы болып келеді. Шетелдік инвестициялардың елдер мен өнеркәсіп салалары арасында бөлінуі кәңіргі халықаралық экономиканың құрамына айтарлықтай әсер етеді.
Шетелдік инвестицияларын тарту саясаты 1991 жылдан басталып, оң нәтижелер беруде. Шетел капиталын басқаратын Қазақстан Эксимбанкі, сырттан қарыз алу жөніндегі комитет және инвестициялар жөніндегі комитет тәрізді органдар құрылды. Сөйтіп Қазақстанда шетел капиталы үшін қолайлы ахуал қалыптасты.
Шетел инвестицияларын тартудың басты бағыттарына тіршілікті қамтамасыз ету салалары мен экспорт бағдарындағы өндірістер – мұнай-газ және мұнай – химия салалары, электр энергетикасы, металлургия, коммуникация және де Қазақстан дәнді-дақылдар, жүн, мақта т.б. ірі өндіруші болу себепті, агроөнеркәсіп кешені жатады. Мұнай-газ саласында күш-қуат мұнай мен газ өндіріп , экспорттқа шығаруды арттыруға сыртқы мұнай құбырлары мен ішкі газ құбырларын салуға жұмсалады.
1995 жылдың шетелдік инвестициялардың көлемі 235 млрд. $-ға артып, 2.6 трлн $ деңгейін жетті. Шетелдік инвестицияларды тартудың маңызды көзі- потрфель инвестициялары . Олар ірі корпорациялардың , мемлекеттік және жекеменшік банктердің облигациялық қарыздарын қаржыландырады.
Қаржы емес активтерге жұмсалған инвестициялар мынадай элементтерді: негізгі капиталға жұмсалған инвестицияларды , материалдық айналым қаражаты қорын толтыруға жұмсалған инвестицияларды , өндірілмеген және материалдық емес активтерге жұмсалған инвестицияларды, басқа да қаржы емес активтерге жұмсалған инвестицияларды өзіне қосады.
2006 жылғы қаңтарда қаржы емес активтерге инвестициялардың бағалау көлемі (материалдық айналым қаражатының қорларын толтыратын инвестицияларсыз ) 57.6 млрд. Теңгені құрады, оның 56.9 млрд теңгесі (98.7%) негізгі капиталға инвестицияларға келеді.
2006 жылғы қаңтарда негізгі капиталға инвестициялар 56.9 млрд. теңге болды, бұл 2003 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 17.2%көп.
2006 жылғы қаңтарда инвестицияның өсуі республиканың 12 өңірінде байқалды. Ең көп өсу Жамбыл (4.8 есе), Павлодар (2.2 есе), Оңтүстік Қазақстан (1.6 есе), Қостанай , Атырау, Қарағанды (1.4 есе) облыстары мен Астана қаласында да (1.9есе ) байқалды. Өсім сондай-ақ Шығыс Қазақстан , Ақмола, Қызылорда, Алматы облыстарында мен Алматы қаласында да (4-13%) байқалды.
Өткен жылдың қаңтарымен салыстырғанда инвестиция көлемінің төмендеуі Ақтөбе (45%), Батыс Қазақстан (44%), Солтүстік Қазақстан мен Маңғыстау (6%)облыстары байқалды.
Мұнай өндіру және табиғи газ (негізгі капиталға инвестициялардың жалпы көлемінен (61%) , жылжымайтын мүлікпен операция (12%), өңдеу өнеркәсібі (8%), көлік және байланыс (4%)) басым салалар болып табылады.
Шетел инвестицияларының жалпы республикалық көлемінің ең көп үлесі Атырау (46%) және Батыс Қазақстан (33%) облыстарында игерілді.
Инвестициялық қызмет дегеніміз – шаруашылық жүргізуші субъектілер жүзеге асыратын табыс алу және меншікті капиталын өсіру мақсатындағы қаражат жұмсалымы.
Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар – сатып алуға, құруға, негізгі құралдарды қайта өндіруге және күрделі жөндеуге кеткен шығындардың жиынтығы болып табылады.
2006 жылы Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қызметтің нәтижесі- қаржы емес активтерге жұмсалған 1307.2 млрд. теңге инвестицияны игеру болды, мұның 1100 млрд. теңге инвестициясы негізгі капиталға жұмсалған. Қаржы емес активтерге жұмсалған инвестициялардың жалпы көлеміндегі негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың үлесі 84.2% құрады. Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлемі 2005 жылғымен салыстырғанда 10.6 %-ға (2006 жылы-44.7%-ға; 2005 жылы – 48.5%-ға ; 2004 жылы – 33.0%ға ) өсті.
Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлеміндегі ірі кәсіпорындар дың үлесі – 47.0%, орташаларынікі -27.9%, шағындарынікі – 23.9% , халық үлесі – 1.2% құрады.
Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың түрлік құрылымына сәйкес тұрғын емес үйлер мен ғимараттарға кеткен шығындардың үлесі 45.0% құрады, бұл 2005 жылғы көрсеткіштен 9.6пайыздық пунктке артық. Тұрғын үйлерге салынған салымның үлесі 0.6 пайыздық пунктке өсіп, 4.8% құрады.[26;5]
Машиналарға, жабдыққа, құрал-сайманға, керек-жарақтарға кеткен шығындардың үлесі 1.6 пайыздық пунктке төмендеді.
Негізгі капиталға жұмасалған басқа шығындар 131 млрд. теңгені құрады, оның 89.1% геологиялық барлауға жұмсалған.
Өңдеу өнеркәсібі салалары арасында металлургия өнеркәсібінің үлесіне ғана негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлемінің 44.4%тиеді.
Көлік және байланыста негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың елеулі үлес салмағы құбырлармен айдауға (42.3%) әуе көлігіне (15.4%) және электр байланысқа (19.8%) келеді.
Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың көлемі ауыл шаруашы- лығында бұрынғысынша мардымсыз (1.3%).
Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың көлемі де табиғат қорғау шараларына мардымсыз болды.
Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың жалпы көлемінде үйлер мен ғимараттарды күрделі жөндеуге кеткен шығындар үлесі 13.3%құрады,бұл 2001 жылғы көрсеткіштен 4.2 пайыздық пунктке артық. Күрделі жөндеуге кеткен шығындардың жалпы көлемінен үйлер мен ғимараттарға – 52.3%, машиналар мен жабдықтарға кеткен шығындар 47.7% құрады.[20;11]
1-сурет. 2007 жылғы көрсеткіш бойынша негізгі капиталға жұмсалған ішкі және шетелдік инвестициялардың құрылымы .
Кесте-1
Инвестиция классификациясының өзге негізі ретінде инвестициялау объектісін басқаруда инвестордың қатысуы мен қатыспауын санауға болады.
Сондықтан, инвестиция негіздемесін қоржынды инвестициялар деп аталатын тікелей және жанама инвестицияларға бөлуге болады. Тікелей инвестициялар шетелдік, болмаса отандық болып табылатын жүз пайыз инвесторға тәуелді біріккен кәсіпорындар мен кәсіпорындар құруда жүзеге асырылады. Инвестицициялаудың мұндай формасында инвесторлар кәсіпорынды (компанияны) басқаруға тікелей қатысады.
Тікелей шетелдік инвестициялар (foriegn direct investment) – бір елдің кәсіпорын-резидентінде (тікелей инвестицияларға ие кәсіпорындар) өзге елдің резиденттік қызығушылығына ұзақ мерзімді ие болуы (тікелей инвестор ретінде).
Жоғарыда көрсетілген ХВҚ және БҰҰ-ның ұлттық есебі жүйесінде қабылданған анықтамаларға сәйкес тікелей шетелдік инвестицияларға инвестордың өз иелігін шетелден бастапқы алуы сияқты инвесторлар мен кәсіпорындар аралығындағы олардың капиталы салынған келесі мәмілелердің барлығы да қатысты. Тікелей инвестиция құрамына мыналар кіреді:
компаниялардың өз капиталдарын шетелге салуы - қауымдасқан және еншілес компаниялардағы акциялар үлесі мен филиалдар капиталы;
табысты қайта инвестициялау - девиденд ретінде жіктелмеген және тікелей инвесторға аударылмаған, шетелдік инвестициялармен бірлескен өнеркәсіп табысындағы тікелей инвестордың үлесі;
тікелей инвесторлар аралығында заемдар мен несиелер формасында капиталдың корпарация ішілік аударымдары, бір жағынан еншілес компаниялармен, қауымдасқан компаниялар және филиалдармен – екінші жағынан.
Дегенмен, кез-келген ел тікелей инвестицияларын өз статистикасында жоғарыда көрсетілген анықтамаға сәйкестендіре бермейді. Мысалы, Жапония қайта инвестицияланған табысты тікелей инвестиция ретінде қарастырмайды. Тікелей шетелдік инвестиция белгісі болып олардың негізінде қалыптасатын кәсіпорындар аралығында ұзақ мерзімді іскери байланыстар табылады, инвестор өз құралдары салынған кәсіпорындардың қабылдаған шешімдеріне жеткілікті дәрежеде ықпал ету мүмкіндігіне ие бола алады.
Шетелдік инвестициялар негізіндегі кәсіпорындар (direct investment enter prise) - өзге елдің инвестор-резидентіне әдеттегі акцияның және дауыстардың (акционерлік кәсіпорындарда) немесе теңдеуішінің (акционерлік емес кәсіпорындарда)10%-ынан көп бөлігі тікелей тәуелді акционерлік немесе акционерлік емес кәсіпорын.
Шетелдік инвесторға тәуелді капиталдың 10% бойынша шетелдік инвестициялар негізіндегі кәсіпорындарға шек халықаралық ұйымдармен тікелей инвестициялар қозғалысының салғастырмалы есебін қамтамасыз ету мақсатында қалыптастырылған.
Қоржынды инвестициялар кәсіпорынды басқаруға тікелей қатысуды көздемейді, шетелдік инвесторлар арқылы акция мен құнды қағаздарға, яғни бұл кәсіпорындарға ақшалай салынған капиталға девидендтер алуды болжайды.
Қоржынды инвестициялар – бұл шетелдік кәсіпорын әрекетіне тікелей бақылау мүмкіндігін бермейтін капитал салымының акция, облигация сияқты өзге формалары. Инвесторлар тек құнды қағаздар жөніндегі бекітілген ережелерге сәйкес табыс ала алады.
Қоржынды инвестициялар – ірі корпорациялар, орталық (мемлекеттік) және жеке меншік банктер шығаратын облигациялық заемдарды қаржыландыруға арналған шетелдік капиталды тартудың маңызды көзі. Шетелдік қоржынды инвестицияның жүзеге асырылуында делдал ретінде, әдеттегідей, ірі инвестициялық банктер бой көрсетеді.
Қоржынды инвестициялардың қозғалысына жекелеген елдерде төленетін пайыздық мөлшерлеме нормасындағы айырмашылық мәнді әсерін тигізеді.
Тікелей инвестициялаудың қоржынды инвестициялаудан фундаменталды айырмашылығы қоржынды инвестордың өзі инвестициялайтын кәсіпорын басқармасына ие болуға ұмтылмауында жатыр. Халықаралық компаниялардың бірқатар жарғылары бойынша, оларға көбінесе басқаруға қатысуға және құралдары салынған компаниялар кеңесінде таңдалынуға да тиым салынады. Бұл инвестицияланған компаниялар басшылығы мен басқаруына қатысу мамандардың жаңа штатын қажет ететіндігімен түсіндіріледі, ерекше көңіл аударушылық бас компанияның инвестициялық саясатының жүзеге асырылуындағы икемділікті де азайтар еді.
1950-1960 жылдары өндірістік дамыған елдерде экономикалық даму қарқынының өсуі болды. Бұл жағдай капиталға деген ұсынысқа кері әсерін тигізді. Бір жағынан, өндірістік дамыған елдерде капитал салудың жаңа аялары ашылды. Артық капиталдардың мәнді бөлігі әскери салаларды қамти бастады, ал өзге бөліктері инфрақұрылымды кеңейтуге, қызмет көрсету, ғылым, денсаулық сақтау және білім беру аяларының дамуына бағытталды. Екінші жағынан, экономикалық даму темпінің өсуі өндірістік корпорациялар капиталдарының ірі шоғырлануын және капитал ұсынысын кеңейтуде қосымша стимулдардың қалыптасуына ықпал еткен банктік ресурстардың орталықтануын қамтамасыз етті.
Экономикалық жағдайдың өзгеруі капитал ұсынысында жаңа құбылыстардың қалыптасуына негіз болды. Егер бұрын шетел экономикасына кәсіпкерлік капиталын инвестициялау жеке меншік фирма қалыптастыру формасында немесе қабылдаушы елдің ұлттық акционерлік қоғамдарына құралдар салу жолымен жүзеге асырылса, бүгінде инвестициялаудың жаңа формалары пайда болды. Олардың қатарына мыналарды жатқызуға болады:
бірлескен кәсіпорындар құру;
кәсіпорындарды “кілт астарында” қамту;
шетелдік фирманың қамтылатын объектіге жергілікті мамандарды дайындауды қарастыратын “өнім - қолға” типіндегі шарты кәсіпорындарды “кілт астарында” қамтудан айырмашылығы болып табылады;
өнім бөлу туралы келісім;
мұнай табысы әзірлемесі аясына тән “қатерлі жобалар” туралы шарттар;
лицензиялы келісімдер, оның ішінде сатып алушыға басқару аясында қосымша қызметтерде “жеткізіп беруші компанияның кейбір ережелерін құрметтеу” міндетіне айырбаста лицензиямен қамтамасыз ететін франчайзинг.
Капиталды инвестициялаудың өзіне тән формасы технология экспорты болды. Бұл форманың жүзеге асырылуында жеткізіп беруші компания марапаттама ретінде технология элементтерін (патенттер, лицензиялар, сауда маркалары, басқару тәжірибесі және т.б.), қабылдаушы кәсіпорынның табысының бөлігін алады. Бұл жерде технология экспорты сату мен қарыз (ссуда) белгілеріне ие: ғылыми-техникалық жетістіктер белгілі бір мерзімге сатылады, бірақ олардың иегері ретінде сатушы қалады. Сонымен бірге, технология экспорты кейде оны иеленген фирма акциясының бөлігін алумен шарттасады. Көріп отырғанымыздай, технология экспорты спецификалық тауар ұсынысымен ғана емес, капитал ұсынысына қатысты экономикалық қатынаспен де сипатталады.
Жаңа формалар дәстүрлі тікелей инвестицияларды алмастыра алмағанымен кеңірек даму жолына ие болады. Олар экспортта жұмыс істейтін салаларда ғана емес, қабылдаушы озық емес, жетілген технологияларды қолданушы елдердің ішкі нарығына таралады.
Жөнелтілуші капиталдардың көп бөлігі ірі компаниялардың жеке мүлігі болып табылатындығын айта кету керек. Мұндай фирмалар капитал экспортында жетекші орынға ие, себебі кәсіпорын масштабы мен шетелдік инвестицияны өткізуге қажетті оның қолында бар қаржылық және өзге де артықшылықтар аралығында тығыз өзара тәуелділік бар. Дегенмен, бұған қарамастан соңғы кезде ұсақ және орта фирмалар капитал ұсынысында үлкен мүмкіндіктерге ие болды, тіпті ірі компаниялармен салыстырғанда кейбір артықшылықтарға қол жеткізді. Шағын және орта кәсіпорындар үшін капитал ұсынысы шетелдік нарыққа тауарлар өткізумен байланысты.
Батыстық инвесторлар соңғы кезде әртүрлі жобаларды қаржыландыру жүйесіндегі өзгерістерге байланысты ірі қолдауға ие болып отыр. Егер бұрын бұл міндетті, әдеттегідей, жеткізіп беруші фирмалар өз мойнына алса, қазірде көбіне тәуелсіз қаржылық компаниялар мен банктер шешіп отыр. Осылай, трансұлттық банктердің пайда болуы капитал импорттаушы елдердің ірі өндірістік жобаларын қаржыландыруды тездетті. Жобаны қолдауда бірнеше банктердің қатысуын болжайтын жобаларды бірлесе қаржыландырудың формасы, содан соң әріптестер аралығында нарық жігі пайда болды. Капитал импорты мүмкіндігін кең ілгерілеткен евровалют нарығының дамуы да маңызды рөл ойнайды.
1990 жылдың басынан халықаралық қоржынды инвестиция көлемінің үлгі ретінде алуға болмайтын дамуы болды. Құнды қағаздар негізіндегі жеткілікті дәрежеде дамыған әлем елдеріндегі ЖҰӨ 10%-ын құрайтын халықаралық операциялар 100%-ға дейінгі құндылық көлемде өсті. Қоржынды капиталдың елдер аралығында жылдам орналасымы 1995 жыл басындағы Мексикада және бірқатар өзге елдерде болған экономикалық дағдарыстың себебі болды.
Қаржыландыру көзіне тәуелді заңды және жеке тұлғалармен жүзеге асырылатын мемлекеттік және жеке меншік несиелер мен заемдар, өтеусіз қаржыландыру түрінде іске асатын мемлекеттік түрлерге жіктеуге болады. Осыған сәйкес, шетелдік инвестициялар шетелдік заңды және жеке тұлғалармен жүзеге асырылатын шетелдік мемлекеттер мен жеке және халықаралық ұйымдар беретін заемдар мен несиелер есебі бойынша қаржыландырылатын мемлекеттік түрлерге жіктелінеді.
Сонымен, шетел инвестицияларын тарқан кезеңде келесі маңызды мәселеге ерекше көңіл бөлу керек :
біріншіден, халық шаруашылығының құрылымдық өзгерістеріне нарықтық механизм әсер ете алмайды; сондықтан бұл өзгерістерді мемлекет тарапынан реттеу қажет;
екіншіден, өзгерістерді инвестициялық процестермен және шаруашылық жүргізуші субъектілердің иенвестициялық белсенділігін ынталандырумен тығыз байланыста қарастырмасақ, өндірістің әлеуметтік – экономикалық тиімділігін арттыру мақсатында құрылымдық реттеу мәселесін шешу мүмкін емес. Сондай – ақ, болашақтағы ғылыми негізделген құрылымдық өзгерістердің қажеттілігі - әсіресе экономиканы басқарудың жоғарғы деңгейінде инвестициялық шешімдер қабылдауға қатысты сипатта болады.
1.2 Экономиканы құрылымдық түрлендіру кезеңінде шетелдік инвестицияларды тартудың қажеттілігі
Қазақстан өркениетке, экономикалық дербестікке аяқ басқан 10 жылдан астам уақыт ішінде өзінің табиғи ресурстар қорымен көптеген мемлекеттердің экономикалық сұранысын арттырып отыр.
Инвестиция - кәсіпорынға, өндіріс орнына немесе жеке адамға көп жылға қайтарымсыз берілетін капитал. Ал, капитал құюшы тұлға немесе компания ішкі есебін мүлт жібермеуге тырысатыны белгілі. Қазақстанда инвестициялық климат қалыптасты мa? Инвесторларға қойылатын талаптар қандай ? Инвестициялық саясатта неге ұлттық мүдде кем? Осы сауалдар төңірегінде және Қазақстанның экономикалық потенциалы хақында әңгіме өрбітіп көрсек.
Экономикалық реформаларды ойдағыдай жүргізуде шетелдік инвестицияны тікелей өндіріске жұмылдыру мен оны ұтымды пайдалану кез келген мемлекет үшін маңызды. Әлемдік тәжірибе бұл мәселеде екі тарапқа да ортақ :халықаралық бірлескен реформалар тікелей шетелдік инвестицияның тиімділігіне мән берсе, инвестицияның көлемі өндірісіне күш сала тын мемлекеттің экономикалық жағдайына тәуелді болып келеді. Сондықтан да Қазақстан бұл процестен бейтарап қала алмайды. Экономикалық қайта құру мен стратегиялық даму жоспарын шетелдік инвестициялар арқылы іске асырғанын жөн санайды. Инвестициялық климат қалыптастыру үшін инвесторлар «барымтасына қарай қарымтасы» деген саясатты берік ұстануға тырысады. Өйткені, ешқандай инвестор өзі пайда табатын саланың болашағы жоқ болса, екі жеп биге шықпақ түгілі, есі барда елін табуға әрекет қылатыны даусыз.
Стратегиялық жоспарлау агенттігі мен республикалық қоғамдық пікірді анықтау орталығының зерттеуіне сүйенсек, шетелдік инвестицияны құлдыратуға заңның солқылдақтығы мен оның қайта - қайта өзгеруі әкеп соғады екен. Шетелдік инвесторлардың айтуынша, басқа елдерге қарағанда , олар үшін Қазақстан нарығы оңтайлы көрінеді. Өйткені, Қазақстан пайдалы қазбалар қоры мен ауыл шаруашылығына жарайтын жерлерге бай, сондай-ақ, ірі өндірістік потенциал мен білікті жұмыс күшіне ие. Алайда, бұлардың шашауын шығармай пайдалану үшін инвестиция ауадай қажет. Қазақстандағы шетелдік инвесторлар үшін жағымды факторлар қатарына мыналар жатады:
Біріншіден, табиғи ресурстардың болуы. Бұл әсіресе, жер қойнауында пайдаға молынан кенелтетін мұнай мен газ, түрлі- түсті және сирек кездесетін металдардың ұшырасуымен құнды. Шетелдік сарапшылар бұл байлықты әзірше 9 трлн. АҚШ долларына бағалап отыр. Мамандардың болжауынша, Қазақстанның мұнай қоры Ирак пен Иранның» «қара алтын» қорынан да асып түседі екен. Алдағы жүзжылдықта Қазақстан жылына 100 млн. тонна мұнай экспорттайтын алып мұнай державасына айналуына мүмкіндігі мол.
Екіншіден, Орталық Азия көліктік құрылымындағы ұтымды геостратегиялық құрлықта орналасуы және 2 миллиардтан астам халқы бар елдердің нарығына шыға алуы. Бұл-мұнай экспортынан мұрты майланғалы тұрған Қазақстан үшін табыстың алғышарты болып табылады.
Үшіншіден, қоғамның дамуы мен экономикалық гүлденуі жөнінен Қазақстан достастық елдері арасында көшбасшылық тізгінге ие.
Еліміздің инвестициялық ахуал анықтайтын жайттар :
инвестиция жұмылдыру процесі;
инвестиция үшін жағымды жағдай;
инвестицияландырудағы тәуекелшілдік .
Қазақстанның инвестициялық тәуекелшілдікке бас тігетін кәсіпкерлік климаты ел ішіндегі саяси- экономикалық, әлеуметтік жағдайларға тығыз байланысты. Инвесторларға жүргізілген сауалнама нәтижесі көрсеткендей, шетелдік инвестиция ағымын азайтатын ең басты фактор- шенеуніктердің коррупциялық қысымы (51.3 пайыз) мен билік жүйесіндегі саяси сананың жабайлылығы, яғни бюрократизм (44.9 пайыз) екен.
Инвестициялық климат туғызудағы ең басты назар аударатын жайттың бірі – елімізде шетелдік инвесторларға салынатын салық пен берілетін жеңілдіктердің заңдық тұрғыдан өзара үйлесімді болуында. Ел президентінің Жарлығымен «Бюджетке түсетін салықтар мен өзге де міндетті төлемдер туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулардың енгізілуі инвестициялық климаттың құқықтық базасын жетілдіруге жәрдемдесті. 1997 жылы «Нарықтағы құнды қағаздар туралы» заңның шығуы қор биржасының белсенділігін арттырды. Қазақстанда шетелдік инвестицияны тарту механизмі жоғары либералдық режим бойынша былайша жүргізіледі:
Жер және мүлік, сондай-ақ , кіріс салығынан толықтай босату;
Сыртқа шығарылатын тауардан алынатын мемлекеттік баж салығынан жартылай немесе толықтай босату;
Инвестициялық жобаларды жүзеге асыру барысындағы қаржылық немесе қауіпсіздік шараларына кепілдік беру.
Алайда, әлемдік тәжірибе көрсеткендей, көптеген елдер шетелдік инвесторларды тұрақты және өзара тиімді инвестициялық режимдерден, сондай-ақ, әр түрлі салымдар мен төлемдерден босату арқылы қызықтырудың қауіптілігін ескертеді. Әсіресе, Африка елдерінің инвестиция саласындағы жоғары либералдық режим қалыптастыру саясаты салық және сауда – валюталық жеңілдік жасаудың тұрақты шетелдік инвестициялық ағымға мүмкіндік туғызбайтынын көрсетті. Қайта керісінше, қуатты инвесторлардан сақтануға шақырады.
Инвесторлар капиталын пайдаланушы, яғни реципиент мемлекет ретінде Қазақстан мен шетелдің қаржы алпауытттарының мүддесі бір жерден шығуы қиындау . Мәселен, жеке компаниялар өздерінің жұмысына мемлекеттің дем беруін қалайды. Алайда, шешуші фактор инвестицияландырудың жалпы шартының табиғатына сай болып қалады. Қазақстан өз кезегінде шетелдік инвесторларды басқару саласындағы тәжірибе алу технологиясы мен қаржылық қорының қосымша көзі ретінде қарастырады. Қазақстан шетел инвесторларының алдында өзінің ұлттық мүддесін әрдайым жоғары қойғанда ғана беделді болмақ .
2005-2006 жылдары елімізге тікелей инвестиция тарту бағдарламасына сәйкес, «1999-2000» жылдардағы Қазақстанға шетелдік инвестицияны тарту бағдарламасының «орындалу нәтижелерін сараптай келе, еліміз экономикалық секторға шетелдік инвестицияны тартудың тиімді аймағы атанды деуге негіз бар. Бұл пікірді шетелдік экономика сарапшылары да қуаттайды.
1993-2001 жыл аралығындағы біздің елге тартылған тікелей шетел инвестициясының жалпы көлемі 16.98 млрд. АҚШ долларын құрайды . 1999 жылы экономикамызға қозғау салған шетел инвестициясының жалпы мөлшері , 1.85 млрд. АҚШ долларына тең келіп, 1998 жылға қарағанда 1.5 есеге өскені айқындалды. Ал , 2000 жылы 1999 жылмен салыстырғанда оның көлемі 49 пайызға өскені , яғни 2.75 млрд. АҚШ долларына жеткені белгілі болды. Шетел қаражатының Қазақстанның « тайқазанына» келіп түсуі және оның көлемінің көбеюі еліміздің әлемдік компанияларға ұнай бастағанын көрсетеді. 2001 жылы шетелдік инвестицияның көрсеткіші, мамандар есептеуінше, 4.41 млрд. АҚШ долларын құраған. Инвестициялық белсенділік Қазақстанда Ресейден де жоғары дәрежеде екенін мына мәліметтен – ақ аңғаруға болады . 2006 жылы жекелеген инвесторлар Ресей экономикасына 25.8 пайыз қаржы салса, Қазақстан нарығында ол көрсеткіш 65 пайызға жуықтайды. Қазақстанда инвестициялық ағымның жылдан- жылға көбеюінің басты себебін жаңа мұнай- газ кеніштерінің ашылуымен түсіндіруге болады . Жыл сайын елімізге келетін шетел инвестициясының 70 пайызы тау-кен өндірісіне , оның ішінде мұнай – газ секторына жұмсалса, 10 пайызға жуығы ауыл шаруашылығы мен қайта өңдеу өнеркәсібінде игеріледі екен.
1997 – 2001 жылдар аралығында Қазақстанның инвестиция жөніндегі комитеті еліміздің ең басты экономикалық салаларында инвестициялық белсенділікті арттыру мақсатында шетелдік компаниялармен 345 келісім – шартқа отырған. Осы кезеңде өңдеуші өнеркәсіп саласында айтарлықтай үлесті металлургия өндірісі ( 45 пайыз) , азық – түлік өнімдерін шығару ( 19.8 пайыз) және химия өндірісі (11.1 пайыз) алады екен. Бір ғана химия өнеркәсібі бойынша , 2001 жылы жалпы сомасы 95.6 млн . АҚШ долларына бағаланған 13 келісім – шартқа қол қойғызылып, негізгі капитал 82.4 млн. Ақш долларына жетіп жығылды. Тұрғын үй, әлеумет және туризм салаларында инвестицияның жалпы көлемінің 12.8 пайызын құрайтын, 299 млн. АҚШ долларына бағаланған шетел инвестициясы бойынша 35 келісім – шарт дүниеге келген. Және осы инвестиция негізінде 8.8 мың жұмыс орны ашылған .
Бүгінгі таңда өндірістік инфрақұрылым саласында 27 келісім – шарт негізінде шетел инвесторларды жұмыс істеп жатыр. Олар бюджетімізге 689 млн . АҚШ доллары көлемінде « көк қағазын» сала отырып , 3.1 мың жаңа жұмыс орындарының 60 пайызын шетелдіктер иемденеді екен .
Үкіметіміз шетелдік инвесторлармен ауылшаруашылығы саласына қатысты жалпы саны 14 келісім – шартқа отырып, 27 млн . АҚШ долларын қолма – қол иемденіп, 1.6 мың жұмыс орнының ашылуына мүмкіндік жасады.
Президент соңғы жылдары Астананың әлеуметтік – экономикалық жағынан гүлденуіне баса назар аударып жүр. Сондықтан болар, Астананың құрылыс – сәулет және өзге де экономикалық салаларында 20млн. АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартылып, 2005 жылдың өзінде – ақ 291 жұмыс орнын ашты.
Әлемдік экономикадағы Қазақстанның интеграциялық қозғалысы жыл өткен сайын артып келеді . Мәселен, 2005 жылы шетелдік инвесторлармен 16 келісім – шарт жасалып, 817 млн. Ақш доллары көлеміндегі капитал ел экономикасына араласты.
Бұл – 2004 жылға қарағанда 7.6 есе , 2003 жылға қарағанда 1.4 есе көп . Шетел алпауыттарының Қазақстан бюджетінің жыртығын жамауға себін тигізуі ел экономикасына шетелдік инвестицияны тартудың халықаралық нормаларына сәйкестендіруге , яғни жетілген ұлттық заңнаманың жемісін көруге болатынына үміт ұялатады. Айталық , ел өнеркәсібінің өркен жаюына бағытталып жатқан шетелдік инвестицияның жалпы көрсеткіші капиталдың 31 пайызын құрап отыр.
Еліміздегі негізгі капитал көздерінің ең қомақты инвестициялық жобалары деп мыналарды айтуға болады :
Нидерланды – 580 млн. АҚШ доллары («Испат Кармет» ААҚ);Корея – 25.1 млн. АҚШ доллары («LG ELECTRONICS»компаниясының ірі жобасы);
Түркия – 39 млн. АҚШ доллары («Эфес – Қарағанды сыра жасау зауытының» ірі жобасы);
Лихтенштейн – 17 млн . АҚШ доллары («АБС орталығы» ААҚ);
Ұлыбритания – 11.7 млн . АҚШ доллары («Лосан – Мардон» ЖШС-нің ірі жобасы).
ТШИ ағымының 2001-2005 жылдарға географиялық анализі ТШИ-дің ірі көлемдеріне өткен онжылдықпен салыстырғанда айтарлықтай көп елдердің қол жеткізгендігін көрсетеді. 10 млрд. долл. асатын жөнелтілген инвестициялардың жиынтық көлемінің көрсеткішіне бүгінде 50-ден көп ел ие болып отыр (оның ішінде 24 дамушы ел), 15 жыл бұрын тек 17 ел ғана болатын (оның жетеуі – дамушы).
Сонымен қатар, географияның кеңдігіне қарамастан, тікелей шетелдік инвестициялардың бөлінуі тең емес. Әлемнің дамыған 26 мемлекетіне 1991-2004 ж.ж. ТШИ жинақталған әлемдік мөлшерінің 72,3% және 2004 жылға ТШИ жалпы әлемдік ағымының 71,5% келді. Дамушы елдердің үлесіне ТШИ жалпы әлемдік мөлшерінің 29,4% және жинақталған әлемдік мөлшерінің 27,7%. Ал транзитті экономикалы елдердің үлесіне 4,5% құрайды.
Мұндай теңсіздік ең алдымен, трансұлттық корпорациялардың қызметімен байланысты. Себебі ол инвестициялық ағынның ғаламдық кеңеюінің қозғаушы күші болып табылады. ТШИ қозғалысының маңызды себептерінің бірі трансұлттық бірігу болса, ол негізінен дамыған елдерде орын алған.
2002-2006 ж.ж. тікелей шетел инвестициясының нарығына бірқатар факторлар кері әсер етті. Олар: әлемдік экономиканың даму деңгейінің қарқынсыздануы, жетекші елдердегі экономикалық құлдырауы, трансшекаралық бірігу санының азаюы, бірқатар елдерде жекешелендіру бағдарламасының аяқталуы. UNCTAD мәліметтері бойынша 2004 жылы ТШИ әлемдік көлемі 23% қысқарып, 653млрд. АҚШ долларын құраған, 2003 – 65 млрд. долл. Ал бұл сәйкесінше 2003-2004 ж.ж. көрсеткіштен (1,4 трлн. долл. және 824млрд. доллар) айтарлықтай аз.
Кесте 1- ТШИ-ның элемдік ағымдары (млрд. долл.)
|
2002г.
|
2003г.
|
2004г.
|
2005г.
|
2006г.
|
ТШИ түсімі
|
209
|
1393
|
824
|
651
|
653
|
ТШИ жылыстауы
|
242
|
1201
|
711
|
647
|
620
|
2005-2006ж.ж. ТШИ әлемдік нарығы дамуының жалпы тенденциясында инвестиция көлемінің дамыған елдерде төмендеуі, ал дамушы елдерде көбеюі байқалады. Дамыған елдерде ТШИ көлемі 467млрд. АҚШ долларын құраған, яғни 2000 жылдың көрсеткішінің небары 41% құраған және 460млрд.долларлық 2003 жылдың көрсеткішінен асқан. Дамушы елдерге салынатын салымдар 2003 жылғы 162,1 млрд. доллардан 2004 жылғы 192 млрд. долларға дейін өсті. UNCTAD мәліметтері бойынша инвестицияның ең көп ағыны, яғни 53 млрд.долл. Қытай экономикасына салынды.
UNCTAD талдауы бойынша тікелей шетел инвестициясы ағынының көлемі бойынша алғашқы бестік құрамы төмендегідей: Люксембург: 73 млрд.долл., Қытай - 53 млрд.долл., Франция - 47 млрд.долл., Бельгия – 31 млрд.долл., АҚШ – 30 млрд.долл.
Әлемдік экономикада инвестиция нарығының пайда болуының өзіндік табиғи негіздері бар. Бұл ұлттық экономикалардың өз қызметін толықтыра түсуге ұмтылысының негізінде пайда болады. Инвестиция нарығының дамуы халықаралық қатынастарды жаңа сапаға, жақсартылған деңгейге көтерді, ұлттық экономикалардың араласуын күшейтті. Бұл салада ТШИ төмендегідей рөлін бөліп көрсетуге болады:
1.Тікелей шетелдік ирнвестициялар ұлттық экономикалардың интернационализациялануына ықпал етеді. Қаражаттың халықаралық ағынына байланысты әр түрлі елдердің экономикасы бір-бірімен бұрынғыға қарағанда тығыз байланысқа түсті. Экономиканың маңызды бөлігін шетелге ауыстырып, онда тауар өндіру мен қызмет көрсетудің тұтас жүйесін құрған көптеген филиалдар осының айғағы.
Әлем бойынша ТНК кәсіпорындары саны қарқынды өсуде. Бүгінгі күнде 64 000 трансұлттық компаниялардың иелігіндегі шамамен 870 000 шетелдік филиалдардың үлесіне ТШИ әлемдік ағынының 99% келеді. Бұның 270 мың филиалы дамыған елдерде, 360 мыңы дамушы және 170 мыңы өтпелі экономикалы елдерде орналасқан. ТНК шетелдік филиалдарының жинақтық активтері 2000 жылы 21 трлн. долл. құраса (20 жыл ішінде 10 есе өскен), олардың экспорттық жабдықтауы 4 млрд. долл. жетті (бұл тауар мен қызметке әлемдік экспорттың жартысына жуық), бұған жұмысқа тартылған адамның саны 53 млн. адамға (1982 жылы 17 млн.) жетті.
Кесте 2 - ТҰК мен олардың шетелдік филиалдарының даму динамикасы
2001-2005ж.ж.
( бірліктерде)
|
2001
|
2005
|
ТҰК
|
63 312
|
64 000
|
Шетелдік филиалдары
|
821 818
|
870 000
|
Бүгінгі күнде көптеген елдердің алдында әлемдік нарықтық шаруашылыққа ғаламдық интеграциялану мәселесі тұр. Бұл тек қана елдер арасындағы экономикалық алмасуды ғана емес, сонымен қатар мемлекеттердің экономикалық жүйесінің өзгеруін де білдіреді.
2.Тікелей шетелдік инвестициялар әлемдік экономикадағы халықаралық өндірістің қарқынын өсіреді. 1980 жылдан бастап әлемдік тауар сату мен қызмет көрсетуге қарағанда шетелдік инвестициялардың әлемдік ағыны үлкен қарқынмен өсті. 2004 жылдың соңында жалпыәлемдік жинақталған ТШИ 7,1 трлн. долл. немесе 20 жыл бұрынғы уақытпен салыстырғанда әлемдік ЖІӨ 20% жетті. 2000 жылы шетелдік филиалдардың жалпы өнімі өсімі 16,2%, ал тауар мен қызмет экспортының өсімі 11,4% құрады.ТШИ жұмылдыру нәтижесінде бүгінгі күнде реципиент елдер 1980 жылдың 2% салыстырғанда негізгі капиталдың жалпы ішкі инвестициясының бестен бірін қамтамасыз етеді. 1990 жылдардың алғашқы жартысында ТШИ жыл сайынғы өсу қарқыны 20% болса, екінші жартысында 40%, 1998 жылы 45%, ал 1999 жылы 57% құрады.
3.Тікелей шетелдік инвестициялар мемлекеттің экономикасын дамытады. Инвестициялар - елдің экономикалық өсуі мен өндірісінің жаңаруының негізі, олар өнеркәсіптік өндірістің жаңаруына, экспорттың өсуіне, жаңа технологиялардың тартылуына және жұмыс орындарының көбеюіне әсер етеді. Инвестицияның басқа түрлеріне қарағанда тікелей инвестицияның маңызды артықшылығы ол қарыз алушы елдің экономикасына қарыз жүктемесін өсірмейді, ұзақ мерзімге салынады, экономиканың нақты бір саласына бағытталады, жергілікті өндірістің қарқынын өсіріп және кеңейтіп, жаңа жұмыс орындарын ашады.
UNCTAD бағамына сәйкес жинақталған ТШИ бағасы көп мөлшерде ағымдағы бағада 1982 жылы 719 млн-нан 1990 жылы 1889 млрд. дейін және 2004 жылы 6,3 трлн. дейін, яғни 12 есеге көбейді. Бұл жағдай өндірістік технология трансфертінде маңызды рөл атқарып (трансұлттық компаниялрдың құрылуына), ұлттық экономикаға тікелей әсерін тигізді.
4. ТШИ экономиканың либерализациялануына әкеледі.
UNICED мәліметтері бойынша 1991-2000 жылдары әлемдегі елдер өз заңнамаларына жалпы саны 1185 маңызды өзгертулер мен толықтырулар енгізді. Соның ішіндегі 1121-і шетел инвесторларына жағдай жасау мақсатында болған. Тек 2000-2004 жылдары 70 елде ТШИ жақсы жағдай туғызу үшін ұлттық инвестициялық жағдайды жақсартудың негізгі бағыттарына түзетулер енгізілді. Бұл 1991 жылмен салыстырғанда (ол кезде 35 ел 80 түзету жасаған) 2 есеге көп. Бұл түзетулер инвесторлар үшін қосымша кепілдіктер, жеңілдіктер мен стимулдар беріп, капиталды енгізуді либерализациялау шараларын, шаруашылық қызметіне қолайлы шарттарды жасап, экономиканың жекелеген бөлімдері мен салаларына қол жеткізуді кеңейтуге жағдай жасайды.
5. ТШИ қабылдаған мемлекет экономикасының бәсекеге қабілеттілігі артады. ТШИ шикізат тауарларын өндіруге бағытталған ел экономикасының құрылысының диверсификациялануына, басқарудың қазіргі заманғы технологиясы мен әдістерін енгізуге, нарықтық институттар қалыптастыру және өндірісті қарқынды ұйымдастырудың тәжірибесін енгізуге, жергілікті мамандардың біліктілік деңгейін жоғарылатып, сол арқылы жергілікті экономиканың бәсекеге қабілеттілігін тудыруға жағдай жасайды.
ТШИ ағынының өзгеруінің себебі - өндіріс көлемінің көп өсуі негізінде бәсекелі күрестің күшеюі болып табылады. Ол қызметіне жақсы жағдай жасау мақсатында бизнесті өзінің ұлттық шекарасынан «шығарады».
ТШИ ағынының өзгеруінің негізгі себептері - өзінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатындағы шетел инвесторларының қызығушылықтары мен тілектері.
1. Өз капиталын салу арқылы шетелдік инвесторлар төмендегідей артықшылықтарға қол жеткізуді көздейді:
- шикізат пен минералды ресурстарға қол жеткізу;
- сыйымды, алайда қабілеті шектеулі, әсіресе, импортқа қатысты шектеулі нарыққа өтуді;
- салыстырмалы түрде білікті жұмыс күшін неғұрлым аз шығынды жұмсау арқылы жұмысқа тартуды;
- әлемдік нарықта бәсекеге қабілеттілігі жоғары тауардың жаңа түрін жасау үшін техникалық жетістіктер мен зерттеулердің нәтижесін пайдалануды.
2. Өз кезегінде ТШИ шетелдік капиталды қабылдау арқылы ұлттық тарап ұлттық экономиканы жақсартуды көздейді:
- шет елдің алдыңғы қатарлы технологиясына қол жеткізеді;
- ішкі жинақтау қорын толықтырады;
- өндірістің қарқындылығын арттыру мақсатында басқарудың шетелдік түрін қолданылады;
- өзін-өзі ақтамайтын импортты азайту және еркін конверттелетін валютамен шығынды азайтады;
- әсіресе дайын өндірістік өнімге қатысты экспортты кеңейтеді.
Осының негізінде филиалдар мен еншілес өнеркәсіп құру арқылы шетелге капитал салуға деген инвесторлардың талпынысы салынған капиталға келетін тікелей табыспен қатар, тікелей инвесторлардың қосымша табыс табуымен түсіндіріледі. Яғни ғаламдық бәсекеде компаниялар мен корпорациялар бәсекеге қабілетті болып қалу үшін оларды шығындарды азайтып, тауарлар мен қызметтердің сапасын жақсартуға міндеттейді.
Халықаралық жағдайдың өзгеруі ТШИ-дің ағымына әсер ететін фактор болып табылады. ТШИ өзгеруін анықтаушы (ірі нарықтар, табиғи ресурстардың болуы, жартылай білікті және білікті емес жұмыс күшін пайдалану) негізгі дәстүрлі фактор әдеттегіше маңызды рөл атқарғанымен (мәселе неғұрлым өзгермелі салалар мен қызметтер туралы болса), олардың маңызы азаяды.
Сату кедергілерінің азаюы шаралары және аймақтық байланыстың кеңеюі негізінде көптеген ұлттық нарықтың маңызы кемиді.
Өндіруші өнеркәсіптің «алғашқы» салаларының үлесі азайып, көптеген елдер үшін ТШИ тартуда табиғи ресурстар пайдалану сияқты дәстүрлі жүйе өз күшін жояды. Бұл жағдай арзан «шикізаттық» жұмыс күшіне де қатысты. Тіпті ең ауыр деген жұмыста да техника мен білікті мамандар пайдалану қажеттілігі туындайды. Жаһандану заманында ТШИ нарығы дамуының 3 негізгі факторы бар:
саясаттың либералдануы;
техниканың дамуы;
корпоративтік стратегияның қалыптасуы.
Саясаттың халықаралық тәртібіндегі өзгерістер өндірісті орналастыру туралы шешімге ықпал етеді. Инвестициялық сату саясатын либерализациялау трансұлттық компанияларға тереңдетуді және бәсекеге қабілетті нүктелерді іздеуге мүмкіндік береді. ТНК түрлі маневрлер мен өз қызметімен айналысу орындарын таңдауда көп еркіндік алды. Жоғарыда көрсетілгендей, ТШИ-дің ұлттық тәртібіне соңғы онжылдықтың ішінде 1185 өзгеріс енгізілді, оның 1121 (95%) ТШИ-ға жақсы жағдай тудыру үшін жасалды.
2000-2005 жылдар аралығында инвестициялық жобаларды іске асыру нәтижесінде келісім – шарт бойынша 40 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары ашылды, 1168.5 млн. АҚШ долларының өнімі өндіріліп, оның ішінде 113.7млн. АҚШ долларының өнімі экспортталды. Кіріс министрлігінің мәліметтеріне сүйенер болсақ, бюджетке 31.4 млрд. АҚШ доллары көлеміндегі жеңілдіктің мемлекетке 3.71 тг.[22;5] Салық төлемі ретінде қайтарылып отырғанын көрсетті. Алайда, шетелдік инвестицияны тарту барысында да көптеген кедергілер бар көрінеді:
Қазақстан нарығындағы , іскерлік белсенділіктің төмендігі ;
реттеуші шаралар мен заңның шалағайлығы ;
өтімді қаржы құралдарының азаюы, төлем күнінің әлсіздігінен дағдарыстың орын алуы ;
шынайы ақпараттың жеткіліксіз болуы .
Сонымен қатар, мемлекеттің қадағалау мен тиісті шаралар қолданудағы босаңдығы мен дәрменсіздігі коррупция мен шектен шығушылыққа келісім–шартта айтылған талаптарды орындамаушылыққа, интеллектуалдық меншік құқығының қорғалмауына әкеліп соқтырды. Әлемдік тәжірибе айғақтағандай, экономиканы құрылымдық жүйеде қайта құру мемлекеттік, ғылыми – техникалық өндірістік және инвестициялық сакясатсыз жүзеге аспайды. Оның үстіне, халық мүддесі мен мемлекеттің ұлттық құндылықтарды стратегиялық тұрғыдан қызғыштай қорғай алуы ғана озық технологияның нәтижесін көруге мүмкіндік береді. Мемлекеттік белсенді инвестициялық саясатты жандандыру үшін инвестициялық бағдарламаларға қолдау көрсететін арнайы ұйым құру керек.
Инвестициялық саясаттың ұтымды жүйесін қалыптастыру үшін мемлекет Даму бюджеті, Ұлттық мұнай – газ қоры, мемлекеттік несие ұйымы сияқты қаржылық институттар мен механизмдерге мән беруі шарт.
Достарыңызбен бөлісу: |